Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 16:00, доклад

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстан өзінің посткризистік кезеңінде экономикалық өсуінің басты көрсеткіші және оны ары қарай дамытушы болып кәсіпкерлік екенін түсінеді. Жалпы кәсіпкерлік саласының ел экономикасын алға «сүйрейтін» басты құрылымдар қатарынан екені әлемдік тәжірибеден белгілі. Біле білсек, әлеуметтік ахуалымызды айтпағанда ішкі жалпы өнімнің құрылымы, оның сапасы, экономикалық өсім – барлығы да айналып келгенде кәсіпкерлікке байланысты.

Содержание

Кіріспе
Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны.
2.Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
3.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік
жағдайы.
4.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің
мәселелері мен жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Акмарал конференция.doc

— 180.50 Кб (Скачать)
 

    Тіркелген 6888 кәсіпорын мен ұйымдардың 1670-сі, яғни 24% көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында, ал 56-сы, яғни 0,8 % көлік және қоймалау саласында шоғырланған.

    Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлік  нысандары биылғы он айда 366285 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылғыдан 3,2 пайызға артық.

    Облыстық  статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде 18098 белсенді шағын кәсіпкерлік нысаны болса, бұларда 71727 адам еңбек етеді. Соның ішінде 2209 заңды тұлғада 33758 адам жұмыс жасап, 338196 мың. теңгенің өнімін өндіруге жетісті. 12339 жеке кәсіпкерлікте 27314 адам нәпақа тауып, 18626 мың. теңгенің өнімін шығарды. 3550 шаруа қожалығында 10655 адам еңбек етіп, 9463 мың. теңгенің өнімін өндірді. Сонда облыс бойынша шағын кәсіпкерлік нысандарының барлығында 1 жұмысшыға шаққандағы өндірген өнім көлемі 5107 мың.теңге, 1 шағын кәсіпкерлік нысанына шаққандағы өндірген өнім көлемі 20240 мың.теңгені құрайды. Заңды тұлғаларда 1 жұмысшыға шаққандағы өндірген өнім көлемі 10018 мың.теңге, 1 шағын кәсіпкерлік нысанына шаққандағы өндірген өнім көлемі 153099 мың.теңге, жеек кәсіпкерліктерде 1 жұмысшыға шаққандағы өндірген өнім көлемі 682 мың.теңге, 1 шағын кәсіпкерлік нысанына шаққандағы өндірген өнім көлемі 1509 мың.теңге, шаруа қожалықтарында 1 жұмысшыға шаққандағы өндірген өнім көлемі 888 мың.теңге, 1 шағын кәсіпкерлік нысанына шаққандағы өндірген өнім көлемі 2666 мың.теңгені құрайды екен.  

Облыс бойынша шағын кәсіпкерлік нысаны Барлығы Заңды тұлғалар Жеке кәсіпкерліктер Шаруа қожалықтары
Шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 18098 2209 12339 3550
Жұмысшылар  саны, адам 71727 33758 27314 10655
Өндірген  өнімінің көлемі, мың.теңге 366285 338196 18626 9463
1 жұмысшыға шаққандағы өндірген өнім көлемі, мың теңге 5 107 10018 682 888
1 шағын кәсіпкерлік нысанына шаққандағы  өндірген өнім көлемі, мың теңге 20240 153099 1509 2666
 
 

    Облыста 1 қарашадағы дерек бойынша 4238 шағын бизнес кәсіпорны (өткен жылғыдан 1,2 пайызға кем) тіркелсе, соның 3131-і жұмыс істейді, 1893-і экономикалық тұрғыдан белсенді болып отыр.  

Шағын бизнес кәсіпорындарының саны 

  2010 жыл
  Тіркелген Жұмыс істеп  тұрған Белсенді
Батыс Қазақстан облысы 4 238 3 131 1 893
Ақжайық 27 12 9
Бөкей ордасы 10 9 6
Бөрлі 509 367 186
Жаңақала 13 11 9
Жәнібек 21 17 10
Зеленов 121 92 61
Казталов 24 19 9
Қаратөбе 13 10 6
Сырым 45 34 24
Тасқала 43 36 24
Теректі 60 43 28
Шыңғырлау 36 24 20
Орал (қ.а.) 3 316 2 457 1 501
 

    Заңды тұлғалардың 77,8 пайызы Орал қаласында, 12,6 пайызы Бөрлі ауданында шоғырланған.

      «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 187,2 млн. теңге,  жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға 359,0 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді.

    Облыстың  микрокредиттік ұйымдарымен 678,3 млн. теңгеге 881 шағын несие берілді, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары  есебінен - 35,5 млн. теңгеге 97 шағын несие, республикалық бюджеттің қайтарылған қаражаттары есебінен - 104,4 млн. теңгеге 292 шағын несие, жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен - 150,0 млн. теңгеге 46, жергілікті бюджеттің қайтарылған қаражаттары есебінен - 125,5 млн. теңгеге 53 шағын несие, басқа да қаржы көздерінен - 262,9 млн. теңгеге 393 шағын несие берілген. 
 

    Қаңтар-қазан 2010 ж. шағын кәсіпкерліктерді несиелендірудің негізгі көрсеткіштері  

Несиелендіру  көздері Берілген  несие сомасы, млн.теңге Берілген несие саны
Облыстық  микрокредиттік ұйымдар 678,3 881
Республикалық бюджеттің қаражаттары 35,5 97
Республикалық бюджеттің қайтарылған қаражаттары 104,4 292
Жергілікті  бюджеттің қаражаттары  150,0 46
Жергілікті  бюджеттің қайтарылған қаражаттары 125,5 53
Басқа да қаржы көздері 262,9 393
 

    Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасының 70 пайызы «Самұрық-Қазына»  құрамындағы даму институттарының  күшімен жүзеге асады. Қор биылдан  бастап ел экономикасын әртараптандыру, индустриялық-инновациялық даму жолына өз ресурстарын жұмылдырмақ. Батыс Қазақстан облысында таяуда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры даму институттарының ашық есік күні" деген бизнес-форум өтті. Оған екі жүзден аса облыс кәсіпкерлері қатысты.

    «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры өкілдерін даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев бастап келді. Жиынды Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев ашты.

      «Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы даму институттарының басым мақсаты - экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін жобаларды қаржыландыру. Әсіресе, экономиканың стратегиялық салаларындағы шикізаттық тәуелділікті кемітетін жобалардың болуына көп көңіл бөлінеді.

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаржы және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Сәркеев Бақытжан Құрманбайұлының айтуынша, Даму институттары осы күнге дейін 146 инвестициялық жобаны қаржыландырса, соның 96-сы пайдалануға берілген. Қазір бұл өндірістерде 20 мың жұмыс орны ашылған. «Даму» қорының арқасында орта және шағын кәсіп саласындағы 8,5 мың нысан қолдауға ие болып, 26 мың жұмыс орны жасақталған.

    Батыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» қоры аркылы, яғни оның «Даму аймақтар»  бағдарламасы бойынша 397 кәсіпкерге 20 млрд 329 млн теңгеге 2103 несие берілген. Жаңадан 162 жұмыс орны ашылған. Орта және шағын кәсіп бойынша «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы жүзеге асырылып, ол бойынша кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін тұрғындарға бизнес-тренингтер ұйымдастырылған.

    Қазақстанның 209-ға тарта ауданы мен халық тығыз  қоныстанған жергілікті аумақтарында өткен бизнес-тренингтерге қатысқан кәсіпкерлердің 854-і Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері екен.

    Облыстағы іскерлердің алғашқы жиыны жеке дара жұмыс істейтін олардың өзекті мәселелерінің ортақтығын, оларды шешу жолында бұдан әрі қарай бірлесе жұмыстану қажеттігін анық көрсетті. Өткенді таразылау, алдағы міндеттерді нақтылау форумы болды бұл. Форумда облыс әкімдігі мен ”БҚО кәсіпкерлері қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Билік пен кәсіпкерлер арасындағы өзара түсіністікке бастайтын мұндай басқосу енді жыл сайын өтетін болады. 

4.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің

                      мәселелері мен жетілдіру жолдары. 

    Елімізде  кәсіпкерліктің дамуына байланысты пайда болатын қиыншылықтар, ол ақпараттық қиыншылықтар. Соның ішінде:

1. Кәсіпкерліктің  басты мәселелерінің жария етілмеуі;

2. Жақсы әсерлі  тәжірибелердің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шықпауы;

3. Қоғам мен  кәсіпкерлердің жаман ақпараттанылуы (экономикалық, құқықтық, салықтық  мәдениет жағынан).

    Бұл мәселені шешу үшін:

1. БАҚ және  электронды ақпарат желісі арқылы  кәсіпкерлікті дамытуды насихаттау;

2. Интернет желісінде  арнайы беттер ашу, брошюралар, ақпараттық қағаздар, буклеттер,  дайджест шығару;

3. Радио мен  телекөрсетілімдерде арнайы бағдарламалар циклдерін жүргізу;

4. Кәсіпкерліктің  актуалды мәселелері мен сұрақтары  бойынша газеттер мен журналдарда   басылымдар шығару.

    Осы шараларды мемлекет қолына алатын болса, ШОБ қарқынының өсуі орын алатынына  сенімім  бар.

    Ақпараттық  қиыншылықтардан бөлек, құрал-жабдықтарға  байланысты мәселе туындайды. Мысалыға кәсіпорын құралын шетелден лизингке алуға ұйғарды (Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласында жабдықтардың физикалық тозу деңгейі 70-80% жеткен). Енді, 2008 жылы Үкімет «Корпоративтік табыс салығын 2009 жылы 30-дан  20 пайызға, 2010 жылы 17,5 пайызға, ал 2011 жылы 15% дейін төмендетеміз, яғни пайыздық ставкасын екі есеге дейін қысқартамыз» деген ұстанымда болды. Бірақ өзгеріске сәйкес, жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығына және құралдарды импорттауға байланысты лизингке берілетін жеңілдіктер алынып тасталып, лизингтік келісімшарт жасауға да кедергі келтіретін баптар пайда болды. Салық кодексіне 2004 жылы енгізілген түзетулер мен қосымшалар негізінде лизингке берілетін импортталған құрал жабдықтарға қосымша құн салығы бұрын салынбайтын. Соған байлансты кәсіпкерге техника 14-15% арзанға түсетін. Ал 2009 жылдың басынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінде осы жеңілдіктер алынып тасталып, біздің кәсіпкерлерге импорт арқылы келген техника мен құрал-жабдықтар 12% қымбаттады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                               Қорытынды

     

    Қазақстанның  болашағы кәсіпкерлікте деген тұжырымды  дұрыс емес деуге болады. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның болашағы біздің қолымызда, яғни біздің дұрыс концепцияны құруымызда. Мемлекеттің дамуының басты көрсеткіші ол  - объективті және субъективті факторлардың дұрыс үйлестірілуі. Бұл жерде объективті фактор дегеніміз – елдің бізге берген ортасы, пайдалы қазбалары, т.б. Ал субъективті фактор тікелей адамның өзіне байланысты, яғни ол кәсіпкерлік қабілеті, ойлау және анализ жасау қабілеті, және т.с.с. Мысал ретінде Жапонияны алып қарастыруға болады, елдің пайдалы қазбалары өте аз мөлшеріндегі ел өз экономикасын Азиядағы ең дүркін экономикаға айналдыра білуі, және әлемде тек АҚШ-ты ғана алдына жіберуі бізге үлгі бола алады.

Информация о работе Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуы