Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:24, реферат
Ел дамуының негізгі тірегі – аяғынан қаз тұрған экономика. Ал бизнес саласының өркендеуі үшін өндіріс саласы дамытылуы тиіс. Қазақстанның индустриялды-инновациялық жобаларға басымдық беруінің негізі осыған байланысты. Еліміздің түкпір-түкпірінде іске қосылып жатқан үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында жолға қойылған жобалар осының айғағы.
Ел дамуының негізгі тірегі – аяғынан қаз тұрған экономика. Ал бизнес саласының өркендеуі үшін өндіріс саласы дамытылуы тиіс. Қазақстанның индустриялды-инновациялық жобаларға басымдық беруінің негізі осыған байланысты. Еліміздің түкпір-түкпірінде іске қосылып жатқан үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында жолға қойылған жобалар осының айғағы.
Бұйырса, 2015 жылға дейін
ЖІӨ-ді 7 трлн. теңгеге жеткізетін бағдарлама
Қазақстанды экономикасы
Үдемелі индустриялды-инновациялық жобаның арқасында жолаушы және астық тасымалына қажетті вагондардың құрастырылуы, соның негізінде 2014 жылдарға қарай машина өндірісі екі есеге артатындығының өзі біле білген адамға үлкен олжа. Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы еліміздің 2020 жылға дейінгі дамуы барысында айтарлықтай маңызға ие. Бағдарламаның негізгі ерекшелігі ел экономикасын кешенді әрі жүйелі дамытуын қарастыруында жатыр. Ал енді барлық облыстарда дерлік бірінен соң бірі ашылған нысандарға қаражат қайдан алынады? Бұл қазына мен ұлттық қорлардың қазанынан тыс қаржы – инвестицияға қатысты. Тоқтала кетейік, мемлекеттік бағдарламаға тартылған инвестицияның жалпы сомасы 45 миллиард АҚШ долларына жетті. Теңгеге шаққанда бұл қаржы шамамен 7 триллион. Бастапқы есеп бойынша, сырттан тартылған қаражат 5 жыл ішінде игерілуі керек. Ал енді осы жобаларға жұмсалатын барлық қаржының жалпы көлемі қанша дегенге келсек. Бұған дейін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев: «Жыл соңына дейін индустрияландыру картасы бойынша құны – 840 млрд. теңгеге бағаланатын 144 жобаны іске қосу көзделген. Осы жобалардың аясында 20 мың жұмыс орнын ашу тиіс болатын. Іске қосылған кейбір жобалар қуат деңгейіне шыққанша тұрақты бақылауда болады. Ал кейбіреулері толық қуатында жұмыс істеп, экономиканың түрлі салаларында өз тиімділігін көрсетуде. Бұл ретте игерілген инвестицияның көлемі 372 млрд. теңгені құрап отыр», – деп мәлімдеді. Міне, осылайша, он жылдық жоспардың алғашқы 5 жылдық сатысы еліміздегі бизнес саласының өркендеуіне айтарлықтай үлес қоспақ. Өйткені, жер асты, жер үсті қазбаларын ғана пайдаланып күнелту бүгінгі қарыштап дамыған әлемдік экономикада соншалықты бағаланбайды. Нарықтық экономика шағын және орта кәсіпкерлікті, түрлі кәсіпорындар мен өндіріс саласын демеу негізінде өрістеп, өркендейтіні әлдеқашан-ақ түсінікті болды. Сондықтан, қолға алынған индустриялды-иновациялық жобалар толықтай жүзеге асқанда, Қазақстан шикізаттық мемлекеттен дайын тауар өндіретін елге айналады. Айталық, бағдарламаның 2010-2014 жылдарға арналған бөлігінің өзі біраз істің басын қайырғаны бүгінде белгілі болды.
Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен қатар атқарылатын үдемелі индустриялды-инновациялық жобалар іске қосылғанда, ел экономикасы мүлде адам танымастай өзгерері анық. Оның үстіне, он мыңдаған отбасылар жұмыспен қамтылып, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артатыны сөзсіз. Ал Үкіметтің қаншама миллиардтаған қаржы шығындап, бар саланың мамандарын жұмылдырған бағдарламаның ең басты мақсаты да – дәл осы халықтың тұрмыс жағдайын түзеп, мемлекетті өрге қарай сүйреу болып табылады.
Индустриалды–инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз ету, индустриалды дамыту және техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан.
Ұлттық инновациялық жүйені дамыту шеңберінде, ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-ші кезеңінде (2005-2007ж.ж.) өзіне Ұлттық инновациялық қорды, Ғылыми қорды, технологиялар инжинирингі және трансфертті орталықты, 8 аймақтық технопарктерді, 11 отандық және шетелдік венчурлық қорларды қамтитын қаржылық және инновациялық инфрақұрылым құрылған.
Жоспарланатын кезеңде
Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан,
Шығыс-Қазақстан облыстарында және
Астана қаласында 4 аймақтық технопарк,
Технологияларды
Инновациялық инфрақұрылымның
қосымша элементтері ретінде 2010-2011
ж.ж. Шығыс-Қазақстан облысында
Экономиканың инновациялық
дамуының тағы да бір маңызды құраушысы
энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру болып
Қазақстанда шаруашылықтың барлық салдаларында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны шешумен энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін болады.
Энергиялық тиімділік өзіне негізгі қорларды жаңғырту, өндірістік персоналдың біліктілігін және басқару сапасын арттыру, ауқымды инвестициялар тарту бойынша шараларды қамтуы тиіс. Осыған байланысты, іске асырудың қажетті шарты ғылыми-техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, қызметтің мамандандырылған жаңа мамандырылған түрі ретінде энергиялық тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын көтеру болып табылады.
Энергия үнемдейтін технологиялар
мен жобаларды экономиканың өнеркәсіптік
секторына ендіру көптеген пайда
алуды кепілдейді. Жүргізілген зерттеулер
энергия үнемдеуші
Кез-келген өнімнің өзіндік құнындағы үлкен энергетикалық құраушы оның қымбаттауына және ізінше, бәсеке қабілетсіздігіне, экспорттық мүмкіндігінің азаюына, ал егер өнім ішкі нарықта өткізілетін болса халықтың әл-ауқатының төмендеуіне әкелетіндігін айта кеткен жөн.
Электрлік және жылылық энергияны тиімсіз және ұтымсыз пайдалану оны ЖЭО, ГРЭС шығаруды артуына және сәйкесінше, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі.
Көмірді, мұнайды, газды, электр энергиясы мен жылуды тиімсіз пайдалану жақын болашақта елді энергиямен қамтамасыз етуде мәселелер туғызады себебі экономиканың электрлік және жылу энергиясына деген өспелі қажеттілігін жабу үшін бұрыннан бар генерациялайтын қуаттарды, электрлік және жылулық желілерді қайта құрылымдау және кеңейту, жаңаларын салу қажет.
Берілген сәтке өнеркәсіптің барлық дерлік салаларында құрал-жабдықты жаңғыртуға деген аса үлкен қажеттілік бар. Біздің еліміздің өнеркәсіптік сектор энергия сыйымдылығы жағынан ЕО елдерінің осындай көрсеткішінен 5 есе көп. Мемлекеттік Мекемелердің (мектептер, аурухзаналар т.б.) едәуір үлесі, сондай-ақ тұрғын ғимараттар тиімсіз энергиямен жабдықталған және жаңартуды қажет етеді.
Министрлік «Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті көтеру туралы» және «Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті көтеру сұрақұтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобаларын әзірлеуді жүзеге асыруды.
Индустриалды дамуды инвестициялық қамтамасыз ету сондай-ақ елдің индустриалды - инновациялық дамуына елеулі әсер етеді.
Бұл бағыттың шеңберінде арнай экономикалық және индустриалды аймақтарды дамыту қарастырылған. 2001 жылдан бастап 6 АЭА құрылған, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
«Ақтау теңіз порты»,
«Оңтүстік», «Ұлттық индустриалды мұнай
химиялық технопарк» және индустриалды
қосалқы аймақ бөлігінде «
Құрылыс қосалқы аймағы бөлігінде сервистік-«Бурабай» және «Астана-жаңа қала»;
Техникалық-ендірушілік
аймақ-«Ақпараттық
2001 жылы маусым айында
құрылған «Астана-жаңа қала»
Бүгінгі таңда Индустриалды аймақта жалпы сомасы 170 млрд. артық теңгеге 39 жоба мәлімделген. 7500 астам жұмыс орындары құрылатын болады. Жыл сайын жалпы сомасы 105 млрд.теңгеге өнім өндіру жоспарлануда.
2002 жылы сәуірде құрылған
«Ақтау теңіз порты» АЭА
Теңіз металл құрылымдар зауыты («Keppel Kazakhstan» ЖШС);
Мұнай сортаментінің құбырларын шығару зауыты;
Эпокситті негізде шыны талшықты құбырлар зауыты («АЗСТ» ЖШС).
Сондай-ақ, 500 млн.долларға 3 жоба салыну кезеңінде:
Сұйық дәрілік түрлерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен («Ча-Кур» ЖШС Қазақстан):
Мұнай мен мұнай өнімдерінің тарататын тиейтін кешені («Хазар-Сервис» ЖШС Қазақстан):
Металл құрылымдар зауыты («Дос Марин» ЖШС Норвегия–Қазақстан).
5 жоба жобалану кезеңінде:
ПВХ-дан терезе профильдерін, құбырлар мен фитингілер өндіру зауыты («Funke Kunststoffe» компаниясы Германия);
Контейнерлерді жобалау және жинау кешені («T.E.S.C.O» ЖШС Қазақстан);
Мұнайды және мұнай мөлшері бар қалдықтарды қайта өңдейтін шағын зауыт ( «ХакоОйл» ЖШС Қазақстан);
Аммиактық-карбамидты кешен («Каспий Азот» ЖШС);
Минералды тыңайтқыштар өндірісі («Caspian Contractors Trust» ЖШС).
2003 жылы тамызда құрылған «
2005 жылы шілде айында құрылған «Оңтүстік» АЭА аумағында 3 жоба - іске асырылуда «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Oxy-Textile» ЖШС және «Ютекс-KZ» АҚ, 1 жоба(«Есенжол-Назар» ЖШС) ЖСҚ әзірлеу кезеңінде. 400 жұмыс орны құрылған. 2010 жылы өрт сөндіретін депоны салуға және электрлік күш беретін кабельді төсеуге 247 727 мың теңге бөлінген. Инфрақұрылымның құрылысы жақын арады аяқталатын болады.
Ауданы 370 га «Бурабай» АЭА 2008 жылы қаңтарда құрылған. Бүгінгі таңда «Бурабай» туристік орталығын құрудың шебер-жоспары әзірленген және бекітілген, оған сәйкес жобаны іске асыру 7 кезеңге бөлумен 2021 жылға дейін 12 жылға жоспарланған. 2010 жылға бөлінген қаражаттың сомасы-19383 мың теңге.
«Ұлттық индустриалды мұнай химиялық технопарк» АЭА 2007 жылы желтоқсанда инновациялық технологиялардың негізінде Қазақстанның көмірсутегі шикізатын терең қайта өңдеу бойынша мұнай химиялық өндірістерді дамыту мақсаттарымен құрылған. Қолданыс мерзімі 2032 жылға дейін. АЭА аумағы 3475,9 га құрайды. Өкілетті орган-Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп АЭА шеңберінде іске асыру үшін инвестициялық жобаларды өңдеп жатыр. 2010 жылға 2 бюджеттік бағдарлама бойынша 1 056 316 мың.теңге бөлінген.
Индустриалды дамытуды инвестициялық қамтамасыз етудің тағы бір міндеті Қазақстандық қамтуды дамыту болып табылады, оның процестерін құқықтық реттеу үшін үкіметтің 10-нан астам актілері әзірленген және бекітілген.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі және тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізімі бекітілген.
Отандық тауар өндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау шаралары анықталған.
Барлық субъектілер үшін тауарларды, жұмыстар мен қазметтерді сатып алуды есептеудің оңтайлы және неғұрлым объективті әдістемесін анықтауда Қазақстандық қамту есебі және тауардың шыққан елін анықтау, тауардың шығуы туралы сараптама актісін құрастыру және беру, тауардың шығуы туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру бойынша Ереже, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында Қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шараларды күшейту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Базасында 4360 тұтынушы-кәсіпорын
және 364 өндіруші-кәсіпорын бойынша
ақпарат орналастырылған, Қазақстандық
өндірушілер шығаратын
«СТ-KZ» - отандық шығарылған тауарларды сертификаттау жүйесі ендірілген, оның болуы отандық тауар өндірушілеріне қосымша жеңілдіктерді қарастырады.
2009 жылғы жоспарланған шекке қол жеткізілді - жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық қамтудың үлесі 60% құрады.
Ірі және шағын компаниялардың
ынтымақтастығын ретке