Қазақстанның экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 21:13, реферат

Описание работы

Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздегі нарықтық қатынастарының кеңеюі жағдайындағы мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асыру жән оны күшейту, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.

Бұл реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отврғызбай және қайта тиемей тасымалдау.

Содержание

І Кіріспе……………………………………………………2

ІІ Негізгі бөлім:

а) Экономикалық және әлеуметтік прогресі……6

ә) Тікелей инвестиция тарту бағдарламасы…..14

б) Шағын және орта бизнес туралы………….…..18

ІІІ Қорытынды…………………………………………22

Қолданылған әдебиеттер……………………………24

Работа содержит 1 файл

Экономикалық және әлеуметтік прогресі - www.topreferat.kz.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

    1997 – 2001 жылдар аралығында Қазақстанның  инвестиция жөніндегі комитеті  еліміздің ең басты экономикалық  салаларында инвестициялық белсенділікті  арттыру мақсатында шетелдік  компаниялармен 345 келісім – шартқа  отырған. Осы кезеңде өңдеуші  өнеркәсіп саласында айтарлықтай үлесті металлургия өндірісі ( 45 пайыз) , азық – түлік өнімдерін шығару ( 19.8 пайыз) және химия өндірісі (11.1 пайыз) алады екен. Бір ғана химия өнеркәсібі бойынша , 2001 жылы жалпы сомасы 95.6 млн . АҚШ долларына бағаланған 13 келісім – шартқа қол қойғызылып, негізгі капитал 82.4 млн. Ақш долларына жетіп жығылды . Тұрғын үй , әлеумет және туризм салаларында инвестицияның жалпы көлемінің 12.8 пайызын құрайтын, 299 млн. АҚШ долларына бағаланған шетел инвестициясы бойынша  35 келісім – шарт дүниеге келген. Және осы инвестиция негізінде 8.8 мың жұмыс орны ашылған.[11,2 б.]

    Аса ірі инвесторлардың жоспарларын  талдағанда мынадай мәселелерді  байқауға болады, яғни барлығы да шетелдік белсенді операцияларды жоспарлайды. Бірақ , оның кейбір  “географиялық” ерекшеліктері бар: американдық фирмалар Батыс Еуропа нарығына инвестициясын бағыттайды ( ерекше жоғарғы технология және тұтыну тауарлары саласында); еуропалық Трансұлттық корпорациялар өздерінің негізгі жұмсалымдарын американ нарығына салуға мүдделі ; Жапон Трансұлттық корпорациялары басымдылықты Азия елдеріне береді. Дамушы елдердің жаңа жұмсалымдары дамушы елдерге бағытталады деп болжауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Б) Шағын және орта бизнес туралы 

     Шағын бизнес – нарық құрылымының маңызды элементі, кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырудың динамикалық және аса иілгіш формасы. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тауар өндіру бәсекелесінде, нарық қатынастарын дамытуда, монополизацияға қайшы келетін қажетті жағдайы болып тұр

     Жапония , Германия Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары   санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.

       Шағын бизнестің функциясы:

        1. Сұраныс коньюктурасының өзгеруіне тез елеу. Тұтыну сұранысының үлкен дифференциация жағдайында аса маңыздылығы, НТП, тауар мен қызмет көрсетудің жастық номенклатурасы.
        2. Шағын бизнесс халықтың қаржы және өндіріс ресурстарын (оның жоқ болғанда пайдаланбаған) маңызды мобилизациялайды
        3. Бәсекелестік ортаның құрылуы
        4. Жұмыспен қамту проблемасын шешу (дамыған елдерде жаңадан құрған жұмыс орындардың 70-80%)
        5. Қазіргі НТР жағдайында шағын бизнесс маңызды ғылыми және техникалық бағыттарымен қатар бұзып өтуді жүзеге асырады.
        6. Әлеуметтік қиналу және нарықтық қатынастардың демократизациясының жеңілдетілуі (орташа класты құру)

       Бірақ шағын бизнес ең нашар бәсекелестік жағдайда тұр, ірі бизнеспен салыстырғанда. Олардың шығындары жоғары, өәткені  олардың шығарылатын өнімнің  сериясы ұсақ болып келеді, құралдарды жаңарту үшін қаражаттарды жинаудың ең нашар мүмкіндігі, кадрларды даярлау, ақпараттық қамсыздандыру жағынан нашар болып келеді.

       Сәйкесінше, ашық және жан-жақты шағын бизнеске мемлекеттік көмек жүйесінің  құрылуы – оның дамуына қажет  жағдайлар.

       Экономикалық  дамыған елдердің соғыстан кейінгі шағын бизнестің даму тарихын екі этап бойынша бөлуге болады:

        1. 50 ж-дың ортасынан 70 ж-дың ортасына дейінгі: шағын бизнестің ірі бизнеске тәуелділігі, шағын кәсіпкерлікті экономикалық жүйенің ескірген элементі ретінде бағалануы. Бұл проблемалар өндірістің ірі сериялық және жалпы даму объективті түрде шарттастырылды.
        2. 70 ж-дың ортасынан қазіргі уақытқа дейінгі: НТР-дің қазіргі заманға сай этаптарының жүзеге асырудың ең маңызды формалары болған шағын бизнесті ұстануға айналған мемлекеттің экономикалық саясатының сипаты.

       Мемлекеттік қолдаудың екі бағыты:

        1. Протекционистік элементтерімен араласқан шағын бизнес қызметінің кең мемлекеттік реттелуі
        2. Нарықтық жағдайды құрудағы аса қатаң бәекелестікпен күресу үшін мемлекеттің жай реттелуі, бұнда тек күштілері ғана жеңеді.

       Көптеген  дамыған елдерде қолданылатын шағын  бизнесті қолдау элементтері:

        1. Бюджет арқылы тікелей дотациялар
        2. Мемелекттік тапсырмаларды ірі кәсіпорындарда тапсыру кезінде шағын бизнес үшін юелгілі бір субмердігерінің пайызы анықталады.
        3. Мемлекет шағын бизнестің банкттік несиені алу кезінде кепілдеме ретінде шығарылады.
        4. Салық жеңілдіктері
        5. өзінің жеке ұызметін ашушыларға арналған мемлекеттік көптеген бағдарламалар
        6. капиталдың концентрациясының процесстерімен заңды түрде бақылау жүргізу, яғни шағын кәсіпорындардың дәлелденбеген еңгізулерді болдырмау үшін
        7. мемлекеттің барлық шағын бизнесті қаржыландыратын және несиелендіретін ұйымдарда қатысуы
        8. шағын бизнеске мемлекеттің ақпараттық көмегі
        9. кадрлар даярлау және қайта даярлауды мемлекеттік қаржыландыру.

       Ұлыбритания. Негізгі үйлестіруше орган - өндіріс  және сауда Министерствасындағы  ұсақ фирмалар бөлімі. Бұдан басқа  жоғары емес төлем немесе тегін көмек  көрсетуші  ұйымдардың жүйелері құрылды: 1) ұсақ фирмалардың қызметі; 2) жергілікті кәсіпкерлік агенствалары; 3) еңбек орталықтары; 4) жергілікті кәсіпкерліктің дамуына көмектесетін коммуналдық ұйымдар.

       Ұсақ  фирамалардың қызметі ұсақ бизнестің  ұйымдастырушылық-практикалық сұрақтармен  жұмыс атқарады, мемлекет ішінде аумақтық бөлімшелері бар және басқа да ұйымдармен бірлесіп қызмет атқарады. Ол, әрине шағын бизнесті қаржыландырумен айналыспайды. Оның мақсаты - ұсақ кәсіпкерлердің қызығушылықтарын қорғау, өз жұмыстары бойынша ұйымдарға көмек, келісімдерді алу бойынша көмек, субсидияларды алуда көмек көрсету, мамндырылуға қажетті білімді алуда көмек.

       Ұлыбританияда әртүрлі халықтың деңгейлерін байланысты ұйымдастырылған арнайы бағдарламалар  және шағын бизнестің аймақтық даму бағдарламалары бар. Жеке меншік қызметінің ұйымдарына жұмысшыларды тарту. 18 жастан жоғары, 13 аптадан асатын жұмыстың болмауы, және алғашқы капиталы 1000 фунт стерлингтен төмен емес жұмыссыздар қатыса алады. Схеманың қатысушылары 1 жыл ішінде апта сайын 40 фунт стерлинг мөлшерінде субсидиялар алып отырады, әғни жұмыссыздыққа байланысты пособияға қосымша ретінде төленеді.

       80 – 90 жж-дың басында бұл бағдарламаның  қатысушыларының саны 25 000-90 00 ға  дейін өсті.

     Сонда қорыта айтқанда, әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы  өз орнын табуға тиіс.

     Мемлекеттік  кәсіпорындар мен мехахолдингтердің , ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру .

     Стратегиялық  маңызды мемлекеттік компаниялар  акцияларының пакеттерін басқаруды  арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің  қолы жете бермейді. Қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен  қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін несиелеу мүмкіндігі  25 млрд. теңгеге дейін өседі. [3,5 б.]

       Бұның шешу жолдары: банк несиелеу  кепілдік беру мен сақтандыруды  жүзеге асыруды қолға алу керек.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

 

     Президент Қазақстан халқына өзінің Жолдауында еліміздің және оның экономикасын, халқымызды бәсекеге қабілетті ету жөнінде өте жауапты міндет қойды. Мемлекетіміздің Президенті биылғы Жолдауын “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін” деп атады.  Бұл - өте маңызды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері халықаралық нарыққа мұнай, газ және қара түсті, сирек, бағалы металдармен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде белгілі бола түсуде. Екінші жағынан біз өзіміз де сырттан көптеген тауарлар аламыз, яғни, Қазақстанда ашық экономика қалыптасты. Және де біздегі сыртқы сауда көлемінің ішкі жалпы өнімге қатынасы АҚШ және Жапония секілді дамыған елдерге қарағанда біршама жоғары. Құрама Штаттарда импорттың көлемі өте мол және Жапониядан шығатын экспорт көлемі орасан екені белгілі. Оларда сыртқы нарыққа көбірек тәуелді екнімізді көрсетеді. Сондықтан бізге мемлекет ретінде қалыпты жұмыс істеу үшін тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабілетті болу керектігі сөзсіз.

     Ішкі  жалпы өнімнің өсу қарқыны  бойынша Қазақстан бүгінде әлемдегі серпінді дамып келе жатқан елдердің бірі. Оның жан басына шаққандағы көлемі жағынан ТМД-да екінші орынғашықты және Ресейге өте жақын таяп қалды . Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1999 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 2.2 есеге артқан. 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни алты жыл ішінде 4 есеге жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар, ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияны көптеген Азия елдерін,Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.  [5,2 б.] 
 
 

      3-сурет. Жалпы   ішкі өнімнің көрсеткіштері:

     2004 жылы 2700 долларға 

     2005 жылы 3207 доллар

     2007 жылы 3800 доллар 

     Бәсекеге  қабілетті экономика құру үшін , ең алдымен, сандық көрсеткіштер сапалық  көрсеткіштерге айналуы қажет. Сондай-ақ елде шағын және орташа кәсіпкерлік инфрақұрылымы да құлашын  кең жаза алмай келеді.Ең бастысы, біздегі салық жүйесі отандық тауар өндірушілердің еңсесін көтерткізбейді. Міне, осы толғағы жеткен үш мәселе таппаған жағдайда бәсекеге қабілетті отандық өнім шығара қоя аламыз.

Менің ойымша, Қазақстан капиталының шетелге  қозғалысын, оның сыртқы нарықтарды игеруін  қолдап, көтермелеуіміз қажет.  

     Сонымен, экономиканы реттеу мен оны стратегиялық жоспарлау мәселелері экономика  ғылымының арнайы саласының объектісі ретінде статусқа ие болуы керек.  
 
 
 
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер: 

    1. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқына  Жолдауы. //Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында,Астана : Елорда , 2005ж.-8-17бет.
    2. Тоқсейітов Р.Қ.  Экономикалық сөздік- анықтамалық // Қарағанды, 1999жылы. –217бет.
 

                      Газеттер:

    1. Алшанов Р. Қазақстан экономикасы дамудың жаңа кезеңінде // Егемен Қазақстан , 5 мамыр , 2004ж .-5бет.
    2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең –жаңа экономика  //Егемен Қазақстан ,16 желтоқсан, 2004ж.-5бет.
    3. Сағадиев К.С. Бәсекеге қабілеттілікті өзіміз жасауымыз керек.//Егемен Қазақстан ,5 мамыр,2004ж.-2бет.
    4. Сағадиев К.С. Жедел жаңару жолында //Егемен Қазақстан,23 ақпан,2005ж. –5бет.
    5. Шөкенов Қ. «Шетел инвесторларының жалпы мақсаттары»//Егеменді Қазақстан -2003жылы ,қаңтар-7бет.
 

      Журналдар:

    1. Қазақстан Республикасындағы статистика агенттігі . Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету. // 2002 жылы.
    2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық  жинақ . /Редакциясын қараған  Б. Тортаев /- Алматы , 2003.-5-23бет.
    3. Шөкенов Қ. «Мемлекет пен инвесторлар диалогы» // Дүние журналы -2003жылы, мамыр-2 бет.
    4. Шөкенов Қ. «Инвестиция игіліктерін ел көре бастады» //Дүние журналы –2004 жылы, тамыз-2 бет.

Информация о работе Қазақстанның экономикасы