Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 10:13, реферат
Өндіріс – ресурстарды адамзат қолымен өңдеп, белгілі бір технологияны пайдаланып дайын өнім шығару. Ал сол технология дегеніміз - әр түрлі ресурстардың комбинациясын пайдаланып белгілі бір әдіспен өңдеу. Бұл жердегі өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік) белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз.
1. Кіріспе. Өндіріс дегеніміз не?
2. Негізгі бөлім
1. Өндіріс ресурстары
2. факторлары
3. қызметы
4. Өндіріс тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қортынды.
Өндіріс дегеніміз бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі. Кез келген өндірістің түрі белгілі бір игіліктерді жасау мақсатындағы іс-әрекет ретінде анықталуы тиіс. Өндірісті жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстар қолданылады. Сол ресурстар өндірістік үрдіске тартыла отырып өндіріс факторлары формасына ие болады. Өндіріс факторлары(экономикалық теориядан білетініміздей) әдетте, іріленген түрінде: 1) еңбек өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде; 2) капиталөндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде; 3) жер табиғи ресурстардың жиынтығы ретінде; 4) кәсіпкерлік қабілет өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылады. Енді осы өндірістен пайда болған нәтижелер материалдық (тауарлар) және материалдық емес (қызметтер) формаға ие болады. Кез келген өндіріс үрдісінің өзіндік ерекшелігі болады, яғни белгілі бір технология арқылы қолданылатын факторлардың сандық және сапалық жағынан тиімді әдісін анықтауға болады. Ал технологиядегеніміз бұл өндірісте қолданылатын өндіріс факторларының өзара тиімді және тұрақты үйлесімділіктері. Сол бір өнімнің түрі әртүрлі технологиялық әдіспен өндіріле алады. Өз кезегінде технология дамыған сайын өндіріс факторларын аса тиімді түрде қолдануды қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруда жаңа әдістерді анықтауға мүмкіндік туады. Бір технологиялық әдісті қолдану аясында ресурстардың көлемі мен шығарылатын өнім көлемі арасында әрқашанда тұрақты байланыс болады. Бұл байланысты өндірістік функция сипаттайды.
Пайдаланыдған әдебиеттер.
1.Н. Қ. Мамыров, М. С.
Есенғалиева, М. Ә. Тілеужанова «Микроэкономика»
- 2000 жыл;
2. А. Б. Молдахметова, М. Ө. Өтебаев «Микроэкономика»
- 2007 жыл;
3. К. С. Құдайбергенов «Микроэкономика»
- 2008 жыл;
4.Интернет желісі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы
Тақырыбы:Бүгінгі таңдағы өндірістік даму тенденциялары мәселелері мен болашағы.
Тексерген: Рымбаева Т.А.
Информация о работе Бүгінгі таңдағы өндірістік даму тенденциялары мәселелері мен болашағы