Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 04:51, курс лекций
«Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі – бұл тауарлар мен технологиялардың халықаралық айырбасы саласында әр түрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық субъектілердің өзара әрекеттесуі саласы. Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады.
1. Халықаралық экономика
2. Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен рөлі
3. ХХ ғасырдың халықаралық экономиканың негізгі белгілері
4. Бүкіләлемдік сауда ұйымы
Министрлік конференция (немесе Генкеңес) үш жылдық өкілеттілігі бар БСҰ-ның Генералды директорын тағайындайды. 1999 жылдан 2002 жылдың қыркүйек айына дейін бұл қызметті Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі Майк Мур атқарды, 2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін Таиландтың бұрынғы вице-премьері Супачай Паничпакди болды, ал қазіргі кезде БТҰ-ның Генералды директоры сауда бойынша ЕО-ның бұрынғы комиссары Паскаль Лами, ло өз қызметін 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.
Көптеген арнайы комитеттер мен жұмыс топтары қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдер мәселелері, БСҰ-ға кіру прцедурасы мен аймақтық сауда келісімдері сияқты салалардағы мәселелерді шешумен және БСҰ-ның жеке келісімдерімен айналысады.
Ұйымның атқарушы органы Женевадағы БСҰ Секретариаты болып табылады, оның штатының құрамында 500 қызметкерлер жұмыс істейді; оны Генералды директор басқарады. БСҰ Секретариаты басқа халықаралық ұйымдардағы ұқсас органдармен салыстырғанда шешім қабылдамайды, себебі бұл функцияны мүше елдердің өздері атқарады. Секретариаттың негізгі міндеттері- әр түрлі кеңестер мен комитеттерді, сонымен қатар Министрлік конференцияны техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық жәрдем көрсету, әлемдік саудаға талдау жүргізу және БСҰ жағдайын жұртшылық пен жалпы ақпарат құралдарына түсіндіру. Секретариат сонымен қатар дауларды шешу процессі кезінде құқықтық көмектің кейбір түрлерімен қамтамасыз етеді және БСҰ-ға мүше болуға ниет білдірген елдерге кеңес береді. Қазіргі кезде мұндай елдердің саны жиырмадан жоғары.
БСҰ консенсус негізінді
шешім қабылдауға тәжірибеленген, дегенмен де-юремен дауыс беру
ескерілген. Тауарлар, қызметтер, ТРИПС,
қабылданған міндеттерден босату бойынша
келісімнің жағдайларын түсіндіру 3/4 дауыспен
қабылданады. Қатысушылардың құқықтары
мен мен міндеттеріне зиян келтірмейтін
түзетулер, сонымен қатар мүшелерді қабылдау
2/3 дауысты қажет етеді (әдетте консенсуспен).
БСҰ-ны бекіту туралы келісімге сәйкес
ұйымның қатысушы елдері барлық келісілген
жақтар-ГАТТ қатысушылары болды (128 мемлекет),
олар тауарлар мен қызметтер бойынша міндеттер
тізімін көрсетті және Уругвайлық раундтың
келісімдер пакетін ратифицирледі.
Қазіргі кезде БСҰ құрамына 150 мемлекет кіреді және оның 22-сі жаңадан мүше болды-Эквадор, Болгария (1996 ж.), Монголия, Панама (1997 ж.), Қырғызстан (1998 ж.), Латвия, Эстония (1999 ж.), Иордания, Грузия, Албания, Оман, Хорватия (200 ж.), Литва, Молдова (2001 ж.), Қытай (2001 ж. желтоқсан), Тайвань (2002 ж. қаңтар) және Армения (2003 ж. ақпан), Македония (2003 ж. сәуір), Камбоджа (2003 ж.), Непал (2004 ж. 23 сәуір), Сауд Аравиясы (2005 ж.), Вьетнам (2007 ж.).
30-ға жуық мемлекетте
БСҰ-ның бақылаушысы статусы
Бұдан басқа алпыстан жоғары халықаралық ұйымдарда
БСҰ-ның әр түрлі құрылымдарын бақылаушы
статусы бар, негізінен БҰҰ, ЮНКТАД, МВФ,
МБРР, ВОИС, ОЭСР, аймақтық топтар, тауарлы
ассоциациялар. ЮНКТАД/БСҰ эгидасымен
Халықаралық сауда орталығы (ХСО) қызмет
етеді, олар әлемдік сауда саласында дамушы
елдерге көмектеседі.
ГАТТ/БСҰ жартығасырлық өмір сүру кезінде
әзірленген Бүкіләлемдік сауда ұйымына
қосылу процедурасы көп жоспарлы және
бірнеше кезеңдерден тұрады. Қатысушы
елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
бұл процесс шамамен 5-7 жылдан тұрады.
Бірінші кезеңінде арнайы жұмыс топтары қосылушы елдің экономикалық механизмі мен сауда-саяси режимінің БСҰ нормалары мен ережелеріне сәйкестілігін көп жақты деңгейде жете қарастырады. Бұдан кейін аталған ұйымға қосылушы елдің мүше болуының шарттары туралы кеңестер мен келіссөздер жүргізіле бастайды. Бұл кеңестер мен келіссөздер, әдетте, БСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерімен екі жақты деңгейде жүргізіледі.
Ең алдымен келіссөздер БСҰ мүшелерінің қосылушы елдің нарықтарына енудің «коммерциялық маңызды» мүмкіндігі туралы болады (тауарлар мен қызметтер нарықтарына ену туралы екі жақты Протоколда фиксирленеді), сонымен қатар келіссөздер БСҰ мүшелілігінің келісімдері бойынша міндеттерді өзіне қабылдаудың форматы мен мерзімі туралы болады.
Өз кезегінде қосылушы ел әдетте БСҰ-ның басқа мүшелері сияқты құқықтарға ие болады, ол оның сыртқы нарықтардағы дискриминациясының жойылуын білдіреді. Ұйымның қандай да бір мүшесі теріс құқықты әрекеттер жүргізген жағдайда кез келген ел сәйкес арызбен дауларды шешу бойынша органға бара алады (ДШО), оның шешімдерін БСҰ-ның әр қатысушысы сөзсіз орындауға міндетті.
Бекітілген процедураға сәйкес нарықтарға ену либерализациясы және қосылу шарттары бойынша жүргізілген барлық келіссөздердің нәтижелері келесі ресми құжаттармен толтырылады:
-жұмыс тобының баяндамасы,
онда қосылушы елдің
-тауарлар саласындағы тарифтік жеңілдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі бойынша міндеттер тізімі;
-қызметтер бойынша арнайы міндеттер тізімі және РНБ-ден алынған тізім;
-қосылу туралы протокол, онда екі және көп жақты деңгейде жасалған келісімдер заңдық күшіне енеді.
БСҰ-ға жаңа елдердің қосылуының маңызды шарттарының бірі-олардың ұлттық заңдары мен сыртқы экономикалық қызметін реттеу тәжірибесін Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жағдайына сәйкес келтіру болып табылады.
Қосылудың ең соңғы кезеңінде Генералды кеңеспен бекітілген және жұмыс тобымен үйлестірілген құжаттардың толық пакетін қосылушы елдің ұлттық заң шығарушы органы ратификациялайды. Бұдан кейін аталған міндеттер БСҰ құжаттарының және ұлттық заңның бір бөлігі болады, ал кандидат елдің өзі БСҰ-ның статусына ие болады.
Тест
1. Сауданың еркін дамуы,
оған деген ешқандай шектеудің
болмауы қандай саясатқа
а) фритредерство
б) протекционизм
в) мерканитилизм
г) халықаралық сауда
д) барлығы дұрыс
2. Әлемдік экономика және дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – бұл:
а) ауыл шаруашылығының экономикалық жиынтығы
б) сыртқы және ішкі сауда жиынтығы
в) ұлттық шаруашылықтың жиынтығы
г) барлығы дұрыс
д) халық шаруашылығы
3. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен айналысқан ғалымдар:
а) А.Леоньтев, А.Ахметов, К.Маркс
б) А.Смит, В.Леоньтев, Д.Рикардо, Д.Монкретьян
в) Қ.Мамыров, Ф.Дичер, А.Смит, В.Леоньтев
г) А.Смит, В.Леоньтев, Ү.Байжанов
д) а) және г) жауаптары дұрыс
4. Бүкіл әлемдік нарықтың және бүкіл әлемдік шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуының шешуші факторы болып не табылады?
а) халықаралық саудада операцияларды жасау
б) еңбектің халықаралық бөлінуі
в) делдалдық қызметтерді атқару
г) биржалық келісім шарттар
д) тауар бөлінісі
5. Белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы:
а) ішкі сауда
б) халықаралық сауда
в) сыртқы сауда
г) аукциондық сауда
д) инжиниргтік сауда
6. Халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера қалай аталады?
а) ұлттық нарық
б) халықаралық нарық
в) мемлекеттік нарық
г) жеке нарық
д) валюта нарығы
7. «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері» деген еңбектің авторы:
а) Д.Рикардо
б) В.Леоньтев
в) А.Смит
г) Т.Мэн
д) Э.Хекшер
8. Қазақстанның негізгі сыртқы сауда партнері болып табылады:
а) АҚШ
б) Түркия
в) Ресей
г) Германия
д) Өзбекстан
9. ХЭҚ-дың тарихи алғашқы және негізгі түрі:
а) халықаралық мамандану болды
б) халықаралық несие болды
в) халықаралық сауда болды
г) ноу-хау болды
д) халықаралық интеграция болды
10. Қазақстан төмедегі топқа мүше болып табылады:
а) Еуропалық Одақ
б) АСЕАН-ға
в) Араб мемлекеттерінің лигасына
г) ОПЕК-ке
д) ТМД-ға
Автаркия (гр. αυτάρκεια — өзін-өзі қамтамасыз ету) —өз елінің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған саясат. Шетел тауарларының, капиталының және т.б. өз еліне енуіне шек қою. Бұл тәсіл отандық өндірісті дамытуды немесе басқа саяси мақсатты көздейді. Әлемдік еңбек бөлінісінің, аймақтардың өндірістің белгілі бір саласына мамандандырылуының тереңдей түсіп мемлекетттер мен халықтар арасында экономиалық, саяси, ақпараттық, рухани, мәдени және т.с.с. қарым-қатынастарға шек қою мүмкіндігі азайған жағдайда мұндай оқшауланып, бөлектенуге ұмтылу тұрпайы саясат ретінде бағаланады..Қазіргі елдер мен халықтар арасындағы кең экономикалық, саяси және т.б. байланыстардың аясында автаркия анахронизм сияқты көрінеді. Дегенмен, ол бүгін де, әсіресе, дамушы елдерде (өз күшіне сену саясаты) аракідік кездесіп қалады. Автаркия бұрындары фашистік Германия және Италияда соғысқа даярлану саясаты мен идеологиясының құрамдас бөлігі ретінде қолданылды. Сондай-ақ сталинизм жүргізген "темір перде" саясатынан да автаркия белгілері байқалады.
Пайдаланған әдебиет: http://ru.wikipedia.org/
Адам Смит – өзінің «Исследование о природе богатства народов» атты еңбегінің арқасында экономиканың атасы атанған шотландық экономист(1776). Политэкономияның ағылшындық классикалық мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Осы бағыттың негізгі идеясы болып, байлық физиократтар ойлағандай тек қана ауыл шаруашылығын жүргізу кезінде ғана емес, экономиканың кез келген саласында өндіріс жүргізу арқылы пайда болады. Адам Смит қоғамдағы ең басты нәрсе – бұл еңбекті салалар бойынша бөлу, ал әр саланы операцияларға бөлу деп санаған. Еңбекті бөлу өндірісті біршама ұлғайтады өйткені әр адам бәрінен бұрын нені жақсы жасай білсе соны жасайды деген. Адам Смиттің ойынша, үкімет кәсіпкерлік адамдарға көбірек дербестік беруі керек, тек сол кезде ғана мануфактурлық өндіріс көбейеді. Ол адамдардың өзіндік экономикалық ойларының бар болғандығын солардың ақшаны үнемдеп, белгілі бір өндірісті ұйымдастырып, сонымен қатар елдің экономикасын дамытып отырғанынан аңғаруға болады,- деп айтқан Смит. Адам Смит егер де, мемлекет кәсіпкерлерге бостандық беріп, олардың ісіне араласпаса, бұл ең жақсы шешім болар еді,- деп айтқан. Кез-келген заманға сай адам кәсіпкердің түпкі мақсаты – максималдық пайданы ең қысқа уақыттарда алу екенін біледі. Әрине, нарық заңы кәсіпкерлерге өзінің ойын: қашан және қандай өнімдерді шығаруға( қыстық шиналардың жазда қажеті жоқ), оларды қандай бағамен сатуға, сияқты жағдайларда білдіртеді. Кәсіпкерлер бағаны төмендетуге мәжбүр болады, өзге кәсіпорындармен бақталастықта болу үшін. Кәсіпкерлердің ешқайсысы пайданы тек өздеріне ғана емес, сонымен қатар қоғамға да әкелуі жайлы ойлаған емес, дегенмен олардың арасындағы бақталастық тұтынушыларға өте төмен баға мен сан қилы тауарлармен қамтамасыз етіп отыр. Осымен, бақталастық кәсіпкерлерді өндірісті мүмкіндігінше аз шығынмен, пайдасының мөлшерін азайтпай жүргізіп, осының арқасында бағаны төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай ізденіс техниканы онан сайын жоғары дәрежеге жеткізуге және мүмкіндігінше арзан шикізат ауыстырғышын іздеуге әкеледі. Буржуазияның бар көңілі тек жұмысшыларды оңай жалдау, жерді сату мен сатып алу, сыртқы нарыққа шығып, өз ақшаларыңды мемелекеттің қалауы бойынша емес, өзіңнің қалауың бойынша жұмсау болып табылған. Бұның барлығы Адам Смиттің идеяларын бұл класстың адамдарына көрікті етіп көрсеткен. Адам Смиттің еңбектері әр түрлі болған, сондықтан болар, экономикадағы қарама-қарсы бағыттардың арғы атасы атанған:
1) Еңбектің политэкономиясы
( қоғамды мүлдем қарам-қарсы
2) Экономикс ( « көрінбейтін қолдың» принципі, экономикалық либерализм, бақталастық)
Пайдаланған әдебиет: http://fictionbook.ru/
Орындағандар:
ЕҚ 221-топ студенттері
Жанысбаева Алтынай
Мусекенова Назерке
Информация о работе Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы