Бәсеке күресіне жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 14:51, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды шығару негізгі мәселесі болып табылады. Бәсеке болмаса тауар сапасыда төмен болады. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты және тұтынушылардың талабына сай келетін болса – ол бәсекеге түсе алады. Казақстан Республикасы барлық өнімдердің сапасын көтеріп, дамыған елдер біздің елдің өнімін сатып алатын деңгейге жетуге тиіс.

Работа содержит 1 файл

Бәсеке.docx

— 41.18 Кб (Скачать)

     Кіріспе

     Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған  жаңа жүйелер дүниеге келді. Мазмұны  мен маңызы,  салауаты мен сапасы жағынан олар қазақ қоғамының  өткен ғасырлар бойы қалыптасқан  бетпердесін күрт өзгертті. Бүгінгі  Қазақстанның бет-әлпеті демократия мен  нарық экономикасы.

     “Алдымен  экономика” – деп ұран тастады  тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан  Назарбаев қоғамдағы реформалардың  алғашқы басталар шағында. “Мен нарық экономикасын таңдадым, оның мүмкіндіктеріне сенемін. Халқым менің соңымнан еріңдер және осы нарық жолымен еш нәрсеге алаңдамай жедел жүріп отыруға бел байлаймыз” – деген Елбасының халыққа үндеуі Қазақстанның нарық экономикасына қарай табанды да тарихи бетбұрысының бастауы болды.

     Нарық дегеніміз ашық экономика, әлем елдерімен  сауда қатынасы ашық және екі жаққа  да тиімді түрде қалыптасуы керек.

     Нарықтық  қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі  - бәсеке болып табылады.

     Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды  шығару негізгі мәселесі болып табылады. Бәсеке болмаса тауар сапасыда төмен  болады. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты  және тұтынушылардың талабына сай келетін  болса – ол бәсекеге түсе алады. Казақстан Республикасы барлық өнімдердің сапасын көтеріп,  дамыған елдер біздің елдің өнімін  сатып алатын деңгейге жетуге тиіс.

     Қазірдің  өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің  пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды. 

     Бәсеке  күресіне жалпы сипаттама

       Бәсеке (лат. сoncurred-қақтығысу) - бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.

     Бәсеке  мақсаты - өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу.

     Бәсекелестік  өндірушіні ғылыми - техникалық жетістіктерді  енгізуге, еңбек өнімділігін көтеруге, технология мен еңбектің ұйымдастырылуын  жетілдіруге және т.с.с. итермелей  отырып, өндіріс қарқыны мен көлемінің  реттеушісі рөлін атқарады. Бәсекелестіктің  артықшылығы оның шектелген ресурстар  бөлінісін жарысушылардың экономикалық аргументтеріне тәуелді етіп қоятынында көрініс табады. Бесекелестік күресте  игіліктерді (экономикалық ресурстарды, өнімді) салыстырмалы жоғары сапада немесе салыстырмалы төмен бағамен ұсына  отырып қана жеңуге болады. Сондықтан  бәсекелестіктің рөлі оның сапалы және тепе-теңдік бағамен салыстыратын игіліктердің жеткілікті көлеміндегі өндірісіне кепілдік беретін нарықтағы белгілі  бір тәртіптің белгіленуіне әрекеттесетіндігінде көрініс табады.

     Нарықтық  экономиканың негізгі ерекшелігі болып  еркін таңдау: өндіруші үшін өндірілетін  өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды  алуда, жұмысшыға жұмыс орнын  таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін  таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі  қамтамасыз ете алмайды. Ал оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алуға болады.

     Нарықтық  жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің  жиынтығы сатып алу-сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

     Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды  ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нарықтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.

     Тауардың  бәсекелік нарығында сұраныс  пен ұсыныстың әрекет ету механизмі  қалай жұмыс істейтінін және сұраныс  пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық баға калай орнайтынын байқайық.

     Нарықтық  баға мен оның сұранысқа ие санының  арасында барлық уақытта белгілі  бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың  саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі  төмен болады (табыстардың сол  деңгейінде) және, керісінше, баға төмен  болған сайын сатып алушылардың  саны мен сатылып алынған тауарлардың  саны көп болады.

     Сұраныстың  біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен  бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар  ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір  төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша  сатып алуға итермелейді. Сонымен  бірге мынаны да атап өту керек, осы  тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан  кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті  нарықтағы сатып алу сомасы ұлғая  береді. Егер нарықтық жағдайды сатушылар  немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар  нарықта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар  сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

     Басқаша айтқаңда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы  ұсыныстың көлемі жоғары болады.

Бәсеке  күресінің түрлері

     Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.

Бәсеке  түрлері

Бәсекенің

негізгі

сипаты 
 
 

Бәсеке сипаты бойынша нарықтық моделі
Жетілген 

(еркін  және

таза  бәсеке)

Жетілмеген (еркін емес)

бәсеке 

Таза

монополия 

 
 
Монополиялық

Бәсеке

Олигоплиялық

бәсеке

Бір ғана

өндіруші

Тауар өнді-

рушілердің

саны

Тауар өндірушілер-

дің көптігі

Тауар өндіру-

шілердың

көптігі

Тауар өндіру-

шілер көп емес,

ірі тауар  өнді-

рушілер бар

 
 
Өнім 

сипаты

Бір текті

өнім

Әр текті  өнім А)Ірі фирмалар

біртекті  тауар-

лар өндіреді.

Б)Ірі фирмалар

дифференция-

ланған  тауар-

лар өндіреді   

Біртекті өнім,

өзін  ауысты-

ратын ұқсас

өнімнің

болмауы

Бір-бірімен

жолығатын

экономика

сапасы

Ауыл шаруа-

шылығында-

ғы:бидай,кө-

көніс,жеміс-

жидек өндіру

Әр түрлі  сауда:

киім, аяқ  киім,

тағам өнімдері,

бензин, және

т.б. өндірісі

Өнеркәсіп

а)алюмин,болат

балқыту, хими-

ялық;

б)автомобиль,

ауыл  шаруашы-

лық, тұрмыстық

проблемалар.

Жергілікті  қоғамдық қолдану кә-

сіпорындары:

телефон бай-

ланысы, электрогаз әкелуші, т.б.

Тауар өнді-

рушілер бағасын бақылау.

Ешқандай 

жоқ

Орташа орташа  Шамалап болса  да,мем-

лекет бақылайды

 

     Нарықтық  қатынастар қатысушыларының өзара  қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді.

     Жетілген  бәсеке (еркін бәсеке рыногі) дегеніміз  нарықта бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері  мен құқықтары бар бәсекенің  идеалды бейнесін айтады.

     Жетілген  бәсеке шарттары: сатушылар мен сатып алушылардың көптігі, рынокқа қатысудағы шамалы үлес, біртекті өнімдер, жетілген ақпарат және рынокқа шығу мен одан кетудің оңайлығы. 

     Жетілген  бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирма рынок бекіткен бағаны қабылдайтындықтан, бірде - бір фирма өнім шығаруды өзгерте отырып бағаға, немесе бағаны өзгерте отырып өнім шығаруға ықпал ете алмайды. Әрбір фирма өз өнімдерінің көлемін өзгерте отырып оның шектеулі шығындары нарықтық басымдылықтағы бағаға теңескенге дейін таза табысты ұлғайта беруге тырысады. Бұл жағдайда бәрін анықтайтын фигура тұтынушы болып шығады. Бәсекелі рынокта фирмалар нарықтық бағаның өзгеруіне көңіл қояды. Сонымен еркін рынок жүйесі жекелеген фирмалардаң  тиімділікті талап етеді және бірде – бір фирма монополиялық таза табыс алмайды.

     Жетілген  бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады. А.Смит бәсекенің еркін теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII-IXX ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалады. Демек, бәсекенің өнеркәсібі дамығын елдер экономикасына монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат,концерн) тууына дейін болған.

     XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап  ҒТП-ң әсерінен өндірісті шоғырландыру  жүріп жатыр, ол ірі және  аса ірі кәсіпорындардың, яғни  монополияның құрылуына әкеп  соқты.

     Монополия жеке өндіруші тауар рыногын бақылап  және сол нарықта үстем орын алған  кезде пайда болады.

     Монополияның  мақсаты - нарықта баға мен өндіріс  көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын  жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы  қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.

     Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы  арқылы құрылады және мынадай ұйымдық  формалары бар:

     Картель - шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы келісім квотасы (саны).

     Синдикат  - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.

     Трест -  монополияға енетін фирмалардың меншік өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды.

       Концерн - қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.

     Конгломерат - басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке рыногы) сипатта дамытады.

     Жетілмеген  бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының  кем дегенде біреуі орындалмайтын рынокты атайды.  Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.

     Монополиялық  бәсеке -  кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнеше болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестік ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орында орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист – фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктың бағаны шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді. Бұл теорияның негізін қалаған американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967) болды.

     Олигополиялық бәсеке - дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок ( грек. аздаған сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

     Олигополияға  қарама – қайшы құбылыс болып  олигопсония табылады. Ол рынокта  бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың  қызмет етуін қарастырды, яғни тұтынушылар  рыногі монополиясы белең алады.

     Таза  монополия нарықта ешқандайсыз  бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте  кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі.

Информация о работе Бәсеке күресіне жалпы сипаттама