Еңбек өнімділігі және еңбекақы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 10:57, курсовая работа

Описание работы

Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:
1. Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
2. Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,еңбек ақы өндіріс жағдайымен де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы еңбек ақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе
І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік
1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
ІІ. ҚР-ның еңбек ақы
2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры
2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курсавая работа-1.doc

— 415.00 Кб (Скачать)

                    1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.

                    2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.

                    3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.

                    4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.

                    5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндірісфакторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру

Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.

Басқаруда еңбекпен өндірістіңұйымдастырылуын жетілдіру

Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу

Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері

Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету

Адам факторы

Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу,

 

еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

                    тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;

                    шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;

                    НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көпөнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады.
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. [3]

 Еңбек өнімділігі және оны анықтайтың факторлар жүйесін Қазақстанда пайдалану қажеттілігі

 

Автор: Сагимбаева А., Асанбекова А.
Год: 2009 г

 

 

 

Әлем елдері экономикаларының бәсекеге қабілетті болуының басты алғышарты болып ғылыми-технологиялық прогрестің кең етек жаюы табылады. Осы бағытта жүргізілетін экономикалық саясат дүниежүзі елдерінің кез-келгені үшін маңызды. Әсіресе, экономика саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру бұрынғы кеңес одағы құрамында болған елдер үшін, сондай-ақ дамушы елдер үшін өзекті болып отыр. Атап айтсақ, біздің еліміз үшін отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару және тауар өндіру мен қызмет көрсету салаларында еліміздің барлық аумақтары мен қалаларының бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарын сақтап қалу басты мақсат болып табылады. Баршаға мәлім болғандай, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек өнімділігінің тұрақты өсуі аса маңызды рөл атқарады, ол өз кезегінде капиталдың алғашқы қорын жинап алу мен келешекте ұлттық экономиканы капитализациялаудың қайнар көзі болып табылады. Еңбек өнімділігінің артуы нәтижесінде капиталдың қайтарылымы өседі, материалдық жабдықтардың қолданылуы төмендейді және қосымша құн артады.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде, атап айтсақ, Ұлыбританияда еңбек өнімділігін арттырудың басты факторы болып тәжірибе, білім және шығармашылық потенциал есептеледі. Ал Қазақстан үшін адами капиталды интеллектуализациялау және еңбек өнімділігін арттырудағы тәжірибе жинау әлі де кенже қалып отыр. Сол себепті де еліміздің барлық аумақтары үшін бұл мәселе аса өзекті болып табылады. Американдық ғалым, М.Портердің сөзімен айтатын болсақ, шикізат ресурстары мен басқа да материалдар қолданылатын өндіріс орындарында басты назар тауар сапасын жақсарту мен еңбек өнімділігін немесе капиталды арттыруға аударылады.

Осылайша, еліміздің аумақтарындағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру еңбек өнімділігін арттыру мен тауар сапасын жақсартуға келіп саяды. Яғни, олар - ел экономикасын бәсекеге қабілетті етуге әсер ететін негізгі факторлар. Нарықтық қатынас жағдайында тауар мен қызмет бағасы осыларға тәуелді болады. Бұл дегеніміз, макроэкономикалық деңгейде ішкі және сыртқы бағалар бойынша еңбек өнімділігін есептеу бойынша тауар мен қызметтің бәсекеге қабілеттілік деңгейін өлшеуге болады. Яғни, бір ғана фактор – еңбек өнімділігін қолдану арқылы ғана. Жалпы айтқанда, нарық тауар құнын анықтайды және сол арқылы еңбек өнімділігінің деңгейі мен сапа құны бағаланады.

1-кестеде әлем елдері бойынша ақша күйіндегі еңбек өнімділігінің 1996-2006 жж. аралығындағы өсу динамикасының он жылдық есеп айырысу көрсеткіштері берілген.

Кесте 1 - Ақша күйіндегі еңбек өнімділігі, еңбек өнімділігі/орташа еңбек ақы

Елдер

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Австрия

2,16214

2,15764

2,19968

2,23807

2,37886

2,21392

2,41474

2,31835

2,40292

2,43742

2,34534

Ұлыбритания

1,56840

1,58235

1,60384

1,59967

1,56555

1,57493

1,55090

1,54331

1,58191

1,54802

1,38231

Германия

1,31447

1,32085

1,32196

1,30842

1,26610

1,25921

1,25746

1,24982

1,26823

1,27384

1,27080

Ирландия

2,07598

2,26849

2,29225

2,44610

2,51203

2,29279

2,33074

2,26860

2,24689

2,32459

1,86162

Испания

0,01083

0,01095

0,01115

1,73815

1,78756

1,86475

1,84776

1,82096

1,83925

1,88690

1,75646

Қазақстан

2,64552

2,52084

2,43435

2,31986

2,43073

2,33695

2,30801

2,37904

2,40431

2,67866

3,12232

Қытай

1,59584

1,65791

1,49544

1,38747

1,32257

1,24207

1,17792

1,16486

1,18198

1,16617

1,32151

Корея

1,31093

1,31845

1,41812

1,35981

1,31961

1,31701

1,26333

1,22431

1,21335

1,16478

1,05965

Ресей

3,21087

3,17629

3,27055

2,96208

2,96417

2,70095

2,58803

2,62306

2,85397

3,15451

3,05652

АҚШ

1,77869

1,77971

1,74108

1,72844

1,69630

1,70299

1,72014

1,73809

1,76277

1,76774

1,76198

Франция

1,93329

1,96658

2,00762

2,00513

2,00944

1,96874

1,93486

1,93086

1,93125

1,90867

1,25063

Швеция

2,04784

2,42463

2,41249

2,42960

2,41515

2,35565

2,37115

2,38178

2,43082

2,45671

1,98054

Швейцария

1,81258

1,53695

1,40817

1,16892

0,97662

0,96398

1,45022

1,45208

1,47978

1,49383

1,29860

Жапония

2,18458

2,17805

2,15129

2,12455

2,14354

2,11130

2,13012

2,14241

2,11323

2,11781

1,97478

Дереккөз: ILO

Еңбектің капиталмен қарулану деңгейі – екінші маңызды көрсеткіш. Ол бір жұмысшының ақша күйіндегі негізгі капиталмен қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Еңбектің капиталмен қарулану деңгейі негізгі капитал мен экономикадағы жұмысбастылар саны қатынасымен анықталады. Жұмысшының жоғары технологиялық жабдықтармен, берік те әсем ғимараттармен және осы күнгі техникамен қамтамасыз етілуі – еңбек өнімділігінің өсуіне басты алғышарт және жұмысшылардың кәсіби деңгейін көтеруіне ынталандырушы күш. Бұл индикатор жеке кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне экономикалық баға беруде сондай-ақ елдің, оның аймақтарының даму деңгейін анықтауда аса маңызды.

Әлем елдері үшін ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті арттыруда маңызды мәселеле болып капиталды тауар мен қызмет өндірісіне салу емес, оны еңбектің капиталмен қарулану деңгейін арттыру мақсатында салу және сол арқылы өндіріс үдерісінде өндірілген тауар бірлігіне кететін еңбек үлесін азайту табылады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш әлем елдерінің ұлттық байлығының басты индикаторына айналып отыр. Еңбектің капиталмен қарулануы – ұлттық байлықтың өсуі, елдің өндіргіш күштерінің артуы.

Жаңа техника мен жоғары технологиялар негізгі капиталдың негізгі құраушылары бола отырып, бір жағынан адам қара күшін алмастырып, еңбекті жеңілдетіп, еңбек өнімділігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан бір жұмыс адамына есептегендегі өндірілген өнім құнындағы негізгі капитал үлесі (еңбектің капиталмен қарулануы) артады. Көптеген жағдайларда еңбектің капиталмен қарулану деңгейінің артуы жұмысшылардың кәсіпқойлық деңгейінің артуына әкеледі. Өйткені жоғары технологиялар өндірісте жұмыс істейтін адамдардың ой-жүйелік мүмкіндіктерінің дамуына көмектеседі. Сол себепті де еңбек пен негізгі капитал біріге отырып, тауар мен қызмет көлемінің артуына көмектеседі. Бұл жерде, сондай-ақ өндірілетін өнім сапасы да сөзсіз артады. Нәтижесінде еңбек адамының бос уақыты артады.

Қазірдің өзінде дамыған елдерде жұмыс аптасы 25-30 сағатқа дейін қысқарған, мысалы үшін Жапонияда жұмыс уақытының, экономикадағы жұмысбасты халық үлесінің қысқару үрдісі байқалуда. Ал жұмысбасты халықтың бос уақыттарының өсуі еңбек бағасы мен оның өнімділігі есебінен толтырылады.

Еңбек (және капитал) өнімділігі – жалпы ішкі өнім көрсеткіштерін экономикадағы жұмысбастылыр санына бөлгенге тең. Жалпыға ортақ тұжырым – ол бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамытуда капитал мен еңбек өнімділігінің өсуі үлкен маңызға ие. Еңбек өнімділігі - капиталдың алғашқы жиналымының және алдағы ұлттық экономика капитализациясының қайнар көзі. Еңбек өнімділігінің артуы өнімнің бір данасына есептегенде капитал қайтарылымының өсуіне, материалдық қолданыстың азаюына және қосымша құнның ұлғаюына ықпал етеді, ЖІӨ, ЖҚҚ және т.б.

 

 

 

Экономиканың дамуындағы басты алғышарт – еңбек өнімділігінің артуы болса, еңбек өнімділігінің арттыруда еңбектің капиталмен қарулану деңгейінің жоғары болуы аса маңызды. Бірақ бұл әлі күнге дейін барлық зерттеушілермен ескеріле бермейді. Еңбек өлшемі бойынша да ақша өлшемі бойынша да еңбектің капиталмен қарулануы тек қана ресми статистикамен жоққа шығарылмайды, сондай-ақ экономикалық категория экономика оқулықтарында да сирек кездеседі. Олардың көпшілігінде тіпті «еңбектің каиталмен қарулануы» деген ұғым бола бермейді.

Жалпы, еңбектің капиталмен қарулануы орташа жылдық еңбекақының өсуіне әкеледі. Еңбекақының артуымен еңбек өнімділігі және капиталдың өсуі тікелей байланысты. Ал еңбек өнімділігінің артуына көбінесе адам басына шаққандағы ЖІӨ-нің артуы сәйкес келеді [1]:

, (1)

Адам басына шаққандағы ЖІӨ артуы біріншіден, экономикаға қосымша жұмыс күштерін тартса, екіншіден, қосымша капиталдық салымдарға жол ашады. Бұл еңбектің капиталмен қарулану деңгейінің артуын білдіреді.

Әлем елдері ішінде экономика қарқыны бойынша алдыңғы қатарды иеленетін АҚШ пен Жапониядағы еңбек өнімділігі көрсеткішіне байланысты, американдық экономист М.Р. Байе 90-жж. басында Жапонияның еңбек министрі американдық жұмысшыларға кері баға беріп, оларды «еңбек құмар емес» деп атағаны туралы жазады. Fortune журналында жарық көрген мәліметтерге сүйенсек, Honda компаниясы Civic маркалы көліктер жасап шығаруға небәрі 10,9 сағат жұмыс уақытын жұмсаса, ал Escort маркалы көлікті жасап шығару үшін американдық Ford корпорациясы 16 сағат уақыт кетіреді екен. Әрине, жапон министрі тарапынан тағылған мұндай айып General Motors, Ford және Chrysler акционерлерінің алаңдатушылықтарын туғызды. Алайда, американдық автомобиль өнеркәсібінің тиімділігіне күдік тууынан қорыққан менеджерлер Automotive News журналында жарық көрген мақалаға сілтеме жасап, акционерлерлді тыныштандырды. Бұл мақалада құжаттармен расталған деректер көрсетілді. Ол бойынша, автомобиль жасау саласында қызмет ететін американдық жұмысшыларға барлық қосымша жеңілдіктерді қоса есептегенде сағатына бар-жоғы 16 долл. еңбекақы төленетіні көрсетілген. Ал бұл көрсеткіш Жапонияда - 18 долл. тең [2].

Бұл жерде келтірілген сандық көрсеткіштер автомобиль жасап шығару үшін Honda компаниясы 10,9 жұмыс уақытын, ал Ford корпорациясы 16 сағат уақыт жұмсайды дегенді білдіреді. Бұл көрсеткіштер автомобиль зауытындағы жұмыс уақыты ұзақтығын (бір жұмыс күшінің) шығарылған автомобильдердің жалпы санына (өнім көлемі) бөлуден шығып отыр. Яғни, келтірілген сандық көрсеткіштер көлік саласындағы американдық және жапондық жұмысшылардың (екі компания бойынша) орташа өнімділіктерінің кері шамасы болып табылады. Бұдан шығатыны, қайта есептеу тәсілі арқылы келесідей нәтиже аламыз. Жапон жұмысшысының орташа өнімділігі мынаған тең [2, сол жерде]:

Информация о работе Еңбек өнімділігі және еңбекақы