Ипотека

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 12:20, реферат

Описание работы

Бұл тақырыптың өзектілігі. 2008-2010 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның дамуының басты бағыттарының біріне айналуда.
Халықтың барлығын қолжетімді тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның құнын арзандатпайынша, тұрғын несиесі мерзімінің ұзартылмайынша және несиелеу мөлшерлемесі төмендемейінше мүмкін емес. Мұндай мақсатқа тек тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесін дамытып, жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Работа содержит 1 файл

Ипотека - Мирас Салта.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

«ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университеті

Қаржы-экономикалық факультеті

Автор: Қанатұлы М., Нұрланова  С.Н. Ф-710 топ.

Ғылыми  жетекші: Омарова  А.К., Шакаримова Г.М. 

     Бұл тақырыптың өзектілігі. 2008-2010 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның дамуының басты бағыттарының біріне айналуда.

     Халықтың  барлығын қолжетімді тұрғын үй құрылысының  тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның құнын арзандатпайынша, тұрғын несиесі мерзімінің ұзартылмайынша және несиелеу мөлшерлемесі төмендемейінше мүмкін емес. Мұндай мақсатқа тек тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесін дамытып, жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

     Ипотекалық несие – бұл тұрғын үй құрылысына инвестиция тартудың ең тиімді тәсілі. Ипотекалық несиенің халықтың тұрғын үй жағдайының жақсаруына, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс жасауына, сондай-ақ еліміздегі құрылыс кешенінің қарқынды дамуына мүмкіндік жасайтынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.

     Ғылыми  жұмыстың мақсаты. Тұрғын үй саласында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің мазмұны мен құрылымдық элементтерінт нақтылай отырып, ҚР-ғы ЕДБ-ң тұрғын үй саласын ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын табу болып табылады.

       Ел басымыздың қабылдаған «2030 стратегиясы» бағдарламасына сай қазіргі Қазақстанның экономикасының өсуіне тұрақты ынталандырушы ретінде ипотекалық несиелеудің дамуына үлкен назар аударылуда. Қазақстанда ипотека алғаш рет 1993 жылы ҚР Президентінің жаңа тұрғын үй саясаты, оны іске асыру механизмдері туралы жарғысына байланысты пайда болды.

     1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жылжымайтын  мүлік ипотекасы туралы» ҚР  Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес енгізілді. Осы жарлыққа сәйкес, «Ипотека – кепіл берушінің немесе үшінші бір тұлғаның иелігінде және пайдалануында болатын кепілге салынған жылжымайтын мүлік» деп берілген. Ипотека – бұл салынған мүліктің несие берушіде емес, қарыз алушының қолында қалатын кепілдің түрі.

     Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің негізгі  элементтері қалыптасқан. Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің негізгі элементіне оның субъектілері жатады, яғни қарыз алушылар; несие берушілер; риэлторлық және сақтандыру компаниялары; инвесторлар; үкімет.

     Тұрғын  үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің  келесі бір элементіне оның объектілері  жатады. Ипотекалық несиелеу объектісіне тұрғын үй несиесін 3 түрге бөлуге болады:

    1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін несиелер;
    2. тұрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін несиелер;
    3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін несиелер.

      Тұрғын  үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің келесі элементіне ипотекалық несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейтін тұрғын үй ипотекалық несиелеу принциптері жатады.

      Қазіргі тұрғын үй ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру  принциптеріне: несиенің мақсаттылығы; дифференциялдығы; мерзімділігі; қайтарымдылығы; ақылылығы; несиенің қамтамасыз етілуі жатады.

      Тұрғын  үй қоры тізімінің 2008 жылғы 1 қаңтарға берген деректері бойынша 15 млн.тұрғыны бар еліміздегі тұрғын үй көлемі 243,0  млн. шаршы метрді, соның ішінде қалаларда – 144,8 млн.шаршы метрді, ауылдық жерлерде – 98,2 млн.шаршы метрді құрайды.

      Қазақстандағы тұрғын үй қорының 96,8%-дан астамы жеке меншікте (235,3  млн. шаршы метр) және 3,2%-ы мемлекеттік меншікте (7,7  млн. шаршы метр).

      Соңғы 10 жылдағы Қазақстан Республикасындағы  тұрғын үй қорының жалпы сипаты 1 кестеде көрсетілген. Бұл кестеден құрылыстың соңғы жылдардағы қарқынымен тұрғын үй қорының апат қауіпі бар 12 млн. шаршы метр құрайтын тұрғын үйлерді жаңарту үшін 4-5 жыл қажеттігін айтуға болады.  

      1 кесте – 1997-2008 ж.ж. пайдалануға берілген ҚР-ғы тұрғын үй қоры, мың. шаршы метр.

Жылдар Тұрғын үйлерді  пайдалануға беру (мың. шаршы метр)
1997 3 856
1998 2 322
1999 1 663
2000 1 407
2001 1 344
2002 1 132
2003 1 105
2004 1 218
2005 1 506
2006 1 552
2007 2 111
2008 2 587
Е С К Е Р Т П Е – Статистика жөніндегі ҚР агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған
 

      Қазақстандағы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жағдайы 2 кестеде берілген.  

      2 кесте – Тұрғын үйлерді пайдалануға  беру (жалпы көлемі мың. шақырым  метр)

Жылдар Барлық  меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар Меншік  формаларына қарай Соның ішінде Халықтың қаражаты есебінен
 
Мемлекеттік
 
Мемлекеттік емес
1997 3 856 2 202 1 654 1 057
1998 2 322 925 1 397 764
1999 1 663 556 1 107 628
2000 1 407 293 1 114 699
2001 1 344 229 1 115 851
2002 1 132 174 958 803
2003 1 105 108 997 843
2004 1 318 108 1 210 958
2005 1 502 121 1 381 1 094
2006 1 552 83 1 469 1 159
2007 2 111 273 1 838 1 432
2008 2 587 101 2 486 1 772
Е С К Е Р Т П Е – Статистика жөніндегі ҚР агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған
 

      Тұрғын  үй құрылысына республикамыз бойынша  жұмсалынған инвестициялар көлемі  3 кестеде берілген. 

      3 кесте – Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар, млн. тенге.

Жылдар Барлығы Соның ішінде
Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты Халық қаражаты
2003 13 771 1 146 6 796 5 829
2004 22 435 2 000 13 791 6 644
2005 27 310 4 387 14 906 8 017
2006 36 158 6 862 20 153 9 141
2007 59 524 11 985 34 376 13 163
2008 124 438 25 113 72 954 26 371
Е С К Е Р Т П Е – Статистика жөніндегі ҚР агенттігінің мәліметтері  негізінде құрастырылған.
 

      2009 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық  мәліметтерге сүйенсек, халыққа  тұрғын үй салуға және сатып  алуға берілген ипотекалық несиенің жалпы сомасы 99 364 млн. теңге, ал, 2008 жылдың 1 қаңтарында 31 455 млн. теңгені құрайды, соңғы жылдағы көрсеткіш 2007 жылғы 1 қаңтардағыдан 3 есе жоғары немесе ол уақыттағы ипотекалық несиелердің сомасы – 7 632 млн.теңге.

      ҚР-ның  аймақтары бойынша банктердің берген ипотекалық несиелерінің динамикасы 4 кестеде берілген.  

      4 кесте – Аумақтар бойынша банктердің  халыққа берген ипотекалық несиелері

Аумақтар 01.2007 ж. млн.теңге 01.2008 ж. млн.теңге 01.2009 ж. млн.теңге Өсуі, (2009/2008), %
Астана  қаласы 774 4 331 14 820 3,4
Алматы  қаласы 4 030 15 810 49 403 2,6
Ақмола 59 156 492 3,1
Ақтөбе 446 2 449 7 510 3,1
Алматы  облысы 31 55 251 4,5
Атырау  372 1 067 2 782 2,6
Шығыс Қазақстан 410 1 428 5 733 4,0
Жамбыл  100 318 646 2,0
Батыс Қазақстан 211 819 2 229 2,7
Қарағанды 232 1 040 4 780 4,5
Қостанай 212 655 1 358 2,1
Қызылорда 31 83 175 2,1
Маңғыстау 324 922 2 476 2,7
Павлодар 141 940 2 140 2,3
Солт. Қазақстан 111 296 1 090 3,7
Оңт. Қазақстан 150 1 085 5 480 5,0
Барлығы 7 632 31 455 99 364 3,1
Е С К Е Р Т П Е – ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған
 

      Жоғарыдағы  кестеден соңғы екі жыл ішінде республика аймақтары бойынша банктердің берген ипотекалық несиелерінің көлемі өсіп отырғандығын көруге болады. Әсіресе, Алматы және Астана қалаларының үлес салмағы өте жоғары, айталық 01.2007 жылы Алматы қаласы бойынша 4 030 млн. теңге, Астана бойынша 774 млн. теңге ипотекалық несиесі берілсе, ал 01.2008 жылғы мәліметтер бойынша бұл несиелер көлемі артып, 15 810 және 4 331 млн. теңгені құрады. Ал аталған қалалар бойынша 01.2009 ж. 14 820 және 49 403 млн. теңге сомасында ипотекалық несиелер берілді.

      Әр  аймақтың ипотекалық несиелеу көлеміндегі  үлесінің әр түрлі болуы ол аймақтағы  халықтың санымен және ондағы коммерциялық банктердің, олардың филиалдарының қызмет етуімен сипатталады.

      2008 жылы ЕДБ мен ипотекалық компаниялардың  халықты ипотекалық несиелеу жағдайы 5 кестеде берілген.

      Кестеден  халықты ипотекалық несиелеудегі 2008 жылдың басында Ипотекалық компаниялардың үлесінің жоғары болып немесе 86,4%, кейіннен ЕДБ-дің берген несиелерінің 13,6%-дан 73,8% артып отырғандығын көреміз. 

      5 кесте – ЕДБ мен ипотекалық компаниялардың халықты ипотекалық несиелеу жағдайы

  03.2008 ж. 06.2008 ж.  09.2008 ж. 12.2008 ж.
млн. теңге үлесі,

%

млн. теңге үлесі,

%

млн. теңге үлесі,

%

млн. теңге үлесі,

%

Барлығы, соның ішінде: 19281 100,0 29322 100,0 57287 100,0 134670 100,0
ЕДБ-ң  несиелері 2624 13,6 7985 27,3 29509 51,5 99364 73,8
Ипотекалық  компаниялар несиелері 16657 86,4 21337 72,7 27778 48,5 35306 26,2
Е С К Е Р Т П Е – ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған

Информация о работе Ипотека