Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 16:00, доклад
Қазіргі кезде Қазақстан өзінің посткризистік кезеңінде экономикалық өсуінің басты көрсеткіші және оны ары қарай дамытушы болып кәсіпкерлік екенін түсінеді. Жалпы кәсіпкерлік саласының ел экономикасын алға «сүйрейтін» басты құрылымдар қатарынан екені әлемдік тәжірибеден белгілі. Біле білсек, әлеуметтік ахуалымызды айтпағанда ішкі жалпы өнімнің құрылымы, оның сапасы, экономикалық өсім – барлығы да айналып келгенде кәсіпкерлікке байланысты.
Кіріспе
Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны.
2.Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
3.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік
жағдайы.
4.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің
мәселелері мен жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Орал
қаржы-экономикалық
колледжі
Баяндама
Тақырыбы:
«Батыс
Қазақстан облысындағы
кәсіпкерліктің дамуы.»
Орал қаласы 2011 ж.
Жоспар:
Кіріспе
2.Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
3.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік
жағдайы.
4.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің
мәселелері мен жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның
белсендігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар.
Қазіргі кезде Қазақстан өзінің посткризистік
кезеңінде экономикалық өсуінің басты
көрсеткіші және оны ары қарай дамытушы
болып кәсіпкерлік екенін түсінеді. Жалпы
кәсіпкерлік саласының ел экономикасын
алға «сүйрейтін» басты құрылымдар қатарынан
екені әлемдік тәжірибеден белгілі. Біле
білсек, әлеуметтік ахуалымызды айтпағанда
ішкі жалпы өнімнің құрылымы, оның сапасы,
экономикалық өсім – барлығы да айналып
келгенде кәсіпкерлікке байланысты. Мемлекеттің
діттегені – кәсіпкерлерге қолдау көрсете
отырып, дағдарыстан тұралап қалған кәсіпорындардың
бойына қан жүгірту. Ал бұл мәселе шешілсе,
елдегі етек алған жұмыссыздық жайы бірыңғайланып,
әлеуметтік ахуалымыз да еңсе тіктейді.
Ең алдымен шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуы аймақтық әкімдерді қызықтыруы
тиіс. Өйткені салық тайқазанының толығып,
жергілікті бюджет бүйірінің «майлануы»
да тікелей кәсіпкерлерге байланысты.
Биылғы халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет
басшысы: «Кәсіпкерлік секторын дамыту
– мемлекеттің экономикасын алға жылжыту
деген сөз. Демек Үкімет елдегі шағын және
орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін
арттырғысы келсе, үнемі ол саланы ынталандырып
отыруы тиіс. Мен бизнес қуатты болса,
мемлекет те қуатты деген қағидатты жақтаушымын.
Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен
қадағалау туралы» Заң қабылдадық. Бақылау
жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар
үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі белгіленген.
Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан
да азайта түсу үшін жасалды», деп бекер
айтқан жоқ.
1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны.
Кәсіпкерлік екі мағынада қолданылады:
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның
белсендігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар.
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер (партнерлер): арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер (корпорациялар).
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Атқаратын
міндетіне қарай
2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер
саны бойынша кәсіпкерлік іс
жеке адамның немесе
4. Кәсіпкерлік
формасы бойынша екіге
2.Кәсіпкерлік
ісінің Қазақстандағы
қазіргі түрлері
Қазір
Қазақстанда мынадай ұжымдық-
1.
Шаруашылық серіктестік –
2.
Коммандиттік серіктестік.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
4.
Қосымша жауапкершілігі бар
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6.
Өндірістік кооперативтер –
7.
Унитарлы кәсіпорын –
3.Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі ахуалына тоқталсақ, статистика агенттігінің мәліметіне сай шағын және орта бизнестің дамыған елдердің ЖІӨ 60-70 пайызын алса, Қазақстанда бұл көрсеткіш соңғы мәлімет бойынша 31,2% алады, соның ішінде шағын бизнес 28% болса, орта бизнес 3,2% алады.
Ал біздегі жағдай, соның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы бизнестің, яғни шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы қандай, оның дамуына нендей кедергілер бар, келешегі қандай деген мәселе төңірегінде тоқталсақ.
2010
жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша
облыс бойынша 6888 кәсіпорындар
мен ұйымдар тіркелген. Соның ішінде
135 – Ақжайық ауданында, 76 – Бөкей ордасында,
761 – Бөрлі ауданында, 76 – Жаңақала ауданында,
95 – Жәнібек ауданында, 278 – Зеленов ауданында,
130 – Казталов ауданында, 82 – Қаратөбе
ауданында, 123 – Сырым ауданында, 116 – Тасқала
ауданында, 191 – Теректі ауданында, 126 –
Шыңғырлау ауданында, 4699 – Орал қаласында
тіркелген.
2010 жылдың 1 қазанына тіркелген кәсіпорындар мен
ұйымдарды аудандар бойынша бөлу
Барлығы | соның ішінде | |||
ірі | орта | кіші | ||
Облыс бойынша | 6 888 | 66 | 535 | 6 287 |
Ақжайық | 135 | 2 | 28 | 105 |
Бөкей ордасы | 76 | 1 | 13 | 62 |
Бөрлі | 761 | 12 | 48 | 701 |
Жаңақала | 76 | 1 | 19 | 56 |
Жәнібек | 95 | 1 | 11 | 83 |
Зеленов | 278 | 1 | 33 | 244 |
Казталов | 130 | 2 | 26 | 102 |
Қаратөбе | 82 | 1 | 9 | 72 |
Сырым | 123 | 1 | 14 | 108 |
Тасқала | 116 | - | 17 | 99 |
Теректі | 191 | 1 | 30 | 160 |
Шыңғырлау | 126 | 1 | 12 | 113 |
Орал қ.ә. | 4 699 | 42 | 275 | 4 382 |
Кәсіпорындар
мен ұйымдардың 68%, яғни ең көбі Орал
қаласында, аудандар бойынша 11% ББөрлі
ауданында, ал ең азы, яғни 1% Бөкей ордасында
және Жаңақала аудандарында шоғырланған.
Кәсіпорындар мен ұйымдарды экономикалық қызмет
түрлері бойынша бөлу
2010ж 01.10. | ||
Сандық | Пайыздық | |
Облыс бойынша барлығы | 6 888 | 100% |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 255 | 4% |
Өнеркәсіп | 415 | 6% |
Құрылыс | 1 086 | 16% |
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 1 670 | 24% |
Көлік және қоймалау | 56 | 0,8% |
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер | 243 | 3% |
Ақпарат және байланыс | 96 | 1% |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 136 | 2% |
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 396 | 6% |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 372 | 5% |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 229 | 3% |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету | 569 | 8% |
Білім беру | 631 | 9% |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер | 141 | 2% |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 125 | 2% |
Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну | 468 | 7% |
Информация о работе Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуы