Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:26, лекция
Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты жұмыспен қамту шараларын жақсарту, жұмыссыздарды әлеуметтік қосымша қорғау шараларын орындау мақсатында 2012 жыл ішінде ауданда 700 жаңа жұмыс орыны ашылып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.
Жыл басынан бері уәкілетті органға өтінішпен келген жұмыссыз азаматтар жұмыссыздық жөніндегі әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 1226 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 153,2 пайызға орындалды.
Халықтың нысаналы тобына жататын 329 жұмыссыз мекеме, кәсіпорындарда ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, оларға жергілікті бюджеттен 36 935,6 мың теңге еңбек ақы тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар 303 жас маман мамандық
Ауданның экономикалық дамуы
1.1 Өнеркәсіп.
2012 жылы өнеркәсіп өндірісі бойынша 488 млрд. 715 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға тартылған
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына
сәйкес жүзеге асып жатқан 2010-2014 жылдарға
арналған мемлекеттік үдемелі
2012 жылы 4593,6 мың тонна мұнай, 2924,7 млн шаршы метр газ, 899 мың текше метр қиыршық тас өндірілді.
1.2 Ауылшаруашылығы.
Аудан бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 414 шаруа қожалығы, 30 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 3 ауылдық тұтыну кооперативі, 2 сервистік дайындау орталығы және 1несие серіктестігі тіркелген.
Сонымен бірге арнайы ет өндіретін 7 шаруашылық және асыл тұқымды қой, жылқы өсірумен айналысатын 3 шаруашылық жұмыс жасайды.
Өткен жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі 9 млрд 681 млн. теңгені құрады.
Аудан бойынша 41,0 мың бас ірі қара, 104,7 мың бас қой,ешкі, 7,8 мың бас жылқы, 670 бас шошқа, 263 бас түйе, 56,8 мың құс қысқа түсті.
Мал шаруашылығы бойынша өндірілген жалпы өнім көлемі 9 млрд.681 млн.теңге. Былтырғы жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға артық.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспарланған тапсырма 2013 жылдың 1 қантарына 110,9 пайызға орындалды.
Аудан бойынша 8 ауылшаруашылық құрылымдары
мен шаруа қожалықтары «
2013 жылдың 1 қаңтарына аудан аумағында
1 мал сою бекеті және 6 мал сою
алаңы жұмыс істейді. Сонымен
қатар, эпизоотиялық жағдай
Ембі қаласы мен Ақкемер, Қайынды, Егіндібұлақ, Ащысай, Еңбек ауылдық округтерінің орталықтарында қолдан ұрықтандыру бекеттері жұмыс жасайды.
2012 жылы ауылшаруашылық саласына 118,6 млн.теңге қаржы салымы салынды. Бұл қаржының 32,2 млн.теңгесіне шаруашылық құрылымдар жаңа техникалар сатып алып, техникалық база 5,6 пайызға жаңартылды.
Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде ірі қара малын сатып алу үшін 33,5 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы 18,0 млн.теңге көлемінде несие бөлді. Сондай-ақ, «Жем-Елек» ауылдық несие серіктестігі арқылы 6 жоба мақұлданып, оларға 34,9 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген несие және «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы ауыл тұрғындары арасында шағын бизнесті дамыту мақсатында 5 ауыл тұрғынына 3,5 млн.теңге қаржы бөлді.
2012 жылы аудан бойынша 15000 гектар дәнді, 800 гектар майлы дақыл, 633 гектар картоп, 250 гектар көкөніс және 40 гектар жерге бақша дақылдары егіліп, 2157 тонна дәнді дақыл өнімдері, 7239 тонна картоп, 2825 тонна көкөніс және 520 тонна бақша өнімі алынды. Егін шаруашылығы бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі 2 млрд 963 млн.теңгені құрап отыр.
Үстіміздегі мал қыстату науқанына 145,8 мың тонна шөп, немесе бір жарым жылдық мал азығының қоры дайындалды.
2012 жылы мемлекет тарапынан
1.3 Кәсіпкерлік саласы.
2012 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2761 болса, 2013 жылдың 1 қаңтарына олардың саны 3162 данаға өсті. Немесе өткен жылмен салыстырғанда 401 бірлікке көбейді.
2011 жылы шағын және орта бизнесте жұмысшы саны 9211 адам болса, бұл көрсеткіш 2012 жыл бойынша 10120 адамға көбейді. Немесе 909 жұмысшыға артты.
Шағын және орта бизнес субъектілерінде 2012 жылдың 12 айында өндірілген өнім көлемі 12000,0 млн. теңге, немесе 2011 жылдың нақ осы кезеңімен салыстырғанда 109,9 пайыз өсімге жетіп отыр.
2010-2012 жылдар аралығында ресейлік
«Лукойл» компаниясының
«Арай» әлеуметтік бағдарламасының негізгі мақсаты өз бизнесін ашуға ниеттенушілер үшін 850,0 мың теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беру болып табылады. Бұл ауыл тұрғындары үшін, соның ішінде аз қамтылған отбасылары және мүгедектер үшін қолайлы мүмкіндік болды. Бағдарлама жүзеге асырылған үш жыл ішінде аудан тұрғындары ұсынған 1148 жобаның 133 жобасы мақұлданып, әртүрлі мөлшерде қайтарымсыз қаржы гранттарына ие болды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы шеңберінде Қандыағаш қаласындағы мал сою бекетінің инфрақұрылымына 8,0 млн.теңге бөлініп. Бүгінгі күні 1300 метр су құбыры, 240 метр электр жүйесі, 40 метр кәріз жүйесі, 30 метр жол және телефон жүйесінің жұмысы жүргізілді.
Ащысай ауылында орналасқан «Ақбота» шаруа қожалығының мал өсіру кешеніне арналып 15,0 млн.теңге қаржы белгіленіліп, бұл қаржыға 30 бас жылқы, 400 бас қой сатып алынды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 2011 жылы 21 адам жалпы сомасы 15,4 млн. теңге, ал 2012 жылы 5 адам, 4,8 млн. теңге несие алды.
Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бағытында кешенді іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылып келеді.
Аудан әкімдігінің қаулысымен аудан әкімі жанында тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі аудандық штаб құрылды. Аталмыш штабтың отырыстары тұрақты түрде, әр ай сайын өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурызындағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін бекіту туралы» №145 қаулысына сәйкес Қандыағаш, Ембі қалаларында орналасқан ірі көлемде сауда-саттықпен айналысатын дүкен және наубайхана басшыларымен аудан әкімдігі арасында азық-түлік тауарларына 10 пайыздан артық үстеме ақы қоспау туралы меморандумға қол қойылды және осы меморандумға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Ұн бағасын тұрақтандыру бойынша да тиісті шаралар қабылданды. Облыс әкімдігі мен «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» арасында жасалған меморандумға сәйкес ауданға 2700 тонна бірінші сортты ұн бөлініп, 2013 жылдың 1 қаңтарына 758 тоннасы тасылып алынды. Сонымен бірге әр апта сайын көтерме және бөлшек сауда нүктелеріндегі ұнның бағасына және Ақтөбе қаласындағы диірмен комбинаттарындағы ұнның бағалары алынып, мониторинг жүргізіледі.Сондай-ақ, Қандыағаш қаласындағы дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына, картоп және көкөніс өнімдеріне де мониторинг жасалады.
Сонымен бірге елді мекендерде тұрақты түрде ауылшаруашылық өнімдерін сату жәрмеңкелері өткізіліп тұрады, мұның өзі тұрғындарды арзан ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағындағы елді мекендердегі халық тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасы бүгінгі таңда облыс бойынша орташа баға деңгейінде
Еңбек рыногі және халықты әлеуметтік қолдау
2.1 Еңбек рыногі
Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты жұмыспен қамту шараларын жақсарту, жұмыссыздарды әлеуметтік қосымша қорғау шараларын орындау мақсатында 2012 жыл ішінде ауданда 700 жаңа жұмыс орыны ашылып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.
Жыл басынан бері уәкілетті органға өтінішпен келген жұмыссыз азаматтар жұмыссыздық жөніндегі әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 1226 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 153,2 пайызға орындалды.
Халықтың нысаналы тобына жататын 329 жұмыссыз мекеме, кәсіпорындарда ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, оларға жергілікті бюджеттен 36 935,6 мың теңге еңбек ақы тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар 303 жас маман мамандықтарына сай аудан аумағында орналасқан мекеме, кәсіпорындарға жастар тәжірибесіне жіберіліп, жылдық жоспар 137,7 пайызға орындалды, жастар тәжірибесіне жолданғандардың 131-і нысаналы топ өкілі. Жастар тәжірибесіне орналастырылған жас мамандарға жергілікті бюджеттен 26 276,3 мың теңге еңбек ақы тағайындалып, толық төленді. 89 жас маман өздері практикадан өткен мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жыл басынан 849 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, жылдық жоспар 169,8 пайызға орындалды, оларға жергілікті бюджеттен 40 133,4 мың теңге еңбек ақы төленді. Ақылы қоғамдық жұмысқа нысаналы топтан 554 азамат тартылды.
Аудан аумағында орналасқан «Силикат-А», «СанДриллинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұсынған 73 бос жұмыс орынына жәрмеңке өткізілді.Жәрмеңкеге қатынасқан азаматтар арасынан 47 адам тұрақты жұмысқа қабылданды.
2013 жылдың 1 қаңтарына есепте тұрған жұмыссыздар саны 145 адам болып жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құрап отыр.
2.2 Әлеуметтік көмек
Аудан бойынша аз қамтылған азаматтарды кедейшіліктен шығару жолында бірқатар жұмыстар атқарылды.
2012 жылы жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекке 263,0 мың теңге, балалар жәрдемақысына 22594,0 мың теңге қаражат бөлініп 2012 жылы 28 мүшесі бар 8 аз қамтылған отбасы анықталып, оларға 262,7 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді және құрамында 1724 баласы бар 674 отбасына 22593,0 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. Ал тұрғын үй көмегін төлеу үшін өткен жылы 1170,0 мың теңге қаражат қаралып, 12 айда 199 отбасына 1170,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Аудан бойынша бүгінгі күні кедейшілік деңгейі - 0,04 пайыз.
2.3 Ардагерлер мен мүгедектерді қолдау.
856 Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен мүгедектеріне, Ұлы Отан
соғысында қаза болған
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011жылғы 8 маусымдағы № 207 «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасыларына материалдық көмек беру туралы» қаулысына сәйкес аз қамтылған 173 отбасына 2103,7 мың теңге қаржылай көмек берілді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылдың
11 ақпанындағы № 281 «Ұлы Отан соғысы
ардагерлері мен
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2007жылғы 10 мамырдағы «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы» №156 қаулысына сәйкес 16 жасқа дейінгі 203 мүгедек баласы бар 201 отбасына 6010,6 мың теңге және 1,2,3 топтағы 1280 мүгедекке 39014,2 мың теңге көлемінде қосымша жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы «Халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 216 шешіміне сәйкес базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын 36 зейнеткерге 1154,3 мың қосымша әлеуметтік көмек, азық-түліктің қымбаттауына байланысты атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған 8 отбасына 93,0 мың теңге қосымша жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Сонымен бірге 2012 жылы 34 мүгедекке
Алматы протездік-ортопедиялық орталығына
жолдама берілді. Құны 1902,6 мың теңге
тұратын сурдотехникалық
2.4.«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы
Бағдарламаның бірінші бағыты, жұмыссыздарды оқыту және жұмысқа орналастыру бағыты бойынша 2012 жылы арнаулы оқу орындарына 19, қысқа мерзімді курстарға 61 адам жіберілді. Сонымен бірге 153 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, жастар тәжірибесімен 130 адам қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында 19 млн 977 мың теңге, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 14 млн 868 мың теңге қаржы жұмсалды.
Екінші бағыт, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағытына сәйкес 13 адамға 18,3 млн теңге несие берілді.11 адам кәсіпкерлікке даярлайтын арнайы курстардан өтті. Бұл мақсатқа 468,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Үшінші бағыт, азаматтарды әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аудару бойынша, 11 отбасы Ақтөбе қаласына, 4 отбасы Хромтау ауданының Көктау ауылына қоныс аударды.
3.Білім беру саласы.
3.1. Білім
беру нысандарының материалдық-
Аудан аумағында 24 орта, 16 негізгі және 7 бастауыш, барлығы 47 жалпы білім беретін мектеп бар, оқушылар саны-9994, 21-мектепке дейінгі ұйымдарда-2256 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектептен тыс мекемелер саны-4, түрлі үйірмелерге-2423 балалар тартылған.
Өткен жылы Басшилі ауылында орналасқан Мұхамбетжанов атындағы 100 орындық негізгі орта мектеп ғимаратының құрылысына 79 115 мың теңге бөлініп, жұмсалды. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне аяқталады деп күтілуде.
Ембі қалалық №2, 4, 7 мектептердің
және №4 «Жұлдыз» бала бақшасының модулдік
жылу қазандықтарын табиғи газ отынына
арнап қайта жабдықтау
3.2. Білім сапасы және ҰБТ көрсеткіші
Аудан мектептері бойынша өткен жылы ұлттық бірыңғай тестінің қорытындысының орташа балы 77,9 балл құрады. Аудан мектептері ішінде ең жоғары көрсеткішке орташа 96,3 балл жинаған Ақкемер орта мектебінің түлектері қол жеткізді. Мектеп түлектері ішінде ең жоғары балл 121 баллға Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің түлегі Әлімбай Асылан қол жеткізді. Сонымен қатар 58 түлек 100 және 100 баллдан жоғары балл жинады. Өткен оқу жылында мектеп бітіруші 619 түлектің 306-ы жоғарғы оқу орындарына, 200-і арнаулы оқу орындарына түсті, олардың 92-і мемлекеттік грандпен оқуға қабылданды.