Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:00, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жергілікті басқарудың құқықтық негіздерін ұсыну табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерін айқындау;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелерін белгілеу;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуын сипаттау;
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемаларды жан-жақты талқылау;
Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.
Кіріспе 3
І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы 5
1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері 5
1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері 12
ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы 16
2.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың Конституциялық негіздері 16
2.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуы 20
2.3 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемалар 24
ІІІ. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басақаруды жетілдіру жолдары 27
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары 27
3.2 Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдары 31
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 39
Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті басқару органдары деген жалпы атаумен жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдарды біріктірді Осыған байланысты жергілікті мемлекеттік органдардың кейбір ерек-шеліктерін атап көрсетейік
Бірінші ерекшелік — жергілікті өкілетті органдар жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып есептеледі Жергілікті өкілетті органдар қызметішң баскарушылық сипаты осымен танылады
Екінші ерекшелік —
жергілікті мемлекеттік органдарды
тікелей халық құрса да, ол мемлекеттік
басқару органдары болып
Екеуі де жергілікті басқару органдарына жатқанымен, жергілікті өкілетті органдар ұйымдық жағынан жергілікті атқарушы билік органдарымен байланысты емес, ол — үшінші ерекшелік
Төртінші ерекшелік — жергілікті мемлекеттік баскару органдары ұйымдық-кұқықтық қатынаста тікелей халық арқылы жүзеге асырылатын жергілікті өзі-өзі баскарумен байланысты емес
Жергілікті басқаруды жетілдіруде басты мәселе қаржымен байланысты. Жергілікті бюджеттердің табыс көздерін анықтау, оларды жұмсау, басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу мен олардың қаржылық мәселелерін шешу барысында бюджетаралық қатынастар мәселесі туындайды. Елімізде бюджетаралық қатынастарды заңды түрде реттеу "Бюджет жүйесі туралы" алғаш қабылданған Заңнан басталды. Бұл заң жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелсіз екендігін анықтап, төменгі деңгей бюджеттерінің қалыптасу процесіне жоғары органдардың араласуына тыйым салды, сондай-ақ жергілікті бюджеттерде қалған артық қаржыларды республикалық бюджетке алуды заңсыз деп жариялады.
Елімізде мемлекеттік басқару жүйесіне көптеген жаңа механизмдер енгізілу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын анықтап, белгілі қорытындылар жасауға мүмкіндігіміз бар екендігі талас тудырмайды. Дәл қазір жергілікті басқару жүйесі қалыптасып бітті деуге де негіз бар. Жергілікті басқару мәселесі күн тәртібіне нық қойылып, оны жетілдіру жолдары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануда.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жетілдіру барысында көптеген мәселелер оң жолға қойылып келеді. Жергілікті басқарудың басты объектісі жергілікті шаруашьшық ауыл шаруашылығына негізделген. Оны мемлекет тарапынан реттеу әкімшілік әдістермен де жүзеге асып келеді. Оған «Қазақстан Республикасының агроөнеркэсіп кешенін және ауылдық аумақ-тарды мемлекеттік реттеу» туралы Заңы нақты дәлел бола алады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақгарды мемлекеттік реттеудің мақсаты - ауылдық Аумақтық әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту, мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеуде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға экономикалық жағдай жасау болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларының бірі — мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату.
Информация о работе Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері