Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар және олардың түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 16:35, реферат

Описание работы

Инвестиция қандайда болмасын кәсіпке пайда неесе табыс табу мақсатында ұзақ мерзімге қаражат жұмсау деген ұғымды білдірсе, ал инвестор сол кәсіпке немесе іске қаражат салушы дегенді білдіреді. Инвестор жеке де, заңды тұлға да болуы мүмкін.
Айта кететін жайт, ақша қаражатын үйде сақтап жинақтаса, ондай жинақ ақшанын инфляцияға ұшырауынан, сондай – ақ вольюта бағамының айырмашылығынан құнсызданады, яғни бағасын жояды. Ал инвестицялаудың негізгі артықшылығы ақша қаражаты әр түрлі ақтив түрлерін сатып алуға жұмсалады, олардың айналыста бағасы артып, иесіне табыс түсіреді.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар және олардың түрлері.doc

— 77.00 Кб (Скачать)


 

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ – ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ҚОСЫМША КӨЗІ

 

7.1. Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар және олардың түрлері

             

              Инвестиция қандайда болмасын кәсіпке пайда неесе табыс табу мақсатында ұзақ мерзімге қаражат жұмсау деген ұғымды білдірсе, ал инвестор сол кәсіпке немесе іске қаражат салушы дегенді білдіреді. Инвестор жеке де, заңды тұлға да болуы мүмкін.

Айта кететін жайт, ақша қаражатын үйде сақтап жинақтаса, ондай жинақ ақшанын инфляцияға ұшырауынан, сондай – ақ вольюта бағамының айырмашылығынан құнсызданады, яғни бағасын жояды. Ал инвестицялаудың негізгі артықшылығы ақша қаражаты әр түрлі ақтив түрлерін сатып алуға жұмсалады, олардың айналыста бағасы артып, иесіне табыс түсіреді.

Қаражаты банктін депозитке салғанда банк салымшыға түскен табыстын алдын ала бекітіліп, келісілген процент түріндегі бір ғана бөлігін төлейді. Бағалы қағаздар нарығын инвестициялағанда инветорға түскен табыстын барлығы төленеді.

Қаражаты (инвестицияны) негізінен үш түрлі мақсатпен жұмсайды:

      табыс көзін табу үшін;

      айналытағы капиталды өсіру үшін;

      айтылған екі мақсатты біріктіріп, ақырында бір міндеті орындау үшін, мысалы, жаңа технологияны игеру, жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу және т.с.с.

Қаражат жұмсап табыс табу көздері – ол банктін депозиттер, ақша

нарығының  құралдары, жоғары купонды облигациялар және үлесті бағалы қағаздар. Ал айналыстағы капиталды өсіру үшін салынатын инвистицияға қарызды бағалы қағаздар, өзара қорлар және нольдік купонды облигациялар жатады.

              Инвестор инвистициялық шешім қабылдау үшін және инвестиция объектісін таңдағанда тәуекелге бару керек. Қаупі төмен инвистицияларға банктік дипозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздарға салған қаражат, ақша нарығының құралдары, корпоративтік облигациялар кіреді. Ал жоғары қауіпті инвистицияларға биржада өтімі төмен үлесті акциялар, фьючерстер және опциондар жатады.

              Инвистиция жұмсаудың екі тәсілі бар. Біріншісі, қаржыны жеке немесе заңды тұлғаның дербес өз бетінше жүмсауы. Екіншісі, қаражатты нарықтың

кәсіби мамандарына сенімді басқаруға беруге болады. Бірінші тәсілдің, яғни

дербес инвистициялаудың бірсыпыра артықшылықтары бар. Олардың ең негізгілері:

      қауіпті өзінің бақылауы;

      салымның өтімділігін бақылау;

      инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін кез келген кезде мерзімді қажеттілікке алу мүмкіндігінің болуы.

Қазақстан бағалы қағаздар нарығында инвестициялауды нарыққа кәсіби қатысушылар – брокерлік компаниялар жүзеге асырады. Брокерлік қызмет көретудің мәні – клиенттің есебінен оның тапсырмасын орындау.

Бағалы қағаздар нарығын инвестициялаудын екінші тәсілі – ұжымдық инвестициялау немесе олар институционалдық инвесторлар деп те аталады. «Ұжымдық инвестициялау» деген ұғымның экономикалық мағнасы – пайда табу мақсатында кәсіби басқарушылардың ұсақ инвесторлардың қаражатын шоғырландыруы. Ұжымдық инвесторлар:

      ашық және жабық инвестициялық қорлар;

      жинақтаушы зейнетақы қорлар;

      сақтандыру қорлары және т.б. несие-қаржы ұйымдары.

Ұжымдық инвестицияландың өзіне тән белгілері бар. Олар:

      бағалы қағаздарды орналастыру немесе шарт жасасу жолымен қаражат тарту;

      бағалы қазаздарға және басқа да мүлікке тартылған қаражатты инвестициялауды негізгі қызмет ретінде қолдану;

      дивидент немесе процент формасында түсетін табыстың және мүлікпен жасалған мәмілелерден түсетін табыстың негізгі бөлігін алу;

      инвестициялаудан түскен табысты ұжымдық инвестициялауға қатысушылар арасында оларға дивидент, процент немесе басқа да төлем түрінде бөлу.

Операциялық әрекет тұрғысынан қарағанда ұжымдық инвесторларға бірсыпыра ерекшеліктер тән:

      өз ақша қаражатын қаржылық делдалға (яғни ұжымдық басқарушыға) берген жақтар инвестициялауға байланысты туындаған қауіп-қатерден болған шығынды өздері шегеді;

      басқарушы көптеген жеке және заңды тұлғалардың қаражатын бір қорға біріктірген соң, салымшылар салған жарнасына дербестігін жойылтып, соңында ұжымдық инвестициялауға қатысушылардың шеккен зияны орташаланды;

      ұжымдық инвестициялау үлгісі кейбір дәстүрлі инвестициялау формалары (банктер, сақтандыру компаниялары, жеке зейнеткерлік шот және т.б.) тәрізді алдын ала келісіліп бекітілген төлемдерді алуға үміттендірмейді;

      ұжымдық инвестициялау үлгісіне қатысушы инвестор жинақталған қаражаттың инвестициялау бағытына хабардар болғандықтан оның өзінің инвестициялау саясатына сәйкес келетін инвестициялау үлгісін таңдап алуына мүмкіндігі бар.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде бір жағынан халықтың өзінің қаражатын сенімді және пайдалы жүйеге салуға қызығушылығы, екінші жағынан кәсіпорындардың мемлекеттік емес қаржыландыру көздеріне мұқтаждығының өсуі ұжымдық инвестициялау тәсілінің өзектілігін арттыруда. Тек ұжымдық инвесторлар ғана шешуші қаржылық делдал болуға бейімді институционалдық инвестор деп танылуда.

 

7.2. Бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық команиялар және қорлар

 

              Инвестициялық компаниялар және қорлар – олар инвесторлардың қарадатын жинап, оларды ақша нарығы және  капитал нарыңғының құралдарын жұмсайтын заңды тұлғалар.

              Жалпы инвестициялық компаниялар да, инвестициялық қорлар да бағалы қағаздарға ұжымдық инвестиция салушы ұйымдар. Алайда, әр елдің заңнамасына сай бұл екі ұйымның бір-бірінен әжептәуір  шартты түрдегі айырмашылығы бар. Кейбір елдерде бұл екі инвестициялық институт бір-бірінен қызмет ету сипатына қарай ерекшеленеді. Мысалы, Ресейде, инвестициялық компаниялар бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастырумен, бағалы қағаздарға қаржы салумен, сондай – ақ өз атынан және өз есебінен оларды сатып алу сатумен шұғылданады. Инвестициялық компаниялардың ресурстарықұрылтайшылар қаражаты есебінен жіне тек заңды тұлғаларға сатылуы тиіс өз бағалы қағаздарын эмиссиялаудан қалыптасады. Ресейде инвестициялық компаниялардың халықты қаржысын тартуға құқығы жоқ. Олар заңнамада көрсетілгендей кез келген ұйымдық-құқықтық формада құрыла береді. Инвестициялық қорлар инвесторлардың ақша қаражатын тарту мақсатында акция шығару және оларды қор атынан бағалы қағаздарға, сондай-ақ депозиттік шотқа салуен айналысады. Инвестициялық қорлар басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Инвестициялық қорлар негізінен жеке ұсақ инвесторлардың ақша қаражатын тартады. Кез келген заңды және жеке тұлғалар инвестициятық қорлардың акционерлері болуы мүмкін. Түскен ақшаға инвестициялық қорлар кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алып, өз салымшыларына акция бойынша табыс төлейді. Инвестициялық қорлар ұйымдық-құқықтық форма тұрғысынан тек ашық типтегі акционерлік қоғам түрінде құрылады.

              Кейбір елдерде, мысалы, Германияда инвестициялық компания мен инвестициялық қорлар бір-бірінен масштабы жөнінен бөлінеді. Бұнда инвестициялық компаниялар көбінесе банктердің еншілес компаниясы болып есептеліп, өзінің ірі капмиалы болмайды. Жарғысына сай олар кәсіпорындар акциясының бақылау бумасын алуға құқығы жоқ. Сондықтан кәсіпорын банктің капиталына белсенді қатыса алмайды. Германияның инвестициялық қорлары, керісінше, жеке және институционалдық инвесторлардан тартылған көптеген капиталы бар тәуелсіз қаржы институтары болып есептеледі. Бұл инвестициялық қорлар кәсіпорынкапиталының 60-тан 80% - ке дейінгі бөллігін алып бірнешежыл қатарынан белсенді түрде оларды басқарады. Сондан ке»ін инвестициялық капиталдағы үлесін басқа инвесторларға тікелей, немесе қор биржасы арқылы сатады.

              Инвестициялық компаниялар мен инвестициялық қорлар АҚШ-та, Канадада, Англия және Жапонияда табысты қызмет көрсетуде. Олардың активтерінің 80 %-ін акәия құрайды. Инвесттициялық компания әдетте, қаражат тарту бағыты бойынша маманданады. Олардың кейбіреуі инвестицияныжай акцияға салса, кейбіреуі облигацияға жұмсайды. Одан басқа, бұл елдерде салық манадану да кең ьараған, компания тек теміржол не машина құрлысы, немесе автомобиль кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алады.

              Шетел тәжірибиесі дәлелдегендей, инвестициялық қорлардың табысты қызмет етуі үшін мынадай қажетті жағдайлар болуы шарт:

      ұйымда бағалы қағаз портфелін ұтымды қалыптастырып, оны тиімді басқаратын терең білімді мамандар болуы;

      тәуекелді төмендететін қор нарығындағы әр түрлі құралдарға инвестицияны тиімді бөлу;

      қор нарығындағы жаңа, әрі ұтымды бағалы қағаздарды тез сату және сатып алуды қамтамасыз ететін салынатын қаражаттың жоғары өтімділігінің болуы;

      халықтың әр түрлі категорияларынан қаражат тарту мүмкіндігінің болуы.

Инвестициялық қорлар – жеке және ұжымдық тұлғалардыңақша

Қаражатын немесе активтерін басқару үшін кәсіби инвестициялық менеджерлер қолданатын механизм. Инвестициялық қордағы сан мыңдаған инвесторлардың салымы бірыңғай портфель ретінде басқарылады. Портфельде әрбәр инветордың салған инвестиция мөлшеріне пропорционал келетін өз үлесі бар. Бұндай басқарудың төмендегідей артықшылықтары бар.

     Кәсіби басқару. Жеке ұсақ инвесторлардыңбағалы қағаздарды таңдап

алуға және қор нарығында қызмет атқаруға уақыты да, әрі кәсіби білімі де жетіспейді. Әйткенмен де, олар акцияға, облигацияға салған қаржатын көбінесе мол табыс алғысы келеді. Сондықтан олар жинағын қорларға салады.

   Диверсификация – бағалы қағаздарға салған портфельдік

инвестицияның қаупін төмендетудің бір тәсілі. Бұл тәсіл бойынша инвестиция бағалы қағаздардың әр түрлі типтеріне және өндірістің әр түрлі саласындағы компаниялар арасында бөлінеді. Бірақ ұсақ инвесторлардың шығындыүнемдеп жұмсап, осындай нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндігі шектеулі.

      Шығынды төмендету. Көптеген ұсақ инвестицияны бір ірі портфель

ретінде басқарғанда жүргізілетін операциялар есебінен шығынды үнемдеу мүмкіндігі туындайды. Нәтижесінде инвесторлардың да басқаруға төлейтін төлемі азаяды.

      Сенімділік. Әлемдегі бүкіл елдерде инвестициялық қорлар ұсақ

инвесторлардың мүддесін қорғау үшін заң жүзінде ашылған ұйымдар. Сондықтан инвесторлар қорға салған қаражаттары ұтымды басқарылатынына және қорғалатынына кәміл сенімді.

Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар нарығына қатысуы нарықтың дамуына қолайлы жағдай тудыруда. Халық пен институционалдық инвесторлардың уақытша бос ақша қаражатын шғырландыру арқылы инвестициялық қорлар инвестициялық сұранысты күшейтіп, бағалы қағаздардың айналысын жағдай жасап, сайып келгенде өндіріске инвестициялық ресурстардың құйылуын қамтамасыз етуде.

              Қазақстанда инвестициялық қорлардың қызметі «ҚР-ғы инвестициялық қорлар туралы» Заңға сәйкес реттеледі. Инвестициялық қорлар акционерлік қоғам формасында құрылып, өзінің акциясын шығару және оны орналастыру үшін ақша қаражатын таратуға қызмет етеді. ИҚ-ның бағалы қағаздардың басқа да түрлерін шы,аруға құқығы жоқ. ИҚ-лар өзінің акционерлерімен қалыптасқан өзара қатынастарына байланысты өзара қор және инвестициялық компания болып екі типке бөлінеді. Қазақстан инвестициялық қорларының ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнінен бірсыпыра ерекшеліктері бар. Олар 7.1 – суретпен  өрнектелген.

Өзара қор

Инвестициялық компания

1.      Ақық инвестициялық қор

2.      Заңда көрсетілген бағамен, тәртіппен және қор акционер-лерінен өзі эмиссиялаған акцияларды сатып алуға мінлетті.

3.      Жарғылық капиталы мем-лекеттік тіркеу кезінде 50 мың есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

4.      Шығарылатын акәияларының мөлшері шектеусіз қажет болған жағдайда акционер-лердің жалпы жиналысының шешімі болама да қосымша эмиссияолануы мүмкін.

5.      Акциялары ұйымдаспаған нарықта айналыста жүреді.

6.      Акцияның бағасын күнбе-күн белгілеу міндеттемесі заңда көрсетілмеген.

7.      Артықшылықты акцияны шығара алмайды.

1.      Жабық инвестициялық қор

2.      Қор акцияонерлерінен өзі эмиссиялаған акцияларды сатыпалуға міндетті емес

3.      Жарғылық капмталы мем-елекеттік тіркеу кезінде 30 мың есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

4.      Акциионерлердің жалпы жиналысының шешімінсіз қосымша акция шығару арқылы жарғылық капиталды ұлғайтуға немесе акцияның бір бөлігін өтеумен азайтуға болмайды.

5.      Акциялары өзөтімділігін қор биржасындағы айнадысы арқылы қамтамасыз етеді.

6.      Акцияның бағасын күнбе-кү белгілеу міндеттемесі заңда көрсетілмеген.

7.      Артықшылықты акция шығару мүмкінлігі бар.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар және олардың түрлері