Еңбек рыногі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:26, лекция

Описание работы

Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты жұмыспен қамту шараларын жақсарту, жұмыссыздарды әлеуметтік қосымша қорғау шараларын орындау мақсатында 2012 жыл ішінде ауданда 700 жаңа жұмыс орыны ашылып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.
Жыл басынан бері уәкілетті органға өтінішпен келген жұмыссыз азаматтар жұмыссыздық жөніндегі әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 1226 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 153,2 пайызға орындалды.
Халықтың нысаналы тобына жататын 329 жұмыссыз мекеме, кәсіпорындарда ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, оларға жергілікті бюджеттен 36 935,6 мың теңге еңбек ақы тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар 303 жас маман мамандық

Работа содержит 1 файл

жбөм (3).docx

— 38.63 Кб (Скачать)

Сондай-ақ, көптеген шәкірттеріміз  еліміздің түкпір түкпірінде болып жатқан түрлі сайыстарға қатынасып өз мектептерінің мәртебесін асқақтатып оралды. Мәселен, 2011-12 оқу жылында Қарағанды қаласында өткен республикалық пән олимпиадасында Қайыңды орта мектебінің 11 класс оқушысы Ниязов Мейрамбек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен күміс алқа иеленсе, Ақкемер орта мектебінің 11 класс оқушысы Зиядиев Марат орыс класындағы қазақ тілі пәнінен қола алқа иеленді. Сонымен қатар, аудан мектептерінің шәкірттері облыстық пән олимпиадаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, «Үздік ауыл командасы» номинациясы бойынша 2009,2010,2012 жылдары бас жүлдені иеленді.

3.3.Оқушылардың  жазғы демалысы және күн көрісі төмен отбасы балаларын қамқорлыққа алу

Жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыруда  облыс әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі  № 126 және аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 мамырдағы №206 қаулылары басшылыққа алынып, бірінші кезекте демалыс  орындарымен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алатын және аз қамтылған отбасы балалары қамтылды.

Аз қамтылған отбасы балаларына Ембі қалалық №7 орта мектеп интернаты  жанынан «Күншуақ», Сағашилі ауылындағы Абай атындағы мектеп-интернаты жанынан  «Арай», Құмсай ауылындағы Құмсай орта мектеп- интернаты жанынан «Таң самалы», Ащысай ауылындағы Крупская атындағы мектеп-интернаты жанынан «Ақжелкен» демалыс және Жарық ауылында «Жарық» шатырлы лагерлері жұмыс жасады.

Аудан бойынша есепке алынған 1248 аз қамтылған отбасы балалары түгел  жазғы демалыс орындарымен қамтылды. Олардың 405-і аудандық, 200-і шатырлы, 643-і мектеп жанындағы лагерлерде демалды.

Денсаулығында ақауы бар медициналық  есепте тұрған 350 мектеп жасындағы балалар да жазғы демалыс мерзімінде оңалту шараларымен қамтылды. Бұл балалардың 150-і «Алғабас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған келісім шартқа сәйкес «Шипагер» профилакториінде, 50 бала «Шапағат» жеке меншік медициналық мекемесінде емдік сауықтырудан өтті.

Сонымен қатар жалпы білім беретін  мектептер мен мектептен тыс ұйымдардың жанынан еңбек және демалыс лагерлері жұмыс жасап, 3118 жасөспірім мектеп ауласын көгалдандыру және жеңіл жөндеу жұмыстарына қатынасты.

Мектеп жанындағы ыстық тамақпен қамтылған лагерлерде 3287 бала, мектеп жанындағы жазғы ойын алаңдарында 3551 бала демалып, сауықтырылды.

Құқық бұзуға бейім аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған-28 бала және мектепішілік профилактикалық есепте тұрған-51 бала шатырлы және аудандық лагерьлерге тартылды.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері де жаз бойы жұмыс жасады. Түрлі үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, 980 бала қосымша білім алды. Аудандағы 2 аула клубында 818 бала жазғы іс-шараларға қатыстырылды.

Жазғы демалыс айларында 7838 оқушы  демалыс және сауықтыру орындарымен  қамтылды. Бұл барлық оқушының 82 пайызы.

Үйден оқитын 28 мүмкіндігі шектеулі балаға арналған орындарды жарақтандыруға 10 млн. 500 теңге бөлініп, 12 үйден оқитын бала интернет жүйесене қосылған компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасы балалары тегін оқулықтармен қамтамасыз етілді.

3.4. Дене тәрбиесі және спорт

Әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі сан салалы ауданымыздың даму сатысында спорттың алар орны айтарлықтай маңызды. Біздің ауданымызда да бүкіл еліміздегі сияқты спортты дамыту мақсатында кешенді бағдарламалар жасалып, ол барлық деңгейде спортты дамытуға, жоғары дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге, спорт резервін қалыптастыруға бағытталып отыр. Дене шынықтыру және көпшілік іс-шаралардың өткізілуі жыл сайын артып, спортпен шұғылданушылардың саны күннен-күннен өсуде. Аудан көлеміндегі елді мекендерде үш стадион, екі спорт мектебі жұмыс істейді, сонымен бірге барлық жалпы білім беретін мектептерде спортзалдар мен спорт алаңдары бар.

Аудан спортшылары Әлем, Азия, Қазақстан  чемпионаттары мен халықаралық  жарыстарда жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, аудан спортының деңгейін асқақтатып жүр. Олардың ішінен қазақша күрестен «Қазақстан барысы» турниріне қатысушы қазақ күресі, самбо және дзюдодан спорт шебері Нұрсұлтан Иманғазинді, пауэрлифтингтен Әлем чемпионы Диана Ведюшкинаны, қазақ күресінен Әлем чемпионы, «Жас барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы Қойшыбай Еламанды, пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының жүлдегері Зульфия Жолмурзинаны, самбошы Гүлмира Сағиді, Айсұлтан Досжановты атауға болады. Сонымен бірге қол добынан Қандыағаш спорт мектебінің командасы бас бапкер Е.А.Әміржановтың жетекшілігімен ел біріншілігінің суперлигасында өнер көрсетіп, чемпион атағын иеленді.

4.Денсаулық сақтау  саласы

Аудан тұрғындарына медициналық қызметті 40 медициналық мекеме көрсетеді: Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы, Ембі қаласындағы аудандық аурухана, жеке медициналық мекеме «Шапағат» ауруханасы, аудандық туберкулез ауруханасы, 13 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 23 медициналық пункт. Оларда 123 дәрігер, 382 орта буын медициналық қызметкер қызмет атқарады.

Сала бойынша бірыңғай ұлттық денсаулық  сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты ауданның денсаулық сақтау мекемелерінде  халыққа қызмет көрсетудің жаңаша әдістері енгізілді. Үстіміздегі жылы халыққа медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында аудандық емхана мен аудандық аурухана біріктіріліп аудандық орталық аурухана болып қайта құрылып, мемлекеттік тапсырыс бойынша 624 млн 706 мың теңге қаржы игерілді. Ауданымызда жыл өткен сайын жүкті әйелдердің саны көбейе түсуде, 2011 жылы есепте тұрған жүкті әйелдер саны 1486 болса 2012 жылы олардың саны 1521 болып отыр. Туберкулез ауруы бойынша 198 емделген жағдай орын алып, аурушаңдық деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға кеміді.

5. Мәдениет саласы.

Аудан бойынша қазіргі таңда 20 мәдениет үйі мен клуб, 1 орталық саябақ, 17 кітапхана, 2 мұражай тұрғындарға қызмет көрсетеді, сондай-ақ «Халықтық» атағы бар – 10 ұжым, «Үлгілі» атағы бар – 1 ұжым жұмыс жасайды, үйірмелер саны – 139.

2012 жылы Мұғалжар ауылдық клубы  мен Қаракөл ауылдық кітапханасы  ашылды.

2012 жылы 1200 мәдени-көпшілік шаралар  ұйымдастылып, оған 109 334 адам қатынасты.

Аудан бойынша жұмыс жасайтын 17 кітапхананың кітап қоры 381685 дана, оқырмандар саны – 38662 адам.

Ағымдағы жыл ішінде кітапхана  жүйесіне 2167 жаңа кітап, оның ішінде 1862 қазақша көркем шығарма келіп түсті. Сонымен бірге электронды каталогқа 7985 кітап, 2120 сипаттама, газет-журнал мақалалары бойынша 551 мақала түсірілді.

Соңғы жылдары аудан тұрғындарының мәдени-көпшілік шараларға қатысу белсенділігі артқандығы байқалады.

6. Қоғамдық тәртіп

Аудандық ішкі істер бөлімінің  жеке құрамы 2012 жылы қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысты болдырмау және оның алдын алу, жасалған қылмыстарды ашу бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.

Өткен жылы барлық тіркелген қылмыстың  саны - 356, өткен жылмен салыстырғанда 49 қылмысқа көбейген, немесе 16 пайызға  өсіп отыр. 2011 жылы 61 қылмыс ашылмай тоқтатылған болса, есепті жылы ашылмай отырған қылмыстың саны -103.

Қылмыстардың ауыр түрлеріне келетін  болсақ, өткен жылы 2 қасақана адам өлтіру, 7 денеге ауыр жарақат салу, 7 әйел зорлау, 11 тонаушылық қылмыстары тіркелген.

Қоғамдық орындарда, көшелерде  қылмыстың алдын-алу, жолын кесу және қылмыс жасалған жағдайда дер кезінде ашу бағытында 2003 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 165 хаттамасы сот қарауына жолданды.

Аудан көлеміндегі елді мекендер 33 әкімшілік аймаққа бөлініп, учаскелік полиция инспекторлары белгіленген. Барлық ауылдық округ орталықтарында полиция пункттері жұмыс жасайды. 9 ауылдық жерлердің учаскелік инспекторларына қызметтік автокөлік бекітілген. 8 учаскелік инспектордың көмекшілері бар Сонымен бірге ауданда полиция қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілері Сарбаздар жасақтарын құру қозғалысы ерекше қарқынмен дамып келеді. Осындай жасақтардың құрамында әрбір ауылдық округте 10-15 сарбаз учаскелік полиция инспекторымен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

7. Коммуналдық  сала, және тұрғын үй құрылысы

7.1. Жылу, газдандыру, ауызсу мәселесі, құрылыс жұмыстары  және жол күтімі

Елді мекендерді газдандыру, тұрғындарды ауыз сумен, жылумен қамтамасыз ету бағытында біршама жұмыстар жүргізілді. Осындай жұмыстардың бірі - Қандыағаш қаласы тұрғындарына берілген толыққанды жылу жүйесі. Бүгінгі таңда барлық жылу қазандықтары заманауи қондырғылармен жабдықталды. Сонымен бірге көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінің жылу трассалары жаңартылды. Термомодернизация бағдарламасы шеңберінде Қандыағаш қаласында орналасқан көпқатарлы екі тұрғын үй тұрғындарға несиеге берілген 173,5 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті.

Қандыағаш қаласының тозығы жеткен кәріз жүйесін ауыстыруға 555 млн теңге қаржы бөлінді, оның 459 млн теңгесі өткен жылы игеріліп, құрылыс жұмыстары 2013 жылы аяқталатын болады.

2012 жылы қала көшелерін жөндеуден  өткізуде облысымызда бастау  алған «Көркейе бер, туған жер» акциясы маңызды роль атқарды. Аталмыш акцияның аясында «ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС-і бөлген 109 млн теңге қаржыға Байғанин, Интернационал, Сейфуллин көшелері, «Қазмұнайгаз» АҚ бөлген 58 млн теңгеге Батыс және Қалиев көшелері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен бірге 100 млн теңге бюджет қаржысы есебінен Жамбыл, Жеңіс, Баймұханбетов көшелері жөндеуден өтті.

Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын қомақты қаржы көздері қарастырылып, игерілуде. Өткен жылдың өзінде Қандыағаш қаласында құны 37 млн теңге тұратын жаңа 2 су ұңғымасы қазылды, Ақкемер ауылының су құбыры қайта жаңғыртылды, Ембі қаласы тұрғындары тұңғыш рет таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Өткен жылы Ембі қаласы бойынша кейбір ауыз су бармай қалған көшелерге су құбырларын жүргізу мақсатында 37 млн теңге қарастырылып, тұрғындар игілігіне жұмсалды.

2006 жылдан бастап Ембі қаласына  табиғи газ отынын жеткізу  жұмыстары жүргізіліп келген болатын, 2011 жылы бұл жұмыс толықтай өз мәресіне жетіп қала толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 370 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалды. Өткен жылы Ембі қаласы бойынша табиғи газ жүйесіне қосылмай қалған № 10 кәсіптік лицей ғимаратын газдандыру үшін бюджеттен 29 млн 670 мың теңге қаржы бөлінді. Ал өткен жылы Жем қаласына табиғи газ отыны жеткізілді, оған 238 млн теңге қаржы жұмсалып, қала аумағында орналасқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге табиғи газ беріле бастады. Сонымен бірге Бірлік және Құмжарған ауылдарының тұрғындары да табиғи газ отынын тұрмыстарында пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізді. Аталмыш елді мекендерді газдандыру ісінде 295 млн теңге қаржы игерілді және құрылыс жұмыстары жоспардағы уақыттан 1 жыл ерте аяқталды. Сонымен бірге Ақкемер, Жұрын және Мұғалжар ауылдарын газдандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Ақкемер ауылына табиғи газ отынын жеткізу мақсатында 437 млн теңге, ал Жұрын ауылына құны 1 млрд 288 млн теңге тұратын сметалық құжат дайындалды. Ақкемер ауылына табиғи газ отыны 2013 жылы жеткізіледі деп күтілуде, ал Жұрын және Мұғалжар ауылдарына сметалық құжат дайындалып алдағы жылдары бұл бағыттағы жұмыс қабылданған жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

2012 жылы тұрғын үй бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен жалдамалы - коммуналдық тұрғын үй салуға 47 млн 955 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 млн 225 мың теңге бөлінді.

8. Жер қатынастары.

Өткен жылы жаңадан 16 шаруа қожалығы ашылып, қосымша 17123 гектар жер учаскесі берілді, 45 шаруа қожалығының және 2 жеке тұлғаның 19221 гектар жер учаскесіне пайдалану құқығы тоқтатылды.

2013 жылдың 1 қаңтарына 12770 жер пайдаланушының 920931 гектар жер учаскесі тіркелген.

2012 жылдың 12 айында 68 жер пайдаланушыға 73 жер учаскесі 262905 шаршы метр жер учаскесі 33 675 592 теңгеге сатылып, қаржысы жергілікті бюджетке түсті.

2012 жылдың 12 айында 193 жер пайдаланушыға 226 жер учаскесі жалпы көлемі 96306 га жер уақытша өтеулі пайдалануға берілді, жылдық жалдық ақысы 3 328 000 теңгеге келісім-шарт жасалды.

Тұрғындар тарапынан 2005 жылдан бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған 2065 өтініш тіркеліп, оның 2010 жылы 47-і, 2011 жылы 79-ы. 2012 жылы 29-ы қанағаттандырылды.

Өткен жыл ішінде 32 шаруа қожалығының 12271 гектар жер учаскесі өз еркімен  бас тартқан және жалға алу шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы өтініштері негізінде аудандық босалқы жер қорына қайтарылды. 16 шаруа қожалығының 37349 гектар жер учаскесінің құжаттары аумақтық жер инспекциясына жолданды. 2 шаруа қожалығының 668 гектар жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Аудан бойынша жыл бойы 1294 мемлекеттік  акт берілген, соның ішінде заңды тұлғаларға - 219, жеке тұлғаларға - 1075.

9. «Көркейе бер,  туған жер!» акциясы

«Көркейе бер, туған жер!» акциясы барысында әлеуметтік мәселелерді шешу, өңірімізді көркейту мақсатында үлкен жұмыстар жүргізілді. Акция аясында мектептер, ауылдық клубтар, медицина ошақтары жөнделді. Ауыл көшелері ретке келтіріліп, бұзылып жатқан үйлердің орны тазартылды. Елді мекендерде саябақтар, балалар ойын алаңдары қайта жаңартылды. Сонымен қатар ауылдың сәнін келтіретін өзге де жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, жалпыбілім беретін мектептерге физика, химия кабинеттері жабдықталып, интерактивті тақталар алынды. Қандыағаш қаласының қалаішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Акциясының I-бағыты, әлеуметтік объектілерге құрылыс, жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 300672,0 мың.теңге, II-бағыты, әлеуметтік объектілердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 9447,2 мың.теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

10. Жергілікті  бюджеттің орындалуы

2012 жылдың аяғына қарай аудандық  бюджеттің кіріс бөлігіне жоспарланған 8609141,3 мың теңгенің 8352061,7 мың теңгесі түсіп, аудандық бюджеттің кірісі 97 пайызға орындалды. Оның ішінде аудан бюджетіне түскен кіріс көзінің салықтық түсімдері 8307921,6 мың теңгеге орындалып, 259198,4 мың теңге кем түсті, ал салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланған 9201,3 мың теңгенің орнына 10196,5 мың теңге түсті. Жер сатудан 32820,0 мың теңгенің орнына 33943,5 мың теңге түсіп, 103,4 пайызға орындалды.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша  жоспарланған 10487479,2 мың теңгенің 10223017,3 мың теңгесі игеріліп, орындалу мөлшері 97,5 пайызды құрады. Облыстық бюджетке алым ретінде аударылғаны 4474097 мың теңге. Аудан бюджетінің игерілген бөлігі төмендегідей мақсатқа бағытталды: Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың еңбек ақысы мен салық төлемдеріне, міндетті сақтандыруға арналған жарналарға, мектеп жанындағы интернаттар мен балабақшаларды азық-түлікпен және 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің кеңсе құралдарына, қызмет көліктерінің жанар-жағар май шығындарына, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, көліктік қызмет көрсетуге ақы төлеуге, үй-жайды жалға алу төлемдеріне, іс-сапарлар мен қызметтік сапарлар шығындары және басқа да бағыттар бойынша жұмсалды

Информация о работе Еңбек рыногі