Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 21:06, реферат
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екенін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.
Егемендік,
тәуелсіздік алу қоғамдық-
Жеке ұйымдар мен қозғалыстар:
«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.
«Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.
«Азат»
басқа елдердегі осындай
«Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.
Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек.
Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үсиемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі қажет.
«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.
Қазіргі уақытта «Әділеттің» Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізіне студенттер және қоғам қайраткерлері.
«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі – халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жұмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.
Орыс қауымы (русская община) - Әділет министірлігінде қыркүйектің 1- інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады.
Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстанда азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым «Русский вестник» атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда.
Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады.
Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық – патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркемөнер ұжымдарын құруға ат салысады.
21жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы Астана қаласында.Қозғалыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтырдың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.
Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бұл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарады. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. « Әйелдер қазіргі қоғамда» деген халықаралық конференция өтізді. Қазақстанның әйелдер одағы Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі.
Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті.Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-сында сайланды, ұйымның Жарғысы бар.Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. «Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы» конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтардың республикалық съезін,1993 жылдың қыркүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.
Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері – Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту – «Асар» ассоциациясы, спортшв балаларға көмек беретін «Алтын шабақ» қоғамы.
Қазақстанның жастар одағы – дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді.Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.
Одақтың
негізгі мақсаты – жас
Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты – Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.
Адам құқығы бюросы.Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қрғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады.
Қазақстан
Республикасындағы Кәсіподақ
Федерация жұмысының негізгі бағыты – мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет,спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.
Кәсіподақ федерациясы өтпелі кезеңде көмір, түсті металлургия, т.б. шаруашылық салаларындағы еңбекшілердің жұмысқа орналасу, жалақы,әлеуметтік көмек алу ісіне үнемі араласып келеді. Республикалық «Бірлесу» кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы. Қазақстан Республикасының «Бірлесу» кәсіподағы 1989 жылдың қараша айында ұйымдастырылды. Оның құрылтайшысы экономиканың мемлекеттік емес секторының қызметкерлері.Оларды мұндай ұйым құруға итермелеген жағдай – еңбекшілердің еркін еңбегі құқығына шенеунік тарапынан тыйым салынуы, заң алдында өздерін қорғай алмайтындағы, оларды әкімшіл-әміршіл жүйеден қорғауы.
«Бірлесу» кәсіподағы республикадағы ғана емес,бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды.
«Бірлесу» қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, олардың басым көпшілігі қанағаттандырылды.
«Невада-Семей»
халықаралық ядролық соғысқа
қарсы қозғалыс. Бұл еңбекшілердің
еріктілік негізінде құрылған ұйымы.
Ұйым халықаралық «Невада-Семй-
«Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.
Комитеттің
бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді,
Қазақстанның белгілі ақындарының
қатысуымен поэзия кеші, дөңгелеки
үстел,Мәскеуде арал күні,Арал аймағында
экоклогиялық апат туралы телемарафон
өткізіледі.1996 жылы халықаралық «Арал-азия-