Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 11:18, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық – нормативтік актілермен белгіленеді.Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар