Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I бөлім. Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық негіздері
1.1. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары...............................................................................................................6
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат..........................................10
II бөлім. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
2.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономика құрылымындағы орны........................................................................................................................11
2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері..............................................................................................................15
2.3.Жаңа сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыруды жетілдіру жолдары..................................................................................................................19
Қорытынды............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................

Работа содержит 1 файл

Сыртқы экономикалық саясатты.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

     Елдің экономикалық даму деңгейі адам басына шаққандығы ЖҰӨ (ЖІӨ) көлемімен өлшенетіні белгілі, А.Илларионов көлемі 3433 доллар болды, ал В.Болотиндікі 5400 доллар. Бірдей мағұлматтарды пайдаланғанымен, екеуінің арасындағы алшақтық зор екенін көріп отырмыз. Біздің пікірімізше, В.Болотин есебі шындыққа көбірек сәйкес келетін сияқты. Ол біздің экономикалық потенциалымызды жоғары көрсеткенімен ғана емес, жанама дәлелдермен де құпталады. Мысалы, Жапония экономикалық зерттеу орталығының төрағасы Хисао Канамари 1990 жылы Кеңес одағының адам басына шаққандағы  ЖІӨ көлемін (ағымдағы бағамен) 9363 долларға, 1980 жылдары 5244 долларға бағалады. Халықаралық қайта құру мен даму банкі (әлемдік банк) біздің ел үшін бұл көрсеткішті 1992 жылы 4200 долларға бағалады. (Бұл экономикада құлдырау кезінің 4-жылы болған). Сондықтан адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемінің 80-жылдар соңында 5400 долл. болуы – объективті көрсеткіш. Осындай көрсеткішпен Қазақстан қазір орта жоғары табысы бар елдер қатарына кірер еді.

     КСРО-дағы Қазақстанның орнына келетін болсақ, Кеңес Одағында республикалар жоғары, орта және төмен дамыған топтарға бөлінген. Бірінші топқа Балтық республикалары, Ресей, Украина, Белоруссия, дамымағандар қатарына Орта Азия республикалары, ал қалғандары, оның ішінде Қазақстан орташа дамығандар қатарына кірген. Бірақ бірқатар көрсеткіштер негізіндегі салыстырмалы талдау кезінде КСРО сапында Қазақстан жоғары дамыған республикалар қатарына кіргенін көрсетті. ЖІӨ көлемі бойынша Ресей, Украинадан кейін 3-орында болып, Беларусь пен Өзбекстанды артта қалдырғанбыз. Адам басына шаққандағы табыс бойынша Эстония, Латвия, Литва, Беларусь, Ресейден кейін 6-орында болып, еңбек өнімділігі бойынша Украинамен 6-7 орында бөліскен.

     Егер жекелеген салалар дамуының индексін алсақ, бізде ауылшаруашылық, құрылыс, транспорт пен байланыс, сауда, қызмет көрсетуден одақтық орташа көрсеткіштен жоғары болды. Қазақстанның әлсіз жері өнеркәсіп болған. Өнеркәсіптің дамуы бойынша Молдава мен 6-7орын ды бөлсек те, оның индексі жалпы одақтық көрсеткіштің 70пайызына ие болған еді. Сөйтіп Қазақстан КСРО құрамында экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары дамыған болып есептеледі. Бірақ 1989 жылдан бастап өндіріс тоқырау басталып, 1992 жылдың экономикалық реформалары басталысымен экономиканың құлдырауына әкелді. Әр түрлі бағалар бойынша Қазақстан 90-жылдары өзінің экономикалық потенциалының жартысын жоғалтты.

     Қазіргі кезде Қазақстанда нарық қатынастарының негіздері қалыптастырылып, өндіріс  смалыстырмалы төмен деңгейде тұрақтануы. Әлемдік экономикада Қазақстанның үлесі өте аз: халқы жағынан 0,25 пайыздай, ЖІӨ, экспорт пен бойынша 0,1 пайыздай. Сондықтан, ол кейбір шикізат тауарларының басқа, халықаралық рыноктарына әсер ете алмайды. Мүмкін ХХІ ғасырда ондай тауар көп қоры бар шикі мұнай болатын шығар.

     1997 жылы Қазақстанның ірі сауда  серіктестіктері Ресей(оның үлесінде экспорттың 34 пайызы, импорттың 46 пайызы), Украина, Өзбекстан болды. ТМД шекараларын тыс Қазақстан Ұлыбритания, Германия, Қытай, Италия, Түркия мен Оңтүстік Кореямен елеулі сауда – экономикалық байланыстары болды. 

     2003 жылғы Қазақстан Республикасының  басқа елдермен қатынасының экспорты  мен импортының құрылымы  

     RUS-Ресей Федерациясы   DEU-Германия  BMU-Бермуд аралдары

     VIR-Виргин аралдары      USA-АҚШ           GBR-Ұлыбритания

       ITA-Италия                         CHN-Қытай         CHE-Швейцария

     UKR-Украйна                       IRN-Иран             FRA-Франция

     JPN-Жапония                       OTH-Басқалары         

                                                                                                     

         Экспорт                                                     Сурет-1

     Импорт

     

     1-сурет  бойынша біз көріп отырғанымыздай, 2003 жылы Қазақстан экспортының Бермуд аралдарымен 17%, Ресеймен 15%, Виргин аралдарымен 5%, Италиямен 8%, Қытаймен 13%, Франциямен 2%, Швейцариямен 13%, Украинамен 3%, Иранмен 3%, және басқа да елдерге 21% үлесіне тиіпті.

           Ал 2003 жылғы Қазақстан  импорты келесілерден құралды: 39% Ресей, 9% Германия, 6% АҚШ, 3% Ұлыбритания, 3% Италия, 6% Қытай, 4% Украйна, 3% Жапония және 27% басқа да елдер құрады.

           Байқағанымыздай Қазақстан  тауарларының экспортының басым  бөлігі Бермуд аралдарына жіберіледі екен, және оның басым бөлігі мұнай және мұнай өнімдері. Ал импортының басым бөлігі Ресейлік тауарлар екен. 

     2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері 

      Бүгінгі күні Қазақстанның 120-дан елдермен сауда  қатынастары бар. Оның негізгі партнерлеріне Ресей, ТМД елдері, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Түркия, Корея және т.б. елдер кіреді.

      Экспорт пен импорт құрылымын бағалауда  оның дәстүрлі болып қала беретінін  байқаймаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы нарыққа әлі де шикізат өнімімен шығады. Өңдеуші өнеркәсіптің бүгінгі күні, өкінішке орай, бәсекелестігі төмен, оны қайта жарақтандыру үшін көп қаржы мен уақыт керек. Әлемдік қауымдастықта лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға инвестицияларды тартып, өндірісін ұлғайтуымыз қажет. Қазақстан Республикасының импорттық құрылымының басым бөлігі дайын өнім, машина, құрал-жабдық, халық тұтыну тауарлардан тұрады.

     Қазіргі уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:

  • импорт құрылымын рационализациялау;
  • жергілікті өндірушілерді ынталандыру үшін протекционистік саясат жүргізу;
  • өндірісті жаңарту үшін қазіргі заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру.

     1999 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстандығы экономикалық жағдайдың жақсаруы жүзеге асып, экономикалық өсу басталды. Бұл үкіметтің сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеудегі сауатты әрекетті, теңгенің еркін жүзуге жіберілуі, шикізатқа әлемдік бағаның өсуі мен әлемдік қаржы нарықтарында жағдайдың жақсаруына байланысты болды.

     1999 жылы Қазақстанның сауда режимін реттейтін бірқатар заңдар қабылданды: 1999ж. 1 шілдесінде ҚР Үкіметінің «1999-2000 жылдарда ҚР тікелей инвестицияларды тарту бағдарламасы туралы» қаулысы; 1999ж 13 шілдесінде «Демпигке қарсы шаралар туралы», 1999ж 11 ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» ҚР заңы; 1999ж 16 шілдесіндегі «Сертификация туралы » ҚР заңы; 1999ж. 16 шілдесіндегі «ҚР-ғы кедендік іс туралы» ҚР заңы. Осы шаралардың бәрі де республикасының құқықтық-нормативті базасын әлемдік қауымдасттыққа қабылдаған заңдылықтар мен нормаларға жақындата бастап, бұл сыртқы экономикалық іс-әрекетімізде оң көзқарастарды тудырады.

     2000 жыл Қазақстан үшін барлық  жағдайда ұтымды болды да көпетеген  макроэкономикалық көрсеткіштер  жоғары деңгейге жетті. 2000 жылдың  І-тоқсанда экспорт 1960 млн. АҚШ  долларына жетіп, ол 1999 жылдың І- тоқсанының 190,7% және 4-тоқсанының  97,5% құрады. Импорт болса, 1550млн. АҚШ доллары болып, 1999 жылдың І-тоқсанының 112% және IV тоқсанының 96,7% құрады. 

     Қазақстан Республикасының сыртқы сауда көрсеткіштері

     (млн.  АҚШ доллары)                                                                       Кесте 1

       1999 2000 2001 2002 2003
Жалпы тауар айналымдылығы 9526,7 13852,2 15085,1 16254,3 21335,4
Оның  ішінде:                                   
     ТМД елдері 3114,3 5068,4 5954,1 5237,6 6912,8
әлемнің басқа елдері 6412,4 8783,8 9131,0 11016,7 14422,6
     Жалпы экспорт 5871,6 8812,2 8639,1 9670,3 12926,7
     Оның ішінде:                                   
     ТМД елдері 4361,1 6475,5 5994,5 7475,9 2980,5
әлемнің басқа елдері 3655,1 5040,0 6446,0 6584,0 9946,2
     Жалпы импорт 3655,1 5040,0 6446,0 6584,0 8408,7
     Оның ішінде:                                   
     ТМД елдері 1603,8 2731,7 3309,5 3043,2 3932,3
әлемнің басқа елдері 2051,3 2308,3 3136,5 3540,8 4476,4
 
 

     Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының  динамикасы

      (млн. АҚШ доллары)

     

           - импорт

               -   экспорт 

     1- кестеде көріп тұрғанымыздай,  Қазақстанның экспорт көлемі  импорттан әрқашанда жоғары. Және  де динамикалық түрде өсуде. 2003 жылғы көрсеткіштерге сүйенсек  ҚР экспорт көлемі 12926,7млн. АҚШ  долларын құраған, ал импорт  болса 8408,7млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштер біздің еліміз үшін салыстырмалы түрде жақсарғанын көрсетеді және жылдан-жылға экспорт көлемі артып жатқаны да қуантады. 
 
 
 
 

     2003 жылғы Қазақстан Республикасының  негізгі тауар топтарының экспорты  мен импортының құрылымы 

     экспорт

     

           импорт

      G1- Сатылу тауарлары және оның  өндірісі үшін шикізаттар;

     G2- Минералды өнімдер;

     G3- Химиялық өнімдер, пластмасса, каучук;

     G4- Ағаш және ағаш өнімдері;

     G5- Бағалы металдар және одан  жасаған өнімдер;

     G6- Улы металдар және одан жасалған  өнімдер;

     G7- Машиналар, кұрал-жабдықтар, көлік;

     G8- Басқалары. 

     Қазақстан экспортының басым бөлігі, яғни 64% минералды шикізаттар құрады. Бұл  біздің еліміздің әлі де болса  дайын өнім тауарларын шығара алмай жатқанын, шығарса да бәсекеге қабілетсіз екенін дәлелдеп отыр. Ал импортының басым бөлігі -42% машиналар, құрал-жабдықтар құрап отыр.

     Сөйтіп, біз көріп отырғанымыдай, он жылдан аса мерзімде экономика мен сыртқы сауда нормативті-құқықтық негіздерді халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру.

     Қазақстан әлемдік сауда ұйымына кіргенде төмендегідей міндеттерді қабылдауы  тиіс:

  • Кедендік тарифтерді күрт төмендетіп, тарифтік емес шараларды бүтіндей тарифке айырбастау;
  • Ауылшаруашылық өніміне субсидия мен дотацияларды жою;
  • Кдендік процедураларын ДСҰ талаптарына сәйкес келтіру;
  • Өзінің тауар, қызмет көрсету мен капитал нарығын максималды ашу;
  • ДСҰ барлық міндеттер мен нормаларды ұстану;
  • ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстан төмендегідей артықшылықтарға ие бола алады;
  • Болашақта баламасы жоқ сыртқы сауда тәртібінің ырықтануы мен ашықтығын жалғастыру;
  • Қазақстанға қатысыты барлық сауда бөгеттері алынып тасталынатындықтан, әлемдік нарыққа шығу мен Қазақсандық тауарларды дискриминациялау жүзеге асады;
  • Республикалық әр түрлі елдердің экономикамен сауда тәртіптері, қаржыландыру жағдайлары туралы мәліметтер бар зор ақпараттық базаға шығу мүмкіндігі;
  • Сауда страдегиясы мен сыртқы  сауда  саясатын  ашық  және тең құқылы ортада  жасақтау мүмкіндігі мен қажеттілігі;
  • Қайшылықтарды халықаралық нормалар мен тәртіптер негізінде реттеу;
  • Құқықтық- нормативтік базаны  қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру.

     Қазақстан сыртқы саудада  болашақта қандай бағытты: ырықтандыру немесе протекционизмді  ұстануы бойынша анықтауы тиіс.

     Біздің  көзқарасымыз бойынша, ырықтандыру біздің республикамыздың сыртқы саудадағы дәстүрлі және дұрыс бағыт сияқты.Өйткені минералды ресурстарды өндірудегі салыстырмалы басымдылығымызды қорғау арқылы оны жоғалтуымыз мүмкін. 

     2.3. Жаңа сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыру механизмдері 

     Сыртқы  экономикалық саясатты мемлекет толық  реттеп отырған жоқ, өйткені әр түрлі  меншік нысанындағы кәсіпкерлер  мемлекеттік кәсіпорындармен бірдей сыртқы серіктестермен жұмыс істеуде, сөйтіп халықаралық шарттар ішкі заңдардан басым түсіп отыр .Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі концепциясы қызметтің басым бағытындағы отандық тауар өндірушілерді қорғауға бағытталған, халықаралық шарттар шеңберінен шықпайтын ақылға сыйымды қолдаушылық болуға тиіс.

     Ең  алдымен таяу шет елдермен ұзақ мерзімді сауда-экономикалық қатынастар бойынша екі жақты және көп жақты келісімдерді  жалғастыра беру қажет, ТМД елдерімен экономикалық одақ құруды жеделдетуге жәрдемдесу керек. Бұл бағытта қазірдің өзінде алғашқы қадамдар жасалып отыр: үш Орталық Азия  республикалары-Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесі құрылды, бұл Кеңес біртұтас экономикалық кеңестік құру туралы шартқа қосыламын деп тілек білдіруші басқа елдерге жол ашып отыр. Мұның бәрі кәсіпорындардың сауда экономикалық  өзара қатынастарының және олардың шаруашылық байланыстарының қайтадан қалпына келуіне ықпал етеді, ТМД елдері ауқымында технологиялық өзара байланыстағы сфералар мен өндірістердің барлық басым бағыттары бойынша мемлекетаралық қаржы -өнеркәсіптік топтар құруға жағдайлар жасайды. Өзіңнің қуатың мен экономикаңның нақты құрылымын ескере отырып, әлемдік нарықтан өз «орныңды» табу керек. Бұлар сирек кездесетін қазба элементтері , түсті металдар, астық, тері, аң терісі шикізаты, мұнай мен мұнай өнімдері. ондай-ақ импорт саясаты сферасындағы өлшемдер өзгертілуі қажет. Ол мемлекеттің ағымдағы ғана емес, болашақтағы мүдделерін қорғауға бағытталуы тиіс.Ішкі нарық сұранымын қанағаттандыратын номенклатура нақты белгіленуге тиіс, қалған бөлігі мемлекет қолындағы импортқа әсер ету механизмдері арқылы инвестициялық салаға бағытталуы тиіс.

     Жаңа  сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру механизмдері:

Информация о работе Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметі