Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:24, реферат
Ел дамуының негізгі тірегі – аяғынан қаз тұрған экономика. Ал бизнес саласының өркендеуі үшін өндіріс саласы дамытылуы тиіс. Қазақстанның индустриялды-инновациялық жобаларға басымдық беруінің негізі осыған байланысты. Еліміздің түкпір-түкпірінде іске қосылып жатқан үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында жолға қойылған жобалар осының айғағы.
Нәтижесінде жалпы сомасы 909,2 млрд. теңгеге 960 меморандум, жалпы сомасы 747,7 млрд. теңгеге 11 мыңнан астам келісім-шарт жасалды.
«Қазақстандық қамту» интернет-порталы іске қосылып, онда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің сатып алу жоспарлары топтастырылған. 2009 жылы 4360 тұтынушы-кәсіпорын және 364 өндіруші-кәсіпорын бойынша ақпарат орналастырылған, Қазақстандық өндірушілер шығаратын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай тізілімі құрылған (МСБ субъектілерінің үлесі 95% құрайды)"
Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасы 2014 жылға дейiнгi Мемлекеттiк үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын iске асыру механизмдерiнiң бiрi болып табылады. Сондай-ақ экономиканың шикiзаттық емес секторларындағы өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау көзделiп отыр. Бағдарлама екi кезеңде 2010-1014 және 2015-2020 жылдар аралығында, үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Оған республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қарастырылып отыр. Алдымен, жаңа бизнес бастамаларын қолдауға 12 млрд., биыл кәсiпкерлiк секторды сауықтыруға 16 млрд., ал 2010 жылы экспортқа арналған өндiрiстi қолдауға 2 млрд. теңге бөлiнедi деп жоспарланған.
Банктер несиенiң 12 пайыз мөлшерлемемен берсе, оның 5 пайызын мемлекет өтейдi. Жаңа мемлекеттiк бағдарлама кәсiпкерлiк бастамашылдықты ынталандыруға жаңа серпiн беруге тиiс. Оны әзiрлеуге кәсiпкерлiк саласының өкiлдерi де атсалысқан. "Қазiр қаржылық рерурстарға деген сұраныс мол. Сондықтан ең алдымен қаржылай қолдау көрсетiледi", – дедi "Даму" кәсiпкерлiктi дамыту қоры басқарма төрағасының кеңесшiсi Н.Құрманқұлов.
Бұл бағдарламаға қатысушылар үшiн экономиканың басым секторлары ретiнде агроөнеркәсiп, кен өндiру, жеңiл өнеркәсiп, металлургия, туризм, денсаулық сақтау және ақпарат пен байланыс саласы қарастырылған.
Жеңiлдетiлген несие алу үшiн кәсiпкерлер ертең-ақ өтiнiш бере алады. Ал жауабы бес күн iшiнде белгiлi болады. Айта кету керек, қаржылық қолдаудан бөлек бизнестiң жол картасы, басқа да ынталандыру шараларын қамтиды. Алдағы он жыл iшiнде оларды кезең-кезеңмен даму институттары жүзеге асырады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты мақсаты
шикiзаттық бағыттан бас тартуға
ықпал ететiн экономика
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi
дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың
экспортқа шығарылатын
Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:
* жеке сектормен серiктестiк;
* инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
* өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
*қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
* тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
* қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
*индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық
әлеуетi бар ғылыми-техникалық және
өнеркәсiптiк ұйымдар мен
3. Индустриядан кейiнгi
экономика тұрғысынан алғанда
озық салаларды дамытуда
Қазақстан қазiрдiң өзiнде
мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде
ғылымды көп қажет ететiн
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және
өндiрiстiк ұйымдар мен
Индустриалдық - инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:
* ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;
* ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;
* ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);
* Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi.
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы №1096 17.12.2003
Жоспар
1.Үдемелі индустриялды-инновац
2. «Бизнес жол картасы-2020».
3.Қазақстанның индустриалдық-
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қорытынды
Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы еліміздің 2020 жылға дейінгі дамуы барысында айтарлықтай маңызға ие. Бағдарламаның негізгі ерекшелігі ел экономикасын кешенді әрі жүйелі дамытуын қарастыруында жатыр. Сондықтан, қолға алынған индустриялды-иновациялық жобалар толықтай жүзеге асқанда, Қазақстан шикізаттық мемлекеттен дайын тауар өндіретін елге айналады. Айталық, бағдарламаның 2010-2014 жылдарға арналған бөлігінің өзі біраз істің басын қайырғаны бүгінде белгілі болды.
Ал «Бизнестің жол
картасы – 2020» бағдарламасымен
қатар атқарылатын үдемелі