Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 19:44, реферат
Инвестициялық портфельді басқару кезінде туындайтын тәуекелдің проблемалары ең негізгі орынды алады. Ауыспалы экономика кезіндегі тәуекелдер тұрақты экономика кезіндегі тәуекелдерге қарағанда көп мөлшерде жоғары.
Ондай диверсификация теріс нәтижеге алып келуі мүмкін. Олар мынадай болуы мүмкін:
• портфельді басқарудың сапасының мүмкінділігінің болмауы;
• бағалы қағаздардың өтімділігінің табыстылығының,
ыңғайлылығының жетіспейінен сатып алу;
• шығындардың өсімі бағалы қағаздардың іздестіруімен
байланысты;
• бағалы қағаздардың аз партиясын жоғарғы шығындармен сатып
алу.
Диверсификацияланған портфельдің шығындары бойынша басқару күтілген нәтиже бермейді. Сондай – ақ портфельдің табыстылығы жоғарғы темппен өсуі мүмкін.
Басқарудың пассивті моделінің аз мөлшерінде қолданылатын әдісі бар. «Индекстік қор» әдісі. Индекстік қор - ол портфель, биржалық таңдалған, индекстің қозғалысына әсер етуші, бағалы қағаздар нарығының құрамын сипаттайды. Егерде инвестор портфельдің нарықта деңгейінің жоғары болуын қаласа, онда оның портфелінде бағалы қағаздарының индекстік есептеулері көп болу керек. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының индекстік тиімділігі аз, сондықтан да күтіліп отырған аз нәтижені шығынға ұшыратуы мүмкін. Басқарудың пассивті моделінің варианты бағалы қағаздарды инвестициялаумен байланысты. Осы жерде акцияның табысқа бағасы сәйкес таңдалады, ол келешекте биржада спекулятивтік операциялардан табыс алуға мүмкіндік жасайды.
«Активті» және «пассивті» басқарудың моделдері келісім – шарт негізінде, клиенттің келісімінің негізінде орындалады. Активті басқару маманданған қаржылық мекемелер шығындары алдын ала болжанады. Сондай – ақ олар клиенттің бағалы қағаздарының портфелінің құрылымы және сату, сатып алу сұрақтарын өздеріне шешуге алады.
Басқарудың пассивті моделі ақша құралдарын маманданған мекемелерге беруге ұмтылады. Операцияны жүргізу кезінде комиссиялық сыйақы беріледі.
Практикада операциялардың ондай түрлері «сенім банктік операция» деген атпен белгілі.
Тәуекелді басқару процесін келесі түрлерге бөлуге болады:
- объектілерді талдау және деңгейін қарастыру
- тәуекелдің бағасының әдістемесі
- тәуекелді бағалау
- тәуекелді өткізу шараларын талдау
- тәуекелді төмендету бойынша шараны талдау
- таңдалған шараны өткізу және тексеру
- қалдық тәуекелдің бағасы.
Соңғы жылдары қазақстандық нарықта қаржылық жағынан кеңес берушілердің қызметіне сұраныс өте көп. Себебі, көптеген брокерлік компаниялардың активтерді басқаруға лицензиялары бар. Олардың қызметтерінің көлемінің көбеюімен сақтандыру және кәсіби тәуекел өзекті сұрақ болып келеді. Эксперттердің ойлары бойынша тәуекелді азайту үшін екі механизмді қарастыруға: компанияда менеджер - тәуекелін қолдану және кәсіби сақтандырушылардың тәуекелін сақтандыру. Кәсіби сақтандыру тәуекелі қазіргі уақытта нарықтың механизіммен шешемді. Брокерлік компаниялардың менеджер - тәуекел қызметі банктің қызметімен бірдей. Себебі, олардың негізгі мақсаты - компанияның, банктің активтерін және капиталын максималды сақтау, тәуекелдің алдын алу. Сонымен менеджер – тәуекелдің қызметі компанияның, банктің тәуекелдерін басқару болып табылады.
Инвестициялық портфельді басқару теориясының сұрақтарына талдау жүргізу кезінде қазақстанның қор нарығының кейбір жалпы жағдайларын көрсетуге болады. Инвестициялық портфельді басқарудың жалпы даму жағдайы қазіргі уақытта ішкі нарықта қаржылық инструменттер үшін инвесторлардың активтерінің өсімімен және жинақталуымен сипатталады. Зейнетақы активтерін инвестициялаудың ағымдағы табысы инфляция деңгейінен төмен болды. Бұл әрине ішкі нарықта ұсыныстық көлемін ұлғайтады және инвесторлар арасында жоғарғы деңгейде бәсекелестікті тудырады. Бір жағынан жағымды себебі, экономиканың нақты секторына қаражатты тарту үшін база болып келеді, ал екінші жағынан ішкі қаржылық инструменттері бойынша табыс ставкасы төмендейді. Қазіргі кезде барлық жинақтаушы зейнетақыларын республиканың МБҚ тасыбы бойынша инфляцияның деңгейінен төмен болсада инвестициялайды.
Инвестициялық тәуекелді төмендету әдістері болып диверсификация және қалыптастыру кезінде тәуекелдің бірнеше факторларын есептеп қарастыруға болады. Бірақта оларды екі топқа бөлген оңды болады: нарықтық тәуекел (бұған көбінесе негізгі тәуекелдер кіреді және олар нарықта жалпы жағдайды өзгерте алады) және портфельдік тәуекел (инвестициялық портфельге кіретін қаржылық инструменттер). Тәжірибеде инвестор нарықтық тәуекелдерді төмендете алмайды. Ол тек қана нарыққа шығу жалпы іздейді. Сондай – ақ өндірістің қаржылық инструменттер арқылы тәуекелдің бір бөлігін хеджирлеу керек.. Хеджирлеу - ол тәуекелді кездейсоқ өзгерістерден сақтау, фьючерстік контрактілерді сатып алу жолымен орындалады. Егерде инвестор тәуекелді төмендетуге ұмтылса, онда сондай нәтижеге жету тәсілі ол - максималды мүмкін болатын диверсификация салу сол сияқты портфельге бірнеше бағалы қағаздар санын қосу. Егер портфельге неғұрлым көп әртүрлі инструменттер кірсе, ол соғұрлым портфельдің динамикасы бүтіндей нарықтық динамикасына ұқсас болып келеді.
Әлемдік практикада тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы үлкен бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізеді. Алайда, мәселенің қиындығы - бұндай жүйені әзірлеу, ұйымдастыру, енгізу, техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, тәуекелдерді басқарудың ойластырылған, кешенді технологиясын енгізу жұмысы тиімділігін қазіргі кездегі де болашақтағы да түбегейлі факторы болып табылады. Тәуекелдерді басқару және ғаламдық зерттеу болып табылады, сондықтан осы еңбекте тек қана тәуекелдіктерді басқару жүйесін құру қажеттілігінің мәселесі негізделеді.
Тәуекелдерді басқарудың сапалы жүйесін қалыптастыру үшін келесі шаралар кешені қажет:
- барлық көрсеткіштерді бастан аяқ тексеруге, мәліметтің кез келген қимасын алуға, жедел ақпар алуға, тәуекелдіктерге шалдыққыштықты дер кезінде анықтап отыруға мүмкіндік беретін, біріктірілген мәліметтер базасының кешенін әзірлеу және енгізу қажет.
- тәуекелдерді басқарудың тиімді моделін құру, инвестициялық тәуекелдердің жекелеген түрлерін қисындастыру.
- бірегей интергацияланған және келісімделген ортада тәуекелдіктің әр түрлі фокторларын талдау мақсатынмен қаржылық менеджмен жүйесінде тәуекелдерді басқару блогын енгізу.
Тәуекелдерді басқаруды енгізу - ішкі және сыртқы факторлар әсерінің нәтижелігін анықтауға, бағалауға, бақылауға және пайдасыз, тиімсіз әрекеттерді дер кезінде тежеу жөнінде ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару кездейсоқ шығындардың пайда болу мүмкіндігін азайтудың нәтижесінде орын алуы мүмкін шығындардың көлемін, санын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Оның үстіне тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу пайдасыз бизнес – процестерді қайта қарауға және оларды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Инвестицияның қаржылық тұрақтылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұндай жүйе практикада тез өтіледі, тіпті кезеңді түрде оны жүзеге асыру - жүйені қазірдің өзінде іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесі артықшылығының факторы - менеджерлердің, сондай – ақ құрылымдық бөлімшелердің барлық деңгейіндегі тәуекелді біртұтас басқару орталығынан бақылауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің болуы. Тәуекелдерді басқару жөніндегі біріккен шешімдер рыногы даму және мәселенің әдістемелік шешімін іздеу сатысында тұр.
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне - стратегиялық жоспарлау үшін басқарушылық мәлімет ұсынудан басқа қойылатын негізгі талаптардың бірі болып, сондай – ақ тәуекелдікті басқару жөніндегі бөлім мен шешім қабылдау үшін жауапты қаржылық менеджерлер арасында тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретін шешімдердің қабылдануын қайталаудың мүмкіндігі. Тәуекелдерді басқару жүйесі қауіп – қатерге шалынатын барлық бизнес процестерді қадағалау, берілген ақпарат ағынан тәуекелдік - мәліметтердің біртұтас ауқымды қоймасында біріктіруі тиіс. Банктердің шоғырландырылған негізгі инвестициялық қызметіне және қаржы ұйымдарындағы тәуекелді басқару жұйесінің талаптарын реттеуші, оның ішінде:
- банктік сақтандыру заңнамаларымен, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамамен және қаржы ұйымдарына бақылауды немесе ықпалды жүзеге асыратын тұлғаны айқындау.
- қаржы топтарына қатысушлардың және аффиширленген тұлғалардың қызметіне байланысты қаржы ұйымдарының тәуекелдеріне толығырақ баға беруі және реттеуді қамтамасыз етуге.
- меншік иелері құрылымның айқындылығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге, қаржы ұйымдарының, бірінші кезекте банктердің аффиширленген тұлғалары туралы толығырақ мәлімет алуға және қаржы ұйымдары мен қаржы топтарының бар тәуекелдерін жою үшін түзету шараларын қабылдауға;
- банктердің аффиширленген тұлғаларымен жасайтын мәселелеріне қадағалауды жетілдіруге;
- шетелдік банктердің қазақстандық қаржы рыногына кіруі жөніндегі талаптарды оның жиынтық жарғылық капиталға, басқару органдары құрамына қатысуына және қызметкерлердің пайыздық арақатынасына лимт жөніндегі шектеулерді алып тастауға қатысты бөлігінде ырықтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.