Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 18:28, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтама

— 27.75 Кб (Скачать)

2) әлеуметтік қорларға, көбінесе  әлеуметтік қорға азаматтардың  дербес аударымдарының негізінде;  бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде  төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.

1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру  жүйесіне қатысудың міндетті  сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер  мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан  әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық  ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге  бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады  және әлеуметтік төлемдердің мөлшері  төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық  моделінің келесі бір маңызды  ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру қорының құрылуы болып  табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік  сақтандыруды қаржыландыру әдісі.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі  әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.

4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық  моделінің тағы бір ерекшелігі  міндетті әлеуметтік сақтандыру  жүйесінің қатысушылары арасындағы  қызметтерді бөлу болып табылады.

 

Қорыта келер болсам, халықтың әл-ауқатын үнемі жақсартып отыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының басты мақсаты болып табылады. Сондықтан мемлекетіміз азаматтардың әлеуметтік қолдауға зәру секілді белгілі бір топтарын жүйелі және тұрақты түрде ерекше қамқорлыққа алады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыру тұжырымдамасын дайындауда  негізгі бес институционалдық нысандарды  бөліп көрсетуге болады:

- мемлекет  бюджеті арқылы қаржыландырылатын  әлеуметтік көмектер;

- арнаулы  мемлекеттік қызмет атқаратын  жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау (әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері);

- міндетті  әлеуметтік сақтандыру;

- жұмыскерлер  немесе жұмыс берушілер қаржылары  арқылы жүргізілетін ерікті жеке  сақтандыру;

- жұмыс  берушінің қаржылары арқылы жүргізілетін  әлеуметтік қорғау, яғни корпоративтік  қаржыларды әлеуметтік қорғауда  қолдану;

Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды  ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып  табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

 

 

 

 

 


Информация о работе Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету