Инфляция және ҚР қарсы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 16:08, курсовая работа

Описание работы

Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiңбағасының өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасыныңтөмендеуi салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы.

Содержание

Кiрiспе ……………………………………………………………………… 3
I.Инфляция
1.Инфляцияның мәнi, түрлері………………………………………….. 5
2.Инфляцияның себептерi……………………………………………..... 8
3.Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары...................12
II.Инфляция және ҚР-ның инфляцияға қарсы саясаты

2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк салдары ………….. 19

2.2. Инфляцияны мемлекеттік реттеу………………………………. ……21



Қорытынды……………………..….……………………………...……. 25

Пайдаланылған әдебиеттер …….……………………...………………. 29

Работа содержит 1 файл

kursovoi ekonom.doc

— 144.00 Кб (Скачать)

    Шығын инфляциясы өнiмнiңәр бiр өлшемiнiңшығыны көтерiлiп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердiңтек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат, энергия көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.

    Өнеркәсiбi дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға ауысатын бiр  қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс  экономистерiнiң жобалауынша инфляцияның  бұл түрі өндiрiс пен жалпы ұлттық өнiмнiң өсуiн ынталандыру мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететiн факторлар, оның түрлері және инфляцияныңәлеуметтiк-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерiне байланысты болады.

    Инфляцияға  түбегейлi себептерi тауар айналымы және тауар өндiрiсi аясында   болғанымен, оған елдегi саяси жағдайлар да әсер еттедi.

    Инфляцияға  әсер ететiн  бiрiншi топтағы ақшалы факторлар - ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесiнде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын  жою мақсатында  шамадан тыс ақша шығаруға  байланысты  айналыстағы ақша массасының көбеюi, халық шаруашылығындағы  несие ақшаларының көптiгi, ұлттық валютаның курсын бiрқалыпта ұстау  үшін  қолданылатын  үкiметтiң тәсiлдерi, ұлттық валютаның қозғалысын  шектеу және т.б. факторлар.

    Екiншi топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсiретiн  ақшалы емес  факторлар  жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндiрiс  құрлымының үйлеспеушiлiгi, шаруашылық механизiмiнiң шығындылығы, мемлекеттiң экономикалық саясаты, оның iшiнде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық  iс-шаралары және сол сияқты факторлар.

    Шын мәнiндегi екi топтағы факторлар бiр-бiрiмен  тығыз байланысып, тауарлар мен  көрсетiлетiн  қызметтiңбағасын өсiрiп, инфляцияға соқтырады.           

      Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi –тауар  бағаларының  күрт өсуi. Осы көрiнiстi американдық  ғалым және публицист Дж. Гелбрейт   “ақшаның тауарды қууы” деп сипаттады.  Инфляцияның алғашқы себебi –айналымдағы ақша массасы мен сатуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы. Бұндай  диспропорция, бiрiншiден  тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет  өз шығындарын өтеу  мақсатында  қағаз ақшаны көп шығаруынан болады. 

    Алайда, айналымдағы ақша массасы  тұрақты  болған кей жағдайларда да  инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 4-70 –жылдарда  АҚШ-та айналымдағы ақша массасы  бiр қалыпта болса да, айналымдағы  тауарлар мен көрсетiлетiн  қызметтiңкөлемi қысқарып,  инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын  арттыру өзiнiң экономикалық  тиiмдiлiгi жөнiнен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын  шығарғанға тең.

    Инфляция  кезiнде капитал  өндiрiс аясынан  айналысқа  құйылады, себебi  айналым  аясының жылдамдығы   көптеген пайда түсiредi.  Бiрақ ол инфляция әсерiн  күшейтедi: несиенi өндiрiске салынатын   инвестицияны және  тауарлар ұсынысын қысқартады.  Сөйтiп, инфляция факторлары  екi жақты- тауарларды шығаруға   және сатуға , ақша массасын  және айналым жылдамдығын   өзгертуге әсер етедi.

    Инфляция - өндiрiс процесiнiң бұзылуы, шаруашылық салаларының бiр-бiрiмен үйлесiмсiз дамуы және мемлекеттiңэмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердiң iскерлiгiнiң икемсiздiгi салдарынан туындайтын күрделi, әрi көп факторлы құбылыс.            

    1. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары
 

    Инфляцияның әлеуметтiк – экономикалық  зардаптары  төмендегi  жағдайлардан: тауарлар бағасының  өсуiнен, халықтың ақшалы жинағының, шаруашылық субъектiлерiнiң және мемлекеттiк  бюджет  қаржысынң құнсыздануынан, халықтың экономикалық белсендiлiгiнiң төмендеуi мен  жұмыссыздықтың көбеюiнен, Ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндiгiнiң төмендеуi мен  басқа валюталарға қарағанда  оныңнақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелi экономиканың белсендi өсуi мен оныңсалық  төлеуден жалтаруы және  көптеген көлеңкелi процестерден байқалады.

    Инфляция  зардаптарын жойып, ақша айналамын  тұрақтандырудың негiзгi әдiстерi- ақша реформасын  жүргiзу және инфляцияға қарсы  басқа да саясаттар жүргiзу.

    Тарихта  ақша реформасын  жүргiзуiндегі формасы бар:

    • жаңа ақша жүйесін құру-  ол алғашқы металл ақша жүйесін  құрғанда, сонымен қатар мемлекеттiк құрылым өзгергенде, отаршылық жүйе құлап, оның  орнына  отаршылықтан арылған саяси тәуелсiз мемлекеттер пайда болғанда  және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдерi құрағанда  бұл елдердiң даму ерекшелiктерiне байлансты  өзiне тән жаңа  ақша жүйесі пайда болды;
    • ақша жүйесінiң кейбiр элементтерiн  өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемiн енгiзу, баға масштабын, ақша  түрлерін және  т.с.с. өзгерту.

      Соғыс және революциядан кейiнгi жылдары  көптеген мемлекеттер ақша айналысын  тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтiрудiң ең бiрінші қажеттi жолы ретiнде мынадай әдiстерi қолданды: инуллификациия, реставрация, девальвация, деноминаця.

      Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгiзу  әдiсi.  Мысалы, 20 жылдары Германияда  соғыстан кейiнгi ұшқыр  инфляцияның нәтижесiнде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жлы енгiзiлген  жаңа маркаға 1:1 трлн.ескi рехсмаркаға  арақатынасымен айырбасталды. Сөйтiп құнсызданған ескi марка жойылды.  

      Реставрация- ол ақша өлшемiнiң бұрынғы алтын  құрамын  қалпына келтiру. Мысалы, Англияда  Бiрiншi дүниежүзілік соғыстан кейiнгi  1925-1928 жылдардағы ақша реформасы  кезiнде фунт стерлингтiң алтын  құрамы соғысқа дейiнгi  қалпына  келтiрiлдi. Ал Екiншi  Дүниежүзілік соғыстан кейiн  реставрация – ревальвация ретiнде доллармен салстырғанда  Ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы  жүргiзiлдi.  Содан кейiн Халықаралық валюта қоры ақша өлшемiнiңалтын  құрамын тiркеуден өткiздi.

      Девальвация- ақша өлшемiнiң алтын құрамын төмендету. Ол екiншi  дүниежүзілік  соғыстан кейiн АҚШ долларына шаққанда  Ұлттық валютаныңресми курсын да, оныңалтын құрамын да төмендету. Долларды  екi рет  девальвациялау  нәтижесiнде оныңалтын құрамы  1971 жылы желтоқсанда  7,89 пайызға, ал  1973  жылы ақпанда  10 пайызға төмендетiлдi.  1973 жылы “өзгермелi” валюта курсын  енгiзген соң, девальвация Еуропа валюта  жүйесінде – “реттелетiн валюта курсы” топтастығында  жүргiзiлдi.

      Деноминация-ол “нольдердi сызу” әдiсi, яғни баға  масштабын iрiлендiру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың1 қаңтарынан  бастап баға масштабы  10 есе iрiлендiрiлдi, 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль ескi 10 рубльге  теңалмастырылды.  1988 жылы Бразилияда енгiзiлген  жаңа ақша  өлшемi –нокрузадо бұрынғы құнсызданған  1000 крузадоға  эквиваленттi  болды. 1998 жылы Ресейде  де  рубльге деноминация  1:1000 ескi рубльге  арақатынасымен жүргiзiлдi.

      Инфляциямен күрес әдiстерi- мемлекеттiң экономиканы  реттеудегi жүргiзiлетiн iс-әрекеттерiнiң  жиынтығы. 

    Инфляцияны жұмсарту және  оны жеңуге  мемлекет  ифляцияға қарсы шаралар жүргiздi:

    • баға мен жалақыны реттеу;
    • жалақыны және басқа да табысты индексациялау бағаныңөсуiне байланысты оларды  да ұлғайту;
    • қаржы-несие жүйесін сауықтыру
    • күштi, инфляция мен экономииканың құлдырауы кезiнде  ақшаны жаңадан пiшiндеу: ақша жүйесін толық және бөлшектеп  жаңарту сондай-ақ  ақша айналымын теңестiру  шаралары жүргiзiледi.   

    Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) көрсетеді. Ол үй шаруашылығының "тұтыну қоржының" үлес салмағын есептеу негізінде бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген кызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 1991ж. белгіленді. "Тұтыну қоржынына" біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп ТБИ-нің құрылымы да алсін-әлі қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетіп тексеру нәтижесіне байланысты 1996ж. шілдеден бастап "тұтыну қоржынының" төмендегідей құрамы бекітілді: азық-түлік - 62,6 процент (бұрынғысы 58,2), азық-түлік емес тауарлар - 23,2 процент (бұрынгысы 30), көрсетілетін ақылы қызмет 14,2 процент (11,8) құрайды.

    Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары төмендегі  жағдайлардан: тауарлар багасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының, шаруашылык субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының кұнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық  валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан және с.с. көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.

    Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын  тұрақтандырудың негізгі адістері - ақша реформасын жүргізу (ақша реформалары туралы келесі тарауда жазылған) және инфляцияға карсы басқа да саясаттар жүргізу.

    Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы  бар:

    • бірінші, жаңа  ақша жүйесін кұру - ол  алғашқыда металл ақша  жүйесін   құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық (колониялық) жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз   мемлекеттер   пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне   байланысты өзіне топ жаңа ақша жүйесі пайда болды;

    •  екінші ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, акша түрлерін және т.с.с. өзгерту.

    Соғыс және революциядан кейінгі жылдары  көптеген мемлекеттер ақша айналысын  тұрақтандыру мсн экономиканы қалпына  келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация, девальвация және деноминация.

    Бұл мемлекеттер өндiрiстiң өсуi мен iшкi нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды , бiр жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын  басып шығарумен, екiншi жағынан шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен  шешуге ұмтылуда. Нәтижесiнде бұл топтағы  мемлекеттерде көп мөлшерде iшкi және сыртқы қарыздар  пайда болады. Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны- ақша айналымы жылдамдығының өсуi, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншiлiгiнiң  кенет төмендеуi және ақша айналысынан   ұсақ монеталар түгiлi бiрте-бiрте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы.  Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуi мемлекет  iшiнде доллардың немесе  басқа шетел валютасының қолданылуына  және елден капиталдың  әкетiлуiне соқтырады.              

    Алайда, айналымдағы ақша массасы  тұрақты  болған кей жағдайларда да  инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 4-70 –жылдарда  АҚШ-та айналымдағы ақша массасы  бiр қалыпта болса да, айналымдағы  тауарлар мен көрсетiлетiн  қызметтiңкөлемi қысқарып,  инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын  арттыру өзiнiң экономикалық  тиiмдiлiгi жөнiнен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын  шығарғанға тең.

    Инфляция  кезiнде капитал  өндiрiс аясынан  айналысқа  құйылады, себебi  айналым  аясының жылдамдығы   көптеген пайда түсiредi.  Бiрақ ол инфляция әсерiн  күшейтедi: несиенi өндiрiске  салынатын инвестицияны және  тауарлар ұсынысын қысқартады.  Сөйтiп, инфляция факторлары  екi жақты- тауарларды шығаруға және сатуға, ақша массасын  және айналым жылдамдығын   өзгертуге әсер етедi.

    Қазақстандағы  қазiргi  инфляцияның  себептерiн  нарықққа  өтуге дейiнгi  инфляцияны тудыратын  факторлардан iздестiру керек.  Олардың ең бастысы –шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылқтың шығнды  механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында  материалды-ақшалық үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап,  экономиканың барлық салаларына  зян шеккiзедi. Әсiресе:

    • Ұлттық өнiмдi жинақтау қорына  және тұтыну қорына  бөлiп, соның негiзiнде  инвестициялқ саясат жүргiзуде;
    • құрал жабдықтарды өндiру және  тұтыну тауарларын өндiру салаларында;
    • мемлекеттiк баға белгiлеу жүйесінде;
    • мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығынында;
    • несиелiк және қаржлық ресурстарды  қалыптастыруда байқалды.

    Қазіргі инфляңияның бір көрінісі - тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бсрі байқалуда, оиың түпкі себептері:

    біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық қүрылымдарды жоя бастауы;

    екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бІр жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жагынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар -ауыл шаруашылыгы, тамақ, жеңіл және басқа онеркәсіп салалары. Статистика маліметтері бойынша, барлык онеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж. - 39,5%, 1940ж.- 61%,  1960 ж.- 72,5% болды;

    үшіншіден, бұрынгы КСРО-ның ұлттық табысының  жартысына жуығы 

Информация о работе Инфляция және ҚР қарсы саясаты