Қазақстандағы cақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 20:23, реферат

Описание работы

Біздің еліміздегі адамдардың көбісі сақтандырудың пайдалығын түсіне бермейді. Естігеніміз бар және жобалап түсінігіміз де қалыптасқан, бірақ көп жағдайда өзімізді сақтандырмаймыз. Дегенмен, жоғарғы дамыған елдерде азаматтар бұл әрекетті өміріндегі маңызды орныға қоятынын ескеру керек.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы cақтандыру.doc

— 148.50 Кб (Скачать)
Қазақстандағы cақтандыру
Біздің еліміздегі адамдардың көбісі сақтандырудың пайдалығын түсіне бермейді. Естігеніміз бар және жобалап  түсінігіміз де қалыптасқан, бірақ  көп жағдайда өзімізді сақтандырмаймыз. Дегенмен, жоғарғы дамыған елдерде  азаматтар бұл әрекетті өміріндегі маңызды орныға қоятынын ескеру керек. Олардың саналырында бұл қорғау құралының элементі сияқты, есіктегі кілттер, жаңбыр кезіндегі қолшатыр сияқты. Мәселе оларадың сақтандыру қызметі дамығандығында және қамтуы ауқымдырақтығында емес. Мәселе өз қауіпсіздігі туралы қам жеуге үйренбеген біздің халықтың менталитетінде. Қайткенмен, бүгінгі күні мемлекетте сақтандыру дами түседі және азаматтардың тірішілік әрекетін тереңірек және көбірек қамтуда.  
Қазақстанда бір қатар сақтандыру компаниялары сақтандыру бойынша қызметтері бар спектрін көбісін ұсынады. Бұл мақалада сақтандыру бойынша негізгі ұғымдары, сақтандырудың түрлері, сақтандыру компаниялары және басқа да мәселелер туралы айтылады.
 
 
 
 

Сақтандыру — түрлі қауіптерден адамдарды және олардың істерін сақтандыруды қорғауын қамтамасыз етуге тартылатын экономикалық қатынастардың ерекше түрі. Басқа сөзбен айтқанда сақтандыру жағымсыз жағдайлар болған кезде қаржылық мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.  
Егер оның иесiнiң жоғалтуынан қомақты шығындары кететін болса және олар құнды болса онда бұл құндылықты сақтандыруға болады. Сақтандыру жағымсыз жағдайлардан қорғайды және бұл жағдайлардан келетін зиянды минималды етіп жасайды.  
 
Сақтандыру үдірісіне қалай қатысуға болады?  
Сақтандыру үдерісінде бірнеше қатысушылар өзара әрекеттеседі:  
 
Біріншіден бұл сақтандырушылар – сақтандыру келісімшартында айтылған тәуекелдерді өз мойнына алатын компаниялар. Сақтандыру келісімшарты сақтандыру компаниямен сақтандырушы арасында жасалады.  
 
Сақтандырушы:

  • Сақтандыру тәуекелін бағалау, яғни жағымсыз жағдайдың келуінің мүмкіндігі;
  • Сақтандыру жарналарынан қалыптасатын активтерді инвестициялау;
  • Сақтандыру оқиғасы келгеннің нәтижесінде келтірілген зиянның және шығындардың көлемін анықтау бойынша жұмысты атқарады.

 
Екіншіден, сақтандыру жарнасын салатын және өз тәуекелдерін сақтандырутын жеке немесе заңды тұлғалар. Сақтандырушыда сақтандыру қызығушылығы болуы керек, яғни жоғалтудың пайдалы болмайтын құндылығының болуы керек.  
 
Сақтандыру жағдай болған жағдайда орнын толтыруды алатын субъект пайда алушы деп аталады. Әдетте, пайда алушы сақтандырушының өзі болып табылады. Бірақ кейде, мысалға өмірді сақтандырғанда, пайда алушы ретінде отбасы мүшелері болуы мүмкін.
 
 

Акционерлік сақтандыру қоғамы —сақтандыру компаниялардың өмір сүруінің басты нысандарының бірі. Акционерлік қоғамның капиталы үлескердің капиталдарынан акционерлік қоғаммен бағалы қағаздарды – акцияларды сату жолымен құрылады.  
Сақтандыру жарнасы— сақтандырушыға сақтандырылғанның өмірінде белгілі бір оқиға болған жағдайда сақтандыру сомасын төлеуге немесе сақтандырылғанның мүлігіне келтірілген материалдық зияндың орынын толтыру бойынша өзіне артқан орындау үшін сақтандырушы төлейтін ақша сомасы (сақтандыру үшін төлем). Сақтандыру жарнасы бір реттік түрде және кезеңдеп төлене алады. Сақтандыру жарнасы сақтандыру тарифімен сәйкес анықталады.  
Сақтандырушылық орнын толтыру — сақтандыру жағдайы болған кезде мүліктің зақымдалуы немесе өлім кезінде сақтандыру төлемінің жалпы белгілі атауы; азматтық жауапкершілікті сақтандырудағы үшінші тұлғалар алдындағы материалдық зиян немесе мүліктік сақтандырудағы зияннын орнын толтыру үшін сақтандыру қорынан төлем сомасы. Жеке сақтандырумен байланысты сақтандыру оқиғасы кезінде сақтандыру соммасы сақтандырушылық қамтамасыз ету ретінде жүзеге асырылады.  
Пайда алушы — сақтанушымен өз өлімі жағдайында жеке сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасын алушы (мұрагер) ретінде тағайындалатын тұлға.  
Сақтандыру келісімшарты —берілген сақтандыру түрінің шарттарымен сәйкес өзара міндеттемелерін реттейтін сақтанушы мен сақтандырушының арасында келісім (заңды мәмле).  
«Жасыл карта» — «жасыл карта туралы келісімшартының» қатысушыларының-мемлекеттердің аумағында автокөлік құралдарының иелерінің азаматтық құқтық жауапкершілікті сақтандыру полисі.  
Сақтандырылған — сақтандырушылық қорғаудың объектісі болып еңбекке қабілеттілігі, денсаулығы және өмірі табылады. Сақтандыру келісімшарты пайдасына жасалған жеке тұлға сақтандырылған болып табылады.  
Сақтандыру объектісі — мүлік, өмір, тәуекел және сақтандыру мүдделерімен байланысты басқа да объектілер: жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделері, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке мүліктік емес мүдделері.  
Сақтандыру тәуекелі — сақтандыру жүзеге асыратына мүмкін жағдай немесе жағдайлардың жиынтығы (жеке, мүліктік, жауапкершілікті сақтандыру).  
Мүліктік сақтандыру — сақтанушының – жеке немесе заңды тұлғаның иелігінде, пайдалануында, қармағында болатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылатын сақтандыру саласы.  
Жеке сақтандыру — азаматтардың еңбекке қабілеттігі, өмірі және денсаулығы сақтандыру объектісі болып табылатын сақтанадыру саласы.  
Сақтандыру аннуитеті – рентаны және зейнетақыны сақтандырудың барлық түрлерінің жалпыланған түсінігі. Ол өмірді сақтандыру бойынша сақтаныдыру компаниясына бір жолғы тәртіппен немесе бөліктеп белгілі бір ақша сомасын салады, ал сосын біршене жылдар бойы немесе өмір бойы жиі табысты алып отырады. Басқа сөзбен айтқанда, сақтандыру аннуитеті – бұл адам тірі кезінде немесе білгілі бір кезең ішінде бірдей бөліктермен төленетін сақтандырудың сомасы.Егер де өмірді сақтандыру келісімшарты адамды немесе оның мұрагерін қорғаса, егер ол тым ерте қайтыс болса, онда аннуитет егер адам тым көп ғұмыр жасаса қорғайды. Яғни, сақтандыру компаниясы аннуитетті сатып алған адамды өмір бойы қорғауға міндеттемелерді өз мойнына алады.  
Сақтандырушы — полисті ұстаушы; сақтанушымен сақтандыру келісімшартын жасасқан және сақтандыру қызығушылығын білдіретін жеке немесе заңды тұлға.  
Сақтанушы — сақтандыру сомасын төлеуге немесе зиянның орнын толтыруға міндеттемесін өз мойнын жүктейтін және сақтандыруды өткізетін, сондай-ақ сақтандыру қорын жасау және шығындау мәселелерімен айналысатын өзара сақтандыру қоғамы («өзара сақтандыру» қара) немесе сақтандыру.  
Сақтандыру бағасы — бұл сақтандыру объектісінің нақты (фактілі) бағасы.  
Сақтандыру сомасы — сақтандыру жағдайы болған кезде сақтандырушы сақтандыру келісімшартпен анықталған немесе заңмен белгіленген ақша сомасының шегінде төлеуге міндетті ақша сомасы.  
Сақтандыру тәуекелі —ол болған кезге сақтандыру жасалатын болжамды оқиға. Ол болған кезіне сақтандыру жасалатын болждамды жағдай. Сақтандыру тәуекелі ретінде қарастырылатын жағдайы болудың мүмкіндігін немесе кездейсоқтық белгісі болуы шарт.  
Сақтандыру жағдайы — болған кезде сақтандырушыға, сақтандырылған тұлғаға немесе үшінші тұлғаға сақтандырушының төлеуді жасау міндеттемесі пайда болатын жағдай.  
Сақтандыру агенті — сақтандырушының атынан оның тапсырысы бойынша сақтаныдру келісіммен немесе келісімшартпен сәйкес сақтандыру келісімшарттарын жасау және қызмет көрсету бойынша әрекет етуге құзырет берілген жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру агенті сақтандыру нарығында нақты сақтандыру компаниясының мүддесін ұсынады.  
Сақтандыру тарифі (тарифтік мөлшерлеме) — сақтандырылған тәуекелдің құны. Сақтандыру сомасынан пайыз немесе абсалютті ақшалай бірлігінде көрініс табады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифінің мөлшері заңнамамен орнатылады, ал ерікті сақтандыру түрлері бойынша – сақтандырушымен.  
Сақтандыру полисі — жасалған сақтандыру келісімшартын растау үшін сақтанушыға берілетін орнатылған үлгідегі құжат.
 
 
 
 

Түрлерге бөлудің белгілері сақтанушылардың категорияларын, сақтандыру жауапкершілігінің көлемін және заңнамалық тәртіпте орнатылған сақтандырудың ұйымындастыруын ескере сақтандыру объектілеріндегі айырмашылықтар болып табылады.  
Осы белгілерге сәйкес сақтандыру салаларға, төменгі салаларға және түрлерге бөлінеді.  
Одан басқа, екі нысанға бөлінеді – міндетті және ерікті. Міндетті сақтандыру – заңның күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру, ерікті – тараптардың қызығушылық танытқанның күшімен жасалынады. Сақтандыруда (сақтандыру объектісі бойынша) екі салаға бөлінеді:

  • мүліктік;
  • жеке.
 
 
 
 

Мүліктік сақтандыруды тағайындау түрлі мүлікке апат жағдайлармен және басқа да кездейсоқ жағдайлармен келтірілген зиянның орнын толтырудан тұрады. Демек, сақтандыру объектісі болып әртүрлі құндылықтар және онымен байланысты мүдделер болып шығады.  
 
Мүліктік сақтандыру сақтандырушылардың категориясымен байланысты төменгі салаларға бөлінеді:

  • ауылшаруашылық кәсіпорындардың мүлігін сақтандыру;
  • жеке, кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың;
  • мемлекеттік меншікті;;
  • халықтың мүлігін.

Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырған кезде  басқа тұлғалардың мүлігіне, денсаулығына, өміріне, сондай-ақ келісімшарттардан  және басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершіліктен зиян келтірілген салдарынан пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің тәуекелі сақтандырылады.  
 
Сақтандырылған мүліктің түрінен немесе тобынан қарағанда мынадай сақтандыру түрлері бөлініп шығады:

  • ауылшаруашылық мәдениеттердiң, малдардың, құрылыстардың сақтандыруы;
  • мемлекеттік, жеке, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлігі, үй мүлігі;
  • көлік құралдарын, дербес қонақа үйлерін;
  • қаржылық тәуекелдерді (соның ішінде банктік операцияларды, бағалы қағаздар нарығындағы операциялар);
  • жүктерді;
  • мұнай операцияларды (мұнайды барлау, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша) және т.б.

Мүліктік сақтандыруда міндетті нысанда көліктердің барлық түрлерінде тасымалдауды жасаған кезде жолаушылардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілік және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауылшаруашылықтық өндірістің міндетті сақтандырылуы қалпына келтірілген: көпжылдық отырғызулар, ауылшаруашылық жануарларды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылықтың тауарларын және өнімдерін қолайсыз табиғи-климаттық шарттардан, эпозотийлерден және басқа дүлей апаттардан. 
 
 
 
 
 
 

Жеке сақтандыру - жеке тұлғаның өмірін, денсаулығын және тұлғаның басқа да қасиеттін қозғайтын, сондай-ақ үшін тұлғалардың мүдесін сақтандыру. Жеке сақтандыруды тағайындау азаматтарға олардың өмірлерінде белгілі бір жағдай келген кезде айтылып қойылған ақшалай соманы төлеуде болады. Ол мынадай төмінгі салаларды қамтиды: өмірді, денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті және басқа да адаммен байланысты мүдделерді сақтандыру.  
 
Жеке сақтандыруда әртүрлі түрлер бар:

  • өмірді аралас сақатныдыру;
  • балаларды сақтандыру;
  • неке қиюға сақтандыру;
  • өмір бойы немесе қайтыс болу және еңбекке қабілеттілікті жоғалу жағдайынан сақтандыру;
  • бақытсыз жағдайдан, соның ішінде балаларды сақтандыру;
  • ұйымдырдың, мекемелердің, кәсіпорындардың есебінен қызметкерлерді сақтандыру;
  • әуе, теміржол, теңіз, ішкі сумен және облысаралық, республикааралық бағыттарда автомобильдік көліктің жолаушыларын сақтандыру.

Жолаушыларды  сақтандырудан басқа талған түрлер ерікті нысанда жүргізіледі. Көлік  құралдардың иелередің азаматтық  құқықтық жауапкершіліген сақтандыру міндетті нысанда жүргізіледі.  
Сақтандыру органдарына сақтандырудың тәуекелдік аймақтық түрлерін жасауға және енгізуге құқық беріледі.  
 
Қазақстандағы сақтандыру қорғаныстың ассортименті мынадай сақтандыру түрлерінен тұрады:

  • өмірді аймақтық сақтандыру,
  • жер сілкінісі жағдайына сақтандыру,
  • әскерге шақырылатындарды сақтандыру,
  • әйелдерді босану жағдайына сақтандыру,
  • жануарларды ұрлау жағдайына сақтандыру,
  • мүліктің уақытша орын ауыстыруын (іс сапарға, демалыс уақытысына, және т.б. алынған), азаматтармен жеке меншігіне сатып алынған пәтерлерді сақтандыру.

Банктік коммерциялық сектордың дамуы жеке тұлғалардың банктік депозиттерін сақтандыруды енгізуді талап етті.  
Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдардың, ұлттық қауіпсіздіктің, салықтық қызметтің жеке құрамы міндетті сақтандыруға жатады.  
 
Сақтандыру ассортиментін жасау екі бағытта жүзеге асырылады:

  • азаматтардың мүліктерін сақтанушының қалауы бойынша белгілі тәуекелден немесе тәуекел тобынан сақтандыру мүмкіндігін беру;
  • кез келген материалдық құндылықтарды, тұтастай мүлікті емес бөліктеп сақтандыруға мүмкіндік беру.
 
 
 
 
 
 

Қазіргі таңда Қазақстанда қырыққа жуық сақтандыру компаниялары бар және әрқайсысы өз туралы ең сенімді әрі жақсысы деп айтады. Дәл сізге дұрыс болатын сақтандырушыны қалай табуға болады? Қазақстандағы сақтандыру бойынша ақпараттық insur.kz осы таңдау бойынша бірнеше негізгі кеңестерді береді:  
 
Арзанның барлығы жақсы болмас  
Әдетте, полисті сатып алғанда оның бағасы біріншіден қызықты болады. Аз төлеп барынша көп алғылары келетіндігіміз табиғи жағдай. Дегенмен, сараң адам екі есе көп төлейтінін ұмытпау керек. Клиенттердің ақшаларынан компания өтемақы төленетін резервтерді қалыптастырады. Сондықтан да, тым арзан полисті, әртүрлі бонустарды және жеңілдіктерді ұсынатын сақтандыру ұйымы сақтандыру жағдайы болғанда төлемдерді төлеу алмайды.  
 
Компанияның тарихы  
Нарықты зерттеп, оның қатысушыларын салыстырып Сіздің түсінігіңіз қалыптасады және сіз сақтандырушыны таңдауды дұрыс жасай аласыз. ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау бойынша комитет сайтында жарияланатын қаржылық көрсеткіштерін, тұрақтылығын, атағын оның пайда болу сәтінен бастап талауды бастауға кеңес береміз (www.afn.kz). Әрине, компанияға басшалақ ететін адамды, яғни акционер кім болып тұрғанын білу керек. Таңдаудың басты көрсеткіші – сақтандыру ұйымының нарықтағы тәлімі болуы керек. Себебі компания неғұрлым қызметтерін ұзағырақ көрсетсе соғұрлым бәсекеге қабілетті болады, өйткені әлсіз, дұрыс емес құрылған және сауатсыз басқарылатын компаниялар нарықтың қысымынан ұзаққа шыдай алмайды.  
 
Сервисті бағалаймыз  
Мәселенің сервистік жағы да маңызға ие болады. Компания қосымша қызметтерді жасауға тиіс, мысалы, ЖҚО орнына бару, тәулік бойы хабарласуға болатын сall center-нің болуы және т.б. сақтандыру компаниясымен келісімшартты жасаған кезде қандай тәуекелдерді сақтандырушы ауырған, мүліктің бұзылуым немесе, айталық, көліктік оқиға кезінде төлейтінін нақты түсіну шарт. Пәтерге полисті сатып алып, көршіміз сумен құйып тастаса жылжымайтын мүлігіміз тек қана өрттен сақтандырылғанын біле жататынымыз болып тұрады. Сондай-ақ, онда бірнеше филиалдар болу шарт. Егер әртүрлі аймақтарда болса тіпті жарап кетеді. Бұл, біріншіден ұйым тек қана бір қалада емес Қазақстанның барлық аймақатрында дамитынын білдіреді, екіншіден, филиалдық желіні ашуға жақсы қаржылық қаражаттары бар сақтандырушының қолынан келеді.  
 
«Халық хабары»  
Сақтандыру – бұл қатысушылары туралы сіздің таныстарыңыз бен достарыңыздан сұрастыратын нарықтардың бірі. Сондай-ақ сақтандыру ұйымдарымен өз жеке тәлімін талдап, мамандардан кеңес алып, Интернеттегі форумдардан ақпаратты оқу артық болмайды.  
 
Жағдайды талдаймыз 
Afn.kz сайтында сақтандыру ұйыма заңнаманың талаптарын сақтайтынын немесе сақтамайтынын көруге болады. Егер компанияда ескертулер немесе, одан жаман, оның қызметі уақытша тоқтатылған болса, онда ондай сақтандырушыға бармаған жөн болады. Сонымен бірге, төлемдердің мөлшеріне және сыйақылардың түсуіне назарыңызды салу керек (бұл біз, клиенттер полис үшін төлейтін ақшалар). Неғұрлым сақтандыру сыйақысы жоғары болса соғұрлым жақсырақ, себебі бұл компания өз жұмысына жеткілікті басалдылықпен қарағанын сипаттайды. Төлемдердің мөлшері сақтандыру ұйымы өз міндеттемелері бойынша қаншалықты адал жауап беретінін, яғни зардап шеккендерге полистер бойынша ақшалардың есесін қатаратындығы туралы мәлімдей алады.  
 
Келісімшартты қайда жасауға болады? 
Сақтандыру келісімшартын компанияның кеңсесінде немесе сақтандыру агентінде жасауға болады. Полисті кеңседе сатып алуыңызға кеңес береміз: онда сізге келісімшарттың шарттарын түсіндіруге, қызмет етуге құқыққа лицензияны және басқа да сізге керек құжаттарды көрсете алады. Ал сақтандыру агенті оған көбірек төлейін сақтаныдыру компаниясын сізге ұсынып отырады. Бүгінгі күні, барлық компаниялар бірдей ставканы төлеуге міндетті болғанменен агенттердің тараптарынан болған жағдайлар болмауы жоққа шығаруға болмайды.  
 
Егер таңдаумен қателессең 
Адал емес компания төлемді кешіктіріп, азырақ төлеу мақсатымен зиянның көлемін төмен бағалайды. Бұның барлығы сізден жүйкеңіздің тозуын және уақытты талап етеді. Осындай жағдайда тегін тәуелсіз судьяға жүгінуіңіз болады – сақтандыру омбудсманға немесе тікелей арызбен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының бағалау бойынша комитетке бару керек. 
Өзіңіз үшін және жақындарыңыз үшін сақтандыру компаниясын таңдаған кезде сіздің амандығыңыз, кейде өміріңіз бұл таңдау қаншылықты дұрыс жасағандықпен байланысты болатынын естен шығармаңыз.
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстандағы cақтандыру