Банктік тәуекел

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:09, реферат

Описание работы

Несие мақсаттары мен жалпы қағидалары болып: банк үшін пайдалылық кәсіпкерлікті кеңейту қажет, сондай – ақ, әрбір несие мүмкін тәуекел шегінде пайда әкелуі тиіс, қайтарымдылық және толықтылық, несие мәлімдемелерін бағалау, қайтарымдылығы бойынша қауіп әкелетін несиелерді басқару, әртүрлі өнеркәсіп салалары бойынша несие топтарын шектеу, нарық қатынастарын құруда банк клиенттерінің қаржылық жағдайын және экономикалық жағдайын нығайтуға көмектесу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

фн.docx

— 26.40 Кб (Скачать)

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

Тәуекел – бұл  табиғаттың  әр  түрлі  құбылыстарынан  және  адамның  қызмет  түрлерінен  пайда  болатын  жоғалтулар  қаупінің  мүмкіндігі. Тәуекел – тарихи  және  экономикалық  категория  болып  табылады.

Тәуекел  тарихи  категория  ретінде  қоғам  дамуымен  байланысты болып  және  адамның  болашақта  болатын  қаупі  түсінуімен  байланысты болады. Қоғамның  даму  барысында  тәуекел  экономикалық  категорияға айналады.

Тәуекел  экономикалық  категория  ретінде  кез  келген  кәсіпкердің қызметімен, соның  ішінде  банктің  қызметімен  байланысты  болатын, оның нәтижелігінің  анықсыздығын  және  сәтсіздік  жағдайында  қолайсыз  нәтиже  мүмкіндігін  көрсететін  жағдайдағы  сипаттама  болып  табылады. Қолайсыз  жағдай  орын  алғанда  үш  экономикалық  нәтиже  болуы  мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік  және  оңды (ұтыс, табыс, пайда).

Шығындардың  пайда  болуы  мен  пайданы  жоғалту  сияқты  қолайсыз  нәтижелер  мүмкіндігі  берілген  несиелер  бойынша  төлем жасалмауы, ресурстық  базаның  қысқаруы, баланстан  тыс  операциялар бойынша  төлемдерді  жүзеге  асыру  нәтижесінде  пайда  болуы  мүмкін. Қазіргі  банктік  сектор  тәуекелсіз  болуы  мүмкін  емес, өйткені  әр  банк операциясында  бар, бірақ  белгілі  бір  тәуекелдің  жіктелуі  әр  түрлі  болуы мүмкін. Тәуекелден  құтылу  мүмкін  емес. Сондықтан  кез  келген  кәсіпкер тәуекел  деңгейін  минимумға  түсіруге  тырысады  және  бірнеше  альтернативті  шешімдер  ішінен  тәуекел  деңгейі  минималды  шешімді  таңдайды, сондай – ақ  тәуекел  деңгейі  мен  табыс  шамасының  оптималды қатынасын  таңдауға  тырысады. Осыған  байланысты  Қазақстандық банкирлерге  банктік  қызмет  нарығында  қалыптасқан  жағдайды  бағалау және  батыс  тәжірибесіндегі  банктік  тәуекел  басқару  мен  мониторингіне көңіл  аудару  керек.

Банктік  тәуекел – жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша –  қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір  – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банктік  тәуекелдің  қағидалары  мыналар:

  1. Банктік  тәуекелдің  әсер  ету  және  қызмет  ету  аясы.
  2. Банк  клиентерінің  құрамы.
  3. Банктік  операциялар  сипаттамасы.

     Банктің  өзінің  қызметіне  байланысты  және  ол  тәуекел  жағдайларды белсенді  түрде  басқару  мүмкіндігін  иеленеді. Ішкі  тәуекелдерге  берілген жекеленген  коммерциялық  банк  иеленетін  кәсіпкерлік  артықшылықтар әсер  етеді. Атап  айтсақ, қаржылық  нарықтың  берілген  аясында  банктің қызмет  көрсетуін  ұйымдастыру  кезінде  оның  басшылары  мен  дұрыс таңдалған  стратегиясымен  саясаты. Банктік  операциялар  технологиялық процестерімен  маманданған  қызметкерлер  жеткілікті  минимумын оптималды  басқару, тиімді  маркетингтік  стратегияны  және  тактиканы таңдау  және т.б факторлар. Ішкі  тәуекелдер  банктің  өз  қызметінен клиенттердің  қарыз  алушылардың  немесе  оның  берілген  контр серіктестіктер  қызметіне  байланысты. Олардың  деңгейіне  банк басшыларының  іскерлік  белсенділігі, басқарудың  тиімділігі  мен  тактикасы  және  басқадай  факторлар  үлкен  әсер  етеді. Осыдан  келе тәуекелдер  келесідей  бөлінеді:

  • банк  активтерімен  байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп  айырысулық, факторингтік, корреспонденттік  шот  бойынша, қаржылық  және  инвестиция бойынша  тәуекел  және  т.б.);
  • банк  пассивімен  байланысты (салым  және  депозит  бойынша, банкаралық  несиелерді  тарту  тәуекелдері  және  диверсификация тәуекелі);
  • банктің  өзінің  активтерімен  пассивтерін  басқару  сапасымен байланысты (пайыздық  тәуекел, өтімділік  тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал  құрылымы  тәуекелі, банк  капиталының жеткіліксіздік  тәуекелі);
  • қаржылық  қызмет  жүзеге  асу  тәуекелімен  байланысты (операциондық, технологиялық  тәуекелдік, жаңа  енгізулер  тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік  тәуекелдігі, қауіпсіздік  тәуекелі).

     Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.

Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:  

  • несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау  тәуекелі);
  • пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
  • өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
  • капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).   

Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың  құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан  асып түскенде пайда болады.

Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей  жағдайларға қызмет көрсете алмау  мүмкіндігі:

- берілген  кепілдер бойынша;

- шығарылған  бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен  жасалған келісім – шарт бойынша;

- несиелік  міндеттемелер бойынша; 

- валюталық  мәмілеге отыру бойынша.

Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі  лизингтік және факторлық операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді  жүзеге асырған кезде пайда болуы  мүмкін.

. Егер биржалық  банк бағалы қағаздар нарығында  клиенттермен бірлесе отырып  трасталық және брокерлік қызметтер  көрсетсе, онда бағалы қағаздармен  байланысты келесідей тәуекелдер  болады:

  • капиталдық(бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі);
  • селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі);
  • уақтылығы;
  • нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі);
  • іскерлік (эмитенттің бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлемеу тәуекелі);
  • қайтарылатын (эмитент облигацияны қайтарып беру тәуекелі). 

Сыртқы  сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырылған банк келесідей негізгі  тәуекелдерге кездеседі:

  • экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланысты актив және пассив құнының өзгеру тәуекелі);
  • аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есептегенде айырмашылық тәуекелі);
  • мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықталмағандығының тәуекелі);
  • сақтандыру;
  • саяси.

Жеке  тұлғаларға қызмет көрсететін банктер  үшін келесі тәуекелдер тән:

  • ипотекалық және тұтыну ссудалы бойынша қаржылық және несиелік тәуекелдер;
  • кепілхат бойынша тәуекел (гарантия);
  • кепіл тәуекелі (залог).

    Халық Банкіндегі  пайыздық саясатқа талдау жасап көрейік. 2011 жылы банктің таза пайдасы салықтарды төлегеннен кейін 1871,2 млн.теңгені құрады (2011 жылы – 31,1 млн. теңге). Есепті жылы операциондық табыстардың мөлшері 44,6 % - ға өсті және 19,0 млрд. теңге болды. Таза табыстар 87,5% – ға өсіп, 8,6 млрд. теңгені құрады. Бұл банктің операциондық потенциалының өскендігін білдіреді, яғни активтерді орналастыру мен табыстарды бөлу үшін қаражаттарды тарта алу мүмкіндігінің болуы. (мына мәліметті 4 қосымшадан қараңыз).                                                                                                        

Операциондық маржа     

Таза пайыздық табыс

2011

2010

пайыздық емес табыстар

7 806 738

5 817 353

Барлығы

18 955 188

13 110 373

Капиталмен операциялар

бойынша табыстар

199 415

148 203

Түзетілетін табыс

Резерв құрылмаған пайыздық

емес шығындар

18 755 773

12 962 170

Резерв құрылмаған пайыздық

емес шығындар

10 170 487

8 408 574

Қайта құруға кеткен

 шығындар 

28 816

40 095

Түзетілген шығындар

10 141 671

8 368 479

Операциондық маржа

8 614 102

4 593 691


  • *Көзі: Халық Банктің 2011 жлғы есебі, 74 – бет.

2011 жылдың 31 қаңтарына мүмкін болатын шығындарға  резервтерді құруға дейін сыйақы  бойынша таза табысы 7,8 млрд. теңгені  құрады. Өткен жылмен салыстырғанда  ол 34,2 % - ға өсті. Таза табыстың 6,2 млрд. теңгесі резервтерді құруға  жұмсалды.

Таза пайыздық табыс*

 

2011

2010

Жалпы пайыздық табыс

7 806 738

5 817 353

Резервтер

6 199 456

4 460 958

Резервтерді алып тастағанда таза пайыздық табыс

1 607 282

1 356 395

Таза пайыздық маржа (Margin)

5.34%

5.89%


  • *Көзі: Халық Банктің 2011 жылғы есебі, 74 – бет.
  • Табыс мөлшерлемелердің төмендеуі және ресурстарға бағалардың өсуі таза пайыздық маржаның  (Margin) көрсеткіштерінің төмендеуін түсіндіреді. Резервтеуге аударылған соманы есепке ала отырып, таза пайыздық маржа (Risk Adjusted Margin) 1,10 % құрады. (2011 жылы – 1,37%).
  • Екінші деңгейлі банктердің 2011 жылы құрған                                                                      провизиялары *

Несиелердің

жіктелуі

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

провизиялар

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

апровизиялар

Нақты

қарыз

Нақты

Қарыз

провизиялар

Барлығы

01.11

01.11

03.11

03.11

06.11

06.11

7444432

43079

738053

41490

827117

43569

1.Стандартты

үлесі,

                        %

531013

 

71,3

1868

 

4,3

524580

 

71,1

1860

 

4,5

56756

 

68,6

182

 

0,4

2. Күмәнді үлесі,

                        %

200278

26,9

26554

61,7

201510

27,3

26217

63,2

241934

29,2

25555

58,7

1категория үлесі,

                       %

122286

61,0

6252

23,5

123344

61,2

6328

24,1

155117

64,1

7760

30,4

2катнгория үлесі,

                       %

21188

10,6

2137

8,1

24798

12,3

2498

9,5

31065

12,8

3107

12,2

3категория үлесі,                                                                                                                                    

                   %

31994

16,0

6847

25,8

25470

12,7

5556

21,2

32858

13,6

6571

25,7

4категория үлесі,                                                

                   %

7766

3,9

1971

7,4

11116

5,5

2872

11,0

23326

5,5

3332

13,0

5категория үлесі,

                      %

17044

8,5

9346

35,2

16.81

8,3

8962

34,2

9569

4,0

4786

18,7

3. Үмітсіз үлес,                                    

                  %

13140

1,8

14658

34,0

11963

1,6

13413

32,3

17826

2,2

17831

40,9

Информация о работе Банктік тәуекел