Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:08, реферат
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер жасайтындығынан, сондай- ақ міндеттемелер бойынша банктердің жауапкершілігін арттыратындығынан көрінеді.
Банктің тартылған ресурстары,пассивтік операциялар
1.1 Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны.
1.2Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мерзімді салым ақшалар банк басшысы мен клиенттің (салымшының) арасындағы келісімшартпен рәсімделеді. Банктер әрбір салым ақша бойынша типтік сипаты болатын депозиттік келісімшарттың формасын дербес әзірлейді. Келісімшарт екі дана етіліп жасалады: біреуі салымшыда, екіншісі банктің несие немесе депозит бөлігінде (банкте бұл жұмыс кімге тапсырылғанына қарай) сақталады. Келісімшартта салым ақшаның сомасы, келісімшарттың әрекет ету мерзімі біткеннен кейін салымшының алатын проценті, салымшының міндеттері мен құқықтары, келісімшартта айтылған шарттарды сақтаудағы тараптардың жауапкершілігі, дау- таласты шешудің тәртібі қарастырылады. Көптеген банктер өздерінің ұсақ, орташа немесе ірі клиенттеріне олардың деңгейіне қарай анықтайтын мерзімді салым ақшаың ең аз шамадағы мөлшерін белгілейді. Ьанк өз тарапына келісімшартта қарастырылған барлық шарттарды уақытында орындауға міндеттенеді. Егер келісімшарттағы шарты бұзатын болса, айталық, иесі қаражатын немесе ол бойыша процентті уақытылы қайтармаса, айыппұл немесе өсімақы төлейді. Банк пен клиенттің арасында туындаған дау –талас төрелік сот тәртібімен шешіледі (егер салымшы жеке тұлға болатын болса).
Мерзімді депозит пен талап етілмелі депозит арасындағы аралық жағдайға жинақ ақша салымы ие. Әдетте, бұл операцияны Жинақ ақша банкісі жүзеге асыратын, бүгінгі таңда ресурстар үшін жүріп жатқан қатаң бәсекелестік күрес жағдайында бұл секторды коммерциялық банктердің ссуда нарығы белсенді түрде игере бастады. Шетелдік іс- тәжірибе жинақ ақша операциясын бөлек қарастырады: «Жинақ ақша салымын айрықшалап көрсететін ерекшелікке оның иесіне салым ақшаның бар екендігін куәліктің, көбінесе – жинақ кітапшасының берілетіндігі жатады. Жинақ ақша депозиті ақшаны жинақтауға қызмет етеді. Бұл арада төлемдер шотына орналастырылған немесе белгілі бір мерзімге салынған ақша сомасы жинақ ақша салымына қатысты болмайды».
Салым қаражатын тарту үшін коммерциялық банктер шетелдік тәжірибені қосымша пайдаланады, оның ішінде:
- халықтың қаражатын тарту бойынша әр түрлі бағдарламаларды әзірлеу; салымшылар мен клиенттерге кең ауқымды, оның ішінде, банк сипатындағы қызметті (мәселен, Медициналық қызмет көрсетудің элементі ұшырасатын) көрсету;
- «тыныш» мақсатты жарнаманы (пошта, телефон арқылы) пайдалану;
- Салым ақша мерзімі аяқталғанда сыйлықақысы төленетін инвестиция сипатындағы салым ақша бойынша жоғары процент мөлшерлемесін пайдалану;
- тұрақты салымшыларға «банкке адалдығы үшін» сыйақы төлеу;
- банк пен клиенттің экономикалық мүдделерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін НАУ және САПС стпаттарындағы аралас шотты пайдалану.
Коммерциялық банктердің өзгешелігі - олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90%- ке жуығы тартылған қаражат. Тартылған қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр елде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы әр түрлі болады. Ол нормативтер 1:10 қатынасынан 1:100 қатынасына дейін ауытқиды. Мысалы, Швейцарияда ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапонияда 1:83 қатынасына тең.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың. Мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтардан құрылады.
Салым (депозит) – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма- қол ақша немесе ақшаның қолма- қол емес формасында, ұлттық немес шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп аталады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан ол активтік несие операцияларын жүргізудің негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып та бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады. Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі шоттарда орналастырылып, қолма- қол ақшасыз есеп айырысуға алынуы мүмкін.
Сонымен, депозиттер - коммерциялық банктер ресурстарының маңызды көзі. Банктердегі оның құрылымы ақша нарығындағы конъюнктураларға қарай әрдайым өзгеріп тұрады. Дегенмен банк ресурстарын құрудың бұл көзіне біраз кемшіліктер де тән. Банк клиенттерден қаражат тартқанда бірсыпыра материалдық және ақша шығындарына тап болады. Одан басқа салымға қаражат тарту көп жағдайда банкке емес, клиентке байланысты. Сондықтан несие ресурстары нарығындағы банктер арасындағы бәсекелестік олардың депозит тартуға мүмкіндік беретін қызмет түрлерін дамытатын шараларды жүргізуге мәжбүр етеді.
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие корреспонденттік қатынастар шеберінде беріледі; яғни бір банк басқа банкте бір- бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік шот ашады. Банкаралық несиені тарту тікелей сөйлесу арқылы, не болмаса қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады. Егер банктер өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол келісім арнаулы шартпен рәсімделеді. Бұл келісімнің көбісі белгілі бір мерзімге жасалады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге несиені жарыс негізінде қайта қаржыландыру ретінде, сондай- ақ ломбардтық несие формасында береді.
Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі - кері сатып алу келісім немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушылармен жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да, кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні қайтаруы мүмкін, онда алатын процент мөлшері депозиттік сертификаттан әлде қайда төмен болады. Бұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір жолы.
Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі еуровалюталық несие кең өрістеуде.
Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта доллар болып есептеледі.
Бұл бөлімді қорыта айтқанда, пассивтік операциялар дегеніміз – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.
Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.
Банк пассивтерін құру процесі, олардың құрылымдарын оңтайландыру, соған орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының ресурстық мүмкіндіктерді құруы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады. Тұрақты ресурстық базасының болуы банктің активтік операцияларды табысты жүргізуіне мүмкіндік береді.
Банктің пассивтік операцияларды жүргізуі нәтижесінде банк капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұратын банк ресурсы пайда болады.
Банк ресурстары банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады, әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.
Банк ресурстарын банктердің меншікті қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір–бірімен тығыз байланысты. Мысалы, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Коммерциялық банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді (активті) операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығын білдіреді.
Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінеді.
Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан аса үлесін құрайтын тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының 10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде қалыптасқан құрылымға жауап береді.
Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.
Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті операцияларға айқындаушы операциялар жатқызылады, өйткені ресурстардың жеткіліктілігі активті операциялар жасауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк балансының пассиві бойынша реурстарды құрудың төмендегідей көздерін көрсетуге болады:
Салымдар (депозиттер) қабылдау;
Клиенттердің есеп шоттарын, оның ішінде банк –корреспонденттерді ашу және жүргізу;
Меншікті бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар), қаржы құралдарын (вексельдер, депозиттік және сақтық сертификаттарды) шығару;
Банкаралық несие ресурстарын алу.
Коммерциялық банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді (активті) операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығын білдіреді.
Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінеді.
Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан аса үлесін құрайтын тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының 10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде қалыптасқан құрылымға жауап береді.
Банктің негізгі үлесін 65%-ын депозиттер құрайды. Коммерциялық банктердің қызметіндегі депозиттік операциялардың алатын орны ерекше.Депозиттік операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған. Салым (депозит) иелері өздерінің банкке салған ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде алу мүмкіндігіне ие. Депозит қатынастардың субъектілері әр түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар. Банктің депозиттік операциясы жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі операцияла
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорыта айтқанда пассивтік операциялар дегеніміз – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.
Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.
Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті операцияларға айқындаушы операциялар жатқызылады, өйткені ресурстардың жеткіліктілігі активті операциялар жасауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк балансының пассиві бойынша реурстарды құрудың төмендегідей көздерін көрсетуге болады:
Салымдар (депозиттер) қабылдау;
Клиенттердің есеп шоттарын, оның ішінде банк –корреспонденттерді ашу және жүргізу;
Информация о работе Банктің тартылған ресурстары,пассивтік операциялар