Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 00:19, реферат
Зерттеу жұмысын жасау барысындағы мақсат Батыс Қазақстан облысының тәуелсіздік алғаннан бастап, осы уақытқа дейінгі оның экономикалық және саяси дамуына жан-жақты ғылыми талдау жасалды. Батыс Қазақстан еңбекшілерінің қызметін, шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін деректер арқылы дәйектеп жеткізу. Сонымен қатар облыстың экономикалық және саяси даму барысында кездескен қиыншылықтардың себеп-салдарларын барынша ашып көрсету. Дипломдық жұмыс жазу барысында сол кездегі Батыс Қазақстан облысының экономикалық-саяси дамуын зерттеп, шолу жасау, қазіргі таңдағы қалыптасқан бағыттарды реттеп, оның мәні мен себебін ашу болып табылады
Кіріспе
I тарау. Батыс Қазақстан облысының экономикасы
1.1. Батыс Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының күрт төмендеуі
1.2 Облыс өнеркәсібін нарықтық экономикаға бейімдеу және оны ілгері дамыту
1.3.Шағын және орта кәсіпкерліктің облыста дами бастауы
1.4. Облыстың агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі жағдайы
II тарау. Облыс ауыл шаруашылығына нарықтық қарынастардың енуі
2.1. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі
2.2.Шаруашылықтар санаттары бойынша ауыл шаруашылығы жалапы өнімі құрылымы
2.3. Батыс Қазақстан облысының табиғат жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі
Евразия
Нарық Институты
Реферат
тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының
экономикасы
Алматы 2011
Жоспар
Кіріспе
I тарау.
Батыс Қазақстан облысының экономикасы
1.1. Батыс
Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының
күрт төмендеуі
1.2 Облыс
өнеркәсібін нарықтық
1.3.Шағын
және орта кәсіпкерліктің облыста дами
бастауы
1.4. Облыстың
агроөнеркәсіп кешені
II тарау.
Облыс ауыл шаруашылығына
2.1. Ауыл
шаруашылығы жалпы өнімі
2.2.Шаруашылықтар
санаттары бойынша ауыл
2.3. Батыс
Қазақстан облысының табиғат
жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Ауыл – қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүр мен ұлттық салт-санамыздың мөлдір бастауы, алтын бесігі. Халық шаруашылығында ауыл шаруашылығы тарихи да күрделі орындардың біріне ие. Кезінде Қызыл армияны, империяны ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп тұрған да ауыл тұрғындары болатын. Кеңестер Одағы таратылғаннан кейінгі уақыттарда дағдарыстың ащы азабын тартып, ең көп жапа шеккен де солар. Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгенмен, бұл мәселелер одан әрі ушыға түсті. Соңғы онжылдықтағы ауылшаруашылығы да біраз өзгерістерге толы болды. Өйткені, ол екі өзара сабақтас міндеттерді шешеді: бір жағынан, халықты азық-түлікпен, екінші жағынан өндіріс кәсіпорындарын ауыл шаруашылығы дақылдары шикізатымен қамтамасыз жасайды. Ауыл шаруашылығының қоғамдағы осындай маңызды ролі Қазақстан Республикасы тарихына тән жағдай болып саналады. Қазақстан Ресейдің отарлау саясаты кезінде де, кейінгі жиырмасыншы ғасырдағы кеңестік дәуірде де ауыл шаруашылығы дамыған аграрлы елдің бірінен саналды.
Әрине,
республика жағдайындағы ауыл шаруашылығына
қатынасты жетістіктер мен
Ауыл шаруашылығы тарихын зерттеу күрделі де қиын міндеттердің қатарынан саналады. Бұл ауыл шаруашылығы саласында кезінде Кеңестер Одағында, Қазақстанда көптеген тарихшы-ғалымдар өздерінің іргелі еңбектерін жазып атсалысқан. Бұл тұрғыда тарих ғылымдарының
Зерттеу
жұмысын жасау барысындағы
Еңбек
мазмұны жағынан кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
I
тарау. Батыс Қазақстан
облысының экономикасы
1.1.
Батыс Қазақстан облысының
осы жылдардағы экономикасының
күрт төмендеуі
Еліміздің
тәуелсіздік алған тұста бізге жантәсілім
экономиканың сынығы ғана тиді, соның
өзінде оны игеру мен зерделеу керек болды,
өйткені республика бұрын өз әуелетін
басқарып көрмеген еді. Кеңес Одағынан
бізге, әлемдік қалыптарға мүлде сай келмейтін
кәсіпорындар мен жабдықтары бар өнеркәсіп
пен жағдайы жайсыз ауылдары мен селолары
бар экстенсивті ауыл шаруашылығы мұра
болып қалды. Жаңа экономикалық қатынастар
бұрынғы басқару мен материалдық - техникалық
қамту құрылымдарының жойылмауымен қатар
жүрді. Бұл халық шаруашылығының барлық
салаларында өндірістің құлдырауына әкелді.
Облыс бойынша өндіріс көлемі 2009 жылмен
салыстырғанда 2010 жылы 18,8 пайызға қысқарды
және 16651 млн сомды құрады, 3754,2 млн сомның
өнімі алынбай қалды. Өнім шығарудың күрт
төмендеуі машина жасау (23%), тамақ өнеркәсібі
(28%), қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында
болды. 2009 жылғы өндіріс деңгейіне 41 кәсіпорын
немесе олардың 65 пайызы жеткен жоқ.
Өндіріс
көлемінің ең үлкен төмендеуі
ет комбинатында (27,4%), «Уральскреммаш»
өндірістік бірлестігі (42,9%) арақ-шарап
заводында (33%), Орал нан өнімдері комбинатында
(33,5%), Ақсай құрамажем заводында (32,6%), балық
комбинатында (54,4%) байқалды.
Облыстың
өнеркәсіп кәсіпорындарынан жұмысшылар
мен қызметкерлердің кету процесі жүрді.
2009 жылы 30435 адамның орнынан 2010 жылдың
аяғында өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың
саны 29102 адам немесе 95 пайыз болды. Халықтық
тұтыну товарларын өндіру 20,7 пайызға қысқарды
және ол 8,7 млрд сом құрады. 2009 жылы қаңтар-желтоқсан
кезеңінде азық - түлік товарларын өндіру
7,6 млрд сом, басқа товарлар 2755 млн сом
құрады. Облыс экономикасының негізін
құрайтын машина жасау заводтары қоймаларында
сіресіп тұрып қалған ешкімге керексіз
өнімдеріне сұраныстың күрт төмендеуінен
дағдарысқа ұшырап тұралап қалды.
Республика
және жекелей алғанда біздің облыс
үшін күрделі де ауыр болған өтпелі
кезеңнің алғашқы үш жылының тәжірибесі
болып жатқан процестердің мәнін
түсініп, олардың даму барысын талдауға
мүмкіндік берді. Бұл тәжірибелер кез-келген
реформаның ауыртпалықтар мен қиындықтар
арқылы жүзеге асатынын көрсетті, реформалау
кезеңі ұзаққа созылса, оның әлеуметтік
бағасы да соғұрлым жоғары болмақ. Еліміздегі
экономикалық саясат пен экономиканы
реформалау жұмысы, Президент атап өткендей,
шын мәнінде өз ұлттық валютамыз – теңгені
айналымға енгізуден басталды. Жүргізілген
экономикалық реформа бұрынғы орталықтан
тотальдық жоспарлау мен мемлекет тарапынан
бақылау әдісінен бас тартып, мемлекет
пен экономика арасындағы өркениетті
байланыс түрлеріне көшуде, яғни парламент
тиісті заң актілерін қабылдайды, ал өнім
берушінің жұмысы бұрынғыдай мемлекеттік
жоспарлау комитетіне немесе министрлікке
емес, өзінің алғырлығына, шаруашылық
жүргізе білуіне байланысты.
Осындай
нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығының
жағдайы көпшілік қауымды ойландырды.
Ауыл шаруашылығы экономикасын реформалаудың
елеулі нәтижелері болғанмен, айтарлықтай
жетістіктер байқалмады. Агросектордың
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы
барлық аграршы ғалымдарды толғандырды.
Осы орайда ауыл шаруашылығын нарықтық
экономикаға көшіру қарсаңында осындай
көкейтесті проблемалар тұрған болатын.
Экономикасы
өтпелі кезеңдегі
ел болашағының екі
нұсқасы бар еді:
1. Экономикада
қалыптасқан үрдісті қалпында
қалдыру, оны үнемі
2. Ең
соңғы, осы заманғы әрі ұтымды
технологиялар негізінде
Қазақстан
екінші жолды таңдады – экономиканың
ұзақ мерзімді серпінді өркендеу әуелетіне
ие, бәсекеге қабілетті және тиімді қазақстандық
үлгісі қалыптастырылмақ, мұның өзі еліміздің
тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып,
шешуге мүмкіндік берді. 2009 жылы облыс
өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылмен
салыстырғанда 36 пайызға қаржыландырудың
барлық көздері бойынша күрделі қаржы
көлемі 69 пайызға қысқарды. Осы жыл тез
экономикалық гүлдену жөніндегі қиялдан
бас тартып, кезек күттірмейтін шаралар
мен экономикалық реформаларды тереңдету
бағдарламаларын орындау жолындағы талаптарды
қатаңдатты.
1.2
Облыс өнеркәсібін нарықтық
экономикаға бейімдеу
және оны ілгері дамыту
Нарықтық
қатынастарға көшудің облыстық концепциясы
меншіктің жаңа қатынастарын анықтады.
Қазақстанның халық шаруашылығында экономикалық
дағдарыстың күшеюі салдарынан, өндірістің
құлдырауы, тұтыну нарығының тұрақсыздануы
белең алып, бюджеттің тапшылығы сезілгендіктен
облыстарда мемлекеттік мүлік комитеттері
құрылды.
Мемлекеттік
меншікті қайта құру облыс әкімшілігі
басшысы бекіткен республикалық және
коммуналдық меншіктегі объектілерді
мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру
бағдарламасы бойынша жүргізілді. Мемлекеттен
алу кәсіпорындарды акционерлік, коллективтік
және басқа да меншік түрлеріне беру арқылы
жүргізілді. Облыс өнеркәсібінде меншіктің
негізгі түрі бұрынғыша мемлекеттік болды.
Меншіктің арендалық түріне өнеркәсіп
кәсіпорындарының шамамен 5 пайызы көшті.
1 қаңтарда облыста 130 объект, оның ішінде
29 сауда, 16 қоғамдық тамақтандыру, 22 тұрмыстық
қызмет, 16 өнеркәсіп, 16 құрылыс, 1 транспорт,
22 ауылшаруашылық, 1 коммуналдық шаруашылық
және 8 басқа салалардағы объектілер жекешелендірілді.
Егер жылы 9,8 млн сомға 17 объект жекешелендірілсе,
жылы 374,6 млн сомға 130 объект жекешелендіріліп,
нәтижесінде бюджетке 159,0 млн сом, соның
ішінде республикалық бюджетке 132,2 млн
сом, жергілікті бюджетке 26,8 млн сом аударылды.
Мемлекеттік меншікті өзгертудің негізгі
формасы коллективтік меншікке сатып
алу болды.
1.3.Шағын
және орта кәсіпкерліктің
облыста дами бастауы
Батыс Қазақстан аграрлы облыс. Агроөнеркәсіп кешені өнімдері жалпы өндірістің 2/3-ден астамын құрайды. Мұның өзі облыс экономикасына аграрлық сектордың қосар үлесі қомақты екенін көрсетеді. Өтпелі кезеңде облыстың агроөнеркәсіптік кешені де елеулі қиыншылықтарды бастан кешірді. Нарықтық қатынастарға көшу, сатылатын шикізат бағасының либерализациялануы және өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдердің қымбаттауы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіне де кері әсерін тигізді.
Агроөнеркәсіптік
кешен экономиканың әлеуметтік маңызы
зор секторларының бірі. Агроөнеркәсіп
кешенінің ұйымдық құрылым ауыл шаруашылығынан,
балық, су шаруашылығы өнімдерін өңдейтін
кәсіпорындар мен материалдық-техникалық
қамтамасыз ету станцияларынан тұрады.
1.4.
Облыстың агроөнеркәсіп
кешені экономикасының
қазіргі жағдайы
Батыс
Қазақстан облысының
Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп - 2,7%, көкөніс - 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн - 0,7%, майлы дақылдар - 0,4%, бақша дақылдары - 0,4%, жеміс-жидек - 0,5%, басқа өнімдер – 13,7%-дан келеді.
Соңғы
жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық
өсу байқалады. 2000 жылмен салыстырғанда
біршама жоғары қарқын 2002 жылы - 19,8%,
2003 жылы – 24,2% байқалынды, 2009 жылы
ауыл шаруашылығының даму қарқыны 11,8%
-ға төмендеді, ал 2010 жылы 3,3% күтілуде.
II
тарау. Облыс ауыл шаруашылығына
нарықтық қарынастардың
енуі
2.1.
Ауыл шаруашылығы жалпы
өнімі
Ауыл
шаруашылығы тауар
Ауыл
шаруашылығы тауар
Дәнді дақылдар алқабы салыстырғанда 81,9% -ға өсіп, 701,7 мың гектарды алды. Астықтың жалпы түсімінің шү жылда орташа алғанда көлемі 492,5 мың тонна немесе жылына салыстырғанда 62,6 % -ға артты.