Бәсеке және бәсекелік күрес

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 09:47, реферат

Описание работы

Бәсеке латын сөзі «бірге жүгіру» деген мағынаны білдіреді. Оны халық адамдар арасындағы бір мақсатқа бұрынырақ жетуді көздеген өзара жарыс, сайыс деп қарастырған. Бәсекенің бір түрі зерттеу және сегменттеу бәсеке- нарықты шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Нарықты қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсекеге қабілеттілік. Әсіресе, экономи

Содержание

Бәсеке: мәні, зерттеу және сегменттеу
рөлі.
Бәсекенің түрлері мен қызметтері.
Бәсекелік күрес және оның
экономикалық мазмұны.
Бәсеке туралы ғалымдардың
тұжырымдамалары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет көздері

БӘСЕКЕ: МӘНІ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ СЕГМЕНТТЕУ РӨЛІ

Работа содержит 1 файл

Бәсеке.ppt

— 855.50 Кб (Скачать)

ЭССЕ                    АРТЫҚБЕК ТОҒЖАН

 

 

Бәсеке – зор ұмтылыс жырақтарға, 
Бәсеке – күш әзірлеу мұраттарға. 
Бәсеке – қуаттану, шуақтану, 
Ғылымда ие болу ұлы аттарға, —

      деп бәсекені талдай, зерттей келе мынадай ойға келдім: Бәсеке – қақтығысу, бұл рыноктық экономиканы қатысушыларының арасындағы  тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық. Бәсеке кез келген рынокта бар. Әрбір тауар өндіруші бәсекеге түсе отырып тауардың сапасын, түрін, деңгейін көтереді және белгілі бір дәрежеде ұстауға ұмтылады.

Нарықтық экономиканы реттеу  сферасындағы мемлекеттің негізгі  міндеті – оның тиімді жұмыс  істеуі үшін қолайлы жағдайлар  тудыру және дамыту, кәсіпкерлік  еркіндігі мен адал бәсекелестік  ұйымдастыру болып табылады

Нарықтық экономиканың негізгі  ерекшелігі болып еркін таңдау: өндіруші үшін өндірілетін өнімді  таңдау еркі, тұтынушыға тауарды  алуда, жұмысшыға жұмыс орнын  таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін  тандау экономикалық табысты  өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал , оны бәсекелестік күресте  ғана жеңіп алады. Жетілген сатып  алушылар  мен  сатушы арасында  бір-біріне  тәуелсіздік болуы  және еркін баға бар.  Сатып  алушы  сатушыдан  тауар алғанда  сапасы, белгілі бір  мөлшерге  бағасын түсіріп алу мүмкіндігі  болады. Тұтынушы  алдында тандау  еркіндігі болады. Осымен ойымша  нарықты экономикада қазір заман  талабына сай  бәсекелестік дамуы  қажет. Рыноктің одан да сапалы  өнім шығару мүмкіндігі бар  оны әлдеде көрсетеді деп ойлаймын. Қазіргі заман талабы, жоғары  сапалы тауарды шығару негізгі  мәселесі болып табылады. Қазіргі  кезде Казақстан Республиқасы  сапаның деңгейін көтеру үшін  көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке  болмаса тауар сапасыда төмен  болады. Казақстан Республикасы  «ВТО»-ға кіруіне байланысты тауар  өнімінің сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге  түсе алатындай өнім жасап  шығару керек. Казақстан Республикасы  кіші және орта бизнесты дамыта  отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға  ұмтылуда. Ол тауардың бағасы  төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты  және тұтынушылардың талабына  сай келетін болса – ол бәсекеге  түсе алады. Казақстан Республикасы  барлық өнімдердің сапасын көтеріп, дамыған елдер біздің елдің  өнімің сатып алатын деңгейге  жетуге тиіс.  
Бұл мәселе бүгіңгі қүнде өте маңызды мәселелердің бірі!

 

       Төменде бәсекеге байланысты мысал келтірдім:

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫ  НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ

 

  Қазақстандағы ұялы байланыс – ТМД бойынша ең қымбат байланыс. КСell номері бар Қазақстан азаматы ұялы байланысқа минутына 25 тенге, ал европалықтар одан едәуір аз, орыстар одан үш есе аз төлейді. Кселл және Билайн монополистері бүкіл ұялы байланыс қызметінің 90% құрайды.

  • Көптеген оператор – компаниялар Қазақстанның ұялы телефондар нарығына шыққылары келеді, бірақ лицензия алу қиын, сондықтан да ұялы телефондар нарығында толыққанды бәсекелестік жоқ. Қазіргі кезде нарықта үш оператор қызмет көрсетеді: «GSM Казахстан», «Кар-Тел» и «Алтел».
  • Ұялы телефондар нарығындағы әр оператордың үлесі

 

 

 

 

 

           «GSM Казахстан» компаниясы  K-cell (Kazakhstan Cellular) және Activ —сауда маркасымен берілген. «GSM Казахстан» компаниясы ұялы телефондар нарығында лидерлік позицияда келе жатыр. Қазіргі кезде оның абоненттер саны 1 млн-нан астам.

  • Екінші орынды GSM-оператор «Кар-Тел» алады. «Кар-Тел» GSM-900 стандартындағы қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде оның абоненттерінің саны 400  мыңнан асады. Оның сауда маркалары: K-mobile және Beeline
  • Қазақстанның ұялы телефон операторының ең алғашқысы компания « Алтел» .Ол 1994жылдан бастап жұмыс жасайды. Қазіргі кезде «Алтел» компаниясы CDMA2000 1Х стандартындағы қызмет көрсетеді. Ол екі сауда маркасымен берілген : Dalacom және PathWord.
  • Қазақстандағы  GSM стандартындағы ұялы байланыс құны Россия , Европа және Азиямен салыстырғанда өте жоғары. Және де абоненттер саны жылдан-жылға артуда. Соның арқасында техникалық ақаулар, байланыстың тұрақсыздығы-бұның барлығы ұялы байланыс телефонын қолданушыларға әдеттегі іс болып қалған. Сонымен қатар сөйлесудің құны жоғары.
  • Ұялы байланыс нарығына  көптеген жаңа операторлар еніп, соның арқасында нарықта операторлар арасында бәсеке деңгейі көтеріліп,  нәтижесінде қызмет сапасы өсіп және қызметінің бағасы да төмендейді деген сенімдеміз.

 

 

ЭССЕ        АХАЕВА ЕЛДАНА

 

 

  •  Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты. ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
  • 1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
  • 2) Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
  •  Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б.  Бірақ, осылардың бәріне ортақ белгісі, әр қайсысы бір - бірімен тығыз бәсекелесік күресте.

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ 

 

 

  • 1. Әубәкіров А. Б.     «Экономика теория»   Алматы-1999 ж.
  • 2. Борисов.Е.Ф «Экономика теория» Москва-1999 ж.
  • 3. Жүнісов Б.С. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы-1999 ж
  • 4. Осипов Г.М. «Экономикалық теория
  • негіздері» Алматы-2002 ж
  • 5. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық
  • теория» Ақтөбе-2004 ж

       

 

5

 

8

 

10


Информация о работе Бәсеке және бәсекелік күрес