Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 14:34, доклад
Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу — бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің басты құралы. Бағалы қағаздар нарығындағы қатынастардың күрделілігі, оның ауқымы, нарыққа тән тәуекел, оған қатысушылардың қауіпсіздік мүдделері ондағы жұмыстың егжей-тегжейлі стандарттары мен ережелерін қабылдау, сондай-ақ реттеу мәселелеріне түрлі мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттеуші ұйымдарды тарту қажеттігін талап етеді. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар мен мемлекет мүдделерінің көптеген ұстаным бойынша сай келуі туындаған мәселелерді оралымды түрде шешудің әдісі ретінде өзін-өзі реттеуді пайдалануға мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мына қағидаларға негізделген: ел аумағында нарықты реттеудің нормативтік негіздерінің, режимінің, әдістерінің бірлігі; мемлекеттің аз араласуы және өзін-өзі көп реттеу; тең мүмкіндіктердің болуы; бағалы қағаздар нарығындагы бәсекеге мемлекеттің ынталандыруы; бағалы қағаздар нарығында түрлі жобаларды мемлекеттік қолдаудың жария бәйгелестікпен бөлінуі; нарықта жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындардың коммерциялық кәсіпорындардан артықшылығы болмауы; нарыктың кәсіпқой қатысушылары көрсететін қызметтің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту; бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесін дамытудағы сабақтастық.
Барлық МБҚ, млн.теңге | оның ішінде | |||||||||||||||
ҚҰБ-нің қысқа | ҚР Қаржы Министрлігінің БҚ, барлығы,млн.теңге | |||||||||||||||
мерзімді ноттары | МЕҚҚАМ | МҰИҚАМ | МЕОҚАМ | МЕҰҚАМ | МЕҰЖҚАМ | MAOҚAM | ||||||||||
көлемі | тиімді кірістілігі, % | көлемі | тиімді кірістілігі, % | көлемі | тиімді кірістілігі, % | көлемі | тиімді кірістілігі, % | көлемі | тиімді кірістілігі, % | көлемі | тиімді кірістілігі, % | көлемі | тиімді кірістілігі, % | |||
12.10 | 2 569 002 | 899 542 | 1,35 | 1 669 460 | 151 989 | 2,08 | 52 909 | 14,28 | 468 111 | 5,98 | 483722 | 6,6 | 503 202 | 0 | 9 527 | 7,64 |
01.11 | 2 690 353 | 1 016 401 | 1,32 | 1 673 951 | 144 762 | 1,99 | 52 909 | 14,28 | 466 851 | 5,98 | 486556 | 6,58 | 513 202 | 0 | 9 672 | 7,64 |
02.11 | 2 951 534 | 1 253 532 | 1,31 | 1 698 001 | 135 258 | 1,91 | 52 909 | 14,28 | 486 179 | 5,86 | 486231 | 6,58 | 527 752 | 0 | 9 672 | 7,64 |
03.11 | 3 201 936 | 1 449 137 | 1,25 | 1 752 799 | 136 999 | 1,83 | 52 909 | 14,28 | 484 106 | 5,72 | 526361 | 6,4 | 542 752 | 0 | 9 672 | 7,64 |
04.11 | 3 220 103 | 1 451 536 | 1,25 | 1 768 566 | 128 764 | 1,79 | 52 909 | 14,28 | 489 109 | 5,62 | 541361 | 6,36 | 546 752 | 0 | 9 672 | 7,64 |
05.11 | 3 107 267 | 1 319 307 | 1,24 | 1 787 960 | 111 092 | 1,77 | 52 909 | 14,28 | 495 775 | 5,57 | 571759 | 6,28 | 546 752 | 0 | 9 672 | 7,64 |
06.11 | 3 146 646 | 1 330 612 | 1,27 | 1 816 035 | 103 843 | 1,75 | 52 909 | 14,28 | 495 775 | 5,57 | 592083 | 6,22 | 561 752 | 0 | 9 672 | 7,64 |
07.11 | 3 014 154 | 1 170 298 | 1,26 | 1 843 855 | 98 830 | 1,69 | 52 909 | 14,28 | 494 775 | 5,5 | 611150 | 6,17 | 576 752 | 0 | 9 439 | 7,64 |
08.11 | 2 864 897 | 989 793 | 1,27 | 1 875 104 | 98 830 | 1,69 | 52 909 | 14,28 | 491 075 | 5,31 | 646078 | 6,09 | 576 752 | 0 | 9 460 | 7,64 |
09.11 | 2 659 131 | 742 568 | 1,4 | 1 916 563 | 98 830 | 1,69 | 52 909 | 14,28 | 481 575 | 5,16 | 669938 | 6,04 | 603 752 | 0 | 9 559 | 7,64 |
ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноттары - айналыс мерзімі 7 күннен 1 жылға дейін
МАОҚАМ - Мемлекеттік арнаулы орта мерзімді қазнашылық облигациялар, айналыс мерзімі 2, 3 жыл
МЕҚҚАМ - Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер, айналыс мерзімі 3, 6, 9, 12 ай
МЕОҚАМ - Мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер, айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін
МЕҰЖҚАМ - Мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi жинақ қазынашылық мiндеттемелер, айналыс мерзімі 5 жылдан аса
МЕҰҚАМ - Мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер, айналыс мерзімі 5 жылдан аса
Информация о работе Багалы кагаздар нарыгын мемлекеттік реттеу