Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 13:44, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты, фирманың шығындары және олардың түрлері, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.
Курстық жұмыс екі үлкен тараудан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе…………………………………………………………………………..…3
І тарау. Фирма экономикасының теориялары.
1.1. Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі……………………………………………..………..5
1.2. Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту………………………………………………………………………….....8
1.3. Фирма ішкілік жоспарлау теориясы…………………………………........12
ІІ тарау. Фирма шығыны мен кірісі.
2.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері……………………….......15
2.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары……….……….......17
2.3. Фирма табысы, оның мәні мен қызметі………………………..……….....19
2.4. Фирма пайдасының бөлінуі және пайдалануы………………………........21
ІІІ тарау. Фирма қызметінің пайдалылығы……………………………......23
Қорытынды……………………………………………………………….........25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Мазмұны
І тарау. Фирма экономикасының теориялары.
1.1. Фирма
стратегиясының теориясы және
оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі
ережесі……………………………………………..……….
1.2. Шығындар
мәселесі, олардың құрылымы мен
фирма пайдасын көбейту……………………
1.3. Фирма
ішкілік жоспарлау теориясы…………………………………........
ІІ тарау. Фирма шығыны мен кірісі.
2.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері……………………….......15
2.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары……….……….......17
2.3. Фирма табысы, оның мәні мен қызметі………………………..……….....19
2.4. Фирма
пайдасының бөлінуі және пайдалануы………………………........21
ІІІ тарау. Фирма қызметінің пайдалылығы……………………………......23
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономкалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайын-дайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді. Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің үйымдық нысаны және қүқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жүмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.
Микроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті үйымдастыруды зерттеу болып табылады.
Макроэкономика
— бұл экономиканы бірыңғай тұтас
ретінде қарайды және сұраныс
пен ұсыныстың жиынтық
Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жүмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.
Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетугс өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макрозкономикасы аралас эономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде үйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, фирманың шығындары және олардың түрлері, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.
Курстық
жұмыс екі үлкен тараудан және
қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І
тарау. Фирма экономикасының
теориялары.
1.1. Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі.
"Фирма"
– көп профилді өндіріс.
ХІХ-ғасырдың басында француз зкономисті Жан БатистСэй (1767-1832 жылдар) кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін калыптастырды. "Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек".
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарыктық бәсеке жағдайында бас тартпай жүмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұракты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық максаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінін үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғалымы, зкономист П. Самуэльсон: "Тауар өндірушілср бағалар бәсекесіне қарсы'гұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі" - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустралдыға дейінгі деңгейінен индустралды дәуірге өтуде, иидустралды дамытушы елдер индустралдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма. егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.
Жалпы
қабылданғандай, фирма басшысы білімді
және жан-жақты болса да, менеджерлер
мен инженерлсрдің
Микроэкономика
саласындағы мамандардың
біріншіден,
үлкен икемділігі, өнім ассортиментін
тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту
қабілеттері болуы керек. Стандартталған
өнімнің қатаң стандартқа негізделген
жаппай өндірісі тұтынушылардың тез
өзгеретін сұраныстарына
екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышанарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
үшіншіден,
фирмаға өзінің өнімінің сапасын
және сатудан кейінгі сервистің
деңгейіне көтеруге ерекше көңіл
бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына
деген талаптары бүгін тек, өсіп қана
қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен
өзгетті. Қазір жақсы өнімді шығару аз,
сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті
ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары
деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша
фирмалық қызметтерді көрсету туралы
ойлау керек.
1.2.
Шығындар мәселесі,
олардың құрылымы мен
фирма пайдасын көбейту.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл басқару шығындары кіретінін білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.
Қалдық шығындар - өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.
Старттық шығындар-өндіріс пен өткізу көлемдері өзгермегенде өзгермейтін болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру керек болса (техника мен жұмыскерлер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.
«Тұрақты шығындар» түсінігі – салыстырмалы, өндіріс пен өткезілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін білеміз. Бұл шығындар өндіріс пен өнім өткеру көлемінің өзгеруімен өзгереді.
Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.
Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс пен өнім өткеру пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.
Прогрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткеруге қарағанда көп деңгейде өзгеретін өзгермелі шығындар.
Дегрессивті
шығындар-өндіріс пен өнім өткерілуіне
қарағанда салыстырмалы түрде аз
пропорцияда өзгеретін
Өзгермелі шығындар өндіріс пен өнім өткерілу көлемдері өсуі бойынша көрінеді. Ең алдымен олар өндіріс көлемімен баяу өседі және осы уақытта дегрессивті шығындар пайда болады. Оның себебі мына жағдай: фирманың экономикалық қызметі кеңейген сайын жұмысшы күшін пайдалану, ұйымдастыру және еңбек бөлінісі жақсарады, арзан шикізат пен маериалдар алынады.
Бірақ
та, белгілі бір сәтте шаруашылық
қызмет тиімділікке жету, арзан шикізат
пен материалдарды жақсы
Фирманың шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы шығындар құрылымының басқа өзгерістері де куә болады. Шығындар құрылымы деп жалпы шығындардың барлық көлемінде фирманың өзгермелі және тұрақты шығындардың пайыздық қатынасын түсінеміз.