Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 11:18, реферат
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық – нормативтік актілермен белгіленеді.Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің көпшілігінде бухгалтерлік жұмыстың екі негізгі ұйымдастырушылық формасы қалыптасты: дербес құрылымдық бөлімше ретіндегі бухгалтерия мен бухгалтерлік есепті бір қызмет иесі (бухгалтер) жүргізуі.
Бухгалтерияда бірнеше қызметкерлер бар болса, олардың жұмысын айқын реттеу, міндеттер мен құқықтарды бөлу қажет, ол пайда болу, құқықтар, міндеттер және субъектінің қызметін ұйымдастыру (ол жеке құжат сияқты немесе есеп саясатында жеке қаралады) процесін бухгалтерия жөніндегі ережелермен жете зерттеліп, дайындалады.
Қаржылық есеп берудің маңызы.
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіорынның есепті кезеңдегі қаржы – шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызметі түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның мекеменің қаржылық есеп беруі – есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуының, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Қаржылық есеп
берудің деректері бойынша
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.
Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.
Заңды тұлға
болып табылатын кәсіпорын
Барлық кәсіпорындар, мекеме ер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып, олар заңды тұлға құқығын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп
беруді толтыруға қойылатын талаптар:
көрсеркіштердің қарапайымдылығ
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің) басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттілігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептердің стандаттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазбалар, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар.
Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі.
Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа да мудделі ұйымдарға тапсырады. Шарушылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан
аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Яғни, Қазақстан Республикасының 28-ші ақпан 2007 жылғы №235-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті
келесі жылдың
30 сәуірінен кешіктірмей
Бюджеттік мекемелер
айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық
есептемені жоғары тұрған ұйымдарға
олар белгіленген мерзімдерде
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және
әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және жұртшылық жатады.
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктержәне басқалар үшін баспасөзде ашық жарияланады.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті.
Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның
Дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау. Материалдық емес активтер бабаы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары (меншік иелері) жарылық капиталға салық есебінде енгізуі, сондай-ақ кәсіпорынның қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау міндеті материалдық емес активтердің құны, көптеген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің)өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымы пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын көптеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен алынатындай болып белгіленеді.
Баланстың «Материалдық емес активтер» деген бабының құнымен толтыру үшін 2700 «Материалдық емес активтер»2700 «Гудвилл», 2730-«Басқалар» және материалдық емес активтердің амортизациясы деген жинақтамалы шоттарының ақпараттарын қолдану қажет.
«Негізгі құралдар( бабы бойынша қолданыстағы консервациядағы немесе қордағы (запастағы) негізгі құралдары бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне саып алынған жер учаскелерінің құны көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы және қалдық құны жеке бекініс табатын негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құралдарын түгендеу нәтижесінде құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағаланғаннан кейін негізгі құралдардың
Бастапқы құны
қалпына келтіру құнына алмастырылады
(яғни қалпына келтіру құны баланстық
құнға айналады). Есеп беруде негізгі
құралдардың тозуы жекелей
«Ұзақ мерзімді инвестициялар» бөлімі бойынша баланста кәсіпорынның
Ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар-акциялар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар, сондай-ақ, кәсіпорынның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың «Ұзақ мерзімді инвестициялар»деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады: 1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар», 2000-«Ұзақ мерзімді инвестициялар», 2210-«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар».
«Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бөлімінде есеп беретін адамдардағы берешектер көрсетіледі.
Бұл бапты толтыру үшін 1210-«Алуға арналған шоттар», 1130-«Алынған вексельдер», 1220-«Еншілес серіктестіктердің берешегі», 1230-«Тәуелді серіктестіктердің берешегі», 1240-«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деген жинақтамалы шоттардың және 1280-«Өзге де дебиторлық берешек»бөлімшесі шоттарының деректері пайдаланылады.
Есеп берудің «тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ)»бабын толтырған кезде ІІ бөлімдегі 1310-«Материалдар», 1340-«Аяқталмаған өндіріс», 1330-«Тауарлар» деген шоттардың ақпараттары пайдаланылады.
«Алдағы кезеңдердің шығыстары» бабын толтыру үшін 1620-«Алдағы кезеңдердің шығыстары» деген бөлімшенің ақпараты падаланылады.
Баланстың пассивіндегі «Бөлінбеген кіріс» бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер:5400-«Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян), 562-«Алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)», 5410-«Есепті кезең кірісі (зияны)» жинақтамалы шоттарының деректері негізінде толтырылады.
Пайда және зиян жайлы есеп беру. Пайда және зиян жайлы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл стандарт бағалау, әдісі есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың жіктелімін белгілейді.
Пайда және зиян жайлы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
- негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс;
- сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;
- жалпы кіріс;
-кезкң шығындары.
Оған енетіндер:жалпы және
- салық салуға
дейінгі әдеттегі қызметтен
- табыс салығы;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
- төтенше
жағдайлардан алынған кіріс
- таза кіріс немесе зиян.
Осы баптардың барлығының сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс. Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл- кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе
операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларда бөлек ашып береді.
Стандарт сондай-ақ
тоқтатылған операцияға анықтама береді.
Бұны тоқтатылған операциялар
Түсіндірме
жазбада мыналар ашылып көрсетілуі
тиіс:тоқтатылған операцияның
Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері