Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 13:22, реферат

Описание работы

Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлык қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.

Работа содержит 1 файл

банк жуйес.docx

— 33.89 Кб (Скачать)

Кооперациялардың  капиталдық кұрылысын қаржыландыратын  банк (Всекобанк). Ол Бүкіл ресейлік кооперативтік банкісінің негізінде құрылды (Всекобанк 1936 жылы таратылып, оның активтері мен пассивтері 1959 жылы жабылып қалған КСРО Сауда банкісіне берілді).Коммуналдықжәне тұргын үй құрылысын қаржылаидыратын банк (Цекомбанк); 1959 жылы жабылып, оның қызметі КСРО Мемлекеттік банкісі мен Құрылыс банкісіие берілді.

Барлық одақтас  ресиубликаларда, оның ішінде Қазақстанда барлык банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін орталықтандырудың принципі қатаң сақ-талды, банк мекемелері жоғары банк органдарына бағынды, қандай да бір жергілікті мэні бар ереженің енгізілуіне үзілді-кесілді тыйым салынды.

Сондай-ақ, іс-тәжірибеде ақша айналымын тек бір ғана банкте шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме есеп айырысу жэне ағымдагы шотын тек бір ғана банкте аша алатып. Олар өз қаражатыи осы банкте сақтады, несие мен қолма-қол ақщаны осы банктен алды жэие осы банк арқылы ақшасыз есеп айырысты.

    КСРО  Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне (Промстройбанк) несие саясатын жүргізу, несие жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын, сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО Мемлекеттік жабдықтаудагы есеп айырысуларды қаржылаидыру мен несиелеу де оның міндетіне кірді. Банк кәсіпорындардың жэпе шаруашылықтыц бірлескен салаларының есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Мұндай кешенді несие-есеп айырысу қызметін аграрлық-өмеркәсіп кешеиінің кэсіпорындары үшін - КСРО Аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда меи элеуметтік салалардагы кәсіпорындар меи ұйымдар үшіи - КСРО Әлеуметтік тұргын үй банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО Жииақ банкісі кызмет көрсетті. КСРО Сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды әрі жүргізді.

    Мамандандырылған  банктердің құрылымы аймақтық-әкімшілік принципі бойынша күрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер, ал облыстар мен өлкелерде банк басқармалары ұйымдастырылды. Аудан орталықтарында немесе калаларда банктердіц өз мекемелері болды. Олар бастапқыда мынадай принцип бойыиша кұрылған болатын: мамаидандырылғам банктердің клиенттері бар аудандарда ғана олардың (маманданды-рылған банктердің) мекемелері (эр ауданда бір мекемеден) бол-ды. Тек КСРО Жинақ банкісінің ғана мекемелері әрбір ауданда, ұжымшар мен кецшарда ашылды. Мамандандырылған банктердің (Жинак банкісінен баскасы) төменгі буындары мамандандырылғанына қарамастан өздерінің клиенттері бар аудандарда қызмет көрсетті. Банктердің мамандану мәні тек басқару деңгейінде ғана керілгені болмаса, олардың төменгі мекемелерінің әмбебеп несие мекемесінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Олар ауданның барлык клиенттеріне, яғни, кәсіпорындарға, барлық салаларга қызмет көрсетуіне тура келді.

    Банктердің  санына карай олардың 4 жоспары болды. Аталмыш банктердің салалық езгешеліктері өз клиенттерінің әмбебаптығына қайшы келгендіктен, ең алдымен несие ресурстарына байланысты көптеген проблемалар туыидады. Бұл проблемалар бір банктен екіншісіне өзара аймақаралык есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражатқа бақылау болмағандыктан одан әрі тереңдеді. Әрбір банк өз ресурстарының шегінде жұмыс істеуі үшін КСРО Мемлекеттік банкісінде ашылған корреспонденттік шот бойынша аймақаралык есеп айырысуға көшуі қажет болды. Мемлекеттен банктен бөлінген коммерциялық банктер әдетте мамандандырылған банк ретінде жұмыс істеді, нақты салаларда (өнеркәсіп, кұрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда) әрбір банктің өз монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын көбінесе олардың (кәсіпорындардың) кабілетін , мүмкіндігін және т.б. ескермей өте төменгі пайызбен қаржыландыруды және несиеледі. Бұл банктердің активтері залалға ұшыраған мемлекеттік кәсіп-орындардың мерзімі өтіп кеткен сапасыз ссудаларына ие болды. 
 
 
 
 

Тұтастай алғанда  банктерді мамандандыру туралы идея банк жүйесінің жұмысын тығырыққа тіреді, ал монополиялаудан арылмады, несие тетігіне түбегейлі өзгеріс енгізе алмады, керісінше, үлкен кедергі келтіріп, елеулі шыгынды қажет ететін көп буынды болуымен сипатталды. КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі де көп төмендеп кетті - ол мамандандырылған банктердің жұмысына елеулі ықпалын тигізе алмады.

Бұл жағдайдан  шыгудың бірдеи бір дұрыс жолы мыналар болды: банк реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі деңгейлі ұйымға көшіру.

Банк құрылымын  кайта құру үшін Мемлекеттік банктің монополиясын банк деполарына тарту кажет болды. 1988 жылға дейін Орталық, коммерциялык жэне инвестициялық банктердің қызметларын орындайтын КСРО Мемлекеттік банкісінің әмбебеп несие мекемесінен еш айырмашылығы болмады десек артык айтпаймыз.

Қазақстандағы КСРО Құрылыс банкісінің республикалык кеңсесі қаладағы - өнеркэсіптегі, көліктегі жэне шаруашылықтың басқа салаларындағы инвестицияларға қызмет көрсетті. Акционерлік негізде жұмыс істейтін КСРО Сыртқы сауда банкісі валютадағы және валютамен операцияларды жүзеге асырды.

    КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті, несие-банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ реттемелеу, сондай-ақ шаруашылык органдарының қызметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды.

Ақша-несие қатынасының  қалыптаскан іс-тәжірибесі нарық қатынасы тудырған шартгармен сэйкес келмейді.

  
 
 
 
 

    Социалистік жүйе ғасырлар бойы калыптасқан қаржы нарығының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық эрі идеологиялык тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банк түрінде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық несие жүйесін өз уысынан шығармады, шынайы бәсекелестікті, тәуекелдіктің бүкіл элементтерін жойды. 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендікке кол жеткізгеннен кейін бірден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың каңтар айында «Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі туралы» заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының бастамасы болды.

Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы ¥лттық банкісі боп қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкісі акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазакстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі акционерлік-коммерциялық бенк болып табылатын Алембанкке, Республика Жинақ банкісі -акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер ак-ционерлік банктер боп қайта құрылды, ал Жинақ банкісі Қазақстан Республикасының Халық банкісі атауына ие болды.

1989 жылдан бастап алғаш рет коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке меншік банктері пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер - Интеринвестбанк, КРАМДС банк жэне т.б. ашылды.

Информация о работе Банк жүйесі