Хал Халықты жұмыспен қамту саласын дамытудың негізгі өлшемдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 11:50, реферат

Описание работы

Мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы басты басымдылық халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. Елорданың еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту және жұмыссыздықты қысқарту үшін жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шаралары қолданылады.

Работа содержит 1 файл

наурызг8л.doc

— 1.54 Мб (Скачать)


1.1)          Хал Халықты жұмыспен қамту саласын дамытудың негізгі өлшемдері

Мемлекеттік әлеуметтік саясаттағы басты басымдылық халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. Елорданың еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту және жұмыссыздықты қысқарту үшін жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шаралары қолданылады.

2010 жылдың 11 айы ішінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге хабарласқан азаматтардың саны 19 691 адамды құрайды, атап айтқанда 10 925 әйел  (55,5%), 14-29 жастағы жастар – 9 984 (50,7 %). Хабарласқан азаматтардың саны 2007 жылдың ұқсас көрсеткіші 177 %-ға артты, 2008 жылдың ұқсас көрсеткіші 82,3 %-ға артты, осымен қатар 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,1 %-ға төмендегені байқалды. 

 

Көрсеткіш

2008 жылғы қаңтар-қараша

2009 жылғы

қаңтар-қараша

2010 жылғы

қаңтар-қараша

Жұмыс іздеп хабарласқандар

10796

25 268

19 691

жұмыс іздеп хабарласқандар жыл қорытындысы бойынша

11 130

26 109

 

жұмысқа орналастырылғандары

7171

8 368

9 627

жұмысқа орналастырылғаны жыл қорытындысы бойынша

8 064

10 455

 

 

2010 жылғы қаңтар-қарашада жұмысқа орналастырылғаны еңбек делдалдығына хабарласқандар санынан 48,9% немесе 9 627 жұмыссыз азамат, 2009 жылы 8 368 адам (33,1%). Жұмысқа орналастырылғандардың индикаторы 2008 жылы 66,4% -дан 2010 жылы 48,9 %-ға дейін төмендеді. Осы көрсеткіштің төмендеуі республика экономикасында дағдарыс жағдайымен, жартылай жұмыс күні режиміне өткен  кәсіпорындар санының көбеюімен, штаттың оңтайландырылуымен, сондай-ақ бос жұмыс орындары санының   азаюымен түсіндіріледі.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада жұмысқа орналасқандардың ішінде 2 066 адам (21 жасқа дейінгі жастағы жастар, зейнеткерлікке дейінгі адамдар, ҚК қатарынан босатылғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, оралмандар, мүгедектер т.б.) әлеуметтік қолдауға ерекше мұқтаж халықтың нысаналы топтарына жататын адамдар.  

Халықтың нысаналы топтарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылған. Өткізілетін жұмыстың мақсаты нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтарын одан әрі тұрақты жұмыс орындарына бекіту болып табылады.

Ағымдағы жылдың қаңтары-қарашасында әлеуметтік жұмыс орындарына 874 адам жолданды, атап айтқанда Жол картасы шеңберінде 664 адам мына мамандықтар бойынша: әлеуметтік жұмыскерлер, диспетчерлер, тренажерлік залдың  нұсқаушысы, етікші, ЭЕМ операторлары, қызметтік үй-жай жинастырушысы, лифтерлер, консьерждер, психологтар, мүгедектік арбаларды жөндеу бойынша шеберлер және т.б.  жұмыс істейді.

2010 жылдың кезеңдік уақытта еңбек делдалдығымен 57 этникалық репатриант (оралман) 2008 жылдың ұқсас кезеңінде хабарласқандардың санынан 6 есе асып кетті. Репатрианттарды (оралмандар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың шараларымен қамту деңгейі 2008 жылдың 3 тоқсанына 53,3%, 2009 жылдың ұқсас кезеңінде 38,9 %, 2010 жылы 66,6 %.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар

Көрсеткіш

2008 жылғы қаңтар-қараша

2009 жылғы

қаңтар-қараша

2010 жылғы

қаңтар-қараша

- «Жол картасы» бойынша

- жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша кәсіптік даярлау курсына жолданғаны

 

 

 

1015

7 503

 

 

747

4 817

 

 

750

Жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысқаны

1 593

1 935

1 325

Оқудан бос уақытында оқитын жастар үшін қоғамдық жұмысқа жолданғаны

 

487

 

502

 

672

- «Жол картасы» бойынша

- жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша «Жастар тәжірибесіне» қатысқаны

 

 

 

113

1227

 

 

100

1716

 

 

232

- «Жол картасы» бойынша

- жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жолданғаны

 

 

 

125

495

 

 

115

669

 

 

205

         2010 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша Басқарманың деректер қорында елорданың 470 жұмыс берушілерінен 997 бос лауазымдық орындар бар.

Экономиканың әртүрлі салаларында жаңа жұмыс орындарын құру серпіні

 

 

Көрсеткіш

2008 жылдың жоспары

24080

2009 жылдың жоспары

17413

2010 жылдың жоспары

15000

2008 жылғы қаңтары-қараша

2009 жылғы қаңтары-қараша

2010 жылғы қаңтар-қараша

Жаңа жұмыс орындардың саны

21 996

16 561

14 311

2010 жылдың басынан бастап 14 311 жаңа жұмыс орындарын құру мониторингі өткізілді. Оның ішінде шағын бизнесте 6 166 немесе 43,1 %.

Еңбек нарығында туындаған жағдай жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру және одан әрі дамыту қажеттілігін талап етеді.

Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру үшін 2010 жылдың басынан бастап 32 білім беру ұйымдарымен екіжақты ынтымақтастық шарты жасалды.

«Жол картасын» есепке алып, қаңтар-қарашада оқытуға жолданғаны 5567 жұмыссыз азамат, еңбек нарығындағы өзінің бәсекелестігін арттырғаны 2102 адам, оның тұрақты жұмысқа орналастырылғаны 645 адам.

«Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру білім беру ұйымдары мен мамандықтарын кеңейтуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ еңбек нарығында өзінің бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік алатын жұмыссыз азаматтардың санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен 2009 жылдың есептік кезеңінде оқытуға жолданғаны 8250 адам, 2010 жылдың ұқсас кезеңінде 5567 адам, 2008 жылмен салыстырғанда  8 есе ұлғайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен     SYSLAB international норвегиялық компаниясымен бірлесіп жоғары білікті шағын және орта бизнес, сондай-ақ кәсіпкерлік  негізіне жоғары білікті жұмыссыздарды оқыту бойынша халықаралық жоба іске асырылады.                2010 жылдың басынан  оқу бітіргені 63 жұмыссыз адам, 42 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты, 3 тыңдаушылар санынан бизнес-жоспарын аяқтады және таяуда жеке істерін ашуға бет алуда.

Халықтың жұмыспен қамтылғандар құрамында жоғары білікті жұмыс күштерінің шекті салмағы, яғни 2008 жылы  39,9 % -дан 2009 жылы 41,2%-ға дейін ұлғайғандығын атап өту керек. Өсу үрдісі даярланған білікті мамандарға қажеттіліктің өсуіне байланысты (әртүрлі бағыттағы инженерлер, механиктер, медициналық және педагогикалық жұмыскерлерге, автомобиль жолдарын салу бойынша мамандар, тар бейінді кәсіпқойлар, бағдарламалаудың замануи тілін білетін бағдарламашылар), сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларын, өнеркәсіптік өндірісті жандандыру, телекоммуникация салаларында әртүрлі инфрақұрылымдық компанияларды,  көлікті, қызмет көрсетуді дамыту.

Қаланың iшкi еңбек нарығын қорғау шетелдiк жұмыс күшiн әкелудi шектеу (ШЖК) және шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiне, квота белгiлеу Қағидасы жұмыс берушiлердiң бар жұмыс орындарын сақтау жолымен жүзеге асырылады.

              2010 жылдың есептік кезеңінде 4287 шетелдік маманды тартуға 4287 рұқсат қолданыста болды. Нақтылы 505 жұмыс берушіде 4287 шетелдік және 17 152 қазақстандық азамат. Қосымша 2326 жаңа жұмыс орындары құрылды және олармен шетелдік мамандарды ауыстыру үшін растайтын құжаттарды (куәліктерді) берумен  1103 қазақстандық маман қайта оқытылды. Шетелдік мамандарды қазақстандық азаматтармен ауыстыру - 78.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында тартылатын шетелдік жұмыс күштерінің құрамында жоғары білікті мамандардың үлесі жыл сайын 2008 жылы 16,3% -дан 2009 жылы 54,2%-ға дейін  ұлғаюда. Мамандарды тарту бойынша баллдық бағалау жүйесін, жұмыс өтілі мен білімі бойынша қатал іріктеу талаптарын енгізу шетелдік жұмыс күштерін тартатын компанияда жұмысқа орналастыруға қазақстандық мамандардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Басқарма жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы                              15 қаңтардағы №23-12қ қаулысымен елорданың жұмыссыз азаматтарын қосымша еңбекақымен қамтамасыз ету және уақытша жұмыс орындарын құруды ұйымдастыруды көздейтін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылған.

2010 жылғы қаңтар-қарашада қоғамдық жұмыстарға 1325 адам қатысты.

Елорданың жастарын еңбек нарығында бейімдеу, қолдау және жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыспен қамту және сабақтан бос уақытта оқитын жастар үшін уақытша жалақымен (еңбек табысын) қамтамасыз етуге арналған.

Жастар арасында танымал жұмыстар: елорданың Тілдерді дамыту басқармасында мемлекеттік тілде оларды дұрыс жазу және көшелердің картотекаларды құру бойынша жұмыстар, елорда ХҚО-да халықты құжаттандыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету, ҚР ҚК-ге шақыру бойынша шақыру қағазын ресімдеу және жеткізуге көмек, Мәдениет басқармасы, мәдениет мекемелерінің аумағын жинастыру және абаттандыруға қатысу және т.б.

Жыл басынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстарға оқитын жастар мен  студенттерден 672 адам жолданды.

Алынған мамандықтар бойынша қажетті дағдылары мен машықтарын, жұмыс өтілін алу үшін жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

2009 жылғы мамырдан бастап «Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру шеңберінде елорданың барлық ниет білдірген түлектерін уақытша жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру мүмкіндігі кеңейтілді.

«Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру шеңберінде жыл басынан елорданың жұмыс берушілерімен 297 шарт жасалды.

2010 жылғы қаңтар-қарашада республикалық бюджет есебінен  «Жастар тәжірибесінен» өткені -1716 түлек, 2009 жылдың ұқсас кезеңінде дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибеге қатысқандар саны -39,8 %-дан асты.

Ұйымдар мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын қорғау шеңберінде ұжымдық-еңбек шарттарын жасау бойынша жұмыс берушілермен түсіндірмелік жұмыстар жүргізіледі, 2009 жылы қала кәсіпорындарында 1628 ұжымдық шарт жасалды, 2008 жылы жасалған шарттардың санынан 17,9 %-ға асты. Бұл жаңа мерзімдерге ұжымдық шарттарды қайтадан жасау және жасалмаған шарттар бойынша кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу жолымен қол жеткізілді.

Информация о работе Хал Халықты жұмыспен қамту саласын дамытудың негізгі өлшемдері