Банктік емес несиелік мекемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..3
І.Банктік емес несиелік мекемелер түрлері
1.1 Инвестициялық және иновациялық қорлар………………………….5
1.2 Сақтандыру қорлары…………………………………………………..9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорлары…………………………………...12
1.4 Қор биржалары……………………………………………………….15
1.5 Кредит серіктестігі…………………………………………………...17
ІІ. Банктік емес несиелік мекеменің ағымдағы жағдайы.
2.1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары…………………………………..35
2.2. Сақтандыру компаниялары…………………………………………49
ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………...55
IV. Пайдаланған әдебиеттер……………

Работа содержит 1 файл

Банктік емес кредиттік ұйымдар флешкадагы.doc

— 521.50 Кб (Скачать)

   Сыйақы төлеумен байланысты шығыстар                       9 762,6           4 228,0                   -56,7

   Сыйақы алумен байланысты емес кірістер                      5 981,6          12 548,7                 2,1 есе

   Сыйақы алумен байланысты емес шығыстар                  9 904,6          16 953,6                  71,2

   

    Пайыздың  кірістер құрылымында клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер ең көп үлес алады (34,9% немесе 6 823,2 млн. теңге), пайыздық шығыстар құрылымында – қамтамассыз етуге қаржымен байланысты шығыстар көп үлес алады(54,8% немесе 11 615,3 млн. теңге).

    Ипотекалық  ұйымдардың меншікті капиталы 2009 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 22 500,7 млн. теңгені құрады, 4 ипотекалық ұйымның лицензиясының қолданылуы тоқтатылуына байланысты бұл ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштен 56,9% -ға (29 699,8 млн. теңгеге) аз.

         Меншікті капиталдың жеткліктілігі    01.01    01.08

Төленген жарғылық капитал (оның ішінде қосымша капитал),млн. теңге 43 903,4                    20358,5

Есептелген меншікті капитал, млн. теңге                                                         47 626,3                 18 602,5

   Меншікті  капиталдың жеткіліктілік коэффиценті(k1>=0,06)                                -                    0,239

   Меншікті  капиталдың жеткіліктілік коэффиценті (k1-2>=0,06)                            -                   0,229

   Меншікті  капиталдың жеткіліктілік коэффиценті (k1-3>=0,12)                            -                    0,186

   

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары

 

    2009 жылғы 1 қаңтардағы  жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің ағымдағы  жағдайы 

    2009 жылғы 1 қаңтарда 14 жинақтаушы зейнетақы  қоры (бұдан əрі – қорлар) өз  қызметін жүзеге асырды. 2008 жылғы  желтоқсан айында заңды тұлғаларға  зейнетақы жарналарын тарту жəне зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия берілген жоқ.

    13 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы  активтерін инвестициялық басқаруға  лицензиясы бар, оның ішінде 9 қор зейнетақы активтерін дербес  басқару лицензиясына ие.

    Есепті  күнде 11 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды. Сонымен бірге, 7 екінші деңгейдегі банк қорларға кастодиандық қызмет көрсетті: «HSBC Банк Қазақстан» АҚ еншілес банкі, «Банк Центр  Кредит» АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ  Банкі» АҚ, «Тұран Əлем Банкі» АҚ еншілес ұйымы - «Темірбанк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ жəне «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

 

       Қорлардың салымшылары (алушылары)

    Қорлар  елдің жұмыспен қамтылған халқын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуды  жалғастыруда, соның нəтижесінде салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының (бұдан əрі – шот) саны өсуде.

    Міндетті  зейнетақы жарналары бойынша  салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 415,5 млрд. теңге жинақталған зейнетақы  қаражатының жалпы сомасымен 9 613 112 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 389 400-ге (4,22 %), оның ішінде желтоқсан айында 47 157-ге (0,49 %) ұлғайды.

    2009 жылғы 1 қаңтарда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының ең көп саны 4 қорда жинақталды: «МЖЗҚ» – 25,15%, «Қазақстан Халық Банкі» – 21,94%, «Ұлар Үміт» – 14,38% жəне «БТА Қазақстан» – 10,44% немесе олардың үлесіне барлық қорлар салымшыларының жалпы санының 71,91%-ы келеді. 2008 жылғы желтоқсан айында 4 қордың үлесі алдыңғы есепті аймен салыстырғанда 0,03 пайыздық тармаққа төмендеді.

    Ерікті  зейнетақы жарналары бойынша  салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2009 жылғы 1 қаңтарда жинақталған зейнетақы  қаражатының жалпы сомасы 959,2 млн. теңгемен 41 499 болды. Ерікті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2008 жылдың басынан 595-ке (1,45%) ұлғайды, бұл ретте 2008 жылғы желтоқсан айында салымшылар шоттарының жалпы саны 125-ке (0,30 %) азайды.

    Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 182-ге (4,73%) өсіп, 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 57,6 млн. теңгемен 4 030 болды. Ерікті кəсіби зейнетақы жарналарының салымшылары үш қорда: «Ұлар Үміт», «БТА Қазақстан» жəне «Қазақстан Халық Банкі» қорында болды.

    Cалымшылардың (алушылардың) жинақталған  зейнетақы қаражаты 

    Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы  қаражаты 2009 жылғы 1 қаңтарда 1 420,5 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 212,4 млрд. теңгеге (17,58%) ұлғайды. 2008 жылғы желтоқсан айында жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 42,1 млрд. теңгеге (3,05%) ұлғайды.

    Зейнетақы жарналарының жалпы түсуі желтоқсан айында 27,8 млрд. теңгеге

    (2,40 %) ұлғайып, 2009 жылғы 1 қаңтарда 1 184,7 млрд. теңге болды. Зейнетақы жарналарының  орташа айлық келіп түсуі 2007 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында  19,0 млрд. теңге болғанда, олар 2008 жылғы  қаңтар-желтоқсан айларында тиісінше 22,7 млрд. теңгені құрады немесе 19,47 %-ға өсті.

    Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) шоттарына  бөлінген «таза» инвестициялық кіріс  сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2008 жылғы желтоқсан айында 16,5 млрд. теңгеге (5,68%) ұлғайып, 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 306,9 млрд. теңге болды.

    Салымшылардың (алушылардың) 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан  айларындағы жинақталған зейнетақы  қаражаты мынадай көрсеткіштермен  сипатталды:

 

(млрд. тенге)

Күні 1.01.08 1.01.09. Өсім сомасы Өсу қарқыны

(%-бен)

Жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы

Зейнетақы жарналары

Таза  инвестициялық кіріс

Таза  инвестициялық кірістің жинақталған  зейнетақықаражаты сомасындағы  үлесі

1208,1  
 

912,1

 

339,3

 
 
 
 

28,09%

1420,5  
 

1184,7

 

306,9

 
 
 
 

21,61%

212,4  
 

272,6

 

-32,4

 
 
 
 

-

17,58  
 

29,89

 

-9,55

 
 
 

6,48пайыздық тармақ(төмендеу)

 

    Көрсетілген кестеден өткен жылдың тиісті кезеңінде 24,87 млрд. теңге болған немесе 28,83%-ға төмендеген болса, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының өсімі 212,4 млрд. теңгені құрағаны немесе жинақталған зейнетақы қаражатының орташа айлық өсімі 17,7 млрд. теңге болғаны байқалады.

    Салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы  қорларында шоғырландырылған жинақталған зейнетақы қаражатының өсімінің 2008 жылы төмендеуі ең алдымен, зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кірістің төмендеуінен туындаған.

    Дүниежүзілік  қаржылық дағдарыс жағдайында зейнетақы  активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кірістің төмендеуі зейнетақы активтері инвестицияланған негізгі отандық жəне шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарына биржалық бағаның төмендеуімен негізделген.

    2009 жылғы 1 қаңтарда ең көп жинақталған зейнетақы қаражатының сомасына 4 қор ие болды: барлық қорлардың жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы көлемінен «Қазақстан Халық Банкі» – 403,4 млрд. теңге (28,40%), «МЖЗҚ» – 245,5 млрд. теңге (17,28%), «ҰларҮміт» – 199,1 млрд. теңге (14,02%) жəне «БТА Қазақстан» – 179,9 млрд. теңге (12,66%) немесе жиынтығында осы 4 қордың үлесіне барлық жинақталған зейнетақы қаражатының 72,36%-ы келді. Желтоқсан айында үлесі 0,23 пайыздық тармаққа азайды.

    Міндетті  зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап  қалмау мен аудармау жəне жинақталған  зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау үшін өсімпұл сомасының ұлғаюы жалғасып, 2009 жылғы 1 қаңтарда 9,5 млрд. теңге болды немесе алдыңғы есепті аймен салыстырғанда 2,15%-ға өсті.

Зейнетақы төлемдері жəне қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 92,1 млрд. теңге болды немесе 2008 жылғы 1 желтоқсанда 2,6 млрд. теңгеге (2,91%) өсті. Қорлар 2007 жылғы тиісті кезеңде жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері 15,2 млрд. теңге болғанда 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында алушыларға жалпы сомасы 29,0 млрд. теңгеге немесе 1,9 есе көп зейнетақы төлемдерін жүзеге асырды.

2008 жылғы  қаңтар-желтоқсан айларында зейнетақы  аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым жасау жалпы сомасы 303,4 млн. теңгеге 297 алушыға жүзеге асырылды. Зейнетақы аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаудың жалпы сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарда 448,1 млн. теңгені құрады.

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты  Агенттіктің сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық  ақпарат құралдарында жариялауы  салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы  бойынша берілген жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік береді.

2009 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған  зейнетақы қаражатын бір қордан  екінші қорға аудару желтоқсан  айында 15,0 млрд. теңгеге (4,84%) ұлғайып, 325,1 млрд. теңгені құрады. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару 2008 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 115,3 млрд. теңгеге немесе 54,96%-ға өсті.

Қорлардың зейнетақы активтерінің құрылымы

2009 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да  инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі 2008 жылғы желтоқсан айында 44,3 млрд. теңгеге немесе 3,24%-ға өсіп, 1 412,9 млрд. теңге болды. 2008 жылы зейнетақы активтерінің көлемі 200,9 млрд.теңгеге немесе 16,58%-ға ұлғайды.

   2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 16,8 млрд. теңге болды.

Информация о работе Банктік емес несиелік мекемелер