Францияның қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 09:37, реферат

Описание работы

Қаржы жүйесі – ақшалай қорлар арқылы қалыптасатын қаржылық қатынастар мен қаржылық қатынастарды ұйымдастыратын органдар жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз, өйткені қаржы жүйесіне шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылығын жүргізуші субъектілер де кіреді.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

Содержание

І Кіріспе
Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары.
ІІ Негізгі бөлім
Францияның қаржылық жүйесі және оның құрылымы
Францияның мемлекеттік бюджет процесінің сатылары
Қаржы жүйесінің мемлекеттік қаржы элементтері

ІІІ Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Францияның каржы.doc

— 232.50 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Әль-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              СӨЖ

            Тақырыбы: «Францияның қаржы жүйесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Орындаған: Артықбек Т.Т

                                                                          Жақан Ш.Д  

                                                   Тексерген:    Кукиев А. Д

          Тобы:           Ф11К1

 

 

 

 

 

                                                    Алматы 2013 жыл

Жоспар

 

І Кіріспе

Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары.

ІІ Негізгі бөлім

  1. Францияның қаржылық жүйесі және оның құрылымы
  2. Францияның мемлекеттік бюджет процесінің сатылары
  3. Қаржы жүйесінің мемлекеттік қаржы элементтері

 

ІІІ Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары.

Қаржы жүйесі – ақшалай қорлар арқылы қалыптасатын қаржылық қатынастар мен қаржылық қатынастарды ұйымдастыратын органдар жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз, өйткені қаржы жүйесіне шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылығын жүргізуші субъектілер де кіреді.

Қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

  1. қаржылық қатынастардың жиынтығы;
  2. ақшалай қорлардың жиынтығы;
  3. басқарудың қаржылық аппараты ( қаржылық органдары)
  • Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты  мемлекет,  шаруашылық  жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.

Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық  өндірістегі  субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:

  1. мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;
  2. кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар

 

Қаржы жүйесі субъектісі бойынша 3-топқа  бөлінеді:

 

  1. .

Қаржылық қатынастардың  буындарына тән болып келетін  тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай  қорлардың  жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизадиялық айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалый қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну коры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).

Қаржылық қатынастардың  нысандары мен ақшалай қорлары  басқарылатын материалдың объектіні  құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік жэне коғамдық аппараттарының жүйесі - қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.

Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыруға кызмет ететін нактылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім:

Францияның  қаржылық жүйесі және оның құрылымы

Франция жаһандану кезеңіндегі экономикасы жоғары деңгейдегі ел. ЖІӨ бойынша АҚШ, Жапония, Қытай және Германия сияқты елдерден кейінгі орынды иеленеді. 2012 жылы ЖІӨ көлемі 1,646 трлн  евроны құраса, жан басына шаққанда ЖІӨ – 41 019 долларды құрады. Өндіріс үлесіне ЖІӨ 25%, ауыл шаруашылығы 3%. Елдегі аса дамыған салаларға: коммерциялық емес қызмет (әкімшілік басқарма) және сауда жатады. Франция елінің алдына қойып отырған негізгі мәселесі: бюджет тапшылығы, өкімет деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөлу, бюджеттік буындар арасындағы кіріс және шығыс бюджетін бөлу.

    Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп бірнеше бөлімдерден тұрады:

  1. жалпы бюджет
  2. қазынашылықтың арнайы шоттары
  3. біріккен бюджеттер
  4. арнайы қорлар
  5. жергілікті қаржылар
  6. мемлекеттік кәсіпорын қаржылары

Мемлекеттік бюджет  - бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы.    Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын қаражат-тарынан займдардан және т.б. түсімдерден тұрады . Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар саналады , барлық түсімдердің 90 ℅ салықтардан құралады .

Франциядағы мемлекеттік қаржылардың  айрықша бөлігінің бірі – біріккен бюджеттер . Бұлар қаржы автономиясын қолдана отырып , сауда - өнеркәсіптік операциялармен айналысатын және де өздері заңды тұлға болып саналмайтын ұйымдар үшін енгізілген . Қазірде біріккен 7 бюджет бар – 1 әскери және 6 азаматтық . Олардың ішінде  - пошта бюджеті , телеграф пен телефон бюджеті , әлеуметтік, ауыл шаруашылық, жәрдемақылар бюджеті , ұлттық баспахана , т.б. тұрады .

     Біріккен бюджет құрамында : ағымдағы іс – қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар мен оларды жабуға бөінген арнайы ресурстар жатады. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі , егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

 Салықтар арқылы  ұлттық табыстың 50 ℅ қайта бөлінеді . Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді :

  1. Қорытынды сипаттағы операциялар ; ( қайтарымсыз қаржыландыру ) .
  2. Уақытша сипаттағы операциялар . ( несиелік операциялар )

Франциядағы мемлекеттік қаржылардың  дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда . Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінде бұл үлес 50 ℅ құрайды .

    Экономика шығындары  өсіп келеді . Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі 25 – 35 ℅ . Экономиканы реттеу шығындарының құрамына өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының шығындары , транспорт пен байланыс , ауыл шаруашылығы кіреді. Мемлекеттің экономикаға араласуы ұлттық шаруа-шылықтың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында жүзеге асырылады . Көбінесе қомақты қаражаттар субсидия түрінде мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалады . Машина жасау өнеркәсібі , әуе қатынасы құрылысы , мұнай өңдеу сияқты салалардағы мемлекеттік тапсырыс әрдайым өсіп отыр .

    Әскери шығындар . Франция «НАТО» әскери ұйымынан шығып кетсе де , оның мүшесі болып қалады . 90 – шы жылдары мемлекет тікелей әскери шығындары бойынша әлемде 4 – і орынға шыққан . Қорғаныс министрлігінің әскери шығындарынан басқа , премьер  - министр бюджетінің шығындары да айтарлықтай ( бас штаб шығындары , барлау органдары , радио бақылау қызметтері ) .

Жанама әскери шығындарға : мемлекеттік қарызды басқару шығындары мен әскери зейнетақылар жатады . Әскери мақсатқа жұмсалатын жалпы қаржыландыру мемлекеттік бюджет көлемінің шамамен 35 ℅ дейін жетеді , бұл ЖІӨ - ң 4 ℅ деген сөз .

    Әлеуметтік  қажеттілік шығындары салыстырмалы  түрде төмендеуде . Үкімет бұл  қаражаттарды тек әлеуметтік теңестіру үшін ғана емес, экономиканы реттеу мақсатында жұмсайды. Ең төменгі жалақы және мүгедектік бойынша берілетін зейнетақы көтерілді. Сонымен бірге әлеу-меттік сақтандыру қорына аударылатын жұмысшылар жарнасының көлемі де ұлғайды . Бұл шығындардың ішіндегі ең көп көңіл бөлетіні – білім беруге бөлінетін қаржы,оның үлесі бюджеттің жалпы шығыстарының 25 ℅ құрайды.

    Басқару шығындары мемлекеттік  биліктің барлық органдарын қамтиды. Құрамында шамамен 1 млн – ға жуық адамы бар үлкен әкімшілік аппараттың бар болуы, мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік қызметтерімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы шығындар мемлекеттік бюджет шығындарының шамамен 12 ℅ құрайды .

    Сыртқы байланыс шығындары  – халықаралық байланыстарға  , қарым – қатынастарға байланысты  шығындар . Бұл тізімге Африка  мемлекеттеріне көмек кіреді . Дамушы елдерге көмек беру жағынан Франция АҚШ – тан кейін 2 – ші орынды иемденеді .

    Бұл шығындар өзінше жеке дара «сыртқы байланыстар» деген бапқа кіреді. Осы бапқа сай халықаралық зерттеу ұйымдарына қатысуына байланысты шығындар қарастырылған . Бұл баптағы қаражат көлемі шамамен 1,3 млрд франк, халықаралық ұйымдарға жарналар 1,5 млрд франк , сондай – ақ дипломатиялық және консулдық аппарат шығындары да осы бапқа енеді .

    Қайта өндіріс  процесінде мемлекеттік бюджет  аса маңызды функциялар орындайды, оның ЖІӨ - гі үлесі 20 ℅ астам.

   

Францияның мемлекеттік бюджет процесінің сатылары

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Жалпы , Францияда бюджет процесі 4 сатыдан тұрады және ол 3 жылдан астам уақытқы созылады. Бюджет процесінің әрбір сатысының өзіне тән ерекшелігі бар. 

  • Алғашқы саты – бюджет жобасын құру , экономика және қаржы министрлігінің ( ЭҚМ ) бақылауымен 9 ай бойы жүргізіледі .

    Әрбір министрлік  пен ведомство өз сметаларын  жасап , қаржылық бақылаушы тіркегеннен  кейін бюджет жобасын даярлау  үшін ҚЭМ – не жіберіледі . Бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан  кейін парламентке жіберіледі .

  • Екінші саты – 3 ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту. Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы пар-ламентке берілген. Бюджет жобасы әр палатаның қаржы комиссиясының тексеруінен өтеді. Комиссияның бас баяндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері бойынша баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгі палатада ( ұлттық жиналыста ) талқыланып, содан соң жоғарғы палатаға ( сенатқа ) талқылауға, қарауға беріледі .

    Бюджет бекітілуі  қос палатаның біріккен отырысында  өтеді . Егер сенат берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны қайта қарауға төменгі палатаға қайта қайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі мәрте талқылауға түсіп, мақұлданбаса, онда президент өзінің жарлы-ғымен ( ордонанс ) бюджетті заң деп жариялайды . Бұл жағдайда ордонанстық бюджет күшіне енеді.

    Франция парламентінің  бюджеттік құқықтары Ата Заңмен  шектелген . Парламенттің ұсыныс  немесе өзгертулер енгізуге құқығы  жоқ . Жалақының төменгі шегі , отбасылық жәрдемақылар сияқты  халықтың көп бөлігін қызықтыратын , толғандыратын мәселелер бойынша  бірқатар баптарды бекіту де парламент құзырынан алынып тасталған . Ол тек аса маңызды баптардың жалпы сомасын бекіте алады . Ал , кейбір баптар тіптен бірнеше жылдарға бекітіліп , парламенттік бақылауды әлсіздендіре түседі .

  • Үшінші саты – бюджеттің орындалуы , ол бір жылды қамтып , бюджет жылы деп аталады . Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді . Бюджет орындалуының жалпы жетекшілігі ҚЭМ – не жүктелген . ҚЭМ – гі министрліктер мен ведомствалар берген ұсыныстар ( заявкалар ) бойынша шығындардың айлық кестесін жасайды . Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады .
  • Бюджет жылы аяқталғаннан кейін – төртінші саты басталады, яғни, экономика және қаржы министрлігі бюджет орындалуы туралы есеп беруді құрайды. Арнайы бақылау органы, яғни, есеп палатасы бюджеттің орындалуы туралы есепті тексергеннен кейін парламент бекітуіне кіреді.

Информация о работе Францияның қаржы жүйесі