Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 14:43, курсовая работа
Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3
I бөлім. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны
1.1. Шаруашылық есептің қазіргі таңдағы мақсаты мен міндеттері------------- 4
1.2. Бухгалтерлік есеп және оның атқаратын қызметі, тұжырымдамалары мен принциптері---------------------------------------------------------------------------------13
II бөлім. Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу
2.1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін мемлекеттік реттеу------17
2.2. Бухгалтерлік есеп жүйесін мемлекеттік емес реттеу-------------------------20
2.3. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту---------------------------------------------------------------------------------------23
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------25
Қолданған әдебиеттер-------------------------------------------------------------------27
-
шаруашылықпен айналысушы
жоспарлайды, өнім берушілер мен сатып
алушыларды табады, бағаны өз бетінше
кояды және т.б.;
- шаруашылық жүргізуші кәсіпорын нарық жағдайында коммерциялық банктердің несиелік ресурстары үшін, сондай-ақ басқа да пайдалы инвесторлардың қаржысы үшін, яғни қаржы ресурстарының көзі үшін күреске түседі. Соның нәтижесінде шаруашылық жүргізуші кәсіпорын да басқарушылық шешім қабылдап, соның нәтижелерін бағалау үшін қажеті дер уақыттылы ақпаратқа деген мұқтаждық пайда болады. Ал екінші жағынан, кәсіпорын өзіне каржы берген (немесе бермекші) инвесторға да тиісінше акпарат беруге міндетті;
- нарық жағдайында да салықтар мен төлемдердің дұрыс аударылғаны туралы мемлекет алдында есеп беру кажеттігі сақталады.
Нарықтык экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазаксатан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қардылық есептік», «Салық және бюджетке міндетті түрде басқа да төлемдер» туралы заңдарына сәйкес басылып шығарылды. Сондай-ақ Қазакстан Республикасының бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Департаменттің нұскаулары, ережелері, ұсыныстары бойынша мынадай түтынушыларды кажетті қаржылык ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептесу мен есеп беру жүйесін жасау керек:
-
капитал қоса алатын инвесторлар (сыртқы
және ішкі),
оларды құнды кағаздарға салып және еншілес
серіктестерді (тәуелді) бірлесе бақылау
жасайтын занды тұлғаларды инвесторлау;
- несие берушілер, несие бола ма және олар тиесілі проценттерін уақытылы төлей ме, осыларды анықтау үшін;
- кәсіпорын қызметінің үзіліссіздігі туралы, әсіресе ұзақ мерзімді келісімшарт немесе тәуелді жағдайда ақпаратқа мүдделі сатып алушылар;
- өздеріне жұмыс берушілердің тұрақтылығы мен рентабельділігі, субъектінің жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ете алатын қабілеті немесе жалдамалы жұмыс тауып беру мүмкіндігі туралы ақпаратқа мүдделі жұмысшылар мен қызметшілер;
- ресурстарды
бөлу туралы, демек кәсіпорынның қызметі
туралы ақпаратқа мүдделі мемлекет және
т.б.
Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашкы деректер бухгалтерлік есепте көрініс тауып, қорытындыланатыны соншалық, қаржылық ресурстардың (активтердің) жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген акпараттық көрсеткіштер қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңкы деректер шаруашылық қызметінің жинакталған көрінісін, оның нәтижесін сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер туралы деректерді көрсетудің, қорытындылаудың және салыстыра өлшеудін нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі.
Басқару міндетіне қарай экономикалық акпарат жүйесі нормативтік, жоспарлық, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп ақпарат кашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз – деректерді жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар өзінше бір дербес ақпараттық жүйе.
«Ақпарат» деген ұғымды «Дерек» дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар.
Шаруашылық ресурстарының қозғалыс формасы ретіндегі шаруашылық процестері көптеген шаруашылық операциялар түрінде жүзеге асады.
Әрбір шаруашылық операциясы – бір белгілі уақыт пен кезеңдікте өтетін процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалатын жері болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш-қуат жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа. Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады. Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қорытындылай келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйіседі. Нақты шаруашылық процестеріне жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаурашылық фактілері сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық ресурстардың (активтердің) бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс табады. [5, б.28]
Шаруашылық операцияларының орындалуын белгі бір шаруашылық ресурстарының қозғалысы қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір шаруашылық операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі бір түріне жатады. Солай бола тұрса да шаруашылық операцяилары мен фактілерінің өздерін бухгалтерлік есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама дербес қасиеттері болады.
Шаруашылық операциялары мен фактілерінің жалпы қасиеттеріне операцияның басталған немесе аяқталған сәтінде олардың құжаттандырылуы, сондай-ақ олардың ақшалай бағалануы (бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері) жатады.
Сөйтіп, шаруашылық есеп дегеніміз – шаруашылық қызметтің баскару мен аудит үшін керекті кешенді көршісі мен сапалық сипаттамасы, яғни шаруашылық жүргізуші әрбір орын экономикасында болып жатқан процестердің дамуы туралы жаңа білім беретін ақпараттар.
Демек,
шаруашылық есеп – экономикаға басшылык
жасау үшін кажетті шаруашылық кызметтегі
бақылау жүйесі, өлшем, фактілер мен кұбылыстар
туралы ақпаратты өндеу және дайындау.
Бухгалтерлік есеп – іс қызмет орындардың ақпараттық және басқару жүйесінің құрамы, бөлігі.
Заң
бойынша бірде-бір кәсіпорын
Есептік ақпарат басқару және қаржылық шешім алудың негізін құрайды.
Яғни,
бухгалтерлік есеп ақпаратты басқарудың
мынадай өте маңызды
Ақпараттау – кәсіпорынның қаржылық іс-қызмет жағдайы туралы, мерзімінде және сапалы мәлімет алу.
Жоспарлау талап құру – қызмет жүргізу процесін анықтап алу. Бұл алдын ала мақсат қою, шешу жолдарын іздестіру, оптимальды шешімдер варианттарын анықтау. Матералдық, ақшалық шығын және көздеп отырылған табыс туралы мәліметсіз ағымдық уақытқа және перспективті жоспар (талаптарды анықтау) бухгалтерлік есеп ақпаратынсыз құру мүмкін емес.
Бақылау – нақты жоспардың орындалуын шығарылған шығындарды болған табыспен салыстыра жоспарлық тапсырмалармен сабақтастыру тәсілдерімен анықтаушы процесс. Кәсіпорындардағы ішкі бақылау алдын ала, яғни шаруашылық операциялар басталар алдында, ағымдағы бақылау іс қызмет жүргізіліп жатқан кезде және қорытынды бақылау іс қызмет бітіп нәтижесін көру кезде жүргізіледі. [6, б.41]
Сырт бақылауды жүргізушілер, олар: инвесторлар, есеп валютасы, банктер, казначейство, бақылау-қаржылық басқарулар (финансово-контрольное управление), салық инспекциясы және басқа бақылау орындар.
Сақтау – шот жоспары
Талдау – басқару шешімдерін әрі қарай жақсарта түсу мақсатымен жүргізілетін процесс. Іс қызмет нәтижелігі басқару шешімі мен байланыстығын анықтай түсу, өйткені бұндай жағдайы болмаса басқару жүйесін жүргізу болуы мүмкін емес. Егерде басқару шешім мақсатына жетпеген болса, онда қандай себептер әсер етті және қандай ішкі резервтер қолданылмады, яғни, жоспарлаудың жетіспеушілігі немесе бақылаудың дұрыс жолда болмағаныма деген сұрақтар шешіліп анықталуы қажет немесе қойылған мақсат шешілуі екіталайлығы анықталады.
Реттеу – ол басқару шешімді іске асыруды шешу процесі, яғни кәсіпорын іс қызметінің негативті жақтарын дұрыстау, уақытында кеңес алып, кеңес беру деп түсінген жөн.
Қолданылып жүрген стандарттар мен салық салу жүйесіне бағдар ұстаған шаруашылық жүргізуші кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында есеп пен салық саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты – бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде каржылық есеп беру.
Есеп саясатының қалыптасу тәртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы есептелген бағалау өзгерістері мен қателері» туралы № 8 «Есеп саясаты» атты Халықаралық бухгалтерлік есеп және № 2 Ұлттық стандарттарда белгіленген. [7]
Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатын қалыптастырудын екі деңгейі пайда болады: оның бірі – ауқымды (глобальды, жалпы мемлекеттік), екіншісі – жергілікті (локальды).
Есеп саясатын № 8 ХБЕС-на сүйене мына орындар белгілейді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменті. ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі, Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика министрлігі, ҚР-ның ұлттық банкі, ҚР-ның аудиторлар палатасы, Салалық министрліктер, Акционерлік қоғамдар т.б.
Бұл органдар өз құқықтық шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормативтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар есеп, салық салу жане қаржылық есеп мәселелерін қозғайтын ұлттық бухгалтерлік стандарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырып өзінің есеп саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты бухгалтерік есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай-ақ болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.
Есеп саясатын қалыптастырып, пайдалану барысында бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:
Есептеу. Табыс-нақтылы қолға келген сәтте, ал шығын да солай, шығарылған сәтінен есептелінеді, яғни ақша қаражатының түскен немесе төленген сәтінен емес пайда болған сәтінен. Есептеу әдісінің артықшылығы ол кәсіпорынның шынайы қаржылық жағдайы мен қызметін неғұрлым дұрыс көрсетеді.
Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра береді және онда өз қызметін тоқтату немесе елеулі түрде қысқарту ниеті болмайды, демек міндеттеме белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өтелінеді.
Қаржылық есеп берудің мінездемелері:
Мәнділік. Бір жағынан, егер ақпарат болжамдық жөнінен құнды болса, онда шешім қабылдау нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, ақпарат бұдан бұрындары күтілген үміттің қаншалықты дұрыс болғаны туралы бірдеңелер біледі. Ақпараттың тұтынушыға дер уақытында түсуі өте маңызды. Егер ақпарат керек уақытында табылмаса, оның ешқандай маңызы болмайды. Ақпараттың мәнділігі оны алуға жұмсалған шығыннан жоғары тұруға тиіс. Міне, алынған ақпаратты тиімділігі бойынша анықтайтын өлшем осы.
Информация о работе Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу