Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 16:35, реферат
Инвестиция қандайда болмасын кәсіпке пайда неесе табыс табу мақсатында ұзақ мерзімге қаражат жұмсау деген ұғымды білдірсе, ал инвестор сол кәсіпке немесе іске қаражат салушы дегенді білдіреді. Инвестор жеке де, заңды тұлға да болуы мүмкін.
Айта кететін жайт, ақша қаражатын үйде сақтап жинақтаса, ондай жинақ ақшанын инфляцияға ұшырауынан, сондай – ақ вольюта бағамының айырмашылығынан құнсызданады, яғни бағасын жояды. Ал инвестицялаудың негізгі артықшылығы ақша қаражаты әр түрлі ақтив түрлерін сатып алуға жұмсалады, олардың айналыста бағасы артып, иесіне табыс түсіреді.
Бағалы қағаздар нарығындағы сақтандыру ұйымдарының және басқа да қаржы институттарының қызметі.
Бағалы қағаздар нарығына қаражат салушы маманданған несие-қаржы институттарының келесілері – сақтандыру ұйымдары, несиелік одақтар, қаржы компаниялары, хеджирлік қорлар, несиелік серіктестіктер. Енді осылардың инвестициялық қызметіне тоқталып өтелік.
Сақтандыру нарығының алғашқы буыны – сақтандыру ұйымы (компаниясы). Тарихи – ол сақтандыру шартын жасасатын және оған сақтандыру қоры ретінде қызмет көрсететін құрылым. Отандық экономиканың нарыққа өтуі экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандыру компанияларының алатын орнын және ұйымдастыру құрлымын төбегейлі өзгертіп, қазір олар елдің шаруашылық өмірінде толық құқылы субъектіге айналуда.
ҚР-да сақтандыру ұйымдары АҚ ретінде құрылады. Сақтандыру ұйымдары өз қызметін «өмірді сақтандыру» саласы бойынша немесе «жалып сақтандыру» саласы бойынша алған лицензиялары негізінде жүргізеді. «Жалпы сақтандыру» саласының қызметін «өмірді сақтандыру» саласының қызметімен қоса атқаруға және де сақтандыру жинағы формасында жүргізуге болмайды. Алайда, ауру, жазатайым оқиға қауіп-қатерінен сақтандыру мен медициналық сақтандыруды қоспағанда, айтылған екі сақтандыру салаларының қызметтерін біріктіруге болмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру қызметінен басқа инвестициялық қызметті де атқаруға құқылы. Сақтандыру компанияларына қаражат тартудың ерекше формасы – сақтандыру полистерін сату тән. Сөйтіп, тапқан табысты басқа компаниялардың облегацияларын мен акцияларына жұмсайды. Сондай-ақ кәсіпорындар мен мемлекетке ұзақ мерзімді несие берді.
Сақтандыру ұйымдарының бір-бірімен ынтымақтастықта қызмет атқаруы үшін сақтандырушылар одағы мен ассоциялары құрылуда.
Қазіргі кезде ҚР-де 1992 жылы алғаш енгізілген «сақтандыру туралы» Заң негізінде құрылып, халыққа табысты қызмет көрсетуші 32 сақтандыру ұйымы, қатысушылары ҚР резиденті емес – 5 ұйым, сақтандыру брокерлік – 6 ұйым, 28 актуарий және 34 аудиторлық ұйым бар.
Несиелік одақтар. Қазақстанда тұтыну несиесін беретін несиелік одақтар мен қаржы компанялары 90-жылдардың бас кезінде пайда болды. Ол кезде коммериялық банктер жеке тұлғаларға қамсызданбаға несие беруге мүдделі болмады. Жеке адамдар бірігіп несиелік одақ қорып, оған өздері салған жинақтарын бір-біріне қарызға беріп отырды. Несиелік одақтар өзара несиелеудің ұжымдық формасы. Одақтың әрбір мүшесі директорлар кеңесінің мүшесін сайлағанда бір дауысқа ие. Одақтың мүшесі болу үшін ол адам қойылатын талаптарға сай болу керек. Міндетті талаптардың көп бөлігі (80%-дан астамы) одақтың «мамандануына» сай, кейбіреуі (10% шамасы) «ұйымдастыруына» сай болуы керек, ал қалғаны «резидеттікке» немесе тұратын жеріне байланысты болады.
Несиелік одақтың міндеттемелері жинақ шоттары мен чектік шоттан қалыптасады. Одақ жинаған қаражатын өз мүшелеріне қысқа мерзімді тұтыну несиесі түрде береді. Олардың басқа дипозиттік типтегі қаржы институттарынан айырмашылығы – олар табыстан алатын салықтан босатылған. Қазақстанда бұндай одақтар кең тарамағын.
Қаржы компаниялары – кейбір жеке адамдар мен кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімді ақшалай несие және лизингтік несие беретін ұйым. Бұндай несие жоғары дәрежелі тәуекелі бар несие. Қаржы компаниялары банктік несие есебінен, коммерциялық қағаз сатудан, қысқа және ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелерін эмиссиялаудан қаражат түсіреді. Олардың өз капиталы мен қарыз капиталының арақатынасы 1/10 қатынасына тең, яғни қаржы компаниялары қарыз капиталымен қызмет көрсетеді. Қаржы компаниялары әр түрлі ұйымдық-құқықтық формада ұйымдасуы мүмкін. Олар:
серіктестік;
жеке меншік құқығы бар корпорация;
акционерлік қоғам;
өнідірушілерге жататын еншілес кәсіпорын;
коммерциялық банктердің холдингтік компаниясы;
өмірді сақтандыру немесе басқа да корпоративтік меншік иелерінің компаниялары.
Олардың көбісі тұтыну тауарларын несиелеуге кейбірі ұсақ несие беруге немесе лизингке маманданады. Дипозиттік институттардан айырмашылығы – қаржы компаниялары банктерден ірі қағаз алып немесе капитал нарығында бағалы қағаздарды сатып, өз қаражатын құрастырады.
Хеджирлік қорлар. Хеджирлеу деген – ұзақ мерзімге бекітілген мәміле бағасының қолайсыз өзгеруінен сақтандыру. Саяси экономия түсінігі бойынша, хеджирлеу биржалық саудада, яғни өндіріс кезінде емес, айналыста баға айырмашылығынан пайда табу тәсілі. Хеджирлеу – биржадағы саудагерліктің формасы. Нарықтық қатынастардың мақсаты – қандай операциялар есебінен екеніне қарамай пайда табу. Осы пайдадан хеджирлік қор құрылады, ол, әдетте, жауыпкершілігі шектеулі серктестік формасында құрылады. Онда қордың басқарушысы – бас серік (портнер), ал инвестор – жауыпкершілігі шектеулі серік ретінде қызмет атқарады. Хеджирлік қордың міндеті – тұрақты пайда нормасын қамтамсыз ету. Дәстүрлі хеджирлік қор деп менеджер саналады. Ол акцияны сатып алуға және сатуға инвестицияны жұмасайды.
Несиелік серіктестіктер – өз қызметін ҚР ҰБ берген лицензиясымен атқаратын заңды түлғаларды несиелеу үшін құрылған банктік емес мекемелер. Олар – коммерциялық ұйымдар. Бұндай ұйымдар ұйымдық-құқықтық тұрғыдан акционерлік қоғам немесе жауыпкершіліг шектеулі серіктестік формасында құрылады. Несиелік серіктестіктер төмен сыйақымен жеке тұлғалардың салымдарын тартып, шағын бизнес субъектілеріне шағын сома көлемінде қысқа мерзімді несие береді.
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар және олардың түрлері