Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 18:28, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтама

— 27.75 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда  кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты  халықтың әл-ауқатын арттыруға қол  жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

Жеке  адамның экономикалық тұрғыдан қажетті  жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде  қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету  тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік  бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражаттары тартылады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және рыноктық экономикаға кіріктірілген  қаржылық механизмдерді әзірлеуді  қажет етеді.

Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен  тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама  арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі  проблемаларының бірі болып табылады, өйткені  оны шешу мемлекеттің  келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық  өсуіне де жағдай жасайды.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайда қолданылып жүрген тетіктері тұрақты  және тиімді пайдаланылмайды. Халықты  әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік  және корпоративтік саясаттың жаңа тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу  қажет.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің бюджеттен тыс  көздерінің маңызы мен тиімділігін, әлеуметтік стандарттарға сай келетін  табыстылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын негізгі теориялық, әдіснамалық өзара байланысты алты проблема арқылы көрсетуге болады.

Бірінші топтағы проблемалар  Қазақстандағы  халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етудің теориялық  тұрғыдан зерттелуімен байланысты.

Халықты әлеуметтік қорғау институты мемлекет, кәсіпорын және үй шаруашылығы сияқты  үш шаруашылық -құқықтық институттардың байланысын қамтамасыз етеді. Осылардың  қызмет ету үдерісінде қаржылық субсидиялау  және салықтық жеңілдік беру  институты  арқылы әлеуметтік қоғамдық игіліктер  өндіріледі, бөлінеді және тұтынады. Әлеуметтік көмек  үй шаруашылықтарына мемлекеттік  бюджеттен қосымша ақша қаражаттарын бөлу, кәсіпорындардың қаржылары  арқылы немесе үй шаруашылықтарының салықтық міндеттемелерін төмендету арқылы көрсетіледі.

Осы жағдайда қаржыны   шаруашылық жүргізуші  субъектілерде және мемлекетте ақшалай  табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы  өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа  қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы  қоғамдық өнімнің  құнын және ұлттық байлықтың  бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде   пайда болатын  ақша қатынастары  деп түсінетін  болсақ, халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық категория және  қаржы  институты ретінде қарастыруға  болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың әлеуметтік саладағы саясатының басты мақсаты халықтың тұрмыс жағдайын, өмір сапасын тұрақты түрде арттырып отыруға негізделгені белгілі. Осыған орай халықтың әлеуметтік жағдайын қорғау және оны мемлекет тарапынан түрлі шаралармен қолдап отыру еліміздің ішкі саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр.

Қазақстандағы  әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету  тұжырымдамасын  әзірлеудің негізіне мынандай қағидаттар жатқызылды: жалпылайлылық – Қазақстан рынокқа бағдарланған мемлекет ретінде қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік тәуекел пайда болған жағдайда ең төменгі әлеуметтік стандарттар шеңберінде залалдарды жабуға кепілдік береді. Ынтымақтастық – табыстың әркелкілігі орын алған қоғамда ынтымақтастық қағидаты кедейлерге берілетін атаулы әлеуметтік трансферттердің ІЖӨ-дегі үлесінің жоғарылауын, жалақының деңгейін көбейту арқылы ІЖӨ-нің құрылымының өзгеруін көрсетеді. Тиімділік қағидаты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық институттарының трансакциялық шығындарын төмендете отырып, жоғары деңгейде  әлеуметтік төлем алуға жағдай жасауын айқындайды.

Әлеуметтік қорғаудың  экономикалық мақсатын жүзеге асыру  қаржы қорларының  қалыптасуы мен пайдалануындағы  қаржылық қатынастар мен оларға тиесілі  қаржылық тұтқаларсыз мүмкін емес.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етудің басым көзі бюджет қаражаттары болып табылады.

Әлеуметтік  көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру  функциялық тобына арналған бюджеттік  шығындардың нәтижелілігін анықтайтын критерийлер нәтижелікке бағдарланған бюджетті қалыптастыру шеңберінде айтарлықтай  маңызды рөл атқарады.

Халықты әлеуметтік қорғауға арналған бюджет қаражаттарының тиімділігін анықтауда  мынандай әдістемелер ұсынылды:

1) отбасыларының  қаржылық автономия деңгейінің (ОҚАД) салыстырмалы көрсеткіші–үй шаруашылығына бөлінетін орташа әлеуметтік трансферттердің осы үй шаруашылығының тұтынуға арналған орташа шығындарына арақатынасы;

2) отбасының  қаржылық жағдайының  абсолюттік  көрсеткіші – үй шаруашылықтарының қор жинау деңгейінің серпіні (ОҚЖАК).

Отбасыларының қаржылық автономия деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші 0,4 –тен 1  деңгейінде  үш жыл бойы қалып отырса , немесе 1 ден жоғары болса, онда үй шаруашылығы  әлеуметтік көмектің арқасында өмір сүреді. Егер осы мерзімде отбасының  қаржылық жағдайының  абсолюттік көрсеткіші–үй шаруашылықтарының қор жинау деңгейі жылына жан басына шаққанда 300 мың теңге болса, онда үй шаруашылығы әлеуметтік көмекті алуға лайық емес, бюджеттің, қоғамның қаражаттары тиімді қолданылмайды. Отбасыларының қаржылық автономия деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші  0,4 –тен 0-ге  дейін төмендесе және бір мезгілде отбасының қаржылық жағдайының  абсолюттік көрсеткіші–үй шаруашылықтарының қор жинау деңгейінің өсуі байқалса, онда халықты әлеуметтік қорғау  жүйесінің тиімділігін байқауға болады.

Әлеуметтік  қорғауға арналған бюджет шығындары 1996 жылы- 9212 млн теңгені, 1997 жылы - 26566 млн  теңгені, 1998 жылы - 53618 млн теңгені, 1999 жылы - 159064 млн теңгені, 2000 жылы - 171065 млн теңгені, 2001 жылы 186715 млн теңгені, 2002 жылы - 201415 млн теңгені, 2003 жылы - 239230 млн теңгені, 2004 жылы - 272333 млн теңгені, 2005 жылы - 345356 млн теңгені, 2006 жылы - 422423 млн теңгені құрады.  1999 жылдан бастап, осы функциялық топқа арналған бюджет шығындарының басым бөлігі республикалық  бюджеттен қаржыландырылып отыр. 1999 жылы республикалық бюджеттен  халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың 88,4%-ы , 2000 жылы 88,2%-ы, 2001 жылы 83,6%-ы, 2002 жылы 82,1%-ы, 2003 жылы 84,4%-ы, 2004 жылы 85,5%-ы, 2005 жылы 91%-ы, 2006 жылы 91%-ы қаржыландырылды. Жергілікті бюджеттерден атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту бағдарламалары қаржыландырылса, республикалық бюджеттен  республикалық мәртебесі бар  әлеуметтік төлемақылар қаржыландырылады. Әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін  анықтауда айлық есептік көрсеткіш  пен ең төменгі күнкөріс деңгейі  негізге алып есептелінеді. Атаулы әлеуметтік көмек Қазақстанда 2002 жылы енгізілді, оның көлемі 2003-2006 жылдар аралығында небәрі 713 теңгеден 815 теңгеге өсті. Атаулы әлеуметтік көмек адамның  өмірлік проблемаларын түбегейлі, яғни біржола шешуді көздемейді, ол кедейлікті төмендетудің қосымша шарасы болып табылады. Әлеуметтік қорғаудың негізгі саясаты адамдардың лайықты еңбек етулеріне жағдай туғызуға бағытталуы керек. Халықты әлеуметтік қорғау шараларын қаржыландыратын бюджеттік бағдарлама бойынша экономикалық тиімділікті егжей-тегжейлі анықтау үшін есепті кезеңде жұмсалған сомаларды халықты әлеуметтік қорғауға арналған əрбір іс-шара бойынша бөлек көрсеткен жөн.

 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етуде зейнетақы  жүйесі маңызды рөл атқарады.

1998-2006 жылдар аралығында  жинақтаушы  зейнетақы қорларының салымшылар  саны 1105123 адамнан 8537712 адамға көбейіп, зейнетақы қорланымының көлемі 23541 млн.теңгеден 909696 млн.теңгені құрады. Зейнетақы жарналары 7432 млн. теңгеден 683888 млн. теңгеге өскенімен зейнетақы қорларының инвестициялық табысының өсу қарқыны баяу болып отыр.

2007 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер  бойынша  ерікті зейнетақы  жарналары бойынша салымшылардың  саны 32978 болса, ерікті кәсіби  зейнетақы жарналары бойынша  олардың саны  3752 болып отыр.

Қазақстанда қызметкердің өмірі мен  денсаулығына зиян  келтіретін салаларда  енгізілген ерікті кәсіби зейнетақы  салымдарын жұмыс беруші есебінен төленетін  міндетті кәсіби зейнетақы жарналарына  ауыстыру қажеттігі дәлелденіп отыр. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары  шығындарын тауардың өзіндік құнына кіріктіріп, сол шығындарды корпорациялық  табыс салығын анықтауда  шегерімге  жатқыза отырып, ерікті кәсіби зейнетақы  жарналарының көлемін ұлғайтуға  болады.

Зейнетақы қорланымдарының  абсолюттік өсу кезінде инвестициялық  табыстың өсу қарқынының жыл сайын  төмендеуі байқалады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығы 5 жыл аралығында 40,16% болса, жинақталған инфляция деңгейі тиісінше 57,90%-ды көрсетті.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету аясында  халыққа  түсетін салық ауыртпалығын анықтаудың маңызы зор.

Салық салу әділеттігі қоғамда  қалыптасқан «әлеуметтік әділеттіктің»  тұжырымдамасына  тікелей байланысты. Осы мәселе бойынша екі көзқарасты бөліп көрсетуге болады.

 «Утилитарлық» көзқарас  бойынша қоғам жалпы жиынтық  молшылық, әл-ауқаттылықты қамтамасыз  етеді, ал  азаматтар арасында  оның әділетті бөлуі қадағаланбайды. Салық арқылы халықтың әл-ауқаттыларының  табысын «әлжуаз» табысы төмен  халық топтарына  бөлу мәселесі  шешілмейді.

Ал «роулсиандық тұжырымдама» (американ экономисі Джон Роулстың атымен аталған) қоғамның әл –ауқаттылығы, қоғам мүшелерінің тұрмысы ең кедей деп саналатындардың  жағдайымен сипатталады. Қоғам мүшелерінің табыстары халықтың әр түрлі санаттарының арасында бөлініп, табыстардың әркелкілігі төмендетіледі.

Осыған байланысты қоғам  мүшелерінің табыстарын қайта бөлудегі салықтардың атқаратын рөлі маңызды.

Салық ауыртпалығының таралу деңгейін бейнелейтін сандық көрсеткіш  халыққа түскен салық ауыртпалығы  болып табылады, өйткені өндіріске  салынатын салықтар тауардың бағасына кіреді, түпкілікті тұтынушылар салықтардың  негізгі ауыртпалығын өз мойнына  алады.

Халыққа түсетін салық  ауыртпалығын бір жұмыскерге шаққандағы елдің салық әлуетін (бюджет) экономикалық белсенді халықтың жан басына шаққандағы табысының ара қатынасы ретінде анықтауға болады.

Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру  жолдары.

Елдегі жоғары өмір сүру стандарттарының  қарқынды дамуы сол мемлекеттің  бәсекеге қабілеттілігінің маңызды  көрсеткіштерінің бірі. Тәуелсіздік  жылдарындағы халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әл ауқатын жақсарту саласында жүргізілген реформалар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық басым бағыттарының бірі болды. 
Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының (ХӘҚА) зерттеулері әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жетіспеушіліктерін де анықтады. Жұмыссыздықтың өсуі жарналардың жиналуына да әсер етті және жәрдемақыларды төлеуге қосымша шығындардың шығуын туындатты. Соған қарамастан көптеген елдердің үкіметтері әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономиканың құлдырау кезіндегі тұрақтандырудың тетігі ретінде қолданады.

Қай кезде болмасын халықты әлеуметтік қорғау және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері мемлекеттің басым  міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына  орай, Астана қаласында 2011 жылдың 30 қыркүйегінде «Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат» тақырыбына өткізілетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруда әлеуметтік жаңғыртуды қолға алу жолымен халықтың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған өзекті міндеттердің бірі болып табылады. 

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі  ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері  бірінің - жұмыс күшінің ұдайы  толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың  негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың  екі қағидаты бар:

1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде;  жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс  істемейтіндерді қамтамасыз етеді,  ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан  айырылуына қарай оларды еңбек  қызметіне кірген жаңа ұрпақ  ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген  жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін  қолданылды;

Информация о работе Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету