Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 13:22, реферат
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлык қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлык қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: эр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфракұрылым, банктердің бірлестігі жэне т.б.
Банк жүйесі қүрамдык бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалык жүйсіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістІк процесімен тыгыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты кызметінде бюджеттік-са-лықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалык өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алгы шебін Орталык банк кұрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдык элементтерімен, олардың өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға кабілетті. Оны біртұтас ретінде жэне бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде керсетуге болады. Бүл оның жекелеген бөліктерінің кажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жйнақ акша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элеменгтермен, жаңа байланыстармен толыгуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге гана арналған өз тэртібі, ережесі, нұскауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйесінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға карай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оган өзінше саясат ұстанады, экономиканың түрақты даму жағдайында баска саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді эрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарга багынады.
Осы аталған
белгілердің барлығы
1. Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық
банк мемлекеттің орталық
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік
қатысушылар банкісі - екінші деңгейлі
банк, меншігінде және (немесе) баскаруында
акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері;
э) занды тұлғалар -ҚР резиденттері, ҚР
бейрезиденттерінің меншігінде және (немесе)
басқаруында 50%-дан астам акциясына ие
(оқушылардың салым ақшасы); ҚР резиденттері
ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың)
қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде қүрылған эрі эрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк инфрақұрылымын калыптастыратын эрі несие институттарының өмірлік эрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
О.И. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:
- бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді қамтиды;
- өзіндік ерекшелігі бар;
- элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;
- динамикалық жүйе болып табылады;
- «жабык тұрпат» жүйесі ретінде алға шыгады;
- өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
- басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болган:
- банктің
орталықтандырылган бөлу
- нарықтық банк жуйесі;
- өтпелі кезең жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да жэне социалистік жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір эмиссиялық жэне не-сие институты болды. Онда барлык несие ресурстары орталык-тандырылып, бөлінеді.Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтык банк жүйесі банктерге мемлекеттік монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта орталықсыздандырылган басқару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметларды өзара бөлісіп алған. Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялык банктердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның жэне посткеңестік мемлекеттердің, оның ішінде Қазакстанның осы заманғы банк жүйелерін жатқызуга болады. Оны нарықтык жүйеге де жатқызуга болады, алайда, ол алдындагы банк жүйесінің әлі арылып біткен жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және зандық базасы әрдайым өзгеріп отырады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы үдайы өзгереді. Мәселен, Қазакстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15 жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға үдайы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.Банктердің саны он жэне одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңиің әлі тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен эконо-микалық қатынастың жэне т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамдца реггелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
- мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
- барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі
Англия Банкісінен (елдің орталык банкісі),
депозиттік банктерден (ақшалай салым
ақшаны қабылдаумен жэне несиелеумен
ғана айналысады), сауда банктерінен (сыртқы
сауда саласында), достастық банктерінен
(аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік банктерден
(50), консорциумдік банктерден, есеп-қисап
үйлерінен (қысқа мерзімді операцияларды
орындайды (олардың саны - 9) жэне бірқатар
банктік емес мекемелерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді. Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
- біріншісі - 3 аса ірі банк - Швейцарияның Біріккен бан-кісі, Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялык несие банкісі;
- екіншісі - несиелеу мен есеп айырысуга маманданган, негізінен жергілікті салымшылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және жинақ ақша банктері;
- үшіншісі - инвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын жекеше банктер.
Швейцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне банктердің құпиялылығы жэне банктермен инвестициялық компаниялар қызметінің бақыланатындығы жатады. Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы жүйесіне ие және оларды Федералдық Банк комиссиясы, Ұлттық банк, Швейцариялық банктер ассоциациясы жүзеге асырады.АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық дамыган жүйе (ФДЖ) кіреді. Ол 12 федералдық резервтік банктен (жоғары деңгей) тұрады, 6 мың коммерциялык банк ФДЖ-ға мүше, ал ФДЖ-ға мүше емес коммерциялық банктер Депозиттерді сақтандырудың федералдық корпорациясына (ДСФК) кіреді, олардың саны шамамен 3 мыңдай болады және ФДЖ мен ДСФК-ге мүше емес банктер бар.
Жапонияның банк жүйесі Жапония Банкісін, коммерциялық банктерді, мамандандырылған несие институттарын, қаржы компанияларын, үкіметтік несие мекемелерін, пошталық-жинақ ақша кассаларын қамтиды.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз
банк жүйесі болмады, өйткені республика
аумағында КСРО-ның орталықтандырылған
несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері
жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің
тарихы КСРО тарихымен жэне револю-цияға
дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз
байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк
жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк,
акционерлік банктер, өзара несие қоғамы,
қалалык банктер, ипотекалық несие банкісі
жэне басқа несие мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі (өз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл несие жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің Мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлық акционерлік-коммерциялық банктердің шамамен 1/3 есептік-ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталық эмиссиялық банктерден Рессейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда-саттықты жэне т.б. несиеледі. 1914 жы-лы оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі жэне 791 басыбайлы мем-лекеттік казынашылық кассасы болды.
Акционерлік-коммерциялык банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы ссудалық капитал нарығында үстем болды жэне 1914 жылы шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.Орта жэне ұсақ буржуйларға кызмет көрсету үшін ұсак несие мекемелері жүмыс істеді: өзара несие қоғамы (11081), калалық-қоғамдық банк (343).Ипотекалық несие жүйесі мемлекеттік-дворяндық жер банкісін жэне мемлекеттік жер банкісін, 10 акционерлік жер банкісін, 36 қалалык несие банкісін, басқа да ипотекалық несие банктерін қамтиды.
1922 жылы жеке сауда-саттықты, өнеркэсіпті( несиелейтін өзара несие когамы, мемлекеттік-капиталистік әрі акционерлік Оцтүстік-Шығыс банкісі жэне шетелдік капиталдың катысумен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Социалистік экономика секторының дамуына қарай кооперативтік жэне жеке несие мекемелерінің маңызы кеміп, жұмыс істеуін біржола тоқтатады. Ауыл шаруашылығы ұжымдастырылғанда несие кооперативтерінің қажеті болмай калды. Ол 1931 жылы таратылды. Экономиканың жеке секторынан сауда мен өнеркәсіп салаларының ығысуына байланысты өзара ңесие қоғамы да өз қызметін тоқтатады. Баска да несие органдарының міндеті мемлекеттік салалық банктерге ауысады. Олар 1922-1925 жылдар аралығында құрылған Өнеркәсіп банкісі Цекомбанк, Всекобанк, Орталық ауыл шаруашылық банкісі жэне басқалары.
Өнеркәсіптерді
және электр шаруашылығын ұзақ мерзімге
несиелейтін банктен қайта құрылган өнеркәсіптердің
жэне электр шаруашылығының капиталдық
құрылысын қаржыландыратын банк (өнеркэсіп).
Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкісі боп қайта
ұйымдастырылады.
Социалистік егіншілікті каржыландыратын банк (КСРО Ауыл шаруашылык банкісі). Ол көптеген несие серіктестіктерінің жэне республикалық ауыл шаруашылық банктерінің орнына құрылды (1959 жылы жабылып, оның қызмет ету аясы КСРО Құрылыс банкісі мен Мемлекеттік банкісіне ауыстырыдцы).