Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 00:19, реферат
Зерттеу жұмысын жасау барысындағы мақсат Батыс Қазақстан облысының тәуелсіздік алғаннан бастап, осы уақытқа дейінгі оның экономикалық және саяси дамуына жан-жақты ғылыми талдау жасалды. Батыс Қазақстан еңбекшілерінің қызметін, шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін деректер арқылы дәйектеп жеткізу. Сонымен қатар облыстың экономикалық және саяси даму барысында кездескен қиыншылықтардың себеп-салдарларын барынша ашып көрсету. Дипломдық жұмыс жазу барысында сол кездегі Батыс Қазақстан облысының экономикалық-саяси дамуын зерттеп, шолу жасау, қазіргі таңдағы қалыптасқан бағыттарды реттеп, оның мәні мен себебін ашу болып табылады
Кіріспе
I тарау. Батыс Қазақстан облысының экономикасы
1.1. Батыс Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының күрт төмендеуі
1.2 Облыс өнеркәсібін нарықтық экономикаға бейімдеу және оны ілгері дамыту
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің облыста дами бастауы
1.4. Облыстың агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі жағдайы
II тарау. Облыс ауыл шаруашылығына нарықтық қарынастардың енуі
2.1. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі
2.2.Шаруашылықтар санаттары бойынша ауыл шаруашылығы жалапы өнімі құрылымы
2.3. Батыс Қазақстан облысының табиғат жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Сонымен
қатар, астық өндірісі тұрақсыз қалпында
қалуда, дәнді дақылдардың өнімділігі
ауа-райы жағдайларына байланысты жыл
сайын күрт құбылып, 2008 жылы – 9,2 ц/гектарды,
2009 жылы – 10,1 ц/гектарды, 2010 жылы – 5,7 ц/гектарды,
2011 жылы – 4,0 ц/гектарды құрады.
Мал шаруашылығында шошқаны қоспағанда, мал басы мен құстардың тұрақты өсу тенденциясы байқалады. Бір жылда салыстырғанда ірі қара мал басы - 6,3 %-ға, қой мен ешкі - 5,5% -ға, жылқы – 2,7% -ға, құс - 49,4% -ға өсті. Жемдік астықтың қымбаттауына байланысты шошқа басы – 21,5% -ға кеміді.
Ірі қара малдың республика бойынша жалпы мал басы санындағы үлес салмағы - 7,9 % -ды, шошқа - 2,1% -ды, қой мен ешкі - 5% -ды, жылқы – 4,5% -ды, түйе - 2,8 % -ды, құс - 3,4% -ды құрайды.
Жүнді
тұқымды қой басының
Соңғы он жылдықта ауыл шаруашылығы өндірісінде мал шаруашылығы үлесінің
35 %-дан
57% -ға дейін артуымен құрылымдық
ілгерілеушіліктер болды.
2.2.Шаруашылықтар
санаттары бойынша ауыл
шаруашылығы жалапы
өнімі құрылымы
Өсімдік
шаруашылығының үлес салмағы жылына
65%-дан және 10%-ға шиеленіскен жағдайға
дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу
жиі құрғақшылық салдарынан болды, мал
шаруашылығына қарағанда өсімдік шаруашылығының
құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық
өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс
көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін
2008 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік
берді, 2009 жылы ол 43%-ға дейін қысқарды,
2010 жылы төмен өнімділікке байланысты
одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде.
2010
жылғы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы
өндірісінде 4,2 мың шаруа (фермерлік) қожалықтарын,
352 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен
100 мың тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарын
қосқанда 4,6 мыңдай ауыл шаруашылығы құрылымдары
есепте бар.
Соңғы
10 жылда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің
құрылымын талдау, АӨК-дегі қоғамдық өндіріс
дағдарысы ауыл шаруашылығы өндірісі
көлемінде шаруа қожалықтары мен тұрғындардың
жеке қосалқы шаруашылықтарының үлес
салмағының өсуіне алып келгендігін көрсетіп
отыр.
Жалпы
өнім құрылымында тұрғындар
Негізгі
өндірушілер ұсақ тауарлы тұрғындардың
жеке шаруашылықтары болып отыр. Олар
ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінен
87% ет, 93% сүт, 75% жұмыртқа, 80%-дай жүн, 86% картоп,
82% көкөніс, 71% бақша өнімдерін өндіреді.
Облыстың қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы жағдайы өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен сипатталады. Талдау көрсеткендей, салғырт даму мен төмен тиімділік жағдайының негізгі факторлары:
- аграрлық бизнестің экономикалық активті субъектілерін қалыптастыру үдерісінің аяқталмауы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінде орта және ірі шаруашылықтардың үлесі үлкен емес және 10%-дан артық құрамайды. Ұсақ тауарлы және табиғи өндірістің (тұрғындар шаруашылықтары) басым болуы облыстың аграрлық секторын дамытуда теріс көрініс табады: өндіріске ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін енгізу, өндірістік үдерістерді интенсификациялау мен механизациялау мүмкіндіктері шектеледі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына бақылау төмендейді.
- аграрлық салада рыноктік ортаның төмендеуі және рыноктік конъюктураның күрт құбылуы
Ауыл шаруашылығы өнімдері
2.3.
Батыс Қазақстан облысының
табиғат жағдайы
Батыс
Қазақстан облысы Қазақстан Ресупбликасының
қиыр солтүстік-батысында орналасқан.
Орал тауынан бастау алатын Орал (Жайық)
өзенінің 1200 км.жуық төменгі (бірқатары
ортаңғы) ағысында орналасуынан, осыншама
өзен арнасының облыс территориясын солтүстік-шығыстан
оңтүстікке қарай екі бөлікке бөліп өтіп,
Каспий теңізіне құюы нәтижесінде өлкенің
климаттық құбылысына, топырағына, өсімдіктері
мен жануарларына белгілі әсері болып
келеді.
Облыс
территориясының батыстан шығысқа қарай
неғұрлым ұзындығы – 585 км, түстіктен оңтүстікке
қарай – 425 км. Шамасындай. Қазақстан Республикасы
территориясының 5,9% бөлігін алып жатыр,
немесе жалпы көлемі 151,2 мың шаршы км. Өлкеміздің
осы кеңістігі 45030' және 51035' шығыс бойлықтары
мен 51035' және 480 солтүстік ендіктері аралығында
орналасқан. Демек, өлке кеңістігінің
географиялық орналасуы Орталық зонаның
оңтүстік шекарасына таман орналасқан.
Батыс
Қазақстан облысы рельефінің айырмашылығы
оның тегістік болып келуінде. Облыс бетінің
бедері түстік-шығыстан және оңтүстік-батысқа
қарай ойпаңдай түсуі. Сөзімізді дәлелдей
түсек, географиялық ерекшелігіне қарай
бес ірі геоморфологиялық аймаққа (регион)
бөлуге болады: 1. Жалпы Сырт. 2.Оралтегі
(Подуральское-Эмбенское) үстірті. 3. Сырт
алды жарлы биіктік. 4. Каспий ойпаты. 5.
Орал өзені ортаңғы және төменгі ағыстарының
алабы.
Жалпы
Сырттың Абсолюттік биіктігі 100-200 м аралығында.
Кейбір биік жері сиректеу болсада кездеседі.
Мысалы, Ешкі (гора Ичка) тауының биіктігі
252 м. Өлкеміздегі ең биік жерлердің бірі.
Жалпы Сырттың өлке территориясындағы
топырақ құрамы негізінен күрделі ауыр
күлгін топырақ түрінен қалыптасқан, немесе
оны сырттық саздақ деп атаған.
Батыс
Қазақстан облыс
Каспий
ойпаты облыс территориясындағы көпшілік
бөлігі, көктемде су толатын тайыз ойпаттар
және сайлар (лиманы 3-6 м, тереңдіктері,
0,5-2,0 км.диаметрі) кеңінен таралған. Осындай
сайлардың ірілері дәнді дақылды мәдени
өсімдіктер мен пішендік (мал азығы) шаруашылықтарға
кеңінен пайдаланады.
Өлкеміздің
қырат аймақшаларында микрорельефтері
жақсы дамыған, оларда шәйтабаққа ұқсайтын
саршұнақ төмпешіктері, тереңдіктері
20-25 см. Және диаметрі 1-3 м шамасындай болып
келетін микроойпатшалар жиі кездеседі.
Облысымыздың
оңтүстік және шығыс бөлігі территориясында
құм массивтері кездеседі. Негізінен,
олар атраулық (дельтовые) және теңіздік
тайызсулық (қалдық су) жерлерінен қалыптасқан
аймақшалар. Су кетіп, құмның ылғалды жерге
желмен келуінен құм борасындарының қалыптасуы
(тұрақтауы) ылғалды топыраққа (почваға)
негізделген, құм массивтері қалыптасқан.
Өлкемізді
Азия және Еуропа құрлықтарын бөліп
жатырған Орал өзені алабы өлке территориясын
түстіктен оңтүстікке Каспий теңізіне
қарай, алдымен шығыстан-батысқа
қарай, Орал қаласынан бастап күрт оңтүстік
бағытына енсіз алабы созылып жатыр. Неғұрлым
енсіздеу бөлігі (7-10 км) Индер ауданында
болса, ал Елек және Утва өзеншелерінің
Орал өзеніне құйылу алабының ені 12-13 км.
болып келсе, Орал қаласы деңгейінде (Хвала
теңізі атрауы) ені 50 км жеткен
КЛИМАТЫ.
Батыс Қазақстан облыс климаты неғұрлым
континентальдығымен ерекшеленеді. Дәлірек
көңіл аударсақ солтүстіктен - батысқа
қарай, оңтүстіктен- шығысқа қарай бұл
ерекшелік үдей түседі. Климаттық жағдайдың
күрт өзгеруі күні және түні, қысы және
жазы кезіндегі табиғи құбылыс тез ауысуы
байқалады. Өлкенің көпшілік ( түгелдей
дерлік) аудандарында климаттың тұрақсыздығы
тән және жауын- шашын ылғалына жеткіліксіздік
(дефицит) тұрақты болып келеді.
Облысымыздың
барлық территориясы үшін территориясы
үшін ауа жылуының ұзақтығы орташа
жылдық мөлшері +5,9 градусқа сәйкес келеді.
Орташа айлық температурасы (градус):
Салқындық кезеңдегі айлар: Жылылық кезеңдегі айлар:
І – 12,9 ІУ+7,9
ІІ- 12,3 У + 16,4
ІІІ – 5,2 УІ + 21,2
ХІ – 1,9 УІІ + 23,6
ХІІ – 8,6 УІІІ + 22,0
ІХ + 15,1
Х
+ 5,9
Ең жоғарғы
қар жабындысы наурыз да 25-30 см солтүстік
аймақта, ал 10-20 см оңтүстік аудандарда.
Қыс
кезінде ауаның төменгі минималді
температурасы арктикалық ауаның араласуынан
– 30-35 градустардағы аязды күндері
болып тұрады. Кейбір өте аязды қыстары
сынап бағанасы -40-440 С дейін төмендейтін
кездері болады.
Қыс
айларында желдің орташа жылдамдығы
4,5-5 м/сек жетеді. Орташа көпжылдық
қыс кезіндегі боранды
Жаз
айлары ыссы, құрғақ. Вегеративті кезеңдегі
жылулық ресурсын 10 градустан жоғары
мөлшерінен екпінділігін алсақ орташа
жылу мөлшері: 2700-солтүстік аудандарда,
34000-оңтүстік аудандарда болып келеді.
Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері: көпжылдық орташа мөлшері: 300 мм-солтүстік аудандарда, 140 мм-оңтүстік аудандарда болып келеді. Ортақ мөлшері атмосфералық ылғалдықтың барлық өлке территориясына ортақ-263 мм шамасындай. Ал, облыс кеңістігіндегі топырақтың булану мөлшері көпжылдық деректер бойынша: 850 мм-солтүстік аймақта 1300 мм-оңтүстік аудандарда.
Батыс
қазақстан облысы жағымсыз ауа райы
күндері: кештеу аяқталған көктем, ертерек
түскен күздің салқындығы, атмосфералық
және топырақтың қуаңшылылығы, аңызақ
желдің орын алуы, кейде 15 м/сек. Жылдамдықтары
қатты желдердің болуынан: құмды боран,
бұршақты дауылдардың тұруы болады.
ГИДРОГРАФИСЫ. Облыстың территориясында
200 астам өзендер бар. Олардың 65-і жаз айларының
соңына таман түгелдей кеуіп қалатындар.
Өзендердің көпшілігі арнасы 10 км болмайды.
Арна ұзындығы 200 км. Астам болатын өзендер
облыс территориясында-8.
Өлкеміздегі
негізгі су көзі-Орал өзені. Оның облыс
территориясындағы арнасы 761 км. Осы ұзындықтағы
арнаның облыс территориясындағы су жинау
кеңістігінің көлемі (водосборную площадь)-
116678 шаршы км. Облыс территориясы бойынша
Орал өзеніне сол жағалауына құятын өзендер:
Елек, Утва, Барбастау; оң жағалауына құятындар:
Ембулат, Быковка, Рубежка, Шаған. Орал
өзені төменгі ағысынан бастау алып жылына
(жазғы маусымда) – 1 куб км. Суды Жалтыркөл
көлдер жүйесіне (Жанақала бағытына) құйып
отыратын Көшім өзені бар.
Өлкемізде 150 тарта көлдер бар, олардың су көлемі бетінің жалпы ауданы 1532 шаршы км. Сонымен бірге, өлке территориясында көптеген су жайылмалары (разливы) бар. Олар: Чижа жайылмасы -2200 шаршы км. Дюрин жайылмасы – 700 шаршы км. Үлкен өзен жайылмасы-600-700 шаршы км. Кіші Үзен-200-300 шаршы км.
Облыс бойынша көлдердің орналасуы біркелкі емес: Елек өзені бассейінінде-5 көл, Бұлдырты өзені бассейінінде-10 көл, Қалдығайта өзені бассейінінде-20 көл;
Үлкен және Кіші Үзендер бассейінінде Қамыс-Самар көлдер жүйесі көлемі-200 шаршы км. Осы жүйедегі ірі көлдер: Балықты Сакрыл көлі; Сарайдын.
Облыс
көлеміндегі ең үлкен және терең
көл-Шалқар. Оның ауданы-242 шаршы км. Соңғы
жылдары облыс көлемінде жасанды суқоймалары,
тоғандар салынды. Облыс бойынша олардың
саны-100-ге жетті. Олардың жалпы ауданы
1600 шаршы км. болып отыр. Кіші Үзен бассейінінде
олардың саны-20-ға жетті. Утва өзені бассейінінде-20,
1 және 2-ші Шежін өзендер бассейінінде-20;
Елек өзенінде-15; Шаған, Деркул өзендері
бассейінінде-15; Көпір Аңқатыда-5.
Көктемгі су тасқыны кезінде Орал, Елек өзендер арнасы үлкен деформацияға (жағалаулары үлкен су қысымына) тап болады. Жағалаулары су ағыны мен опырылып құлайды. Жағалаулық бөлінуі сулар (старица) қалыптасады. Өзен арнасы кеңи түседі, көптеген жағалаулық құлама материалдары ағын мен өзен арнасына түсіп, ұсақ аралшықтар қалыптастырады, өзен суы лайын (мутнасы) күрт жағала
Судың
арнамен ағу жылдамдығына кедергілер
жасалады, су ағысы мен минералда қатты
заттардың (твердый срок) көшуін артып
өзен арнасы мен судың ағуын баяулатады,
өзен арнасын жүйелі түрде ашып отыруға
мәжбүр етеді.