Дағдарысты аймақтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:28, реферат

Описание работы

Қазақстан дағдарысты жағдайдан шығуды, ТМД-ның басқа елдерінен бұрынырақ, дамудың жаңа кезеңіне көшудің мәрелік алаңы ретінде қарастырды. Бұл мәрелік алаң Президентіміз Н.Назарбаевтың қаңтар айындағы (2010 жыл) «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айқындалған болатын. Бұл құжатта 2020 жылға дейінгі стратегиялық міндет ретінде еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы негізіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық экономика құру бағыты белгіленген.

Работа содержит 1 файл

реттеу реферат.docx

— 37.24 Кб (Скачать)

     Мұндай мүмкіндіктер индустриялық-инновациялық дамудың аймақтық стратегияларын жасақтау үдерістері кезінде анықтала түседі. Бұл стратегиялар білімнің, ғылымның және өндірістің тығыз интеграциялануына мүдделі болуы керек. Бұл ретте жоғары білім беретін оқу орындары, академиялық және салалық ғылымдар жетекші буынға айналады. Жаңа білімнің бастау көздері, міне, осылар. Бұл білім инновацияны өндіріс пен қызмет салаларына енгізудің негізгі базасы болып табылады. Ғылыми-инновациялық ізденістерге ақпараттық технологияны енгізу инновациялық үдерісті жеделдете түседі. Бұған ақпарат тасқындарын өңдеу уақытын үнемдеу және арзандату есебінен, яғни жаңа өзгерістерді жасақтауды тездету арқылы қол жетеді. Әрине, интеллектуалдық меншік хұқығын жасақтауда және ғылыми-инновациялық қызметтерді ынталандырудың экономикалық тетіктерін ойластыруда қиындықтар кезігуі мүмкін.

     Біздің пікірімізше, аймақтық инновациялық-өнеркәсіптік бағдарламаларды қалыптастырудың негізі мемлекеттік-жеке әріптестікке сүйенуі тиіс. Бұл мемлекеттік билік органдары мен жеке корпоративтік құрылымдар — шаруашылық жүргізу субъектілері арасындағы алуан түрлі келісім-шарттар формалары арқылы жүзеге асар еді. Инновациялық салада (бұл, ең алдымен, біз ұсынып отырған, жоғары оқу орындарының, салалық және академиялық ғылымның инновациялық әлеуетін тартуды қажет ететін инновациялық жобалар)  ынталандырушылық рөлді венчурлық капитал атқарар еді. Осы капитал ғана, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,  ғылым мен техниканың мүмкіндігінше перспективалы, үдемелі бағыттарының индикаторы бола алмақшы. Бұл ретте Республика Үкіметі мен облыстық мәслихаттардың венчурлық инвесторлармен қарым-қатынасы белсенді болуы керек. Ал бұлай болуы үшін өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесіне жүгініп, олар жиі пайдаланатын төмендегідей модельдерді қолдануға болады.

     1. «Қорлардың қоры» моделі — мемлекет ұлттық венчурлық қор қалыптастырып, оның қаржысы кейін аймақтық қорлардың қызметіне жеке инвесторлар қаржысы тартылатын аймақтарға бөлініп беріледі. Мұндай модель экономиканы мемлекеттік қормен мығым реттеп отыратын көптеген елдерге тән. Соның ішінде Израиль тәжірибесі ең сәттілерінің бірі болып есептеледі. Бұл елдегі «қорлардың қоры» — Yozma — басқа елдердегі тәжірибелерді мұқият талдау арқылы, бірте-бірте, ұзақ мерзім бойы құрылды.

     2. «Пилоттық аймақ» моделі — тоқыраудағы аймақтары бар елдерге тән. Бұл ретте екі стратегия қолға алынуы мүмкін:

     Мемлекеттік капиталдың қатысы бар венчурлық қор (және аймақ бюджетінен түсетін инвестиция) елдің экономикасы әжептәуір дамыған аймақтарында құрылады (мысалы, Испаниядағы Каталония, Италиядағы Пьемонт пен Ломбардия). Кейін келе венчурлық капитал басқа аймақтарға да телінеді, сөйтіп, тоқыраудағы аймақтарды «рыноктық жетектеу» дамыған аймақтардың капиталы есебінен жүзеге асады;

     Мемлекеттік капиталдың қатысы бар венчурлық қор (және венчурлық

инвесторларға арналған кепілдеме жүйесі) тоқыраудағы аймақтарда (мысалы, Франциядағы Тулуза, Италиядағы Сардиния) құрылады, мұнда венчурлық капитал негізінде жоғары технологиялық кластерлер қалыптасады. Міне, осылайша венчурлық капитал негізінде тоқыраудағы аймақтарды «рынокқа итермелеу» әрекеті қызмет етеді. Бұл екі стратегия бір мезетте қолданылу жағдайлары да аз кездеспейді.

     3. «Аймақтық венчурлық компаниялар» моделі кәсіпкерлікке сүйенген елдерге тән. Ең жарқын үлгі — АҚШ-тың шағын бизнестік инвестициялық компаниялары. Олар мемлекеттік капиталдың қатысуымен құрылады (штаттар бюджеттерінен қржыландырылады), бірақ жеке инвестициялар тартылып, тәуелсіз кәсіби басқарушылар арқылы басқарылады.

     Территорияларды дамытудың стратегиялық бағдарламалары шеңберінде «аймақтық инновациялық жүйені орнықтыру мен дамыту» бөлімін қарастыру керек. Ол басқа бөлімдермен байланыста болуы тиіс. Инновациялық бөлімді технологиялық қалыптастыру осыған сәйкестенетін аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын жасақтаумен ұқсас және осы құрылыммен мазмұндалады. Ол инновациялық әлеуетті бағалаудың мәрелік жағдайлары және орнықтанудың алғашқы белгілері арқылы, сондай-ақ аймақтық инновациялық жүйенің дамуы бойынша талданады. Бұған сондай-ақ ғылыми-инновациялық қызметтерді ынталандарудың экономикалық механизмдері, әртүрлі бағыттағы мақсатты инновациялық бағдарламалар мен ғылымға негізделген инновациялық технологияларға арналған мейлінше тиімді трансферлер (ақша аударымдары) енеді.

     Қазір елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жоспарлау жүйесі, еліміз бен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарғы орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасының ережелеріне сүйенеді. Бұл еліміздің орнықты дамуға көшуінің қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарларын көп деңгейде қарастыруды көздейді. Одан аймақтардың, салалардың, жалпы алғанда республиканың еш тұсы шет қалмайды. Бұл ретте орнықты даму индикаторларының жүйелері, соның ішінде интегралдық, ұйымдастырушылық, экономикалық, энергетикалық, әлеуметтік, экологиялық, аймақтық жүйелер анықталған. Іске асырылып жатқан мемлекеттік жоспарлау жүйесіне  жоспарды жүзеге асыру мен орнықты даму индикаторлары жиынтығының тағы бір түрі енуі керек. Бұл тұрғылықты жерлерде жоспарларды игеруге қатысты еңбек өнімділігін ұлғайтып, облыстық мәслихат аппаратындағы мамандарды көбейтуді талап етеді.

     Жоспарланған есептердің ақпараттық жүйесін игеру мен енгізу баламалы нұсқа ретінде ұсынылады, бұған жоспарлы шешімдер қабылдау үшін автоматтандырылған талдау тәртібі қосылады. Біздің ойымызша, біздің жағдайымызда мемлекеттік жоспарлаудың басқалай да моделін енгізуге болар еді. Бұл модель орнықты даму стратегиясын жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау жүйесіне дербес бөлім ретінде ене алады. Бұл жоспарлардың көпшілігі аймақтардың орнықты дамуына «қызмет көрсетіп» те жатыр.

     Әрине, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне еліміздің және оның аймақтарының орнықты дамуына арналған дербес жоспар енгізу Қазақстан Республикасының «Стратегиялық жоспарлау туралы» Заңына өзгерістер жасауды талап ететіні даусыз. Стратегиялық жоспарлау жүйесіне реформа жасау керектігі туралы көптен бері айтылып жүр, оның үстіне мұның аймақтық құрылымдар үшін көкейкестілігі мол. Жоспарлаудың алуан түрлілігі жоспарды игерудің сатылас және деңгейлес бірлігі тәрізді маңызды қағидатқа бөгесін болады. Бұған қоса, аталған себептерге байланысты демократия қағидаты мен облыстық мәслихаттардың жоспарлы жұмысының ашықтығы көлегейленеді.

     Біздің ойымызша, рыноктық қарым-қатынастық жоспардың басты міндеті — билік пен халықтың және бизнестің арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыстарды нығайту. Сол себептен де мемлекеттік жоспарлау республикалық және аймақтық деңгейлерде шаруашылық тұрғыдан ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-саяси көзқарас деңгейінен қарастыруды қажет етеді.

     Қорыта келгенде айтарымыз, жоспарлаудың алуан түрлі формалары (стратегиялық, орта мерзімдік, ағымдағы жоспарлау, болжам жасау, бизнес-жоспар) — объективті қажеттілік. Ол меншік формалары мен басқару формаларына тәуелді болмайды. Жоспарлау үй шаруашылығында да, кәсіпорында да, аймақтар мен ұлттық деңгейлерде де қажет. Бәрімізге белгілі, ұлттық экономиканы стратегиялық жоспарлау Жапония, Сингапур, Тайланд және басқа да Тынық мұхиты елдеріне өткен ғасырдың соңында елеулі прогреске және экономикалық өсімнің жоғары деңгейіне қол жеткізуге жол ашты.

     ХХІ ғасырдың басы алғы шепке жаңа елдер мен мемлекеттерді шығаруда. Бұл мемлекеттердің стратегиялық бастамаларының жүзеге асуы және олардың бәсекеге қабілеттілігі ішкі аймақтық ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін мығымдандыруына байланысты болмақ. Сондай көріністердің мысалдары бүгінде Қазақстан Республикасының дағдарыстан соңғы экономикасында толық көлемде бейнеленіп отыр.

Информация о работе Дағдарысты аймақтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету әдістері