Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 09:37, реферат
Қаржы жүйесі – ақшалай қорлар арқылы қалыптасатын қаржылық қатынастар мен қаржылық қатынастарды ұйымдастыратын органдар жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз, өйткені қаржы жүйесіне шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылығын жүргізуші субъектілер де кіреді.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
І Кіріспе
Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары.
ІІ Негізгі бөлім
Францияның қаржылық жүйесі және оның құрылымы
Францияның мемлекеттік бюджет процесінің сатылары
Қаржы жүйесінің мемлекеттік қаржы элементтері
ІІІ Қорытынды
Бюджет процесі барысында қаржы бақылауы жүзеге асып отырады. Мемлекеттік бақылаудың арнайы органы болып есеп палатаыс саналады, ол алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылауларды орындайды. Әр министрлік пен ведомствода қаржы бақылаушысы болады. Оларды қаржы және экономика министрлігі тағайындайды. Олардың негізгі айналысытын ісі - қаражаттардың жұмсалуын тексеру. Жоғарыда аталып кеткендей, Франциядағы мемлекеттік табыс бөлігінің 90 ℅ салықтардан тұрады , ал шығыс бөлігінің бағыттары сан қилы .
Қаржы жүйесінің мемлекеттік қаржы элементтері
Францияның мемлекеттік бюджеті қаржылық жүйенің басты буыны болып табылады. Оның үлесәне мемлекеттің қаржы ресурстарының тең жартысы тиеді. Мемлекеттік бюджет заңдық басқарма арқылы бекітілмейді. Ол жыл сайын ортақ бюджетті қосатын көптеген арнайы шоттарды және қосылған бюджетті қосымша құжат ретінде құрылады. Бюджет кірісі:
Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері :
Салықтар бюджеттің басты пайдасы болып табылады. Салық жүйесі өзіне тура, жанама салықтарды және әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды кірістіреді. Жанама салықтар елдің экономикасында маңызды роль атқарады. Елде 3 жанама салықтардың түрі бар:
Жанама салықтың ең маңыздысы ол – акциздер. Ол салықтық айналымда қосылған құн салығы ретінде жұмыс істейді.
Францияның салықтары 3 топқа бөлінеді:
Қосылған құн салығы жанама акциздер ретімен толықтырылады. Олардың кейбіреуі мемлекет пайдасына шегеріледі, ал тағы басқасы жергілікті басқарма ұйымдарының бюджетіне есептеледі.
Қолданымдағы салықтар қатарына сонымен бірге кедендік алымдар жатады. Олардың басты мақсаты пайда табуға бағытталмайды. Ол ішкі нарықты қорғауға бағытталған. Кедендік салымдар мемлекеттің экономикалық саясатының басты құралы ролін атқарады. Олар ішкі нарықтың бірыңғай және импорттық тауарларының құнын теңестіреді.
Францияда табыс салығын таза пайдадан төлейді. Салық салудың ортақ мөлшері 34% құрайды, кейде ол 42%-ға дейін ұдғаюы мүмкін.
Жеке тұлғадан табыс салығының фискалды бірлігі болып отбасы табылады, яғни ол 2 адамнан тұруы қажет. Табыс салығының мөлшері 0-56,8% аралығында көрініс табады. Франциядағы үлкен табысты жеке меншікке салынатын салықтар әкеледі. Табыс салығы мен жеке меншіктің салықтың сомасы пайданың 85% - дан аспайды. Жеке меншікке салынатын салықтың 4 түрі бар:
Салық мөлшері жергілікті басқару органдарымен реттеледі. Бірақ ол мөлшер заңмен бекітілген нормадан аспауы тиіс.
Францияның жергілікті қаржысының басты ролін жергілікті бюджет атқарады. Жергілікті бюдджет жергілікті басқару органдарының құзырында болады. Олар елдің конститутциясы мен заңдарына сәйкес жүргізіледі. Әрбір әкімшілік бірліктерінің өзіне тән бюджеті бар. Барлығы елді 39 мың жергілікті бюджет бар.
Францияда маңызды екі бюджет түрі бар:
Арнайы қорлар мақсатты
бағыты бар жергілікті ұйымдар мен
мемлекеттің қарамағында ақша ресурстарының
ақша ресурстарының жиынтығын
Оларға көптеген арнайы қаржы мекемелерінің шоттары, қосылған бюджеттер, әлеуметтік бюджет және түрлі қаржы-несиелік мекемелерінің қорлары жатады.
Олар ұйымдастырылу
жағынан басқа бюджеттерге
Арнайы қорларды 2 топқа бөлуге болады:
Бұл зейнетақы қоры, аурудан, мүгедектіктен, сақтандыру қоры, отбасыларға көмектесу қоры, жұмыссыздарға ұлттық көмек қоры. Арнайы маңызды қорларды орталық үкіметте үлестіреді. Жергілікті ұйымдардың құратын арнайы қорлардың ең маңыздысы болып несиелік қорлар табылады. Бұл қордың құралдары инвестиция үшін қолданылады, кейде жергілікті бюджеттердегі кассалық ақауларды жабу үшін қолданылады. Оларға қаржы мекемелерінің көптеген арнайы шоттары, қосылған бюджеттер, әлеуметтік бюджет және ұйымдардың қаржы несиелік қорлары жатады.
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе, қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар мен буындардың жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
Францияның қаржы жүйесі көп буынды, бірақ өзінің орталықтандыру деңгейімен ерекшеленеді. Елдің орталық бюджеті (ортақ бюджет, мемлекеттік ұйымдардың қосылған бюджеті, қаржы мекемелерінің арнайы шоттары) Францияның қаржы жүйесінің барлық кірістері мен шығыстарының шамамен 80%-ын құрайды.
Франция Республикасынын қаржы жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесінен, арнайы қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан, салық жүйесінен және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады
Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда . Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде .
Францияның мемелекеттік
бюджеті қаржылық жүйенің басты
буыны болып табылады. Оның үлесәне
мемлекеттің қаржы
Сондықтан да, мемлекет үшін қаржы жүйесінің орны ерекше. Мемлекеттік бюджеттер, мемлекеттік несие, салық жүйесі , арнайы қорлар және т.б арқылы біз әр мемлекеттің қаржы жүйесін, қаржы құрылымын анықтып, оған сипаттама бере аламыз. Соның ішінде біздің алып отырған - Франция мемлекеті болды . Франция мемлекетінің қаржы жүйесіне сипаттама жасап, өзіндік ерекшелігін анықтадық. Ол Қазақстан Республикасымен біршама өзгешеленетінін байқадық. Әр мемлекеттің өзіне тән қаржы жүйесі бар деген қорытындыға келдік.
Пайдаланылған әдебиеттер