Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2011 в 12:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды.

Работа содержит 1 файл

Айнура-курс.doc

— 164.50 Кб (Скачать)

EІU сарапшыларының  пікірі бойынша, алдағы 15 жылда  жаһандық экономикалық өсудің  негізгі факторы еңбек өнімділігінің  артуы болады. 2005 жылы 10,1 трлн. долларлық шепті еңсерген тауарлардың әлемдік саудасы және 2,4 трлн. доллар болған қызметтердің коммерциялық экспорты 2030 жылға қарай 27 трлн. долларға дейін өседі деп көзделуде. 2006 жылы әлемдік ІЖӨ-дегі оның үлесі алғаш рет 30%-дық белестен асып түсті, яғни әлемдегі әрбір үшінші өнім шетелге жолданған. 42,7% жаһандық тауар экспорты дамушы елдердің үлесіне келеді. Әлемдік экономиканың өсуіне Шығыс Азиядағы, Үндістандағы, Ресей мен Бразилиядағы тұтыну сұранысының жедел өсуі жәрдемдесуде. 2020 жылға қарай қытайлық тұтыну рыногы үш есе өсіп, көлемі жағынан америкалық рынокпен теңеседі. Азия континентінде ол әлемдегі ең үлкен рынокқа айналады.

ҚХР-дың әлемдік  саудадағы 2005 жылғы үлесі 11%-ды құрап, 1,42 трлн. долларға жетті, ал АҚШ-та – 2,9 трлн. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы сауда 600 млрд. долларға дейін өсті.

Дамыған елдерге дамушы экономикалардан өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау соңғы 20 жылда үш есе артып, әлемдік жеткізілімдердің 40 пайызын құраған. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 65 пайызға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Дамушы елдер шикізат  шылауы рөлінен арылып, индустриялық елдерге, ал дамыған елдер инновациялық, постиндустриялық елдерге айналуда.

Әлемдік экономикада  трансұлттық корпорациялардың рөлі өсуде, олар 62 млн. адам жұмыс істеп, жыл сайын 4 трлн. доллар экпорттық өнім көлемін, яғни әлемдегі көлемнің 40 пайызын шығаратын 77 мың туындатушы компанияны, 770 мың шетелдік филиалдарды қамтиды. 2000 жылы 100 ең ірі экономикалардың тізімінде 51 орынды трансұлттық корпорациялар алса, 49 орын ғана мемлекеттердің үлесіне тиген. Жаһанданудың қазіргі кезеңінде трансұлттық корпорациялар үшін өндірістік операцияларды, интеллектуалдық күш-қуат пен негізгі бизнеске бақылауды өсуші өңірлерге көшіру тән болып отыр.

Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен, трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, 7 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұлар – “Шеврон”, Аджип, Миттал Стил, “Лукойл”, “LG”, “Филип Моррис”, “Гленкор” және басқалары. Оларда жұмыс істейтін адамдар саны 357 мыңнан асты. Өндірген өнімдерінің көлемі 2004 жылы 18,4 млрд. доллар болған.

Әлемдік экономикада  құрылымдық өзгерістер жалғасып жатыр. Бұл тұрғыда қызмет көрсету саласы алда келеді. Дамыған елдерде 70-80 пайызға дейін жеткен оның үлесі ұлғая түсуде. Іскерлік қызмет көрсету секторы өсіп келеді. 2010 жылға қарай іскерлік қызмет көрсету аутсорсингінің әлемдік рыногының жиынтық көлемі 110 млрд. долларды құрайды. Үндістан осы көлемнің жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Басқарудағы консалтингтен түсетін табыс 100 млрд. долларға дейін өседі.

Дамыған елдердегі  ауыл шаруашылығының үлесі ІЖӨ-нің 3,8 пайызға жуығын (АҚШ-та – 1,8%), өнеркәсіптің үлесі 26 пайызды құрайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының үлесі – 8,3%, өнеркәсіптікі – 30,7%. Жаһандану жағдайында бұл салалар дамушы елдерде шикізат көздеріне жақындай түседі. Үндістанда ауыл шаруашылығының үлесі 24,9% болса, Қытайда ол – 15,9%.

Отын шикізатының  және өндіруші өнеркәсіптегі басқа  өнімдердің әлемдік саудадағы үлес салмағы 16 пайызға дейін өссе, ауыл шаруашылығыныкі 9 пайызға дейін төмендеген.   

Мегарыноктар

Әлемдік рыноктың аса  ірі сегменттерінде серпінді өзгерістер жүріп жатыр. Олардың бірін толымды ету жаңа секторлардың ұйымдасуын туындатуда. Басым сегменттер қатарында қауырт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік рыногын атауға болады. Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны 30 трлн. доллардан 70 трлн. долларға дейін ұлғайған. 2007 жылы инвестициялық рыноктың көлемі 681 млрд. долларды құрайды. 

1990 жылдан бастап  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында сауданың жоғары қарқынмен өсуі байқалып отыр, ол әлемдік экономика серпінділігінен 2 есе асып түсті. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету рыногы 2004 жылы 2,2 трлн. доллардан артық болды. Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) мен АКТ қызметінің әлемдік саудасында Ирландия мен АҚШ басым түсіп отыр. Мәселен, Ирландияның компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсету экспорты 2002 жылы 10,4 млрд. долларды, АҚШ-тың үлесі 6,9 млрд. долларды құрады.

Болжамдар бойынша 1,8 трлн. долларды құрайтын химия өнімдері әлемдік рыногының көлемі 2010 жылға қарай 2,4 трлн. долларға жетеді. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка химия өнімдерінің аса ірі тұтынушылары және өндірушілері болып қалады. Үшінші орынға Қытай шығады. БҰҰ мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 80 мыңға жуық түрлі химикаттар өндірілсе, 1,5 мың жаңа түрлері шығарылады. Химия талшықтарын шығару 35,6 млн. тоннадан асып түсті.

Мұнайдың жоғары бағасы оның сату көлемін 1,7 трлн. долларға дейін  жоғарылатты. Болжанып отырған бағаның 100 доллар/баррельге дейін өсуі және оның әлемдік тұтынушыларының көбеюі сатуды 2 трлн. долларға дейін жеткізбек. Мұнай-газ рыногының көлемі 2,37 трлн. долларға жетті. Онда Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ алда келеді.

Әлемдік әуе көлігі аралас салалармен бірлесіп, қызметтер мен тауарлар өндіруді 1,4 трлн. долларға дейін қамтамасыз етеді, соның ішінде жолаушылар тасымалы 326 млрд., жүк тасымалы 50 млрд. долларға жетті. 2005 жылы 2 млрд. жолаушы тасымалданған. Олар халықаралық туризмнің негізін құрап отыр.

2004 жылы “Эйр Астана” әлемдегі 225 жетекші авиакомпаниялар рейтингінде жолаушы айналымы бойынша 189-шы орында болды. 2006 жылы авиакомпанияның жолаушы айналымы 3,29 млрд. жолаушы/км құрады.

Есептеулер бойынша, жеңіл автомобильдердің әлемдік өндірісі 2005 жылғы 56,6 млн. бірліктен 2010 жылға 63,3-68,9 млн. бірлікке дейін өседі, соның ішінде АҚШ-та – 12,7 млн., Жапонияда – 9,9, Қытайда – 6,48, ГФР-да – 5,3 млн. болмақ. Жалпы сату сомасы 1,2 трлн. доллардан асып түседі деп күтілуде. 2004 жылы жеңіл автомобильдер паркі АҚШ-та 240 млн. данадан, ЕО-да – 206, Қытайда – 32, Ресейде – 27,2, Түркияда – 11,6, Қазақстанда – 1,2 млн. данадан асқан. Мотоциклдердің әлемдік өндірісі 39 млн. данаға дейін өсті.

580 компаниясы және 51 зауыты бар жапондық “Тойота” 2005 жылы өз мәшинелерін 170 елде сатуды 190,3 млрд. долларға дейін жеткізген, америкалық “Ford Motor Company” айналымы 177,1 млрд. доллар болса, еуропалық трансұлттық “DaіmlerChrysler” компаниясы 149,8 млрд. долларға жеткізген.

Қазақстанда барлық дерлік әлемдік маркалардың жолаушылар автомәшинелерін сату 2000 жылғы 9,07 млрд. теңгеден 2004 жылғы 68 млрд. теңгеге дейін өсті. Сол секілді пайдаланылған автомәшинелер мен олардың  қосалқы бөлшектерін сату да ұлғайды. Қазақстан автомобильдер сатудың көлемі бойынша ТМД-да екінші орынға шықты. “БипекАвто” ЖШС-да 2006 жылы 2,5 мың Нива және 1,5 мың Skoda автомобильдері құрастырылды. Біздің еліміз автомобильдер шығаруды және құрастыруды жүзеге асыратын 58-ші мемлекетке айналды. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 48-ші орын алады, 2007 жылы 45-ші орынға шығады деп күтілуде.

Алкогольді ішімдіктер сатудың әлемдік көлемі 701 млрд. долларды құрайды, соның ішінде 331 млрд. –  сыра, 270 млрд. – әлдеқайда күшті  ішімдіктер, 100 млрд. доллар – шараптың үлесіне тиеді. Жиырма жылдан бері сыра өндірісі мен тұтынуы үздіксіз өсіп келеді. Оны ішу жөнінен Қытай, шарап бойынша – Еуропа, арақтан Ресей алда келеді. Қазақстанда 2004 жылы 404 млн. доллардан асқан жалпы сату көлемінің 74,5 пайызы сыраның, 13 пайызы арақтың, 11 пайызы шараптың үлесіне тиесілі. 2006 жылы 486,4 млн. литр алкоголь өнімдері өндірілген.

Кейбір бағалаулар бойынша фармацевтік рыноктың көлемі 2006 жылы 640-650 млрд. долларға жеткен. Фармацевтикалық препараттар сатудың 43 пайызы АҚШ-тың үлесіне келеді. Мұндай өнімдерді Қазақстанда сату көлемі 2000 жылғы 109 млн. доллардан 2004 жылғы 188,6 млн. долларға жетті. Дәрі-дәрмектерді өндіру 2006 жылы екі еседен астамға ұлғайып, 53,5 млн. доллар болды.

Шетелдік  туристер саны 2004 жылы 808 млн. адамнан асып түсті. Бағалаулар бойынша бұл қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар 592 млрд. долларды құрады. Туризмнің әлемдік индустриясына 100 млн. адам тартылған.

100 аса ірі құрылыс  компаниясының жиынтық айналымы 2004 жылы 579 млрд. долларға жетті. Жетекші  инженер-құрылыс фирмалары қабылдаған  шетелдік тапсырыстардың құны 2003 жылы 127,8 млрд. долларды құраса, құрылыс құрал-жабдықтарының рыногы 65,8 млрд. долларға дейін өскен. Құрылыс – Қазақстан экономикасының жедел даму үстіндегі саласы. 2006 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 8,2 млрд. доллардан асып түсті.

Болат шығару рыногы 400 млрд. долларға жетеді. Бұл өнімнің  халқаралық саудасы қытай экспортының  өсуіне байланысты қиыншылық кешеді. Қазақстан әлемде болат балқыту  жөнінен 28-ші орын алады.

Көлік-логистика қызметінің әлемдік экспорты 350 млрд. долларға дейін өсті. Авиация техникасын сату рыногында ұшақ жасаушы “Боинг” және “Аэрбус” компанияларының арасындағы бәсеке шиеленісе түсті. АҚШ-тың жетекші авиакомпанияларының өз өнімдерін сату көлемі 253,1 млрд. долларға жетті.

Жиһаз шығару 2004 жылы 218,5 млрд. еуроға дейін ұлғайды. Мұндай ұлғаю барлық құрлықтарда да жүріп жатыр. Соның ішінде Қытайда 19,4 млрд., Жапонияда 16,2 млрд. долларға дейін жетті.

Спорт тауарларының дүние  жүзіндегі рыногы 2006 жылы 175 млрд. долларға бағаланды, бұл 2000 жылғыдан екі есе дерлік көп, ал 2015 жылға қарай ол 240 млрд. доллар болады деп күтілуде. Қазақстанда 2000-2004 жылдары спорт тауарларын сату екі еседен астамға өсіп, 8,66 млрд. теңгеге дейін жетті.   

Жаңа  экономика

Әлемдік саудада жаңа, жоғары технологиялардың, ғылымды көп қажет ететін тауарлардың үлесі өсіп келеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа экономиканың негізгі мазмұнына айналды. Бұл индустрия жаһандық сипатқа көшті. 2006 жылы цифрлы технологияларды сату 2,6 трлн. еуро, соның ішінде байланыс қызметі 1 трлн. еуроға жетті, мұның өзі ауылшаруашылық өнімдерінің, тоқыма бұйымдар мен киімдердің сауда көлемінен асып түседі. АКТ-ның халықаралық саудасы 2003 жылы 933 млрд. долларға жетті. АКТ тауарларының экспорты мен қызметі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 2002 жылы 614 млрд. доллардан асып түсті.

2005 жылы сатылған  ұялы телефондар саны 836 млн. дана  болса, бұл байланыс абоненттерінің  жалпы саны 2 млрд. адамнан артық  болды. Бұл Жер шарының әрбір  үшінші тұрғыны деген сөз. 2006 жылы бұл өнімді сату көлемі 113,5 млрд. доллар, ұялы байланыс қызметі 573 млрд. доллар болған. 2009 жылы ұялы телефондардың әлемдік рыногы 1086 млн. бірлікке, соның ішінде үшінші кезең шығарылымы 615 млн. бірлігіне жетеді деп күтіліп отыр. Ал телефондарды сату 121 млрд. долларды құрамақ. Осы өнімдер бойынша әлемдік сауданың 50,2 пайызы “Nokіa” мен “Motorola” үлесіне келмек.

Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 8,4 млн. адамға жетті. Яғни елдің әрбір екінші тұрғыны қалтафонға ие. Бұл ТМД-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші көрсеткіш.

Дербес компьютерлерді сату 2006 жылы 234,5 млн. данаға дейін өсті. Олардың әлемдегі жалпы саны 1 млрд. данаға жетті. 2007 жылы дербес компьютерлерді сату 254 млн. данаға дейін өсіп, сомасы 232 млрд. долларды құрамақ. Әсіресе, портативтік компьютерлерді сату жедел өсуде, олардың көлемі әлемдік рыноктың 31,4 пайызына жетті.

Қазақстанда 2000-2004 жылдары  компьютерлер мен бағдарламалық  қамтамасыз етуді сату 2,4 млрд. теңгеден 37,7 млрд. теңгеге дейін, 15,7 есе өскен. 2006 жылы елімізде 1,05 млн. дербес компьютер болған, мұның өзі жалпы әлемдік деңгейден 2,3 есе аз. Осы қарқын сақталған жағдайда компьютерлендірудің бұл айырмашылығы 2-3 жылда еңсерілмек.

Жартылай өткізгіш аспаптарды (ЖА) әлемдік сатудың жиынтығы 2006 жылы 254,7 млрд. долларға бағаланған. Дербес компьютерлер үшін бұл өнімді жеткізіп беру 2005 жылғы 58 млрд. доллардан 2010 жылғы 84 млрд. долларға дейін өседі деп болжанады. Электрондық құрамалар рыногының жедел өсу үстіндегі сегменттері қатарында 2006 жылы 40,2 млрд. долларды құраған есте сақтау қондырғыларын, 38,2 млрд. доллар болған жалғастыру желілерін айтуға болады.

Интернетті пайдаланушылар саны 1 млрд. адамнан асып түсті. АҚШ, Қытай, Жапония алда келеді. Америкалық Интернет-экономикада жетекші төрттіктің ұстанымы нығая түсті. Олардың табыстары былайша өскен: “Mіcrosoft” – 37,8 млрд. долларға дейін, “Іntel” – 12,6 млрд., “Dell” – 9 млрд., “ІBM” – 8,7 млрд. долларға дейін.

Қазақстанда, статистикалық  мәліметтер бойынша, Интернетті 600 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл әлемдік деңгейден 4 есе аз. Іnternatіonal Telecommunіcatіon Unіon мәліметтері бойынша Қазақстан әр жүз адамға шаққанда пайдаланушылар саны жөнінен әлемде 147-ші орында. Бұл Моңғолияның деңгейінен 2,7 есе, Қырғызстандағыдан 2 есе аз. Ал Интернетті пайдаланушылардың жалпы саны жөнінен Қазақстан 87-ші орында.

Орнатылған смартфондар  саны 2003 жылғы 7,4 млн. данадан 2006 жылғы 69,5 млн. данаға дейін өскен, олардың  саны 2011 жылы 190 млн. данаға жетпек. Оптоэлектрондық  құрамдастарды (жарық диодтары, лазерлер, оптрондар және басқалар) сату 2006 жылғы 16,5 млрд. доллардан 2010 жылғы 31,8 млрд. долларға дейін өседі деп болжанады. RFІD-жүйелер (радиолокиация жолымен нысандарды біріздендіру және мәліметтерді өңдеу технологиясы) әлемдік рыногының көлемі 2004 жылғы 1,5 млрд. еуродан 2010 жылы 22 млрд. еуроға жетеді деп күтілуде. Шыны талшықтарын жеткізіп беру 2005 жылы 68 млн. шақырымға жеткен. Лазерлер мен лазерлік жүйелерді сату 2004 жылы 60 млрд. еуродан асып түскен болатын.

Информация о работе Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру