Банктік тәуекел

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:09, реферат

Описание работы

Несие мақсаттары мен жалпы қағидалары болып: банк үшін пайдалылық кәсіпкерлікті кеңейту қажет, сондай – ақ, әрбір несие мүмкін тәуекел шегінде пайда әкелуі тиіс, қайтарымдылық және толықтылық, несие мәлімдемелерін бағалау, қайтарымдылығы бойынша қауіп әкелетін несиелерді басқару, әртүрлі өнеркәсіп салалары бойынша несие топтарын шектеу, нарық қатынастарын құруда банк клиенттерінің қаржылық жағдайын және экономикалық жағдайын нығайтуға көмектесу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

фн.docx

— 26.40 Кб (Скачать)

 

  • *ҚРҰБ – ң статистикалық бюллетені. 25 – бет.

Несиелер  бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға  жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік  берді. Дүние жүзілік банктің  мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша  банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33% - ы сыртқы факторлар  үлесі кіреді.

Несиелердің барлығы банктің зиян шегуіне әкелетін

факторлар*

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

22%

Компанияның банкроттығы

12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену

барысында ақпаратты дұрыс бағалау

21%

Кредиторлық қарызды

қайтаруын талап ету

11%

Алдын ала ескерту белгісіне кеш  көңіл бөлуі

және операциялық бақылаудың әлсіздігі

18%

Жұмыссыздық/Жанұя

мәселелері 

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

5%

Ұрлық/Алдау

4%




 

  • *Көзі: ҚазҰУ хабаршысы  №4 (44) 2004, 74 – бет. 

   Несие  бойынша банктердің зиян шегуіне  себеп болатын сыртқы факторлар  қатарында бірінші орында компаниялардың  банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы  мұндай факторлардыбасынан кешуі  мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының  несилік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті  түрде оның қаржылық жағдайын  толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктері шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені тәуекел әр банктік операцияда бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Көрсетілген жіктеулер, банктік тәуекелдердің түрлерін ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер болады.

Осыдан  келе көптеген банктік тәуекелдер түрлері  бар және олар банктің жүргізетін операциялар есебі үшін өте маңызды.  Бірақ біз ең маңызды тәуекелдерді қарастырамыз және мүмкін болатын тәуекел  деңгейін, оларды басқарудың тиімді тәсілдерін ұсынамыз. Банктер өздерінің қызметтерін  халықаралық деңгейде атқаратын  кезде келесі сыртқы тәуекелдер: елдік, валюталық, форс – мажорлық міндеттемелер  тәуекелдер кездеседі.

Несиелік  тәуекелді бағалауда отандық  банктің табыстылығын арттыруға  мүмкіндік жасайды.

Несие мақсаттары мен жалпы қағидалары болып: банк үшін пайдалылық кәсіпкерлікті кеңейту  қажет, сондай – ақ, әрбір несие  мүмкін тәуекел шегінде пайда  әкелуі тиіс, қайтарымдылық және толықтылық, несие мәлімдемелерін бағалау, қайтарымдылығы бойынша қауіп әкелетін несиелерді басқару, әртүрлі өнеркәсіп салалары бойынша несие топтарын шектеу, нарық  қатынастарын құруда банк клиенттерінің  қаржылық жағдайын және экономикалық жағдайын нығайтуға көмектесу болып  табылады.  

Пайыздық  саясат банктік қызметте оның табыстылығының нәтижесі болып табылады. Пайыздық тәуекелді пайыз мөлшерлеменің  деңгейдегі өзгерістерге қатысты табыстылықтың  немесе қаржылық актілер бағамының  өзгеруі ретінде анықталады.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Корнилова Л.П, Хамитов Н.Н «Управление банковскими рисками», Алматы – 2002
  2. Сейткасымов Г.С.''Банк ісі'', Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998 
  3. «Банктік құқық» қысқаша оқу құрал. Жалпы және ерекше бөлімдері. Алматы: Жеті жарғы, 2005;
  4. ҚР ҰБ сайты: http://www.nationalbank.kz/

Информация о работе Банктік тәуекел