Басқару шешімдерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 23:06, реферат

Описание работы

Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.
Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.</h4>

Содержание

1. Өндіріс зиянсыздығын талдау 3
2. «Релевантты» ақпарат түсінігі 8
3. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау 10
4. Ұзақ мерзімді басқару шешімдерін қабылдау 13
Әдебиеттер 16

Работа содержит 1 файл

127261322029169_a.doc

— 73.50 Кб (Скачать)

Өнім маржиналдығы - бұл түсімге (бағаға) проценттік қатынаста көрінетін, өнім бірлігіне келетін маржиналдықтабыс.

Алдағы кезендерге шешім кабылдау үшін маржиналдық табыс пен өткізуден түскен түсімнің (яғни, түсім процентінде маржиналдык табысты анықтау) арақатынасындағы есеп пайдалы деп саналады. Бұл үшін мынадай есеп жазылады:

Маржиналдық табыс (теңгемен)        *100%

Өткізуден түскен түсім (теңгемен)

Маржиналдық табыс бағаны қарастырумен, шығарылған өнімнің ассортиментінің  өзгеруімен, өнім өткізуді ынталандыруда сыйақының мөлшерін белгілеумен, жарнамалык компанияны өткізумен және басқа да маркетингтік операциялармен байланысты басқарушылық шешімнің негізіне жатады.

Маржиналдык талдау маржиналдық  табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.

 

 

 

<h4>4. Ұзақ мерзімді басқару шешімдерін қабылдау

Мынаны есте ұстау керек "тұрақты" және "өзгермелі'" ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтык шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұракты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз калады.

Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:</h4>

  1. Сату көлемі.
  2. Өзгермелі шығын.
  3. Маржиналдықтабыс (1 т. - 2 т.).
  4. Тұрақты шығын.
  5. Операциялық пайда (сатудан түскен пайда) (3 т. - 4 т.).

Сонымен,

Маржиналдық табыс = Сату көлемі - Өзгермелі шығын;

Операциялық пайда = Маржиналдық табыс - Тұрақты шығын.

Осылайша, есеп беруде екі  қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.

Кіріс туралы есеп беруде маржиналдык табыс сияқтьі  каржы көрсеткішін бөліп көрсету шығарылған өнім пайдалы немесе паидасыз екенін анықтап береді. Өйткені, тұрақты шығын жеке жолмен көрсетілген, оның операциялық пайданы (сатудан түскен пайда) қалыптастыруға ықпалы анық көрінеді.

Маржиналдық тәсілдемені пайдалану барысында  сарапшылар мына сандармен жұмыс істейді:

  • сату көлемі - 20 млн ақша бірлігімен;
  • өзгермелі шығын - 12 млн ақша бірлігімен;
  • маржиналдықтабыс- 8 млн акшабірлігімен;
  • тұракты шығын- 13 млн ақшабірлігімен;
  • операциялык пайда - (-5) млн ақша бірлігімен.

Келтірілген сандар кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуден 8 млн ақша бірлігінің сомасында табыс түсіргенін, яғни өнімнің пайдалылығын көрсетеді. Алайда, тұрақты шығын, яғни кәсіпорынды функциялаумен байланысты шығын шектен тыс көп және бұл зиян шектіреді. Әлбетте, залалды болдырмау үшін не маржиналдық табысты көтеру керек, не тұракты шығынды кеміту қажет немесе бір мезгілде осы екі міндетті қатарынан шешіп көруге тырысу керек. Мысалы, маржиналдық табысты бағаны көтеру, өзгермелі шығынды кеміту, сатудың физикалық көлемін арттыру және т.б. есебінен көбейтуге болады. Осылайша, келесі шешімдерді қабылдау мен талдаудың мүмкіндіктері принципті түрде өседі.

Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құрау негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.

Залалсыздық нүктесін (тепе-теңдік нүктесін) анықтау залалсыздықты талдаудың орталық сәті (теңдей етіп талдау) болып табылады. Әлбетте, осы көлемді көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға соқтырады.

Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез-құлқы мен пайданың экономикалық моделі кәсіпорыннын, каншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізе алатынын білдіреді. Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өндіріс көлеміне бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады. Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өткізу көлемін басқарудың негізгі аспабы болып табылады. Мұндай тәсілдеме кәсіпорын қандай сату көлемінде залалға ұрынбайды, яғни кәсіпорын ақшасынан айырылатын сату көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Залалсыздык нүктесі - бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалык көлем деңгейі; яғни залалсыздық нүктесі - өзін-өзі өтеушілік (самоокупаемость) элементі.

Кәсіпорынның  табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл - өзін-өзі қаржыландыру элементі.

Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасы қажет. Ол кәсіпорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса қайта есептелуі мүмкін.

 

Әдебиеттер




Информация о работе Басқару шешімдерін талдау