Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:08, реферат
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер жасайтындығынан, сондай- ақ міндеттемелер бойынша банктердің жауапкершілігін арттыратындығынан көрінеді.
Банктің тартылған ресурстары,пассивтік операциялар
1.1 Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны.
1.2Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
тақырыбы: «Банктің тартылған ресурстары,пассивтік операциялар»
Тексерген:Абуова Ж.
Алматы,2011
Жоспар
Банктің тартылған ресурстары,пассивтік операциялар
1.1 Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны.
1.2Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ПАССИВТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны.
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер жасайтындығынан, сондай- ақ міндеттемелер бойынша банктердің жауапкершілігін арттыратындығынан көрінеді.
Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.
Банк пассивтерін құру процесі, олардың құрылымдарын оңтайландыру, соған орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының ресурстық мүмкіндіктерді құруы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады. Тұрақты ресурстық базасының болуы банктің активтік операцияларды табысты жүргізуіне мүмкіндік береді.
Банктің пассивтік операцияларды жүргізуі нәтижесінде банк капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұратын банк ресурсы пайда болады.
Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті операцияларға айқындаушы операциялар жатқызылады, өйткені ресурстардың жеткіліктілігі активті операциялар жасауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк балансының пассиві бойынша реурстарды құрудың төмендегідей көздерін көрсетуге болады:
Салымдар (депозиттер) қабылдау;
Клиенттердің есеп шоттарын, оның ішінде банк –корреспонденттерді ашу және жүргізу;
Меншікті бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар), қаржы құралдарын (вексельдер, депозиттік және сақтық сертификаттарды) шығару;
Банкаралық несие ресурстарын алу.
Пассивтің көрсетілген баптарын қысқаша сипаттау бойынша – қол ақша (аударымдар түрінде), ұлттық (шетел) валюта түріндегі салымдар «депозиттер) белгілері бойынша:
Жеке және заңды тұлғалардың;
Талап еткенге дейінгі немесе шарт бойынша көрсетілген мерзімдегі;
Банк үшін тұрақты немесе тұрақсыз салымдар болып ажыратылады.
Клиенттер (заңды тұлға) банкте өз есеп шотын ашады, онда активті операциялар үшін пайдаланылатын, әрқашанда орташа қалдық (несиелік) қалып отырады.
Банктің депозиттік сақтық сертификаттары, вексельдер, акциялар мен облигациялар дамыған ірі корпоративтік банктердің пассивінде айтарлықтай орын алады және барлық елдерде банктер осы түпкі көздерді дамытуға назар аударады.
Коммерциялық банктер ресурстарды жедел қатыстыру үшін, ақшалай қаржылар сатылатын ресурстардың банкаралық нарығының мүмкіндіктерін пайдаланады. Қарыз алу көздері баланстың төлем қабілеттілігін ұстап тұру мен міндеттемелердің үзбеліксіз орындалуын қамтамасыз етеді. Банктер бір- біріне корреспонденттік есеп- шоттар ашады және банк жүйесінің тұтастай тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шарттық негіздерде ақшалар сатады. Егер коммерциялық банктерге орталықтандырылған несиелер берілетін болса, Орталық Банк (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) болып қатысады, ондай жағдайда макроэкономикалық тұрақтылыққа қатысты ауытқып отыратын қайта қаржыландыру ставкасы қолданылады. Коммерциялық банктер банкаралық несие беру кезінде қаржыландыру ставкасына қарағанда неғұрлым жоғары ставкалар белгілейді.
Пассив бойынша түпкі деректер құрылымын жинақтау кезінде банктердің мынадай ресурстарын бөліп көрсетуге болады:
-меншікті капитал;
-тартылған ресурстар (салымдар, депозиттер);
-қарыз алу көздері (банкаралық ссудалар).
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер жасайтындығынан, сондай- ақ міндеттемелер бойынша банктердің жауапкершілігін арттыратындығынан көрінеді.
1.2Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.
Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит деп аталатын) қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға (банкаралық несие арқылы) алған қаражат жатады.
Депозиттік операция (латынша depozitum – сақтауға берілген зат) - клиент қаражатының банкке - оның уақытша пайдалануына берілетінін білдіретін экономикалық қатынас.
Депозит тек салымшыға ғана емес, сонымен бірге, банкке де пайдалы. Депозиттердің көбісі ссудалық капиталды құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Депозит бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал процентіндегі айырмашылық банктің еркін бос ақшалай қаражатты тарту бойынша және ссудалық капиталды орналастыру бойынша жүргізген жұмысының сыйақысы болып табылады. Банктер бұл сыйақының мөлшерін арттыру үшін «жалған салым ақшаны» құру арқылы өзінің ресурстық базасын ұлғайтуға ұмтылады. Ал бұл «жалған салым ақшаның» пайда болуына талап етілмелі шот өз септігін тигізеді.
Депозит шоттары әр түрлі болуы мүмкін. Оларды жіктеуді негізінде салым ақшаның көздері, олардың мақсатты тағайындауы, табыстылық деңгейі және т.б. секілді өлшемдер болады, алайда өлшем ретінде көбінесе салымшының категориясы мен салым ақшаны алудың формалары алға шығады.
Салымшының категорияларына қарай депозиттер былайша бөліп көрсетіледі:
- заңды тұлға (кәсіпорын, ұйым, өзге де банктер);
- жеке тұлға.
Халықаралық тәжірбиеде қолданылатын депозиттердің түрлері:
- талап еткенге дейінгі депозиттер
- мерзімді депозиттер
- жинақ салымдары
- бағалы қағаздар
Талап еткенге дейінгі депозиттер - клиент тарапынан банкке алдын ала хабарлаусыз кез келген сәтте талап етілуі мүмкін қаражат. Оған ағымдық, есеп айырысу, бюджет шоттарындағы қаражат және есеп айырысуды орындаумен немесе қаражаттың мақсатты пайдаланылуымен байланысты өзге шоттардағы қаражат кіреді. Талап етілмелі депозит ағымдағы есеп айырысуға арналған. Клиенттер есеп айырысуды жүргізу, төлемдерді төлеу және банк делдалдары арқылы ақшалай қаражатқа ие болу үшін мұндай шотты ашу туралы бастаманы өздері көтереді. Қаражаттың бұл шот бойынша қозғалысы (түсуі және есептен шығарылуы) қолма –қол ақшамен, чекпен, аударыммен, басқадай есеп айырысу құжаттарымен рәсімделуі мүмкін.
Банк өтімділігін басқару тұрғысынан алғанда банктер үшін ағымдағы және бюджеттік шоттар, капитал салымын қаржыландыру жөніндегі шот, арнайы тағайындау шоты пайдалы болып табылады, өйткені қаражаттың осылар бойынша қозғалыс сипаты (жүзеге асырылатын немесе келіп түсетін аударымдардың сомасы, мерзімі, кезеңділігі) банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін.
Талап еткенге дейінгі депозиттердің түрлері:
Контокоррент (итальянша conto corrente - ағымдағы шот) - бұл бірыңғай шот. Онда банктің клиентпен жүргізген барлық операциялары ескеріледі. Контокоррентте, бір жағынан, банк ссудасы мен клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан төленетін барлық төлемдер, екінші жағынан, аударымдар, салым ақшалар, қайтарылған ссуда түрінде шотқа түскен қаражат көрініс табады. Осылайша, бұл есеп айырысу мен ссуда шоттарының қосындысын білдіретін активті- пассивтік шот болып табылады. Несие сальдосы клиенттің өзіндік қаражатқа ие екенін білдірсе, ал дебет сальдосы айналымға қарыз қаражатының тартылғанын әрі шот иесінің несие бойынша банктің борышкері болып табылатынын білдіреді. Несие сальдосы бойынша банк клиенттің пайдасына процентті есептейді, ал дебет сальдосы бойынша берген ссудасы үшін өз пайдасына процентті өндіріп алады. Әрі –беріден соң, процент шот иесінің пайдасына қарағанда банктің пайдасына ең жоғары мөлшерлеме бойынша есептеледі. Контокорренттік шот ерекше сенімділік танытудың белгісі ретінде сенімді клиентке бірінші класты қарыз алушыға ашылады. Қаражаттың түсуіне жұмсалатын шығын артатын болса, шот иесі әрбір жеке жағдайда несиені арнайы рәсімдеусіз келісімшартта белгіленген сомада ала алады.
Контокорренттік шотқа овердрафтық ағымдағы шот ұқсас болады. Бұл шот клиент пен банктің арасындағы келісімнің негізінде несиенің қарызға алынғанын білдіретін қаражат қалдығының шамасынан асып түскен соманы белгілі бір мөлшерде есептен шығаруды ұйғарады. Алайда бұл шотты ажырата білу керек. Овердрафтіде (контокорренттіге қарағанда) мұндай қарыз алу жағдайдан жағдайға қарай жүзеге асырылады, яғни сипаты тұрақты емес.
Нау шоттары пайыздық мөлшерінің жоғарғы шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін.
Супернаушоттары қолма қол ақшаны қолдану шоттары.
«Мерзімді» депозит шотына аударуға (банкке қаражатын орналастырған клиенттің табысын арттыру және банктердің несиеге беретін тұрақты ресурстарын қалыптастыру мақсатында болатын талап етілмелі шоттағы қаражат үлесінің есеп айырысуы мына формула бойынша жүргізіледі:
Мерзімді салым ақша – бұл банктің белгілі бір мерзімге тартқан депозиті. Өзіндік мерзімді салым ақша мен алдын ала хабарда етілетін мерзімді салым ақша бөліп көрсетіледі.
Өзіндік мерзімді салым ақшада қаражат банктің иелігіне келісімшарт бойынша белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен беріледі, ал оны мерзімі толған сң иесі кез келген уақытта өндіріп ала алады. Мерзімді салым ақша бойынша клиентке төленетін сыйақының мөлшері депозиттің сомасына, мерзіміне және салымшының келісімшарт шарттарын қалай орындағанына қарай белгіленеді. Салымшы салым ақшасын неғұрлым ұзақ мерзімге, әрі көп сомаға салатын болса, оның сыйақы мөлшері де неғұрлым жоғары болады. Қолданыстағы іс- тәжірибе мерзімді салым ақшаны 1, 3, 6, 9 , 12 айға немесе одан да ұзақ мерзімге рәсімдеуді қарастырады. Мұндай детальдық градация (бірте –бірте) салымшыларды өз қаражатын ұтымды ұйымдастыруға және орналастыруға ынталандырады, сондай-ақ банктің өз өтімділігін басқаруына жағдай жасайды.
Алынатын мерзімі алдын- ала хабарланатын салым ақшада клиент өз қаражатын келісімшартта белгіленген мерзімде (1-3, 3-6, 6-12 және одан да көп айларға тең) өндіріп алатынын банкіге алдын –ала хабарлап қояды. Салым ақшаның проценттік мөлшерлемесі алдын –ала хабарланған мерзімге қарай анықталады.
Мерзімді салым ақшаның сомасы қомақты сомамен анықталады, әрі келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Мерзімді салым ақша ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Егер салымшы салым ақшаның сомасын өзгерткісі келсе, яғни оны кеміткісі немесе көбейткісі келсе, онда ол қолданыстағы келісімшартты бұзып, өз салым ақшасын алып, оны жаңа шарттармен қайта рәсімдеуіне болады. Алайда, ол салым ақша бойынша қаражатын мерзімінен бұрын алатын болса, келісімшартта қарастырылған проценттің бір бөлігінен немесе одан толық айырылуы мүмкін. әдеттегіше, мұндай жағдайларда проценттер талап етілмелі салым ақша бойынша төленетін проценттің мөлшеріне дейін кеміп кетеді.
Информация о работе Банктің тартылған ресурстары,пассивтік операциялар