Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 14:43, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3
I бөлім. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны
1.1. Шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттері------------- 4
1.2. Бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметі, тұжырымдамалары мен принциптері---------------------------------------------------------------------------------13
II бөлім. Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу
2.1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін мемлекеттік реттеу------17
2.2. Бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеу-------------------------20
2.3. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту---------------------------------------------------------------------------------------23

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------25
Қолданған әдебиеттер-------------------------------------------------------------------27

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу.doc

— 199.00 Кб (Скачать)

     Түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат  барлық тұтынушыларға түсінікті  болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде  берудің формасы оның заң бекіткен стандартты мазмұны мен форматына  байланысты.

     Дұрыстығы. Ақпарат дұрыс болуға тиіс, яғни елеулі қателіктер мен ағаттықтарға жол бермейді, өйткені оған тұтынушылар сенуге тиіс.

     Шынайы  және әсірелеусіз ұсыныс. Шынайлылық – мынадай   шаруашылық   процестерімен   сәйкестілік дәрежесінде: тексерілуі және оның дәлелдену мүмкіндігі.

     Есеп  ақпаратты белгілі бір шығын топтың мүддесін білдірмеуге тиіс, яғни ол әсерлеусіз, әрі бейтарап болуы керек.

     Бейтараптылық. Қаржылык есеп арқылы берілетін ақпарат  әркашан бейтарап, әрі сенімді  болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.

     Сақтық. Ол шаруашылық жағдайы әлі беймәлім  күйде тұрғанда шешім қабылдауға сақтықпен қарауды білдіреді,  яғни  активтер  мен  табысы  артықтау, ал міндеттеме немесе шығындар кем бағаланбау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайыра бағалау сол кезеңнің табысы емес, төленбеген қосымша капитал болып табылады. Демек, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте жүзеге асырылған қаржылық инвестициядан түскен табыс қана көрсетіледі. Ал аталмыш қайра бағалау тек оларды жүзеге асыру сәтінде ғана табыс деп танылады. [8, б.48]

     Салыстырмалық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралары оларға өзгеріс енгізгені туралы және жаңа принцип неге артық саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.

     Тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалын аңдап  отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталған, тиянақталған болмаса.

     Сабақтастық. Кәсіпорын өзі таңдап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге сабақтастыра қолданады.

     Аталған принциптер мен мінездемелер кәсіпорынның мүліктік жағдайында бұрмалап көрсетіледі. Есептік ақпарат пен активтер, міндеттемелердің статьяларын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтер қолданып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылдады. 

 

II бөлім. Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу

2.1 Бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есептілік  жүйесін мемлекеттік  реттеу.

 

         Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 20-бабымен жүргізіледі. [9]

     Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн  мемлекеттiк реттеудi уәкiлеттi орган  жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеу ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiлейдi.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде  бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк  жүйесiн мемлекеттiк реттеудi Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар  кеңесi (Директорат) жүзеге асырады.

     Қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi - нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

     Уәкiлеттi орган:

     1) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк саласында мемлекеттiк  саясатты қалыптастыруды және iске  асыруды қамтамасыз етедi;

     2) бухгалтерлiк есептi жүргiзу тәртiбiн  айқындайды;

     3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдайды;

     4) ұлттық стандарттарды және оларға  қатысты әдiстемелiк ұсынымдарды  әзiрлейдi және бекiтедi;

     5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  мәселелерi жөнiндегi заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етедi;

     6) бухгалтерлiк есеп шоттарының  үлгi жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;

     7) ұлттық стандарттарды Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген  тәртiппен мерзiмдi баспасөз басылымдарында  жариялайды;

     8) өзге де мемлекеттiк органдармен  және кәсiби ұйымдармен бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

     9) консультациялық органның Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп  пен қаржылық есептiлiк мәселелерi  жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң  жобасын әзiрлеу туралы ұсыныстарын  қарайды;

     10) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;

     11) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау  жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу  ережелерiн бекiтедi;

     12) консультациялық органның ұсынымдарын  ескере отырып, кәсiби бухгалтерлерге  қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;

     13) аккредиттеу ережелерi сақталмаған  жағдайда, кәсiби ұйымдарға, сертификаттау  жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасайды;

     14) кәсiби ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу жөнiндегi куәлiгiнен  айыру туралы шешiм қабылдайды;

     15) кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiктi ұсынуының тiзбесiн, нысанын және мерзiмдiлiгiн анықтайды;

     16) Қазақстан Республикасының бүкiл  аумағында таратылатын, белгiленген  тәртiппен нормативтiк құқықтық  актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың тiзбесiн мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;

     17) консультациялық орган туралы  ереженi бекiтедi;

     18) депозитарийге қаржылық есептiлiктi ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;

     19) сертификаттың нысанын келiседi.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:

     1) қаржы ұйымдары үшiн:

     уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша халықаралық  стандарттармен реттелмеген мәселелер  бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;

     Заңның  талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының  бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк  мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi; [9]

     2) мемлекеттiк кәсiпорындар мен  акцияларының (үлесiнiң) елу және  одан да көп процентi немесе  акцияларының бақылау пакетi Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкiне  тиесiлi заңды тұлғалар үшiн  қаржылық есептiлiктiң халықаралық  стандарттарына сәйкес келетiн тiзбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi ұсынудың мерзiмi мен тәртiбiн белгiлейдi;

     3) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру  туралы заңнамасына сәйкес құрылған  арнайы қаржы компаниялары үшiн:

     заңның  талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

     Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

     4) Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкiнiң лицензиясы негiзiнде  банктiк операциялардың жекелеген  түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың  Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк  туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. 

      

       2.2 Бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеу.

 

     Бухгалтерлік  есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеу жұмысын консультациялық орган атқарады.

     Консультациялық орган консультациялық-кеңесшi орган  нысанында құрылады, оның құрамын  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi және ол өзi туралы ереже  негiзiнде жұмыс iстейдi.

     Консультациялық органның құрамына мемлекеттiк органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың өкiлдерi кiредi.

     Консультациялық орган:

     1) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге;

     2) уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiк  стандарттарын қолдану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды қайта  қарау мен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

     3) ұлттық стандарттарды және олардың  әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге  қатысуға;

     4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк саласындағы халықаралық  ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды  жүзеге асыруға құқылы.

     Консультациялық орган:

     1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында халықаралық стандарттар талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргiзуге және уәкiлеттi органға тиiстi ұсыныстар енгiзуге;

     2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға мiндеттi.

     Кәсiптiк  ұйым мынадай талаптарға сай келуге тиiс:

     1) кәсiби ұйымның құрамында бухгалтерлiк  есеп немесе аудит саласында  кемiнде екi жыл расталған жұмыс  тәжiрибесi бар кемiнде үш жүз мүшесiнiң болуы;

     2) халықаралық практикаға сәйкес  келетiн және оның барлық мүшелерiне  мiндеттi болып табылатын, ұйымның  жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсiби  бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң  болуы;

     3) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру  жүйесiнiң болуы;

     4) аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.

     Кәсiби ұйымға аккредиттеу туралы куәлiк  берiлген кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн оның құрамында кемiнде елу  кәсiби бухгалтер болуға тиiс.

     Кәсiби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары  оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.

     Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан  екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.

     Кәсiби ұйым:

     1) өз мүшелерiне қатысты өзiнiң  жарғысында көзделген және осы  Заңға қайшы келмейтiн функцияларды жүзеге асыруға;

     2) ұлттық стандарттарды және олардың  әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге  қатысуға;

Информация о работе Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу