Қазақстандағы cақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 20:23, реферат

Описание работы

Біздің еліміздегі адамдардың көбісі сақтандырудың пайдалығын түсіне бермейді. Естігеніміз бар және жобалап түсінігіміз де қалыптасқан, бірақ көп жағдайда өзімізді сақтандырмаймыз. Дегенмен, жоғарғы дамыған елдерде азаматтар бұл әрекетті өміріндегі маңызды орныға қоятынын ескеру керек.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы cақтандыру.doc

— 148.50 Кб (Скачать)

Әрине, болдырмауға бар күшін салып, дегенмен сол жағдай болып қалғанда өкінішті. Бірақ адам алдын-ала ондай жағдайлардан сақтандырылған болса үлкен залалдардан құтылады. Сонымен, ең қолайсыз сәтте қорқып жүрген және сақтанып қойған жағдай туындайды. Не істеу керек?  
 
Қиынға түскен жағдайларды шешу үшін бірнеше аса қиын емес кеңестер.  
 
Егер мүлік сақтандырылған болса: 
 
1. Сақтандыру жағдайы келген кезде:  
* Тиiстi органдарда оқиға туралы кiдiрмей хабарлаңыз:  
  - өрт кезінде – 101  
  - ұрлау және басқа да құыққа қарсы үшінші тұлғалардың әрекеттері кезінде – 102  
  - су өткiзетiн, жылытқыш немесе канализациялық желiнiң апаттардың кезінде - тиiстi авария қызметтерiне  
  - егер тұрғын үй сақтандырылған болса – ПМХ-ға хабарлаңыз  
* Сақтандырылған мүлікті зиянды кішірейту үшін барлық мүмкін құтқару шараларын жасаңыз.  
* Болған жағдай туралы Сақтандыру Компаниясына 3 (үш) күннің ішінде жазбаша хабарлаңыз.  
* Сақтандыру Компанияның өкіліне зақымдалған мүлікті қарау жасауға және себептерді тергеуге және зиянның мөлшерін анықтауға мүмкіндікті қамтамасыз етіңіз  
 
2. Сақтандыру Компаниясына беруге қажетті құжаттар:  
* Сақтандыру төлемі туралы өтініш.  
* Сақтандыру келісімшарты (сақтандыру полисі).  
* Жеке куәлік (жеке тұлғаға).  
* Сақтандыру төлемақысын алуға сенімхат (қажет болған жағдайда).  
* Сақтандыру жағдайының болу фактісін және заладың мөлшерін растайтын құжаттар:  
  - өрт болған жағдайда — өрттің болған орнын және болудың себебін көрсетумен өрт туралы акттің көшірмесі;  
  - дүлей апат кезінде —гидрометео қызметтің органдарынан алынған анықтама, переодикалық шығарылымдардан тиісті кескіндер (егер ондайлар болса);  
  - су өткiзетiн, жылытқыш немесе канализациялық желiнiң апаттардың кезінде – жағдайдың пайда болудың сесбептерін және сипаттамасын және залал туралы бағалау жасай алатын қадағалау және бақылау арнайы органдарының (ПМХ, авариялық және басқа да органдар) қарауды жасаған туралы акт;  
  - ұрлау және басқа да құыққа қарсы үшінші тұлғалардың әрекеттері кезінде — болға оқиға туралы сіздің өтінішіңіз жайлы полициядан алынған анықтама және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы;  
  - қажетті болған кезде және Сақтандырушымен келісім бойынша – тәуелсіз техникалық мамандардың қатысуымен құралған техникалық сараптаманың акті.  
 
Егер автокөлік сақтандырылған болса:  
 
1. сақтандыру жағдайы келген кезде:  
* Көліктік оқиға туралы және зиян шеккен тұлғалар туралы 102 телефоны бойынша жол полициясына хабарлаңыз және олардың келген сәиіне дейін сол жерден кетпеңіз. Ресімделген құжаттарда бар мәліметтердің толықтығын мұқият бақылаңыз.  
* Егер ЖКО нәтижесінде өмірге немесе денсаулыққа зақым келген болса міндетті түрде 103-ке хабарлаңыз.  
* Егер көлік құралының тұтануы болса – 101 хабарласыңыз.  
* Жол полициясы қарамағанша көлік құралының орнын ауыстырмаңыз.  
* Кез келген қол жетімді құралдармен сақтандыру оқиғасы туралы аварийлік комисарды хабардар етіңіз (ауызша, жазбаша). Ауызша нысандағы хабарлама кейін жазбаша түрде растауы шарт (жетпіс екі сағаттың ішінде).  
* Сақтандырушымен қарау жасағанға дейін көлік құралын (зақымданған мүлікті) сақтандыру жағдайының нәтижесінде қалған қалыпта сақтаңыз.  
* Мүмкін заладың мөлшерін азайтуға барлық шараларды жасаңыз.  
* Сақтандыру компаниясынынң жазбаша келісімінсіз ешқандай ақшалай төлемдерді және өтініштерді жасамаңыз. 
 
2. Сақтандыру Компаниясына тапсыруға қажетті құжаттар:  
* Сақтандыру төлемі туралы өтініш.  
* Сақтандыру келісімшарты (сақтандыру полисі).  
* Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) немесе көлік құралын жүргізген тұлғаның жүргізуші куәлігінің телнұсқасы және берілген көлік құралын жүргізуге құқығын растайтын құжаттың телнұсқасы. * Сақтандыру оқиғасынның болу фактісін және зардап шекендерге келтірілген зиянның көлемін растайтын құжат.  
* Зардап шекеннің уақытша еңбекке қабілетсіздіктің мерзімі туралы немесе арнайы мекемелердің зардап шеккеннің мүгедектікті орнытқанын туралы анықтамасы – егер оны орнатса.  
* Зардап шекеннің қайтыс болған жағдайда – зияннынң орнын толтыруға пайда алушының құқықғын растайтын құжат (телнұсқа) және зардап шекеннің қайтыс болуы туралы куәлітіктің нотариалды куәландырылған телнұсқасы.  
* Қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы.  
* Пайда алушының жеке куәлігінің телнұсқасы (жеке тұлғаға) немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхаттың түпнұсқасы.  
* Сақтандыру оқиғасы болған жағдайда зиянның көлемін кішірейту немесе болдырмау (олар болған жағдайда) мақсатымен сақтанушымен (сақтандырылған адаммен) көтерген шығындарды растайтын құжаттар.  
* Тәуелсіз сарапшымен жасалған келтірілген зиянның мөлшерін бағалау бойынша құжаттар (олар бар болған жағдайда).  
* Сақтандыру төлемін алуға сенімхат (қажет болған жағдайда).  
 
Көлік құралын айдап әкеткен жағдайда қосымша мыналарды тапсыру керек: 
* көлік құралына тіркемелік құжаттар (көлік құралының тіркелуі туралы куәлік (техникалық төлқұжат) жүргізуге және есептен шығаруға сенімхат, жүргізушінің куәлігі).  
* Көлік құралының кілттің толық комплекті.  
* Көліктік құжатты тапқан кезде алынған соманы қайтару жллымен сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша немесе алын соманы Сақтанушының дербес шотына аудару тапсырысымен Сақатанушыға нарықтық бағамен сату үшін барлық қажетті құжаттармен көлік құралын беру сақтандырушының міндеттемесі бар хат.  
Көлік құралы жанып қалған жағдайда қосымша өртке қарсы қызметтің жанудың себебін және қабылданған шешімін көрсетумен құжаттарды беруге қажет (тергеудің материалдарын құқық қорғаушы органдарына бағыттаған жағдайда).  
 
Есте сақтаңыз! Сақтандыру компаниясын сақтандыру жағдай келген туралы уақытылы хабарламау оған сақтандыру төлемді беруден бас тартуға құқықты беру.
 
 

Қазақстандағы сақтандыру жүйесі

 

Сақтандыру –  қоғамның экономикалық қатнастарының  айрықша сеферасын бейнелейтін  көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп (мотив) – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процентерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақты аспектерін) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесен резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. 
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс. 
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюжеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.  
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъктілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады. 
Сақтық қорлар – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуы, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі. 
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтау қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді. 
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі. 
Сақтандыру қорларын ұймдастыру және олардың мүделерін қорғау. 
 
Сақтандырырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. 
Эконамиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. 
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ереше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.  
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі. 
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді. 
Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды орттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. 
Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады: қоғамдық қорғауды жүйесі; 
әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру; 
жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру. 
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады. 
Сақтандыру – сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар тындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функция атқарады. 
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демке, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға матералдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сеферасы. 
Ерекше сақтық қатнастар, сақтық қызметтің рыногін дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңмен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің номативтік актілерімен реттеліп отырады. 
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар: 
Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты; 
Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы; 
Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады; 
Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы; 
Ақша қорларын жасап, пайдалану кезендегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).  
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айырықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады. 
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымжық қорғау болып табылады. 
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді: 
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;  
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде). 
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Информация о работе Қазақстандағы cақтандыру