Еңбек өнімділігі және еңбекақы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 10:57, курсовая работа

Описание работы

Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:
1. Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
2. Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,еңбек ақы өндіріс жағдайымен де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы еңбек ақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе
І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік
1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
ІІ. ҚР-ның еңбек ақы
2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры
2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курсавая работа-1.doc

— 415.00 Кб (Скачать)

өтелетін жалақының мөлшері де жеткілікті.

Еңбекақының арғы атасы– жалпы өнім, яғни барлық өндірілген өнімнің жиынтығы.Оның өзі екі түрлі бөлімнен тұратыны белгілі: Жалпы табыс (ваовой доход) ен материялдық өндіріс шығындары (құрал-саймандар-машина, трактор, комбайн, соқа– саймандар мен жөндеу бөлшектері,ұрық, тұқым, тыңайтқыш т.б.). Біріншісі, жоғарыда айтыландай, нақтылы,жаңа (тірі) еңбектің құнынан тұрады. Екіншісі, өндіріс шығындары, бұрынғы, заттандырылған еңбектің құнынан тұрады. Демек, әлемдегі барлық заттар, өнімдер, еңбектен жаратылған, еңбектің туындысы.
Адам да еңбекпен жаратылған, еңбектің туындысы. Демек, еңбектен сыйлы , еңбектен қадірлі ешнәрсе жоқ. Ол барлық дүниенің көзі, негізі, тетігі.
Сөйтіп, біз жалақының шығу көзін,шығу тегін ашып алдық. Енді жалақының мән – жайы , ішкі дүниесі мен құрамы туралы сөз етелік .
Еңбекақы төлеу жөнінде анықтама жасау күрделі мәселе болып отыр . Өйткені , бұл туралы авторлар әр түрлі пікір айтып жүр . Біреулер – оны қоғамдық табысты бөлудің формасы , түрі десе, екіншісі– мекеме, өнеркәсіппен жұмыскер арасында есеп айырысу тәсілі, ал үшінші– жұмысшыға атқарған еңбегі үшін кәсіпорынның «қайтарма әрекеті» деп түсіндіреді. Ал, осыған орай бұл қайтарма әрекетінің негізгі мәні не деген заңды сауал туады. Шындығында оның мәні істелген еңбек үшін оның саны мен сапаасына қарай ақы төлеуде. Осы тұрғыдан алып қарағанда Д.В.Швейцердің жалақыны «жұмысшы мен қызметшінің жасаған жұмыс күші үшін төленетін еңбек ақысы» деген анықтамасы дұрыстау келсе керек. Дегенмен бұл анықтамада жалақының өзіне тән ерекшеліктері мен ринциптері қамтылмағаны сезіліп тұр . Бұған қарағанда А.Е. Пашерстиниктің 1949 жылы жарық көрген «жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің құқықтық мәселелері» деген іргелі әрі 
көлемді деген еңбегінде берілген анықтамасын дұрыс деп қолдағымыз келіп тұр: «Жалақы дегеніміз еңбектік құқық қатынастарының элементі ретінде кәсіпорын, мекеме немесе ұйым жұмысшылар мен қызметшілердің еңбегі үшін оеың саны мен сапасына қарай алдын-ала берілген норма бойынша төленетін еңбекақысы, еңбектің баламасы».
Бұл анықтама дұрыс деп отырған себебіміз біріншіден , ол жалақыны еңбекақы деп , еңбектік құқық қатынасының элементі деп тура айтып отыр . осы ретте ол еңбек құқығының сабағына жатады .
Азаматтық құқық қатынасында ақы телеу жалгерлік , тапсырма және авторлық шығармашылық келісімдері бойынша өтеледі . Оның мөлшері заттың (товардың) құны бойынша өлшенеді. Сөйтіп оған таза, нақтылы еңбекпен қатар заттандырылған еңбектің құны енеді. Ал, еңбектің құқық қатынастарындағы еңбекақы мөлшері тек таза, нақтылы еңбектің құнымен есептеледі. Осыған байланысты еңбекақы ұғымы құқықтың әр салаларының сабақтық құрамына жатады. Біріншісінде кооператив құқығына, екіншісінде– азаматтық құқығына, үшіншісінде– еңбек құқығына тән. 
Сондықтан еңбекақы тек еңбек құқық қатынасына тән деген А.Е Пашерстниктің ұғымын дұрыс деп айта алмаймын, өйткені оның мағынасы әр қайсысында әр түрлі. Мәселен, кооператив құқығында кооперативке мүшелік қатынастармен қоса соның құрамында бірге жүреді. Азаматтық құқығындағы ақы товарлық, ақша-қаржы қатынастары арқылы анықталады. Ал, еңбек құқығындағы жалақы болса, ол жұмсалған ңбектің саны мен сапасы арқылы өлшеніп, таза, нақтылы еңбектің құны деп белгіленеді.
Енді тағы бір анықтаманы аңғарып көрейік. Соңғы кездегі әдебиетімізде келтірілген анықтаманың бірі М.И. Палладина осы проблемма туралы жазған докторлық диссертациясында кездестірдік. Онда жалақы былай деп түсіндіріледі: «Негізгі қажетті өнімнің ақшалай баламасы, кәсіпорын

(мемлекеттік, колхозаралық,колхоз), мекеме немесе ұйым жұмысшылары мен қызметшілерге еңбегі үшін оның саны мен сапасына қарай алдын-ала белгіленген норма бойынша және мемлекет анықтаған төменгі мөлшерден кем 
етпей төленетін еңбекақының. Ал колхозшылардың еңбекақысының өндірілген қажетті өнімді бөлудің негізгі формасы деп анықтайды. Бұл анықтамаларды кемістіксіз деп айтға болмайды. Мұнда ауыл шаруашылық қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуді олардың әр түрлі категорияларына лайықты келтіріп отыр. Мұндағы келіспейтін жеріміз колхоздың қажетті өнімі «негізгі» немесе 
«қосымша» түрге бөлінбейді, қажетті өнім дегеніміз бір тұтас ұғым, ол еңбекке бөлінуге арналған колхоздың жалпы табысының бір бөлігі. Ол барлық қажетті өнімнің жиынтығы болып колхоздың еңбекақы қорын құрайды,сөйтіп ол тек қана еңбекақыға ғана төлеуге арналған. Сондықтан ол тек осыған ғана жаратылу ы тиіс, соған жұмсалады.
Ал, қосымша ақы болса оған жоспардан тыс артық алынған қосымша өнім есебінен өтеледі.

1.3. Жыл қортындысы бойынша берілетін еңбекақы. 

Жыл қортындысы бойынша берілетін еңбекақы жүесіне тоқталатын болсақ. Еңбекақының бұл түрі Қазақ ССР Еңбек кодексінің 87-бабында көрсетілген. Ол негізгі жалақыдан тыс 1995ж қарашаның 4-күні СОКП ОК 
және КСРО Министрлер Кеңесі қабылданған еңбекшілердің материялдық ынтлылығын көрсету үшін жыл қортындысы бойынша табысты істеген кәсіпорын және мекемелерде төленетін ақы. Ақы алынған табыс есебінен арнайы құралатын қор есебінен беріледі. Оның мөлшері жұмысшының 1. Табыс алуда қосқан үлесіне; 2. Кәсіпорында, мекемеде істеген жұмыс уақытының ұзақтығы мен жұмыс стажына байланысты. Жыл аяғында алатын ақының мөлшері жалпы алынған табыстың көлеміне байланысты.
Құқықтық реттеу тәртібі әр кәсіпорын, мекеме кәсіподақ ұйымымен бірге қабылданған арнайы ережелер арқылы жүргізіледі. Демек, бұл көрсетілген еңбекақының болмысы кәсіпорын, мекеме, жұмысшы қызметшілерінің жұмыстарының нәтижелілігінде , табыс көлеміне тығыз байланысты. Мақсат– еңбекшінің жұмыстағы ынта –жігерін марапаттап 
көтермелеу. Ал, төмен ақының мөлшері, жоғарғы және төменгі деңгейлі шектелмеген. 
Ендігі мәселе жалақы мен қоғамдық тұтыну қорлардың ара қатынасы туралы. Жалақы болатын болса, ол өтелген еңбекпен тығыз байланысты, сонымен қайнап піскен деуг болады. Ал қоғамдық тұтыну қорларды алатын 
болсақ (зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т.б.) олардың еңбекпен тікелей байланысы жоқ. Көбіне олардың кшкгі өткен еңбекпен, өтелген еңбек стажына қарай байланысы болуы мүмкін. Мәселен, зейнетақыны алайық оның тағайындалуы мен мөлшері кешегі өтелген еңбекпен, атқарған жұмыс стажына байланысты. Ол жалақы сияқты нақтылы еңбектің саны мен сапасына қарай өлшенбейді. Оқушылар степендиясын алсақ, оның нақтылы еңбекке ешқандай қатысы жоқ, тек оқуында дұрыстап, үлгеріп оқысаң болғаны. Сондай-ақ ауырып қалғандар үшін, екі қабат, бала туған әйелдер үшін берілетін жәрдемақы да солай, олардың еңбектің саны мен сапасына қатысы жоқ, нақтылы еңбекпен өлшенбейді, тек еңбек ұжымында мүше болсаң болғаны, тиісті жәрдемақы алуға құқылысың.

 

 

 

 

 

 

  Еңбек ақының экономикалық мәні


      Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі. Еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді.Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дуниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз муддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу өнер, ғылымды игерді.
         Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы деген ұғымдарда да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы –белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшандатқанда,бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады.Ғылыми-техникалық революция жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау  және автоматттандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды,есесіне ой- ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды.Жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы  артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мумкін.Ғылыми-техникалық  революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық  дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс куні бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін өзін қажетті өнімдерді өндіруге  жұмсайды.Бұл уақыт ішінде жұмсалған еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен шектелсе, қоғам одан әрі дами  алмаған болар еді. Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс  еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған еңбек-қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.
Шаруашылық үрдістері жабдықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тауарларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндңіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай – ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Тауарлық – материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жүмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дүрыс бағалап, олрдың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.
    Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері :
1.    Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
2.     Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.
3.     Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы

 

жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
4.     Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
5.    Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
6.     Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
7.     Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
8.     Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
9.     Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
10.     Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.

11.     Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
  Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет : 

    Жалақы-еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған наықтық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек  ақыға шек  қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы ьолып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.
      Жалақыны дифференциялау және оның принциптері. Еңбек ақы деңгейі халық шаруашылығы саласына қарай өзіндік ерекшелігімен айқындалып, ол бес прнципке негізделген.

 

Еңбек Өнімділігі

 

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]

[2] Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарыныңшығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындарыболып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары

Бұның көп тараған формалары:

                    еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;

                    еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал шығындар

 

Материал қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымаагы материалдық шығындар

Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:

                    ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);

                    аралас бағалау (осы және басқалар).

Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q / f(x)

 

немесе:

МФ = ΔМФ / МФ¤

Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар;
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

Информация о работе Еңбек өнімділігі және еңбекақы