«Болашақ» демократиялық партиясының бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 20:29, контрольная работа

Описание работы

Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру,жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді. Қазіргі заманға сай демократиялық даму үстіндегі әлеуметтік мемлекет құру енді алшақ келешек емес, жуықтағы мақсатқа айналмақ. Оған қоғамды жұмылдыра отырып және экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларды басқарудың демократиялық құралдарымен, халықтың, әрбір қазақстандықтың ауқымды әлеуметтік бастамаларын іске асыру тетіктерімен қамтамасыз ете отырып қол жеткізуге болады.

Работа содержит 1 файл

БОЛАШАҚ.doc

— 131.00 Кб (Скачать)

 

Тұрғын  үймен қамтамасыз ету стандарты

Біз  халықтың  барлық  бөлігі  үшін  баспананың  сапалы  қолжетімді  болуын жақтаймыз. Халықтың басым бөлігінің табыстарын ескере отырып, баспана сатып алу үшін немесе құрылыс үшін ипотекалық және несиелеудің басқа да формалары мен әлеуметтік тұрғын үй салымдарының жүйесі жетілдірілуі қажет. Әлеуметтік тұрғын үй және жалға алу кешендер құрылыс көлемдерін көбейту, оларды  бөлуде  қоғамдық  бақылау  қамтамасыз  етілу  және  жеке  тұрғын  үй құрылысын дамытуға  көмек көрсету қажет. Партия құрылыс сапасын нығайту және құрылыс обьектілеріне қызмет көрсету мәселелеріне  аса  маңызды  деп  санайды.  Ескі  және  апатты  жағдайдағы ғимараттарға  күрделі  жөндеу  жүргізу  және  апаттық  жөндеулерден  жоспарлы-ескерту жұмыстарына өту бойынша бағдарламалар орындау талап етіледі.

Біз қозғалмайтын мүлік операциялары саласындағы әкімшілік және заңдылық талаптарын оңтайландыру, жер телімдерін рәсімдеу бойынша процедурасын және оны беру процедурасының ашықтығын оңтайландыруды жақтаймыз. Қозғалмайтын  мүлікке  мемлекеттік  тіркеу  құқығын  және  олармен  мәміле, сонымен қатар қозғалмайтын мүлік бағаларының әдістемелік тиімділігін жасау жүйесін жетілдірудің уақыты келді. Дербес тұрғын мәселелерін шешуге мүмкіндігі жоқ аз қамтылған отбасылар үшін  қор  құру  талап  етіледі.  Партия  көп  балалы  және  жас отбасылар,  жалғыз басты аналар үшін пайызсыз несие енгізуді және бір немесе одан артық бала туған жағдайда несиенің бөлігін кезең-кезеңмен жабу ұсынады.

 

Әлеуметтік  қамсыздандыру стандарты

Біздің міндетіміз -  көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесін жетілдіру. Мемлекеттің  бюджет  есебінен  төленетін  әлеуметтік  төлемдермен  қатар  ол жинақтық  зейнетақы  мен  сақтандыру  қорларынан  әлеуметтік  төлемдерді  және мемлекеттік  және  еріктілер  қоса  сақтандырудың  барлық  түрлерін  кеңінен пайдалануды қарастыратын болады.

Партия    әлеуметтік  сақтандыруды  қамтамасыз  ету  жүйесіне  жеке  меншік секторларды тарту үшін заңдылық жағдайларына барынша қолайлылық жасауға көмек беретін болады.

Біз кедейлікті қысқартуға қол жеткізетін боламыз, егер мемлекеттік әлеуметтік қолдау мақсаттық және мекен-жайлық сипатқа ие  болса, ол тиімді болады деген ұстанымды  қолдаймыз.  Мемлекет  нақты  көмекті  қажет  ететіндерді,  яғни балаларды,  көп  балалы  аналарды,  ардагерлерді  және  мүгедектерді  қолдауға міндетті.

«Болашақ»  партиясы    зейнетақы  көлемін  бірізді  көбейту,  қарттықты қамтамасыз  ету  жүйесін  одан  әрі  дамытып,  жетілдіруді  жақтайды.  Мемлекет адамдардың жасы ұлғайған шағында материалдық қажеттілікті бастан өткермеу үшін барлық күш-жігерлерін салуы қажет.

Біз  -  жекелеген  санаттағы  мәдениет  қызметкерлері,  ауыр  және  қауіпті өндірістегі  қызметкерлер  үшін  зейнет  жасын  кезең-кезеңмен  қысқартуды жақтаймыз. Біз  ауыл  халқының  әл-ауқат  деңгейінің  өсуіне  ат  салысуымыз  қажет  – ауылдағылар  дәулетті  өмір  сүруі  тиіс,  олардың  өмір  жағдайы  қалалықтардан айырмашылығы болмауы керек. Қазақстан ауылдары су, байланыс және газбен қамтамасыз етуде қиындықтарды көрмеуі қажет.

 

 

Жастар  – еліміздің болашағы

Партия жастарға елімізді дамытудың  маңызды стратегиялық ресурстарының бірі  ретінде  қарайды  және  олардың  саяси  өмірге  белсенді  қатысуына  мүдделі.

Мыналарды іске асыру қажет деп есептейміз:

–  бюджеттен  қаржыландыру  мен  қамтамасыз  етілетін  «Жастар  саясаты туралы» заңды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және қабылдау;

–  әлеуметтік  жастар  инфрақұрылымдармен  (аула  клубтары,  спорт  залдары, стадиондар, фитнес-орталықтары және жастардың өзге де демалыс нысандары) қамтамасыз етудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеп, қабылдау және  соларға сәйкес  инфрақұрылымдар  құрылысы  бойынша  мемлекеттік  және  аймақтық инвестициялық бағдарламалар дайындау;

– жастардың  кәсіпкерлігін қолдаудың мемлекеттік  бағдарламасын әзірлеу;

–  белсенді жас азаматтарды мемлекеттік  қызметке іріктеу, оқыту және өсіру арқылы, үкіметтік емес жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету арқылы мемлекетті басқаруға жастардың қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

– мемлекеттік  гранттар есебінен оқитындар үшін мемлекеттік  үлестіру жүйесін енгізу және кепілденген әлеуметтік пакет (әлеуметтік немесе ипотекалық баспана, көтермелеу  қаражаты  т.б.)  берілетін  жас  мамандардың  мәртебесін  заңнамалық тұрғыда айқындау;

– жас мамандардың  бір немесе одан артық бала тууына байланысты тұрғын тұрғын үй несиелерін өтеу үшін оларға мемлекеттік дотациялар беру;

–  жастар  мен  жасөспірімдер  арасында  есірткі  мен  алкогольді  таратуды алдын алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қатаң бақылауға алу.

 

 

Этносаралық келісім құндылықтары

Елімізде түрлі ұлт өкілдері бірге өмір сүреді. Этносаралық келісім еліміздің маңызды табысы және  оны қадірлеуіміз қажет. Әр азамат өзінің әлеуметтік тегіне қарамастан біздің мемлекет пен қоғам үшін құнды. Біз біріге отырып, еліміздің болашағын  жасаймыз  және  егеменді,  тәуелсіз    Қазақстанның  гүлденуі  мен жағдайының жақсаруына өз үлесімізді қосамыз. Барлық  этнос  топтарының  мәдениет  аясында  өзара  бірігу  әрекеттеріне, мемлекеттің  азаматтары  барлық  ұлыстар  қоғамының  мәдени  жетістіктерін жинақтап, олардың ұлттық әдеп-ғұрыптарына, фольклорына және Қазақстанның халықтары ұлттық мәдени орталықтарына қолдауды күшейту қажет. Партиямыз  ел  өмірінде  Қазақстан  халықының  Ассамблеясының  рөлін күшейтілуін қолдайды. Оның әлеуеті қоғамымызда ұлттықаралық бейбітшілік пен келісімді нығайта алады және осы үшін қызмет етуі керек деп санаймыз.

 

Мемлекеттік тілді дамыту

Партия  қазақ  тілі  қазақстандық  қоғамның  ауызбірлігінің  факторына,  ортақ үйімізде тұратындардың достық, өмірлік ынтымақтастының белгісі ретінде табиғи қажеттілігіне  айналуы  керек  деген  қағиданы  ұстанады.  Қуатты  және  бәсекеге қабілетті қазақ тілі өзінің әлеуметтік қызметі мен қолданыс ауқымын біртіндеп кеңейтуі  тиіс.  Партия  қазақ  тілін  жетілдіру  мен  енгізуге  және  оны  үйренуді жастайынан бастау қажет екендігі туралы мәселелерге жіті назар аударады.

Үш тілдің бірлігі

Партия  Қазақстанда  үш  тілділік  идеясын  дамытуды  қолдайды.  Біздің өмірімізге қазақ және орыс тілдерімен бірге ағылшын тілі кіруі қажет. Тілдік саясатта біз қарапайым формулаға сүйенеміз: қазақ тілін дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз.

 

 

Қазақстан –көп түрлі діндер елі

Партияның ұстанымы - діни бостандық пен дінаралық  қатынасты қолдау. Партия діндердің ғаламдық диалогын қолдайды. Бұған Қазақстан тарабынан

Әлемдік  көшбасшылар  және  дәстүрлі  діндер  съезінің  аясында  үлес  қосылуда.

Бейбітшілік үшін  жасалған бастамалар ретіндегі сыртқы саяси маңыздылықтан басқа ол Қазақстанда дінаралық қатынастардың үйлесіміне, конфессиялардың өз діни орталықтарымен рухани байланыс жасауына жағдай жасайды.

Қазақстандықтардың  отансүйгіштігі

Отансүйгіштіктің  жоғарғы  деңгейі  Қазақстандықтардың  ерекше  сипатына айналуы тиіс. Барлық қоғамдық салалардың даму өлшемі ретінде қарау қажет деп санаймыз. Экономикада – отандық өндірісті қолдау, ал әлеуметтік салада – өмір сапасы  стандарттарын  әлемдік  деңгейге  дейін  нығайту,  саясатта  –  өзіміздің ұлттық-мәдени ерекшеліктерімізді ескере отырып жасалған қазіргі заманғы саяси жүйе.

Біз,  азаматтар  арасында  бірлікке  ұмтылуға  және  өзінің  Отанына  деген адалдықты тәрбиелеу үшін барлық күш-жігерімізді беруді көздейміз. Бұл қазіргі заман қауіп-қатерлерінің алдында бізді күшейте түседі.

 Бейбітшілік пен гүлдену кезеңінде өмір сүру

Партия ішкі саяси шешімдерді қабылдау үдерістеріне белсенді ықпал етуге бел буып отыр. Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеті еліміздің дамуы үшін оңтайлы сыртқы саяси жағдайларды жасауға бағытталған тиімді және белсенді сыртқы саясат жүргізуге апарады. Мемлекетіміздің гүлденуі тұрақты және даму үстіндегі жағдайда ғана мүмкін екендігін толық біз түсінеміз.

 

Ұлттық  қауіпсіздік және сыртқы саясат

Қазақстанның  одан  әрі  дамуы  мен  азаматтарының  әл-ауқатының  негізгі шарттары  ұлттық  қауіпсіздік  және  егемендік  болып  табылады.  Біздің мемлекетіміз  қазіргі  заманғы    қауіп-қатерлер:  халықаралық    терроризм,  діни лаңкестік, есірткі саудасы, заңсыз көшіп-қонуға барынша әрекет етуі тиіс. Партия көршілес  мемлекеттер  мен  әлемнің  жетекші  ірі  елдерімен  өзара  тиімді ынтымақтастыққа  және  тұрақтылық,  серіктестік  қатынастарға  негізделген көпсалалы саясатты қолдайды.

Қазақстанның  сыртқы саясаты өзіндік ұлттық мүдделер негізінде қалыптасып, одан әрі экономикалық, саяси даму үшін қолайлы сыртқы орта қалыптастыруға  бағытталуы тиіс, сондай-ақ, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен  халықаралық беделін қамтамасыз етуі қажет. Теңдік және өзара тиімділік, халықаралық құқық нормаларының  мүлтіксіз  сақталуы  жағдайында  партия  барлық  елдермен  және халықаралық ұйымдармен табысты өзара қатынас жасауды жақтайды.

Біз  Қазақстанның  Ресеймен  одақтастық  қатынасты,  ҚХР-мен  көршілестік ынтымақтастықты,  Орталық  Азия  елдерімен  достық  және  ынтамақтастық қатынастардың дамуына ұмтылатын боламыз. Қазақстан АҚШ-тың стратегиялық серіктесі болып қала беруі және Еуропалық одақпен жан-жақты ынтамақтастығын нығайта  түсуі  керек.  Азиялық  континенттік  мұсылман  әлемі  елдерімен өзіміздің өзара қатынастарымызды серпінді дамыта түскені дұрыс.

Бұл бағыттарда өзіміздің серіктестерімізбен тиімді экономикалық өзара әрекет етудің жаңа формалары және Қазақстан Орталық Азия, сондай-ақ, жалпы әлем қауіпсіздігіне төнген қатерлерге қарсы әрекеттердің жаңа сапалы әдістерін іздеу қажет. Біз халықаралық құрылымдарының реформалану  қажеттігін, олардың осы заманғы геосаяси және геоэкономикалық жағдайларға бейімделуін жақтаймыз. «Жанжал»  және  «қақтығыстар»  концепциясын  біз  «кездесулер»  және «өркениет диалогы» идеясына қарсы қоямыз. Бірігу процесін біз Қазақстанның сыртқы саясатының басыңқы бағыттары ретінде танимыз.

Қазіргі заманның әскері

Партия соғысқа  қабілетті қазіргі заманғы әскерде  жатқан бейбіт сыртқы саясат пен қорғаныс қуатының теңгерілген үйлесімін елдің ұлттық қауіпсіздігінің негізі деп  есептейді.  Біз  еліміздің  қорғаныс  қабілетін  нығайта  түсуді  және  оның шекарасының  бұзылмауын,  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерін реформалауды қолдаймыз.

Партия мыналарды  іске асыруды қажет деп есептейді:

– Осы заманғы  әскери техникамен жабдықталған,  кәсіби әскерге көшу;

–  ҚР  Қарулы  күштерінің  кәсіби  және  соғысқа  дайындық  деңгейін  үнемі жоғарылатып отыру;

–  әскери  қызметкерлердің  жалақы  және  әлеуметтік  сақтандыру  деңгейін жоғарылату;

– әскери қызметкерлер мен запасқа шығарылғандар үшін тұрғын үй мәселесін шешу;

– әскери қызметкерлерді азаматтық өмірге бейімдеу жүйесін дамыту, қызметін өтеу  барысында  жарақат    алып  немесе  мертіккен  әлеуметтік  кепілдікті қамтамасыз ету;

–Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне  және жергілікті соғысқа қатысқандар үшін әлеуметтік төлемдердің көлемін көбейту жеңілдіктер беру;

– баламалы қызмет өтеудің  тиісті заңнамасын әзірлеу және  «дедовщинаны» жою.

Тек қана алға, тек қана бірге

Біз өз алдымызға ұлы мақсаттар  қойып отырмыз, өйткені билік  партиясымыз. Еліміздің  болашағы  үшін  жауапты  екендігімізді  және  Отан  игілігіне  қызмет ететіндігімізді біз дәлелдедік.

Осы бағдарламаны ұсына отырып, Қазақстанды гүлдендіру идеясын, еркіндік, әлеуметтік әділеттік және бірлік принціптерін басшылыққа аламыз.

Біздің  идеалдарымыз  бен  құндылықтарымызды  Қазақстандықтардың  басым бөлігі қолдайтындығына сенеміз.

Сайлауларда  өз  кандидаттарымызды  ұсына  отырып,  өзіміздің  парламенттік фракциямыз арқылы заң шығару қызметіне белсенді араласа отырып, атқарушы билік  органдарында  шешімдердің  қабылдануына  ықпал  ете  отырып,  өз ұстанымдарымызды  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жақтап  және  түсіндіре отырып,  саяси  қызметтерге  қатысу  жолымен  өз  міндеттерімізді  іске  асыруды жалғастыруға  бел  буып  отырмыз.  Біз  еліміздің  аймақтарында  белсенді  жұмыс жүргізетін боламыз. Жергілікті жерлердегі партиялық жұмыстардың белсенділігі үшін қолда бар тетіктердің барлығын қолданатын боламыз. Қойылған мақсаттарға қол жету үшін қажеттінің бәрі біздің қолымызда. Олар: интеллектуальдық,  экономикалық,  ғылыми  әлеует,  саяси  қызметтің  мол тәжірибесі, таңдалған жолдағы табандылық, ерік және сенімділік! Қоғамымыздың  барлық  құрылымдық  күштерін  алуан  түрлі  және  ілгерішіл азаматтық бастамалардың көзі болуға шақырамыз.

«Болашақ»  –  партиясы  жасампаздық  пен  алға  басу  партиясы,  азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім партиясы.

«Болашақ»  –  ұлты,  ұрпағы  діни  нанымдары  әртүрлі  қазақстандықтарды біріктіретін,  Қазақстан  Республикасын,  біздің  ортақ  Отанымызды  өркендетіп гүлдендіретін көпшілік, кәсіби және барлық әлеуметтік топтар партиясы. «Болашақ» –  демократия мен әлеуметтік бағдарланған экономика негізінде тәуелсіз  Қазақстанды  нығайту  мақсатында  білімі  мен  тәжірибесін  біріктірген отансүйгіштер мен мемлекетшілдер партиясы,экономикалық өркендеу партиясы, нақты саясат партиясы.

Біз, өз күшімізге сенеміз, оны Отан игілігіне арнауға дайынбыз.

Біз, Қазақстанның еркін, демократиялық және гүлденген  болашағы бар ел болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. «Болашақ» партиясымен Болашаққа сенімді, батыл қадам жасайық!

 


Информация о работе «Болашақ» демократиялық партиясының бағдарламасы