«Болашақ» демократиялық партиясының бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 20:29, контрольная работа

Описание работы

Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру,жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді. Қазіргі заманға сай демократиялық даму үстіндегі әлеуметтік мемлекет құру енді алшақ келешек емес, жуықтағы мақсатқа айналмақ. Оған қоғамды жұмылдыра отырып және экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларды басқарудың демократиялық құралдарымен, халықтың, әрбір қазақстандықтың ауқымды әлеуметтік бастамаларын іске асыру тетіктерімен қамтамасыз ете отырып қол жеткізуге болады.

Работа содержит 1 файл

БОЛАШАҚ.doc

— 131.00 Кб (Скачать)

Біз  алдымызға  ауылшаруашылығының  өндіріс  деңгейін  арттыру,  жердің құнарлығының нашарлауына жол бермеу, су және  өзге де табиғи ресурстарды тиімді пайдалану міндетін қоямыз.

Біз ауылшаруашылық өндірісті жаңартуымыз қажет, ғылым  және техниканың осы заманғы түрін енгізу негізінде оның техникалық және технологиялық артта қалулығын жоюымыз керек.

Біз фермерлік, қожалық шаруашылықты дамытуға және көтермелеуге, олардың құқықтарын  қорғауға  қол  жеткізуіміз  қажет.  Біз  ауыл  өндірісін  сақтандыру жүйесін жетілдіруге қол жеткіземіз және фермерлер үшін оны барынша тиімді жасаймыз.

Біз  мемлекеттік  сатып  алу,  аграрлық  биржалар  және  өндіруші  үшін  тиімді жағдайда ауылшаруашылық тауарларын өткізуді ұйымдастыруға үкіметтің көмек көрсету шаралары бағдарламаларының кеңейтілуіне көңіл бөлеміз. Біз  ауылшаруашылық  өнімінің  әлемдік  нарықтағы  қазақстанның  орнын айқындап,  экспорттық  мүмкіндігі  бар  қажетті  бағытты  дамытуымыз  қажет. Жақын  арада  астықты  әлемдік  экспортқа  шығаратын  бірінші  бестікке кіруіміз керек.

Сыртқы  экономикалық қызмет

Біздің  партиямыз  қазақстандық  тауар  белгілерінің  аумақтық  және  әлемдік нарыққа шығуын, олардың өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуын және ілгерілеу стратегиясын жасауда.

«Болашақ» партиясы – Орталық Азия нарығын кең көлемде игеру қажеттілігін жақтайды.  Біз  Ресей,  Қытай,  Каспий  және  Қара  теңіз  аймақтарының  тауарлар және қызмет көрсету нарығына Қазақстанның тұрақты қатысуына ұмтыламыз.

Біз  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  Қазақстанның  кіруі  арқылы  әлемдік экономикаға  кіруі  үшін  елдің  бірігуін  және  отандық  кәсіптердің  сапаны басқарудың халықаралық жүйесіне (TGM) ISO стандартына көшуін  қолдаймыз.

Қойылған  мақсаттарға қол жеткізу жолдары

Біз  жаһандық  және  аймақтық  экономикада  бәсекелестікпен  (ойыншылар) отандық  экономиканың  алдында  болатын  ұлттық  көшбасшы  кампаниялар

құруды, нығайтуды  және дамытуды жақтаймыз. Осы  стратегия  мемлекеттік  -  жеке  меншік  серіктестігінің  серпінді жобаларын жүзеге асыруды жөнге келтіреді. Корпоративті көшбасыларды құру негізінде экономиканың тиімді секторларында жаңа компаниялар қалыптастыру, Қазақстанда жұмыс істеуге шетелдік бизнесті тарту, оларға қолдау көрсету және қажет болса, жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптерді қайта реттеу жолдары арқылы жүргізілуі қажет. Корпоративтік  көшбасшыларды  құру  процесін  қажетінше  ынталандырудан соң,  мемлекет  осы  көшбасшылардың  барлық  қызметін  нарық  тәртібіне бағындыруы  қажет,  қолдау  көрсету  және  мемлекет  тарапынан  көмек  көрсету тиісті нарық құралдары формасында жасалуы тиіс. Корпоративтік  көшбасылар  даму  «катализаторы»  ретінде  жұмыс  жасауы қажет.  Олар  өз  бизнестерінің  бәсекеге  қабілеттілігін  сапалы  жоғарлатып,  олар үшін  экспорттық  «тетіктерді»  табуы  керек.  Сөйтіп  олар  Қазақстанды экономикалық  дамудың  «аймақтық  локомотивіне»  айналдырады,  «қуып жетушілік даму» деп аталатын стратегия шектерін іске асыра отырып, дамыған елдердің арасында оны жаңа тұрақты позицияға шығарады. Тиімді  қор  нарығын  дамыту  -  еліміздің  маңызды    міндеттерінің  бірі. Еліміздің  табиғи  ресурстарын  пайдаланушы  және  экономиканық  стратегиялық салаларда  жұмыс  істеуші  ірі  қазақстандық  компаниялардың  акционерлік капиталына әр азаматына еншілес мүмкіндігін туғызуға қол жеткіземіз. Партиямыз  мемлекеттің  экономикалық  саясатындағы  басым бағыттардың біріне айналатын шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, еліміздің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес субьектілерінің үлесін жоғарғы деңгейде қамтамасыз етуін қолдайды.

Ол  үшін біз  мыналарға қол жеткізетін боламыз:

-  кәсіпкерліктің  нормативтік-құқықтық  базазын  жетілдіру,  әкімшілік кедергілерді  жою,  мемлекет  пен  бизнес  арасындағы  өзара  қатынаста  бірыңғай стандарттар мен тетіктерді енгізу;

-  әкімшілік   шығындарды  азайту  мақсатында  шағын  және  орта  бизнес субьектілері үшін салық салу жүйесін жетілдіру, оларды бақылау және тексеру жүйелерін жеңілдетуді құру;

- ұлттық қаржы-несие  жүйесін оңтайландыру және шағын  және орта бизнесті инвестициямен қолдау;

-  меншіктік   бизнеске  қолдау  көрсету   инфрақұрылымын  дамыту,  шағын кәсіпкерлікті  оқыту  және  ақпараттық  қамтамасыз  ету,  шағын  бизнеске технологиялар трансферті жүйесінің заңнамалық базасын құру;

-  шағын   және  орта  бизнес  субьектілерін   бақылаудың  және  тексерудің жеңілдетілген жүйесін құру.

Партия  ұлттық  шикізат  ресурстарын  басқарудағы  мемлекеттің  белсенді рөлін, мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлар арасындағы  экономикалық өзара қатынастарды реттеудің нарықтық тетіктерін одан әрі нығайтуды жақтайды. Индустралды-инновациялық дамудың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру талап  етіледі,  дамудың  мемлекеттік  институттар  жұмыстарының  тиімдігін қамтамасыз ету.

 

Елді  одан әрі демократияландыру - саяси, әлеуметтік жәнеэкономикалық дамудың маңызды ресурсы ретінде «Болашақ»  партиясы  Көшбасшысы  бастама  көтерген  2007  жылғы Конституциялық реформаға еліміз егемендігін алған уақыттан бастап, біртіндеп келді.

Қазақстан қарқынды демократияландырудың шетелдік нұсқаларына  салынған жоқ.  Біз  «алдымен  экономика,  содан  соң  саясат»  қағидасын  басшылыққа  алаотырып, өзіндік дара жолмен жүрдік. Эволюциялық реформалардың бірізділігімен одан  әрі  саяси  жаңару  үшін  экономикалық  және  әлеуметтік  алғышарттар дайындалды,  қазіргі  заманға  сай  демократиялық  институттар  құрылып, нығайтылды, халықтың жаңа саяси мәдениеті қалыптастырылды, Қазақстанның тұрақты халықаралық ұстанымдары қамтамасыз етілді. Конституцияға енгізілген өзгерістер қоғамда жинақталған оң өзгерістерді ғана емес,  сонымен  бірге  оларға  ары  қарай  даму  шараларын  жасауды  орнықтыра түсуге  арналған.  Жүргізіліп  жатқан  демократиялық  өзгерістер  мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыра түсуі қажет: еліміз экономикасының одан әрі серпінді  дамуы  және  халықтың  әл-ауқатының  жақсаруы  осыған  байланысты болмақ.

«Болашақ» елімізде демократиялық қағидаларға негізделген қазіргі заманғы,тиімді және бәсекеге қабілетті саяси жүйені қалыптастыруды қолдайды.

Демократия  – бұл өзіндік мақсат  емес,  стратегиялық  міндеттерге қол жеткізудің тәсілі екендігін біз жақсы түсінеміз. Бұл мемлекетті жетілдірудің және қоғамды дамытудың  ұдайы жүретін процесі. Қазақстанда  демократия  саяси  үдерістерге  азаматтардың  ауқымды  қатысуы, биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі және заң ұлықтылығы принціптерінде құрылуы қажет екендігіне біздің көзіміз жетіп отыр. Биліктің  халық  алдындағы  жауапкершілігі  мен  оған  есеп  беруі  тетіктерін күшейту еліміздегі саяси процеске мөлдірлік және бұқаралық сипат береді деп есептейміз. Туындаған  даулар  мен  қайшылықтарды  жүйелі,  өзара  құрметпен, ымырашылдықпен    шеше  білу,  біз үшін  азаматтық мақсатқа  айналуы тиіс екендігіне сенімдіміз.

 

Азаматтық қоғамды  дамыту

Партия  жаңа  демократиялық  даму  кезеңінде  барлық  азаматтық  қоғам институттарының белсенді дамуын жақтайды. Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуының  Тұжырымдамасын  іске  асыруға  біз белсенді араласамыз. Үкіметтік  емес  ұйымдарды  әлеуметтік  қызметтерді  іске  асыруға  кеңнен тартып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен қайырымдылық жүйесі аясында оларға қолдау көрсетілуіне ықпал жасайтын боламыз. Азаматтық қоғамның маңызды институты БАҚ-ты дамытудағы негізгі міндет, медиялық орталық ашықтығы мен бәсекелестігі тетіктерін күшейту, журналистер құқықтарының  сақталуына  кепілдік  беру  деңгейін  жоғарылату,  БАҚ жауапкершілігін күшейту болып қала бермек. Партия азаматтардың ақпарат және сөз бостандығы құқықтарын қорғауға, мемлекеттің ақпараттық саясатын, сонымен қатар  БАҚ  қызметі  саласын  ретке  келтіруші  заңнаманың  жетілдірілуіне  қол жеткізетін болады.

Партиямыздың қызметі мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам институттар арасындағы әлеуметтік серіктестікті ынталандыруға бағытталады. Азаматтық  қоғам  институттарын  дамыту  мәселелерін  ретке  келтіруші халықаралық  келісімдерге  Қазақстанның  қосылуына  жағдай  жасайтын жұмыстарды жалғастырамыз. Азаматтық  қоғам  институттарының  ролін  қоғамдық  маңызды  міндеттерді шешуде ғана емес,  сонымен бірге еліміздің жалпы саяси өмірінде жоғарылатуды жақтаймыз.

 

Сайлау  тетіктерін жетілдіру

Партия  сайлау  тетіктерін  одан  әрі жетілдіруді жақтайды.  Барлық  әрекеттер елімізде сайлаулардың әділ, ашық және бәсекелесті өтуіне бағытталуы керек. Бұл сайлауларда барлығы сайлаушылардың еркі ризашылығына байланысты болмақ. Біз сайлау процестерінің ашықтығы мен әділдігін, дауыс беру барысына және қорытындыларына кеңінен қоғамдық бақылау жасауды қолдаймыз. Біздің  партия  елімізде  тепе-теңдік  сайлау  жүйесін  дамытуды  және  оны еліміздің кейінгі мәслихаттар сайлаулары барысында пайдалануды қолдайды.

Жемқорлықпен  күрес Біз сыбайлас  жемқорлықтың  алдын алу басымдығын,  осы дерттің дамуына ықпал жасаушы себептері мен  алғышарттарын жоюды ұстанамыз.

Партия мемлекеттік  ресурстарды үлестіруде бақылаудың аздығы, мемлекеттік органдардың  рұқсат  беру  міндеттерін  жүзеге  асырудағы  бірқатар  кемшіліктері негізгі себептер деп қарайды. Мемлекеттік және қоғамдық органдар салаларында кең көлемді жемқорлықтың көрініс беруіне нақты әдістеріне ерекше назар аудару қажет. Бұл кеден, салық саласы, әлеуметтік және муниципалді тұрғын үй бөлу, лицензиялар  беру,  мемлекеттік  сатып  алу  және  мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыстар құралдарын үлестіру. Біз жемқорлыққа қарсы  бағыттар бойынша күресетін боламыз. Бұл ретте біз өкілетті  билік  органдарын  осы  күреске  кеңінен  жұмылдыруға  қол жеткізетін боламыз.

 

Партия  халықаралық  рейтинг  жүйесімен  қарулану,  халықаралық институттар, отандық үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықпен жұмыс жасауды көздеуде.

Бәсекеге қабілетті  азаматтар –  Қазақстанның болашағы Әлемдік  нарықта  Қазақстанның  қазіргі  уақыт  жағдайында  басымдық  негізгі бәсекесі жоғарғы білікті, шапшаң әрекет ететін адамдық капитал болуы қажет.

Атап  айтқанда,  елдің  бәсекеге  қабілеттілігінің  негізгі  көрсеткіші    -  халық өмірінің жоғары деңгейі мен сапасы болып табылады. Сондықтан  елді  дамытудың  жаңа  кезеңінде  халықтың  әлеуметтік  жағдайын ауқымды  жақсартудан  басталып  отыр.  Қоғамдағы  барлық  бөліктердің  өмір деңгейін жақсарту арқылы одан әрі ілгерілеу жолына түсеміз. Партия  бәсекеге қабілетті адам капиталын дамытуға бюджеттік ресурстарды топтауды қамтамасыз етеді. Біздің мақсатымыз әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылым, басқару, инженерлік-техникалық элиталық жаңа формацияларды құру болып табылады. Біз Қазақстан халқының  тұрақты қосымша ақша  қаражаттарының  көздерін иемдену  мүмкіндіктері  –  құнды  қағаздарды  басқарудан  инвестициялық  кіріс түсіру: акциялар, облигациялар ренттік кіріске ие болуына  күшімізді саламыз. Қазақстандықтардың  лайықты тұрғын  үймен қамтамасыз  етілуі,  тұрақты кірісінің болуы, сапалы білім алуы, медициналық көмек алуы, демалысқа және туристік  қызметтерге  қаражат  жұмсауы  және  лайықты  қарттықпен  қамтамасыз етілуі қажет. Партия еліміздің әлеуметтік салада өзінің азаматтары үшін  өмір сапасының Қазақстандық стандартын қамтамасыз ететініне сенімді.

 

 

Білім беру стандарты

Біз білім беру және мамандарды қайта даярлау жүйесін  дамытуға, оны әлемдік стандарттарға жақындатуға ұмтылуымыз қажет. Болашағымыздың негізгі кепілі - мемлекеттік  білім  беру  инвестициялары.  «болашақ»  партиясы  мемлекеттік білім  беру  шығындарын  5-7  пайызға  жалпы  ішкі  өнімнің  деңгейіне  дейін жеткізуін жақтайды.

Партия мектепке дейінгі ұйымдар желісін лайықты  дамыту және оның ақысыз негізге  алмасуын,  кәсіби-техникалық  білім беру  жүйелерінің қайта дамуын қолдайды.  Заңдылық  деңгейде  ауыл  мұғалімдерін  әлеуметтік  қорғау  бойынша төлемнің көлемін көбейту қажет, ауыл мектебін бітірушілерге мемлекеттік грант және несиемен жоғарғы оқу орындарына түсу үшін квоталар  көбейтілуі керек.

Жалпы  елімізде  мұғалімдер  және  профессорлық-оқытушылық  құрамының еңбек  және  материалдық  жағдайы  жақсы  болуы  тиіс.  Мұғалім  мамандығы қайтадан құрметті болуы қажет. Қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  оқытушылық  сапасын  жоғарылату мақсатында  біз  оқу  мекемелерін  халықаралық  стандарттар  деңгейінде аккредитациялау жүйесін енгізуді жақтаймыз.

 

Денсаулық стандарты

Біз әлемдік  стандартқа сай қазіргі заманғы  денсаулық сақтау жүйелерін құруға, сонымен  қатар  денсаулық  сақтауға  мемлекеттік  шығындарды  үнемі  ЖІӨ  пайызға көтеруге қол жеткізетін боламыз. Партия – денсаулық сақтауды мөлшерден тыс коммерцияға, бюджеттің бөлінуі және ақылы медицинаға  қарсы және ақысыз медициналық қызметтің кепілдік көлемі  шегінде  көрсетілетін  қызметтер  түрін  кеңейтуді,  халықтың  әлеуметтік жағдайы төмен тобын дәрі-дәрімекпен ақысыз қамтамасыз етуді қолдайды.

Балалар мен  аналардың өлімі, туберкулез ауыруының  деңгейін және СПИД ауруының өсу қарқынын қысқарту  бойынша түбегейлі шаралар қолдану қажет.

Біз  санитарлық  инфрақұрылымды  жақсарту  мәселелеріне  және  халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударатын боламыз. Партия өмір сүру ортасын сауықтырудың Ұлттық бағдарламасын жасауды және енгізуді жақтайды.

Біз  халыққа  қол  жетімді  медициналық  қызмет  көрсету,  медициналық сақтандырудың  бәсекелес  нарығын  дамытуға  мүмкіндік  туғызатын  боламыз. Сырқаттарды ерте айқындау және ескеруді жоғарғы технологиялық  медициналық орталықтарын  жүйелік негізде құру маңызды. Ұлт денсаулығы қоршаған орта мен және салауатты өмір салтын қалыптастыру жағдайына  тікелей  байланысты.  Сондықтан  біз  экологиялық  өндірісті  жаппай дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытуды,  темекі  шегу,  алкоголь  және нашақорлықпен қатаң күрес жүргізуді қолдаймыз.

Біз мына принціптер қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің  негізінде болуы керек деп  есептейміз:  адамдар  мен  жұмыс  берушінің  және  өзінің  денсаулығын қамтамасыз етудің ынтымақтас жауапкершілігі; мемлекеттік және жеке меншік медициналық қызмет көрсетуді үйлестіру; халықтың барлық бөлігі үшін білікті медициналық  көмектің  қолжетімдігі;  аурудың  алдын  алу  басымдығы;  емдеу нәтижелерінің тиімділігі.

Информация о работе «Болашақ» демократиялық партиясының бағдарламасы