Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 10:13, реферат
Өндіріс – ресурстарды адамзат қолымен өңдеп, белгілі бір технологияны пайдаланып дайын өнім шығару. Ал сол технология дегеніміз - әр түрлі ресурстардың комбинациясын пайдаланып белгілі бір әдіспен өңдеу. Бұл жердегі өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік) белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз.
1. Кіріспе. Өндіріс дегеніміз не?
2. Негізгі бөлім
1. Өндіріс ресурстары
2. факторлары
3. қызметы
4. Өндіріс тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:
1.Кіріспе
Өндіріс дегеніміз не?
2.Негізгі бөлім
1.Өндіріс ресурстары
2.факторлары
3.қызметы
4.Өндіріс тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1.Кіріспе
Өндіріс – ресурстарды адамзат қолымен өңдеп, белгілі бір технологияны пайдаланып дайын өнім шығару. Ал сол технология дегеніміз - әр түрлі ресурстардың комбинациясын пайдаланып белгілі бір әдіспен өңдеу. Бұл жердегі өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік) белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі:
1. Шикізаттар мен материалдар
2. Басқа өнеркәсіптің өндірген
тауарлары
3. Еңбек күші
4. Капитал (құрал-жабдықтар,
Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте,
өндірістік процесс тиімді болуын қалайды,
сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік
шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғандағы
шығаратын өнім көлемінің ең жоғары
деңгейін көрсетеді деп айтады.
1.Өндіріс – өзінің өміріне қажетті маиериалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
сол өнімді дайындайтын табиғи зат
өнімді жайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы
Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше – жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз
қажеттіліктерін
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.
Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.
Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.
Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.
Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.
2.Өндіріс ресурстары — бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады:
1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.
2. Материалдық» — бұл өндіріс
нәтижелері болып саналатын,
3. «Еңбек» — «әлеуметтік-
4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.
Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды құрайды.
3.Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.
ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.
Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.
Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.
Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.
Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.
Нарықтық экономикада
Өндіріс факторларының нарығы:
енбек нарығы, капитал нарығы, жер
нарығы және акпарат нарығы.Адамның
көп кырлы қажеттіліктерін
Еңбек- бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау туралы адамдардың бір мақсаттағы қызметтері. Еңбек заты - адам еңбегі бағытталатын объектілер, ол өз кезегінде соңғы өнім болып табылады. Ал еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен еңбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді. Еңбек заты мен құрал- саймандар бірігіп өндіріс құрал- жабдығын құрайды. Еңбек заты - бұл табиғи ресурстар. Еңбек құрал - саймандары- бұл әртүрлі механизмдер мен машиналар, қажетті тетіктер және т.б. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал – жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары және материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамның басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал- жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады, басқасында – басты еңбек құралдары ретінде.
Еңбек – адамның
ақыл- ойы және дене қызметтері. Тұтыну
құнын жасайтын еңбек нақты еңбек
деп аталады. Адамның жұмыс күші
шығындарынан тәуелсіз еңбек абстрактылы
еңбек деп аталады. Оған мысалы, адамның
еңбек ету кезіндегі жұмсаған
энергиясы, ойлауы жатады. Маржинализм
теориясыны бойынша нақты төрт өндіріс
факторы бар: жер, еңбек, капитал
және кәсіпкерлік қабілеттілік. Кәсіпкерлік
қабілеттілік- арнайы өндіріс факторы
ретінде өндірісті
Капитал бұрын өндірілген игіліктер болып келеді. Физиократтар капиталды шикізат пен кұралдар, А.Смит жинақталған еңбек және т.с.с. анықтаган. Капитал физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық капиталға өндірістік және өндірістік емес кұрылымдар, машиналар және құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар жатады. Физикалык емес капитал- адам капиталы, яғни адамның білімі, тәрбиесі, мамандығы, еңбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі, денсаулығы және т.б.Капитал-бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн экелетін авансталган кұн. Капиталдың натуралдық нысандары: ақшалай, тауарлық, өндіргіш. Капитал рыногын өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталдары құрайды. Капитал ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген: капитал- бұл өндіріс құрал – жабдығы, капиталды -бұл ақша соммасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген, капитал-бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал – бұл уақыт, ал уақыт-фактор ретінде табысты жасаушы.
Жер – табиғи фактор. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер жатады. Жерді жалға беру арқылы үстінен түсетін пайда рента деп аталады. Жердің өзі жақсы, орташа және нашар болып бөлінеді, бұл географиялық аумағына байланысты. Ал осы еңбек ұсынысын, сипатын және капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау кезінде ақпараттар нарығының алатын орнын байқауға болады. Қоғамдық өндірістегі табыстардың кұралуының экономикалық механизмін ұғыну үшін рыноктық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары механикалык және технологиялык жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануга болмайды. Адам қоғамының даму негізін материалдық өндіріс құрайды. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын - үй және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатса, онда адам қоғамы жойылып кетеді. Материалдық өндірістер саласына - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жатады, ал материалдық қызмет көрсету саласына көлік байланысы, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету - фабрикалар, киім жуу, тазалау орындары жатады. Қоғамдық өндірістің материалдық саласына- театрлар, мұражайлар және т.б, жатады. Ал материалдық емес қызмет көрсетулерге – денсаулық сақтау, спорт, білім, мәдениет, ғылым және т.б. жатады.
Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр:
Бұл мәселелер XXI ғасырдың негізгі проблемалары болып табылады.
Өндірістің тиімділігі – қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалған ресурстарға (еңбекке‚ материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік. Нәтиже экономикалық (өнімнің‚ пайданың өсуі‚ т.б.) және әлеуметтік (еңбек жағдайының жақсаруы‚ қоршаған орта мен адам денсаулығының сақталуы‚ т.б.) сипатта болатындықтан‚ Өндірістің тиімділігі экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында өндірістің түпкілікті нәтижелерінің әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының нашарлауы‚ қоршаған ортаға зиян келтірілуі‚ адамның тіршілік әрекетінің басқа да көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен өнім өндіру көлемін ұлғайтуға немесе пайда алуға жол беруге болмайды деген мағынаны білдіреді. Өндірістің экономикалық тиімділігінің нәтижелілік көрсеткіштері: шығарылған өнімнің көлемі немесе пайда, немесе пайда, ресурстар тиімділігінің нәтижелілігі – еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының (өндірістік қорлардың) жиынтық шығыны. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері алуан түрлі. Мысалы‚ ұлттық табыс‚ өнім шығару немесе пайда көлемі өсуінің осы өсуді туғызған күрделі жұмсалымға қатынасы экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі‚ өнім сапасы‚ оның материал сыйымдылығы‚ қор сыйымдылығы Өндірістің тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болып табылады. Экономикалық тиімділіктің артуы жоғары әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады‚ ал олар өз кезегінде экономикалық нәтижеге барған сайын күшті ықпал етеді. Сондықтан Өндірістің тиімділігінде экономикалық және әлеуметтік көзқарастың бірлігі мен өзара байланысы – шаруашылықты жүргізудің аса маңызды қағидатының бірі болып табылады
Өндіріс тиімділігі — экономикалық категория. Ол — өндіргіш күштер мен өндірістік қарым — қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі — нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Тиімділік — ұлғаймалы ұдайы
өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты.
Ресурстарды таңдау кезінде баламалы
нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын
сапалы бағалау көрсеткіші болумен
бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау,
өндіріс құрылымының
Информация о работе Бүгінгі таңдағы өндірістік даму тенденциялары мәселелері мен болашағы