Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2011 в 12:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды.

Работа содержит 1 файл

Айнура-курс.doc

— 164.50 Кб (Скачать)

    Өйткені, көптеген кәсіпорындарда сыртқы экономикалық қызмет бөлімдері әлі құрылмаған немесе жаңа-жаңа құрылу үстінде, ал Қазақстанның мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін (СЭҚ) ұйымдастыру тәжірибесі нақты мысалдар арқылы іс жүзінде қызығушылық туғызып отыр.  

  
 

 

1.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ.

  Халықаралық экономика, микро-макроэкономика мен қатар экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылады.

  Халықаралық экономика – ұлттық экономикалардың тауарлардың халықаралық қозғалысы, қызмет көрсету, өндіріс факторлары және мемлекеттің халықаралық экономикалық саясатын құру саласында қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады.

  Халықаралық экономиканың зерттеу пәні дербес болып  келіп, микро-макроэкономиканың зерттеу  обьектілерінен өзгешеленеді.

   Халықаралық экономика теориясының обьектісі болып:

  - Халықаралық масштабта шаруашылық өмірді ұйымдастыру жүйесі нарығының дамуы және қызмет ету заңдылықтары.

  - Әлемдік нарықта тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары.

  - Сыртқы сауданың даму тенденциясы (қарқыны).

  - Халықаралық экономиканың қызметін қамтамасыз ететін халықаралық қаражаттарды зерттеу.

  - Әр түрлі тәуелсіз мемлекеттер резиденттері мен келісетін келісім шарттар.

  - Халықаралық экономиканы реттеудің институционалды құрылымы.

  Бірдей экономикалық құбылыстар мен процесстер өту орнына-ұлттық шаруашылық ішінде немесе халықаралық экономика саласында болуына байланысты өз мазмұнын өзгертеді. Халықаралық экономика саласындағы экономикалық қатынастардың ұлтішілік  қатынастардың ерекшелігі, мынамен анықталады. Мемлекеттер өз шекараларында тауарлар қозғалысы, қызметтер және өндіріс факторларының қозғалысына шектеу қояды. Сонымен қатар оларға тілдегі және заңдағы айырмашылықтар тежеу болады.

  Ішкі  және сыртқы экономика арасында ерекшеліктер бар.

  Халықаралық экономиканың құрылымдық теориясы, халықаралық  микроэкономика мен халықаралық макроэкономикадан тұрады.

  Халықаралық микроэкономика нақты тауарлар қозғалысы  мен оны халықаралық масштабта  өндіру заңдылықтарын ашады.

  Халықаралық макроэкономика ашық экономикалардың модельдері мен, халықаралық валюталық және төлем жүйелерінің құрылымы мен принциптерін зерттейді.

  Халықаралық экономика теориясы абстракция және моделирование әдістерін қолданады. Негізделген сараптау әдістері кеңінен  қолданылады: қызметті, графиктік және шектік.

  Методологиялық  жоспарда халықаралық экономика  толығымен, мемлекеттер арасындағы қатынастардың экономикалық саласында  ортақ микро және макроэкономикалық  қағидалардың қолданысы болып табылады.

1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ  БЕЛГІЛЕРІ МЕН МӘНІ.

  Халықаралық экономиканың пайда болуының себептері  мен шарттары болып, халықаралық  еңбек бөлінісі болып табылады.

    Халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық нарыққа  шығу мақсатында ішкі қажеттіліктерден тыс қызметтермен тауарларды өндіруде өз көрінісін табады. Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі түрлері болып-бөлшектік (салалар арасында), бірлік (салалар ішінде), бөлшектік және технологиялық.

  Халықаралық еңбек кооперациясы бұл мемлекеттер  арасында үлкен экономикалық тиімділік  пен өндірілген өнімдермен тұрақты айырбас болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуының маңызды алғышарттары болып, өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі табылады.

Халықаралық еңбек  бөлінісі және тағы басқа факторлар  негізінде халықаралық нарық  пайда болды.

  Әлемдік нарық - мемлекеттер арасында тауар-ақша қатынастарының тұрақты саласы. Әлемдік нарық халықаралық экономикалық теорияның орталық санаты болып табылады. Әлемдік нарық тауарлардың мемлекет аралық айырбасының саласы болып, өндіріске кімге және қанша өндіру керектігін көрсетеді.

  Әлемдік нарықтың негізгі белгілері болып  – халықаралық сауда, яғни тауарлар мен қызметтердің ауысуы болып табылады.

  Әлемдік нарықтан да жоғары нарықтық экономиканың сатысы болып-әлемдік шаруашылық болып  табылады.

  Әлемдік шаруашылық – өндірістік мобилді факторларымен өзара байланыскан әлем мемлекеттерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың әлемдік нарықтан айырмашылығы, олар халықаралық тауарлар қозғалысынан емес, халықаралық өндіріс факторлар қозғалысынан көрініс алады.

  Әлемдік шаруашылық әлемдік нарықты, өндіріс факторларының халықаралық мобилдігімен анықталатын жаңа нышандармен толықтырады.

  ХХ  ғасырдың екінші жартысында әлемдік  шаруашылықта, басқару және бақылаудың ортақ механизмдерінің құрылуына  әкеп соғатын тенденциялар пайда болды. Фирмалар біртіндеп трансұлттық корпорацияларға өсті. Әлемдік экономикалық дамуды бақылайтын қаржылық ұйымдармен мемлекетаралық жүйелер пайда болды. Халықаралық сауданың есеп айырысу құралдары болып табылған, несие, қаржы, валюталық жүйелер дербес экономикалық күшке айналды.

  Бұның барлығы нарықтың экономиканың әлемдік  шаруашылық сапасынан, жаңа жоғары деңгей-халықаралық  жағдайға ауысуына әкеп соқты. Негізінде, қазіргі экономика халықаралық  болып табылады және әр мемлекеттерде өндіріс факторларымен әртүрлі қамтамасыз ету жағдайымен негізделеді.

   Халықаралық экономиканың нышандары  болып:

  1. Халықаралық сауда түрінде халықаралық тауарлармен айырбастың дамыған саласы;

  2. Технология, еңбек күшін, капиталды кіргізу, шығару түрінде халықаралық өндіріс факторларының қозғалысының дамыған саласы;

  3. Трансұлттық корпорация шегінде  өндірістің халықаралық формалары;

  4. Өндіріс факторларын қозғалысы  және тауарлардың халықаралық  қозғалысына қызмет көрсетумен  байланыспаған, дербес халықаралық қаржылық жүйе;

  5. Экономиканы халықаралық реттеудің  мемлекетаралық және мемлекет  үстілік тетіктер жүйесі;

  6. Ашық экономика қағидаларынан  шығатын мемлекеттердің экономикалық  саясаты;

    Халықаралық экономика, халықаралық экономикалық қатынастардың нақты формаларында өз көрінісін табады. Оларға: халықаралық сауда (қызметтер мен тауарлар) өндіріс факторларының Халықаралық қозғалысы (капитал, жұмыс күші, технология) қаржылық құралдармен халықаралық сауда, халықаралық есеп айырысулар жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1. Халықаралық сауданың классикалық теориясы.

  Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен  Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен  себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет. Смит елдердің халықаралық сауданы дамытуға мүдделі екенін көрсетті, өйткені олардың экспортер немесе импортер болатынынан тәуелсіз олар жеңіп отырды.

  Егерде  басқа елге, қарағанда бір тауарды  белгілі бір шығын бірлігінде көп өндіре алатын болса, онда ол ел абсолютті артықшылыққа ие.

  Мұндай  абсолютті артықшылықтар нақты  факторлардан тууы мүмкін-ерекше климаттық жағдай немесе табиғи ресурстардың болуы. Табиғи артықшылықтар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру өндірісінде маңызды роль атқарады.

  Елдер арасында сауда қатынастарын орнатқаннан  кейін сыртқы сауда ағымдарының  бағыты өндіріс шығындарының қатынастарының айырмасымен бағытталады.

  А.Смит көзқарасы кейіннен Д.Рикардомен толықтырылып, дамытылды. Ол салыстырмалы шығындар теориясын  қалыптастырды. Бұл теорияға сәйкес, егерде елдің абсолютті артықшылығы  болмаса да, сауда 2 елге де табыс әкеледі. Салыстырмалы шығындар теориясында балама баға немесе орнын басу шығыны түсінігі қолданылады.

  Бұл түсінік өндіріске жұмсалған  жұмыс уақытының саны арқылы ішкі нарықтағы екі тауарлы бірліктің  бағасын қарапайым салыстырумен түсіндіріледі.

  Орнын басу шығыны түсінігі мазмұны бойынша балама бағаға эквивалентті.

  Балама  баға-басқа тауар бірлігін шығаруға қажетті жұмыс уақытымен өрнектелген  бір тауар бірлігін шығаруға қажетті  жұмыс уақыты.

2.2. Өндірістің балама шығындар теориясы.

  Қазіргі батыстық экономистер Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытып балама шығындар моделіне модификациялады. Оның авторы Г.Хаберлер. Г.Хаберлер екі тауар шығарылатын екі ел экономикасын сараптайды. Д.Рикардоның теориясынан айырмашылығы екі тауарды өндіруге барлық ресурстарды және ең жақсы технологияны қолданғандағы өндірістік мүмкіндіктердің әр елге қисығын тұрғызған, бұл олардың нақты ара-қатынастарын көрсетеді.

  Тауардың  балама шығыны аз ел оның өндірісінде  және экспортта салыстырмалы артықшылыққа ие.

2.3. Хекшер-Олинниң халықаралық сауда теориясы.

  ХIX ғасыр кезінде  құнның еңбектік теориясы бірте-бірте өндірістің факторлар теориясының  түрлі нұсқаларымен ығыстырылды. Неоклассик экономистер халықаралық  сауданы өндірістін факторлар теориясы арқылы түсіндіре  бастады.

  Өндірістің  факторлар ара-қатынысы теориясы көптеген жорамалдарға негізделген. Олар:

  1. екі ел;

  2. екі тауар, бірі  еңбекті көп қажет  етеді, ал бірі  капиталды көп  қажет етеді;

  3. өндірістің екі  факторы (еқбек және капитал)

  4. әр ел түрлі деңгейде өндіріс факторларымен үлестірілген;

  5. екі ел де бірдей технология;

  Осылайша  факторлар ара-қатынас  теориясының маңызды  жорамалдары болып, жеке тауарлардың  түрлі факторинтенсивтілігі мен және елдердегі  түрлі фактортолықтылық .

  Факторинтенсивтілік – белгілі тауарды  жасау үшін өндірістің салыстырмалы шығындар факторының көрсеткіш.

  Фактортолықтылық - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілуін анықтайтын көрсеткіш.

  Түрлі салыстырмалы өндіріс  факторларымен қамтамасыз етілу теориясы халықаралық  сауданың негізі ретінде Хекшер-Олин теоремасы түрінде берілген.

  Хекшер-Олиннің  теориясына сәйкес әр ел өндіріс үшін қажетті  салыстырмалы артық  өндіріс факторлары бар факторинтенсивті тауарды экспорттайды, ал өндіріс үшін өндіріс  факторлары жетіспейтін  тауарларды импорттайды.Осылайша жасырын түрде артық өндіріс факторлары экспорттылық, дефицит өндіріс факторлары импортталады. Бірақ та осы кезде назар аударатыны, ал елдері факторлардың саны емес, ал оның фактор мен салыстырмалы қамтамасыз етілуі.

  Хекшер-Олин Самуэльсонның теоремасы бұл Хекшер-Олин теоремасы негізінде Самуэльсонмен шығарылған өндіріс факторларын бағаға теңестіру теоремасы.

  Теореманың  мазмұны- халықаралық  сауда өзара саудаласатын елдерде бірдей өндіріс  факторларына деген  абсолютті және салыстырмалы бағаны  теңестіруге әкеледі. Теорияға сәйкес барлық сатушы елдерде бірыңғай білікті және өндірістік еңбекке жалақы мөлшері, сонымен қатар, бірдей өндірістік пен бірдей тәуекел дәрежесі бар капитал мөлшері де бірдей болу қажет.

  Тауарлар  мен өндіріс факторларына деген бағаны толық теңестіру халықаралық сауданың тоқталуына әкелетіні теориялық рұқсат етілген.

  Бірақ та нақты әлемде өндіріс  факторларының бағасы балансталмаған. Елдер  арасында еңбек ақы  деңгейімен басқа  факторлы бағалауда  маңызды айырмашылықтар бар. Оның негізгі себебі болып Хекшер-Олин теориясы негізіндегі жорамалдар табылады.

Информация о работе Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру